Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы

Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы
Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім беру жүйесі. Осы заман талабына сай білім беру жүйесі жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне өзінің басым бағдарын аудара бастады.

Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспаса, бұл қасиеттер адам дамуына тек кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жасөспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез - құлықтың болуына әсерін тигізеді. «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық - ойланайық», «Ойнайық», «Сергіту сәті», «Әңгімелесейік» деген тәсілдерді қолдана отырып, бала бойына адамгершілік тәрбиесін дамытуға тырысамын. «Шаттық шеңбері» рәсімін өткізу арқылы балалардың қызығушылығын арттыра отырып, сабақты қандай көңіл - күйде орындайтындарын бақылау, ой жүйелілігіне баланың ойын тұрақтандыру, ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін және тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады.
«Тыңдайық - ойланайық» атты ұйымдастыру түрі бұл - өмірдегі жағдаяттар, шығармадағы кейіпкерлер мен өмірдегі адамдар арасындағы қарым - қатынасты салыстыру, ата - бабадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге пайдасы өте зор......
Балабақша сабақ жоспары
Толық