Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді.
Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Курстық жұмыстар