Биология | Ірі кара тейлериоз індетімен күресу

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.
Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған. Алайда, көптеген ғалымдар 1927 жылдан бастап арсенобензол, альбаргин, пироплазмин, атоксил, акрихин, сульфантрол, бигумаль,гемоспородин т.б. дәрі-дәрмектерді ауруды емдеуге қолданып көрген. Бірақта бұл препараттардың барлығы дерлік тейлериозды емдеуге тиімсіз болған.
Қазіргі кезде елімізде және көршілес Орта Азия елдерінде кездесетін ауру бұл түрі кең етек алған.. Сондықтанда мал дәрігерлеріне осы күнге дейін тейлериоз ауруын емдеу өте қиынға соғып отыр.Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары-қоздырғыштары организмдегі эритроциттерді және басқа торлы эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын, үлкен бір аурулар тобы. Қоздырғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады, яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы тобына тән белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-тамыр жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы. ....
Курстық жұмыстар
Толық