Тарих | Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті.
Абылай сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ бағасын ала алмай келді деген сауалдың қойылуы заңды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаған жөн ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар — орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып қайтқан орыс елшілерінің жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын» «Қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әкімшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз ....
Курстық жұмыстар
Толық