Кішкентай балаларға арналған тақпақтар (2,3,4,5 жас)
Сіздерге балаларыңызға, яғни 2 жас, 3 жас, 4 жас немесе 5 жастағы сүйікті балаңызға арналған әр-түрлі тақырыптағы тақпақтар жинағын ұсынамыз.
Сіздерге балаларыңызға, яғни 2 жас, 3 жас, 4 жас немесе 5 жастағы сүйікті балаңызға арналған әр-түрлі тақырыптағы тақпақтар жинағын ұсынамыз.
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Әліппені алдық біз,
Сөз, сөйлемді таныдық
Сауаттанып қалдық біз
Ризамын саған әліппе.
Бүгін міне келіп жетті Желтоқсан
Желтоқсан деп қадір тұтты ел тұрған
Ағалар мен Апалар жері үшін
Жанын беріп шықты міне ел үшін!
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Ағайын жақын тату болған туыстар,
Ондай жерде берекелі ырыс бар.
Ағасы бар адамның – жағасы бар,
Жақсы інісі бар адамда – туыс бар.
Махаббат. Шырқадым мен тылсым әнді.
Мен біреуге роза гүлін бердім,
Саусағымда сол гүлдің иісі қалды.....