Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш .....
Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан .....
Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасынан шыққан.
Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Әлім-Матай Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. билермен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат.
Дөңес бидің бір әділ билігі, кесімді шешімі жәнінде Қызылорда облысының Жаңа Қазалы тұрғыны Ақанжан Келімбетұлы былай баян қылыпты:
Өткен ғасырдың соңғы жылдары Қазалы уезінің Шөмекей елінде қайтыс .....
Ерубай би Жолдыбайұлы шамамен 1789-1862 жылдар аралығында өмір сүрген. Үш жүзге аты мәлім болған, тура би атанған. Руы Тама, Әліп бұтағынан тарайтын Дәулеткелді Байболат дейтін атадан. Ерубай би туралы ескі көзді, кәрі құлақты қариялар айтқанда ол кісінің ақыл ойының жетіктігі, парасат көзінің кеңдігі, қиыннан қиыстыратын тапқырлығы, ұшқыр ойдың иесі екендігі, көрегендік, сәуегейлік қасиеттері ерекше айтылады. Ерубай мен Жөгінің Кедей атасынан шыққан Қазанғап шешен ақылдасып, елдің сорына біткен Хангелді болысты орынынан түсірмек болады. Осыны естіген Хангелдінің бойына қаны қатады. Осы екі аралықта Қазанғап қайтыс болып кетеді. Оның өсиеті бойынша асты Ерубай басқарады. Бұл жөнінде хабардар болған Хангелді жалған хабар беріп, астың бәйгесі 100 торы ала жылқы, 100 ақ бас қой деп жариялап жібереді. Сонымен қатар .....
Есімбек қажы Тәнекеұлы (1840-1925) - би, Қапал өңірінде болыс болған. Найман руының Матай тармағынан шыққан. Атақты Тәнеке батырдың баласы. Ел ішінде әділ билік жүргізген. Ол Біржан мен .....
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған Ескелді би — күллі қазақ халқына қауіп төнген ХVIII-ғасырда ел қорғаған ерлердің бірі. Ол өзінен екі жас кіші Балпық әулиемен, Қабылиса сияқты әрі ақын, әрі батырмен, қол бастаған Орақ батырмен бірге жоңғар басқыншыларына қарсы жойқын жорықтар жасап, елінен, жерінен айырылып босып кеткен жалайырлардың басын құрап, Жетісу өлкесіне қоныстандырған тарихи тұлға. Мазмұны 1 Шежіреден 2 Өмірбаяны 2.1 Балалық шағы 2.2 Ер жеткен шығы 2.3 Батыр Ескелді 3 Ескелді би туралы жырлар 4 Әулие Ескелді 5 Ескелді би айтқан сөздер 6 Пайдаланған әдебиет Шежіреден
Ұлы жүздегі он екі ата Жалайырдың бір тармағы Сиыршы руынан өрбіген бес баланың бірі — Тоқымбеттен Бейімбет туады. Одан тараған үш ұлдың ортаншысы — Жанғабыл. Оның баласы Жылкелді — бес ұлдың әкесі. Үшіншісі Ескелді екен. Жылкелдінің бәйбішесі .....
Жанбек болыс Торжанұлы. Кейбір шығармаларда Жәмбек, Жәнбек, Жәнібек деп те жазады. Тама тайпасының Жабал руынан. 1861 жылы дүниеге келіп, 1918 жылы дүниеден өткен. Жанбек тілі майда, ұтып сөйлейтін, сөзге шешен адам болған. Ол кісінің ел жадында сақталған қасиеті - әділдігі, қара қылды жарған билігі. Ақмолада совдеп құлаған жылы 57 жасында қайтыс болды Әкесі Торжан Тама руының атақты адамының бірі болған. Ол Меккеге барып Торжан әжі аталады. Торжанұлы Жанбек жеті рет болыс болып сайланған. Жанбектің қыс қыстауы Шу өзені бойындағы Тасты деген жерде болады. Тастының жанында Жанбектің ағаш үйі деген жер бар. Жаз жайлауы Арқадағы Жетіқоңырда болған. Адмирал Колчак Жанбекті хан деп атаған екен. Жанбек Қарақыз болысының басқарушысы .....
Жанкісі би шамамен 1770-72 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848-49 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған.
«Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен.
Асаубай жәдігерұлы , Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ к-нің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан .....
Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....