Биология | Адамның иммундық тапшылық вирусын қоздыратын инфекция

Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы немесе AIDS ( ағылшын сөзінен Acquired Immunodeficiency Syndrome) – көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды – тапшылық вирусы немесе HIV ( HIV ағылшын сөзінен human immunodeficiency virus ) – мен тудыратын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы өлім - жітімділігімен сипатталады. АИВ-ны 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Американ ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты.
Антигендік құрылымы. АИВ–ның серологиялық қасиетін көрсететін бірқатар беткейлік (gp 106, gp 120, gp41) және жүрекшелік (р 24, р 18 және т.б.) антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады: АИВ -1, АИВ-2-нің айырмашылығы құрамында gp140, gp105, gp36 болады. Осы ерекшеліктер АИВ-1 және АИВ-2 қоздыратын аурудың ағым айырмашылығына негіз бола алады. Негізгі антигендер науқас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. Алғашқыда gp120, gp41-ге, сосын р24-ке антиденелер пайда бола бастайды, олар қанда ұзақ сақталады.
АИВ грипп вирусынан өзгергіштігінен жүз және мың есе артық болатын өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие, және де осы қасиет басқа вирустарға қарағанда оның транскрипциялануының жылдам жүруімен де байланысты. Ең кең тараған түрі АИВ-1 өзгергіштік қасиетке ие болғандықтан, 10-ның астам генотиптерге ие(субтиптері: А,В,С,Д,Е,F ж.т.б.). Олардың ақуыздық құрамына кіретін амин қышқылдары 25-30% өзаралық айырмашылықтары бар. Субтиптің ішінде құбылмалы деңгейі 5-20% құрайды.
Инфекцияның жұғу жолдары.
Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы ауру адамнан сау адамға , сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және де эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. Ауру анасынан ұрығына және де емшек сүтімен қоректенгенде баласына жұғады. АИВ – инфекция көбінесе қауіп- қатер тобына кірушілерде (жезөкшелерде, гомосексуалистерде, наркомандарда) дамиды. Осы топқа гемофилияны да жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда АИВ инфекциясы осы инфекция жұққан донорлардың қанын құйғанда немесе кәсіпке байланысты(хирургтарда, акушер-гинекологтарда) дамиды. Клиникасы бойынша АИВ-инфекциясы да басқа индекциялар сияқты бірнеше кезеңнен өтеді:
1. Жасырын кезеңі
2. Алғашқы белгілердің пайда болу кезеңі
3. Екіншілік аурулар кезеңі
4. Соңғы кезеңі
Аурудың жасырын кезеңі басқа инфекцияларға тән жалпы өзгерістермен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілеріне лимфа түйіндерінің, әсіресе бірнеше аймақта жатқан бездердің, бір мезгілде үлкеюі (лимфоаденопатия) тән. Бұл кезде АИВ вирусына қарсы антиденелер анықталады. Аурудың екінші кезеңі 3-5 жылға созылады. Аурудың үшінші кезеңі үшін иммундық жүйенің бұзылып, екіншілік инфекциялардың дамуы тән. Алғашында кандидоз, фурункулез, герпес, белдемелі теміреткі дамиды. Төртінші кезеңді ЖИТС деп атайды. Бұл кезеңде ЖИТС – ке тән Капоши саркомасы, пневмоцисталы пневмония өріс алады және басқа да оппортунистік инфекциялар байқалады. ....
Рефераттар
Толық