Есен, Есентай (туған - өлген жылы белгісіз) батыр, ұста. Қанжығалы Ніпенбет бидің баласы. Есік еліне (қазіргі Башқұртстан) көршілес қоныстанып келген Есен үлкен ұлы Құдайберді батырмен бірге Тоқтамыс ханның жорықтарына қатысқан. Олар жайында «Ер Едіге» жырында айтылады. Тоқтамыс ханның қызы Жәникені алған күйеу баласы Едіге қайын атасына қастандық жасамақ болып, .....
Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.[1][2] 1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын .....
Есет Көкіұлы, Тама Есет (1667-1757) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыр Қонтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып .....
Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.), Бірі — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі. Ал екіншісі - казіргі Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс. Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын .....
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған. Осы төлеңгіт елі жайында қазақтың асылы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда .....
Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген. Жанатай осы жорықта қаза табады. Кенесары мен Наурызбайдан айырылып, көтеріліс тығырыққа тірелген тұста Жанайдар амалсыздан ат басын Арқадағы еліне бұрады. Ұлытаудағы ата қонысын бағаналы найман елінен қайтаруды талап етіп, Санкт-Петербургке барады. Көтеріліске қатысқанына Ресей патшасы кешірім жасағаннан кейін .....
Өмірбаяны 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1] Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған .....
Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар .....
Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан. Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі: Ашуланып Жылқыаман, Қалт, қалт, қалт етті. Қайтпаймын деген дауысы Ақ сұңқардай саңқ етті...
... Жұрдай болған Қырғауыл, Жүрегі енді зырқ етті. "Енді өзімді атар" - деп, Артқы жағы тырқ етті. Он үш жасар Жылқыаман, Қырғауылды сөйтіп күлкі етті. Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады: "Ақшұбар" мылтық білтелі, Білтенің ұшы қызыл шоқ. Дәрігі шоқты тіркеді, Жоңғардың қалың жеріне. Жылқыаманды сілтеді, Түтінін қосып түтінге. Даусына даусын тіркеді, Қалың жерге келгенше, Шұбардың даусын іркеді. Оқ тиген жоңғар оқталып, Жан-жағына үркеді. Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған. ]98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді. Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады. Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар .....
Жәмеңке мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: ".... .....