Адалдық және махаббат

Бүлдіршіндей мөлдіреген жас қыз қос жанары мөлтеңдеп жігіт ағасы болып, әбден толысқан ердің қасында отыр. Ол жігітке: «Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, сенімен бірге болсам ғана болғаны, қазір мен сені есімнен адаса сүйіп қалдым» деді.

Қарсысында отырған ересек ердің көздері ұзаққа қадалды. Өңінен көптеген ой ұшқындары жылт етіп қалады. Ол енді ғана 20 жасқа толған, өзінен 15 жас кіші жас қызға қарап ұзақ отырды. Терең тыныс алды да: «Сен осыншама сұлу, жассың, сенің айналаңда соңыңнан түсіп жүрген өзіңе лайық жас жігіттер өте көп қой. Қалайша менi мұнша сүйіп қалдың?» деп сұрады.

Қыз қос жанарын жігітке қадап, терең сүйіспеншілікпен: «Өйткені, олар жас, келбетті, мені қаншалық жақсы көргендерімен, сіз сияқты әр істе салмақты, әр істе нәтижелі, терең ойлы, қолынан үлкен істер келетін адамдар емес, нәтижесі шыққан бір істері, қызметтері де жоқ. Еш жұмыстың жөнін білмейтін бауырымды ертіп жүргендей боламын. Мен сіздің нағыз еркекке тән жан-жақты мінезіңізді, қолыңыздан көптеген жұмыстарды атқару келетінін, өмірге деген көзқарасыңызды, құн көзқарасыңызды, қысқасы мен кішкентай ұл бала емес, қайта сіз сияқты ересек, нағыз ерлерді сүйемін» деді мейірлене жымыңдап......
Махаббат хикаялары
Толық