Ғабиден Қожахмет | Ақ тілек

(Аға-жеңгелер тілегі)

Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Әңгімелер
Толық

Білемін

Білемін, жақсылардың көбі кетер.
Білемін, менменсінген надандардың-
Әйтеуір, қазақтың бір түбіне жетер.
Білемін, заман басқа, адам басқа...
Тақпақтар
Толық

Ілияс Есенберлин | Көшпенділер I кітап


АЛМАС ҚЫЛЫШ

Тарихи трилогия

БІРІНШІ БӨЛІМ

Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?

Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?

Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған?»

Әбілқайыр ірбіз1 терісінің үстінде аунап түсті.

«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап алам деп жинаған жау жүрек ератын2 да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?.. Иә, иә, сөйткен еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тәртіп Ясысында?»

Әбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған. Шыңғыс бабасының әмірі жүріп тұрған кезінде Қарақұрымда болған италиялық бір жиһанкез жолаушының жазған кітабының әрбір әрпі бақандай боп көз алдында тұра қалды. Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады: «Монғол әскері жайында. Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы дейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген. Он жүзбасының үстінен бір адам қараған. Оны мыңбасы деген. Бар әскерінің басына үш ноян қойған. Бұл үш ноян барып бір қолбасшыға тізе бүккен». Әбілқайыр сәл көзін ашты. Ең қызығы ар жағы... Ол қайтадан оқи түсті: .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көшпенділер

ЖАНТАЛАС

Тарихи трилогия

ПРОЛОГ

Қазақтың ұлы даласын күнгей мен күншығыс жағынан алып тағадай иіле түсіп, мыңдаған шақырымға созылған дүние жүзіндегі ең биік таулар қоршап жатыр. Осы ақ басты ғажайып шың, құздар қазақ жерінің үстінен өтетін ескек желге, азынаған дауыл-боранға ғана тосқауыл емес, бұл таулар көшкен елге де, басқыншы жаудың қалың қолына да асу бермес берік қамал. Тек бір жерінде ғана бұл ғаламат қиялар, шөккен нардай, даланың бауырына кіре, жатаған тартқан. Осы тұстан Азия мен Европаның түйіскен алқабына қарай, жаратылыстың өзі жаратқан долы сұрапылымен бірге, араларына жүздеген жылдар салып фангфур ұлы хандарының, Әтилланың, Шыңғыстың құмырсқадай құжынаған қосындары төгілген. Бұл қанды жорықтар ең алдымен осы арада әлмисақтан бері егіп егіп, мал бағып, қала салып, бейбіт жатқан елдерді талқандады. Одан өтіп қазақтың көшпенді байтақ даласын қызыл қанға бояп, лек-легімен күнбатысқа қарай лап қойды. Бұлар басып өткен жерде тек күңіренген ел, күйзелген дала, күйреген қала ғана қалды.

Бұл жолғы шайқас та — соның бірі еді.

Жоңғар қақпасының етегіндегі Сойқан сайда қытай мен қазақ әскерінің алысқанына міне бір жеті болған. Бойлауық жылқы секілді бой бермей, екі жақ бірдей арандағанда, талай қанды ауыз бөрілер пұшпағынан ілінді. Жүрегінің түгі бар талай батырлар қайқы қара алдаспандардан қаза тапты. Талай албырт жас өмір сабағынан үзілген гүлдей семді. Бірақ кісі қанын толарсақтан кешіп жүрсе де селт етпейтін қолбасшылар майданға жұртты төпеп айдай берді. Сегізінші күні жасыл жібек шатырын қырық құлға көтертіп, майдан шебіне қытай боғдыханы Канси келді. Әскер басшыларын шақырып алып: .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көшпенділер

ҚАҺАР

БIРIНШI БӨЛІМ

I

Ай сәулесі жүдеп, қырқа үсті ақ шолаң тарта құлан иектеніп атып келе жатқан таңмен бірге шашақты сасыр, түйе жапырағы аралас, ат құлағы көрінбейтін көк шалғынды ылдидан қалың кеш көрінді.

Аздан соң көгілдір аспанды алтын сәулесімен шарпи, қызарып күн де шықты. Төңірек сандықтан суырған гауһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді. Жаз ортасы ауған шақ еді. Даланың сәнге бөленген кезі өтіп, сұлу ажары кеми бастағанымен, күн сәулесіне бөккен жасыл шалғын семіз малдың түгіндей құлпырып тұр. Қалың шөп арасынан сыңсыған қып-қызыл қой бүлдіргенінен, сиыр бүлдіргенінен көз тұнады. Әбден саумалданып саяу бере бастаған қымыздық та шоғырлана кездеседі. Мезгілі өтіп бара жатқан қалың балауса, көк шалғынның хош иісі таңғы кіршіксіз таза ауамен араласып мұрынды жарады.

Күн сәулесіне шомылған кештің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға... Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.

Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ......
Әңгімелер
Толық

Талапты жасқа атаның өсиеті

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен. Баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап дүниелік әкелуге бір шаһарға жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы: «Әке, неге күрсіндіңіз?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде әкесі:
— Балам, сенің жастығың есіме түсіп отыр, сен ересек болсаң осы балалармен бірге сонда барып келер едің ғой, – депті. Әкесіне сөзін аяқтатпастан, баласы......
Ертегілер
Толық

Арлы бала

Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады.
Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды.
— Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, а? – деп бір мосқал жылтыр қара балалардың әрқайсысына бір қадалады. Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді.......
Ертегілер
Толық

Ақ ниет пен Қара ниет

Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Ертегілер
Толық