Биология | Адамның тірек қимыл жүйесі қызметінің ерекшеліктері

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет).
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері....
Рефераттар
Толық