Менің құқығым

Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің....
Шығармалар
Толық

Адам құқығы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе)
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар өз ойларын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адам құқығы | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері

Бүгінгі өркениетті елдердің көпшілігі адамзаттың өсіп-өркендеу тарихын межелеп отыру үшін, шартты түрде, Ғайса пайғамбардың туған күнінен бастайтын жылсанау тізбесінде жиырмасыншы жүзжылдық қарама-қайшылықтарғасыры боп мәңгілікке қалатын шығар, сірә. Адам парасатының кемел мүмкіндігін танытқан ғажайып ғылыми-техникалық жаңалықтар да осы ғасырда ашылды, пендеге тән қатыгездіктің кейде қанқҰйлы соғыстар мен жаппай жазалауларға ұласатынын көрсеткен аласапыран төңкерістер де осы ғасырда болды. Азат ел болуды аңсап ұзақ күткен ірілі-ұсақты кейбір Ұлттардың дербес мемлекетін орнатуға бүгін ғана қолдары жетіп жатса, өркениет шуағына малынып, ішкі қуатын толық таныта алған кейбірхалықтар енді, керісінше, бір-бірімен қайтадан қосылуға үмтылуда.
Пайда табу мен бір-бірімізден өктемдігімізді асыру мақсаттары жолында бәрімізге ортақ алтын бесік - жер ана төсін аямай-ақ бұлдірген, улаған біз - адамзаттың бүгінгі ұрпағы өзімізге түпсіз-түңғиық ғаламда бұдан өзге қоныс жоғын түсініп, баршамыздың бір кеменің үстіндегі тағдыр-ластар екенімізді сезіне бастағандаймыз ....
Курстық жұмыстар
Толық