Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл

Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы
Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ
Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы

.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ана тілім

(мектеп шәкірті үшін жазылған)

Ол қазақ даласының шалқар көгінде күмбез болып көтерілген еді. Айбынын асырғысы келіп, мейманасын тасытпақ болған нөпір жауға қас батырдың тілімен рух болып аттандап, қыран құстай шүйілді. Ол қазақ сахарасының ұлан-байтақ шетіне ән болып қалықтады, күй болып домбыра пернесінен төгілді, қозы қайырған баланың сыбызғысы болып сарнады, қобыз шанағында мұң болып жүректерді жылатты. Ол тағы да мыңдарды тебірентті. Шарана сәбидің құлағына бесік жырымен ана әлдиі болып құйылды, бойжеткен арудың ыстық ұясын қимаған сыңсу әні болып естілді, туған еліне, ата-анасына деген асыл сезімі болып жүрек пернесінің көңіл-күйін шертті. Осының барлығында да ана тіліміздің рухы жатты. Менің туған тілімнің рухы еді.

Менің ана тілім. Менің тіліме қатысты сөздер құлаққа қандай жағымды естілетін еді. Осы тіл менің құлағыма бесік әлдиімен енді, ата-анамның маған арнаған жылы сөздерімен дарыды. Ол мектептегі алғашқы ұстазымның әуезді үнімен тәлімді тәрбие болып жүрекке құйылды. Ол оқу ордасындағы ана тілі пәні мұғалімінің қоңыр даусымен ғылым негізі болып санамды билеп алды. Ыстық ұядағы ұстаздарымның мағыналы сөздері арқылы ұлттық рухымды биікке көтерді, арман көкжиегіне жетеледі. Ана тілім сағыныш сезімге толы әндер арқылы биік белеске шарықтатты, туған жерімді сүюге, ардақтауға үйретті. Сондықтан да мен ана тіліме мәңгі қарыздармын. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Отан


Ол кішкентай еді. Бірақ ойлары тым терең болатын. Үнемі Отан туралы ойлайтын.

Бала Отан деген ұғымды көзіне елестеткісі келді. Ол Отанды жақсы көру керек екенін білетін.

Отан оған өзінің анасы болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірімді жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің әкесі болып елестеді. Ол осы бір қарапайым әрі мейірбан жанды жақсы көретін.

Отан оған өзінің туған жері болып елестеді. Ол оның төсінде талай рет асыр салып ойнаған. Сондықтан да ыстық көрінетін.

Отан оған өзінің қасиетті ұясы мектебі болып елестеді. Ол өзінің мектебін жақсы көретін.

Ол осының барлығын да жақсы көрді. Ендеше, Отанын да жақсы көруі керек.

Отан туралы оған ұстазы айтқан еді. Балаға бір уақыт Отан деген ұғым өзінің ұстазы секілді көрінді. Ол оны айрықша құрметтейтін, жақсы көретін. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Жан жарасы жанартау боп атылған


Жан жарасы жанартау боп атылған...



(Шәкірттер үшін жазылған. 1996 жылы Желтоқсанның 10 жылдығына байланысты жазылған).

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы...

Осы бір ән жолдарын сан мәрте естіген сайын, жып-жылы көңіл шуағын бір ызғар қаритыны несі?! Әлде бұл ақын дарындылығы мен сазгер таланттылығының астасқан құдіреттілігінде ғана жатыр ма?! Тек онда ғана емес секілді. Әйтеуір, қайткенде де өзге түгілі өзіңе де беймәлім бір сезімнің кеуде сарайыңа келіп орнығып алары сөзсіз.
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Дұрыстап оқы


Ит сабалады,

Жаңбыр абалады.

***

Кеме балтырға өрмеледі,

Кене теңізде тербеледі.

***



Жылан көктен құлады,

Қыран інде тұрады.

***

Инемен киім пішіп,

Қайшымен тіктім ішік.

