Торғай мен адам

Бір саятшы тор құрып, аң мен құс ұстап күн көреді екен. Бір күні құрып қойған торына бармақтай ғана торғай түсіп қалыпты. Саятшы торғайды тордан босатып алады да уысына қыса ұстап, үйіне қайтады. Жолда келе жатқанда, торғай адамға жалынады:
– Мен бармақтай ғана торғаймын, аузың толып асайтын етім жоқ. Союға жарамаймын, қабырғам қылтандай, сирағым шидей. Қапасқа қамап қойсаң, құсадан өлемін ғой босқа. Менің аспан астында шарықтай ұшып жүруім керек. Қанатымды сермеп, еркімше самғауым керек. Қоя берші мені, жіберші кең дүниеге. Торғайдың арманы......
Ертегілер
Толық

Бақытты басқа тепкен адам

Бағдат шаһарында бір жігіт болған екен. Бір күні түсінде Қызыр жолығып: «Мен Ніл дариясының жағасында бір бәйтеректің қасында тұрамын, сен маған кел, саған батамды беремін. Сен бақытты боласың», – дейді. Жігіт оянып көзін ашса, таң атып келе жатыр екен. Жігіт:

«Япыр-ау, бұл түсім қалай түс, мүмкін, рас түс болып шығар, мен сол бәйтерекке барып көрейін», – деп, шаһардың ұзын көшесімен жүгіре басып келе жатса, Бағдат шаһарының патшасы терезесін ашып қойып, көшеге қарап отыр екен. Асыға басып бара жатқан жігітті көріп, патша шақырып алады:

— Сен, жігіт, жұрт тұрмай, асығып қайда барасың, бір нәрсеге қуанып барасың ба, я болмаса бір нәрседен қорқып, қашып барасың ба? – дейді. Жігіт:

— Тақсыр, патша, мен бүгін түсімде Қызырды көрдім, ол кісі: «Мен сені Ніл дариясының жағасында күтемін, сен маған кел, мен батамды беремін, содан соң сен бақытты боласың», – деді. Осы түсім рас болар деп, сол Қызырды іздеп барамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Жер астындағы адам

Ерте заманда байлығы жаннан асқан бай болыпты. Ол күндерде бір күні науқастанып өлім халінде жатып, Мұратбек деген жалғыз ұлын шақырып алыпты да:

— Е, қарағым, көзімнің қарашығы жалғызым, әкең о дүниеге сапар шеккелі жатыр. Ақтық демім бітер алдында саған үш ауыз ақыл сөзімді айтып кетейін. Біріншіде, сезікті жерде сергек жүр, екінші адам баласын мынау жақсы, мынау жаман деп алалама, үшінші, тас жұтсаң да тәуекелге бел байла, – деп үзіліп кетіпті.

Жылжып жылдар өте береді, байдың малы таусылып, Мұратбек пен шешесі әбден күйзеледі. Бір күні Мұратбек шешесін жетелеп асбұзылға келеді. Асбұзылдың иесі қартаң сарт адам екен.......
Ертегілер
Толық

Табиғат пен адам - егіз ұғым

Табиғат пен адам - егіз ұғым
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.
Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет .....
Шығармалар
Толық

Аңқаулық

Аңқаудың аузы ашық.

Аңқау астындағы атын алты ай іздейді.

Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.

Аузын ашса, сыры көрінеді,
Есігін ашса, төрі көрінеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттері

Бойдағы жамандыққа бейімділікті жақсылыққа қалай бағыттауға болады?

Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.

Адамдағы сана-сезім мен қарым-қабілеттер әр алуан. Жаратушы Аллаһ тағала адам бойына осыншалық қабілеттерді белгілі бір өлшеммен тиянақтап орналастырған. Негізгі мәселе, жаратылыстан.....
kz
Толық

Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық