География | Австралия

Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Жер бедері
Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
• Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
• Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
• Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан....
Рефераттар
Толық

География | АВСТРАЛИЯ ТАБИҒАТЫ

Жұмыстың мақсаты –Австралия материгінің физикалық географиялық қалыптасу ерекшеліктеріне қарай отырып флорасының және топырағының жануарлар дүниесінің таралу заңдылықтарымен ерекшеліктеріне талдау жасау. Австралия материгі - Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, Шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасы нашар тілімденген. Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады көлемі- 7631,5 мың км2.
Австралия дан солтүстікте және шығыста, Тынық МҰХИТТЫҢ оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық.және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы apaдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі (Меланезия, Микронезия және Полинезия).
Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста недәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Австралия территориясының геологиялық даму тарихы мен пайдалы қазбалары

Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.), шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 мың км.
Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут – Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шетінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс, және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай – ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік – батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі – ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама

Австралияның байырғы халқы (абориген). 19 ғ-дың аяғында құрлықты түгел қоныстады (саны 250-300 мың адам еді). А-дың ішінде тілі мен нәсілі жөнінен дүние жүзінің басқа халықтарынан оқшау тұрған 500-ден аса тайпа болды. Әр тайпа өзінің ерекше диалектісінде сөйледі. Кезбе аңшы және жеміс-жидек теруші А. 19 ғ-ға дейін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп, мезолит дәуіріндегідей тас қаруларды пайдаланды. Тайпа аралық айырбас кеңінен дамыды. Әрбір тайпа территориялық, экономикалық жағынан бірнеше дербес «жергілікті топтарға» бөлінді. 18 ғ-дың аяғында Европадан келген отаршылар А-ды қырып-жойып, ішкі Австралияның құнарсыз аудандарына ығыстырды. Осының салдарынан 1966 ж. А-дың саны 40 мыңға дейін азайды. Бұрынғы тайпалардың қалдықтары негізінен Батыс және Солтүстік Австралияда. Діні – тотемизм, магия. Ұлт Австралияның негізгі халқы. Саны 11,5 млн-нан астам (1966). Австралия – түгелдей Англиядан, Шотландиядан және Ирландиядан қоныс аударғандардың ұрпақтары ағылшын тілінің Австралиялық диалектісінде сөйлейді. Діні – христиан .....
Курстық жұмыстар
Толық