***

Қоян қойды жаралады,

Қасқыр жымды паналады.

***

Кесе, кесе суға түстім,

Көлге барып, айран іштім.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Араб тілінен енген сөздер

Алла

Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Өз тілің

Көріп отын тарихтан сан бүліктің,
"Азаттық" деп сонан соң жаңғырыппын.
Өз тілінің болғаны қандай жақсы
Мекендеген жер бетін әрбір ұлттың!

Бірде Тараздағы колледжіде сабақ беретін өзінің бұрынғы оқушысы мектепте бірге оқыған өз сыныптасы жайында айтып, сіздің сол жазған өлеңіңізді ол сұрап жатыр деді мұның ілгеріде жазылып, еш жерге жарияламаған бір өлеңі туралы. Ол да мұның оқушысы еді. Қазір Алматыда медициналық бір мекемеде бас бухгалтер болып жұмыс істейді екен. Бұлар сол кезде екеуі екі сыныпта оқыған оқушы қыздар еді. "А", "Ә" сыныптарында оқыған. Мектепті 2000 жылы бітіріп кеткен. Ол оқушысының сұрайтын себебі, ол бұл өлеңді мектепте оқушы болып жүргенінде ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында көркемсөз ретінде оқыған еді. 22 қыркүйекке арналған "Ана тілім - ардағым" деген кеште оқылған өлең болатын. Бірақ содан кейін де 18 жыл уақыт өтіп кетсе де, есінен шығармапты. Өйткені ауылдың мәдениет Үйіндегі "Ана тілім - ардағым" деген кештің өткен уақыты - 1998 жыл. Өлең соның қарсаңында жазылып, сонда оқылған.
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Кештің мына ғажабын ай ғажабын

Кештің мына ғажабын-ай, ғажабын!

Аздап масаң сияқтымын мен деген.

Махаббатын бөлісуге азабын,

Сені таңдап күтіп тұрмын өзгеден.

Сен де міне көз көрімде,

Маған беттеп келесің.

Машинаға тиіспіз жол беруге,

Аздап бізді бөлетін.

Олар үшін, тәйірі, асығыспыз біз неге?

Ал бағдаршам тіптен бейғам,

Көзін қысып дегендей ме бірдеңе.

Көп күттірген кездесуге

Көк жарықты жарқ еткізші бір демде.



Талгат Гарипов

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Бір сұлуға

Хордың қызын.

Діндар біткен сұқтанған,

Көргенім жоқ, көрмеген соң сенбедім.

Бұл сөзімді демес теріс ұққан жан,

Сұлуымсың жер бетінде сен менің.



Өзгелерден.

Өзгешесің, дарасың,

Сенің үнің

Әндей әсем мен үшін,

Өзіңменен табар жаным жарасым,

Өзіңменен табар жаным келісім.



Сүлеймен Баязитов.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Оқшау ойда ой салар тұстар көп

Жүрдек қаламды сергек ойлы журналистер қашанда кез келген газеттің айдынын асырып, абыройын асқақтатқан. Бұл кеше де, бүгін де солай. Солай болып қала да бермек.

Тек кеше газеттегі билік басындағылар қарамағындағы қалам ұстаған жас журналистерге: «Сендер газеттің партиялық орган екенін, цензура барын неге ұмытасыңдар осы»,­ – деп тілші байғұстың айтпақ ойын өзінше шұбарлап, бірін- бірі сәулелендіріп тұрған сөз тіркестерін сызып тастайтын.

Әдеби тіл, көркем ой, олардың бағамдауларынша, сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде ғана орын алуға хақылы болатын. Бұл күнде сол тәртіп келмеске кеткен. Оған біз өзіміздің «Сарыарқа самалы» газетінің әр санында тұрақты берілетін «Оқшау ой» және де басқа да айдарларындағы материалдарды оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. .....
Әңгімелер
Толық