Құқық | Азаматтық құқық Мұра қалдыру

Кіріспе
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына қүқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын үйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндетгер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қүқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдык емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау жэне ортак, мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құнына қатысты ашылады.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады....
Курстық жұмыстар
Толық