Ер-азаматтарға, жігіттерге

Француздар «әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сұлулығы сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады» дейді екен.
Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт ер-азаматтарымыз аман болсын!

Құттықтау, тілектер
Толық

Қоныс той

«Отан – отбасынан, отбасы – ошақ қасынан басталады» деген екен бабаларымыз. Ал сол ошақтың иесі – әйел, ал отбасының иесі – сол үйдің ері. «Еркек – шаңырақтың иесі әрі асыраушысы» деп бекер айтпаған ғой.
Бүгін міне, жаңа үйге қоныс аударып, «Қоныс тойын» жасап жатырсыңдар.
Олай болса үй иелеріне тілерім: өздерің табалдырығын жаңа аттаған жаңа үйлерің берекелі, ырысы мол, Қыдыр қонған үлкен үйге айналсын. Шаңырақтарыңда тек қана той болсын дегім келеді. 

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күнге арналған 17+ өлең

Толық

Күміс той - 25 жылдық той (отау құрғанға 25 жыл)

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Жас жұбайларға құттықтаулар, тілектер

 Құрметті Жас жұбайлар!


Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл......

Құттықтау, тілектер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Үй иесі)

Құрметті халайық, ойыма келіп ат салысып, қуанышқа ақ тілек айтып жатырғандарыңызға көп рахмет! Менде болған қуаныш сендерде де 10 рет, 100 реттен еселеніп бола берсін! Ақ тілек періштенің құлағына шалынып, тойға тілеген тілектерің өздеріңе де ақ ниет болып қайтсын! Балбұл жанған көздеріңнен нұр кетпей, достық, ағайындық татулығымызға жан жетпесін!

Құттықтау, тілектер
Толық

Нағашы

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп.
Аяулы інісі деп ақ мамамның,
Сырымды саған.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Бауырыма туған күнге тілектер

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Құттықтау, тілектер
Толық

Әпкеме туған күнге арналған құттықтау тілектер

 

Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы.....

Құттықтау, тілектер
Толық