Мөлдір Әуелбекова (10 тамыз 1986 жылы)

Мөлдір Әуелбекова (10 тамыз 1986 жылы, Тараз қаласы, Қазақ КСР) — Қазақстанның танымал әншісі және актрисасы, тележүргізушісі. 2012 жылға дейін «КешYou» тобының құрамында болды. «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» атты кинодағы басты рөлдің бірін сомдаған.

Өмірбаяны
Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. Отбасында әкесі Есіркеп, анасы Кәмшат, үлкен әпкесі Меруерт және інісі Ерсұлтан.

Тараз қаласындағы №49, №36, №30 мектептерде оқыған. Бес жасынан гимнастика, таэквонда, дзюдо, жүгіру, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жаннат Қуанышева Жорақызы (1976 жылы 4 сәуір)

Жаннат Жорақызы Қуанышева (Құдайбергенова) (1976 жылы 4 сәуірде Алматыда туған) — танымал киноактриса. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі (1990). «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Өмірбаяны
Жаннат Жорақызы 1958 жылы 4 сәуірде Алматыда дүниеге келген.
1972 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында актриса.
Қуанышева 30-дан астам кинофильмдерге түскен: "Махаббат тәмсілі" (1975), "Медеудегі кездесу" (1976), "Тоғызыншы ұлдан сақтан" (1984), "Тірі вакцина" (1987), "Қайсар" (1991), "Мені ұмыт" (1993), т.б. Сондай-ақ, тұңғыш отандық телесериялдар "Тоғысқан тағдырлар" мен "Қара шегірткеге" түскен.

1983 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
2004 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актерлік бөлімінің бастығы. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көтеш Райымбекұлы (1745 - 1818)

Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.

Өмірбаян
Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Көпбай Әлімбетұлы (1904 жылы)

Көпбай Әлімбетұлы (1904, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – өлген жылы белгісіз) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті.

Дастан-қиссалары
«Алмас – болат»

Арнау, толғаулары
«Туған өлкем»,
«Алатау – ырыс аймағым»,
«Арыс – Түркістан каналы»,
«Ер шопан»,
«Ақ бидай».
Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Естай Беркімбайұлы (1874 - 1946)

Естай Беркімбайұлы (1874, қазіргі Павлодар облысы Екібастұз ауданы қарасты Ақкөл ауылы - 1946) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.

Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.
20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды.
Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Еркінбек Ақынбеков (1863 - 1918)

Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.

1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген.
Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған.
Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874)

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Доспамбет жырау (1490 - 1523)

Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.

Шығармашылығы
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Доскей Әлімбайұлы (1850 - 1946)

Доскей Әлімбайұлы (1850, Астана, Сораң атты жер - 21.09.1946, Қарағанды) - топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын Байдәулет бөлімінен шыққан.

Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.

Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сәкен Майғазиаев Қордабайұлы (1975 жылы 1 қаңтар)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық