Психология | АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Эволюция деп органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.
Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер ертедегі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Б.з. 2 мың жыл бұрын Қытайда мүйізді ірі қараның, жылқының, балықтың жаңа тұқымдарын және өсімдік өсімдіктердің ғажайып түрлерін шығарумен айналысқан. Осындай жұмыстардың нәтижесіне байланысты ертедегі ойшылдар: "Тірі организмдер даму барысында бір түрден екішігі түрге айналады" деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит: "Барлық тірі организмдер, тіпті адам да ең алғашқы материядан табиғи жолмен дамып жетілді", — дейді.
Орта ғасырларда Еуропада христиан дінінің дамуына байланысты "тіршілікті құдай жаратты, ол өзгермейді" деген діни көзқарастар қалыптаса бастады. Бұл көзкарасты швед ғалымы К.Линней де жақтады. Бірак ол жануарларды жүйелеуде адамды маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырып, олардың арасындағы туыстық байланысты көрсетті.
Кейінірек, XVII—XIX ғасырлар аралығында, бірқатар әйгілі ғалымдардың еңбектерінде сыртқы орта жағдайларына байланысты организмдердің өзгеретіндігі туралы пікірлер айтыла бастады. Ж.Бюффон өзінің "Табиғи тарих" атты еңбегінде: "Бейорганикалық заттардан, алдымен, өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам пайда болды", — деп, түрдің өзгергіштігін қуаттады.
А.И.Герцен: "Құрылысы мен тіршілік әрекеттері ұқсас организмдер арасында міндетті түрде туыстық байланыс бар, сондықтан олардың шығу тегіде бір",—деп жазды. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы осындай дұрыс ой-пікірлер айтылғанымен, түрлердің өзгеруі мен түр түзілуінің себептерін ешкім анықтап, ашып көрсете алмады.
Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы алғашқы ілім XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы Ж.Б.Ламарк (1744—1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан "Зоология философиясы" атты еңбегінде: "Түрлер тұрақты емес, олар уақыт өткен сайын өзгеріл, біршама жетілдірілген жаңа түрге айналады. Олай болса, тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тарихи даму жүреді", — деді және ол әрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші болып ғылымға "биология" терминін енгізіп, бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлді.....
Рефераттар
Толық