Қазақ әдебиеті | Юсуп Айсаров

Юсуп Айсаров - 27 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Үрімшідегі мұғалімдер институтының филология факультетін 1952 жылы бітірген. Ұзақ жылдар Құлжа қаласындаммұғалім, Үрімші ағарту департаментінде редактор, облыстық оқу бөлімінде, аудандық, облыстық газеттерде жауапты қызметтер атқарған.
«Аяқталмаған ән», «Жауынгер», «Олар қайтадан кездестір», «12 жылға созылған үрей» .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы "Лениншіл жас” (қазіргі "Жас алаш”), 1960 — 63 жылы "Социалистік Қазақстан” (қазіргі "Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы "Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және "Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы "Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы "Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы "Егемен Қазақстан” газетінің
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шона Смаханұлы

Шона Смаханұлы (5.10.1924 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Ойық" совхозы) — қазақ ақыны, сықақшы 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педағогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді. 1942-43 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943-57 жылы педагогикалық қызмет атқарды. "Мек .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шәріпхан Әбдәлиұлы

Шәріпхан Әбдәлиұлы - Аға зерттеуші көрнекті әдебиет-мәдениеттанушы .
Өмірбаяны
Шәріпхан Әбдәлиұлы - 1956 жылы қарашаның 26-сында ҚХР ШҰАР Іле Қазақ аутономиялық облысы Күнес ауданында дүниеге келген. 1976 жылы орталауды бітірген, 1978 жылдың қазанында Тянь-Жин қаласындағы Нанькай университетнің қытай тіл факультетіне түскен. 1982 жылы шілдеде оқу тамандаған соң, ШҰАР қоғамдық ғылым академияның ұлттар әдебиеті иниститутында әдебиеттанумен шұғылдана бастаған. Оның зерттейтін басты тақырыптары Шыңжаң қазақтарының осызаман әдебиетіне жүйеден әдебиет теориясымен мәдениеттануына арналған. Ол өз еңбектерін қытай тілінде, қазақ тілінде жазады, ағылшын және орыс
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Иген Хасенұлы

Хасенұлы Иген (1942 ж.т.) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі. [1].
1965 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларга арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", " .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Хизмет Абдуллин

Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.
1943 ж. әскер қатарына алынып, Монғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Хамит Ерғалиев

Хамит Ерғалиев(1916 —1997) (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат селосында туған) — қазақ ақыны.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.
Шығармалары

Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Абдуллин Хамза

Абдуллин Хамза (1919-2001) 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында туған. 1932-1936 жж. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жж. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, «Социалистік Қазақстан» газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Халифа Алтай

Алтай Халифа (1917 – 2003) – 18 желтоқсанда Шығыс Түркістанда туған. Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.[1] 1940 ж. Алтай Халифа және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.[2] Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкстанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды. 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни .....
Рефераттар
Толық