Шығармалар


Менің жазғы демалысым

Жақында мектеп алаңында достарыммен кездестім. Бәрі өсіп кетіпті. Тіпті, кейбіреуі адам танымастай өзгерген. Үш-ақ айда адам деген өзгереді екен-ау. Қызық. Таңым бар. Барлығының мақтана айтып жүргендері - жазғы демалыс. Біреуі Астанаға барғанын, біреуі Бурабайға барғанын, тіпті кейбірі шетелге барып келгенін мәз-мейрам болып айтып жатыр. Мен де олардан қалыспадым.

Менің жазғы демалысым өзімнің сүйікті....
Шығармалар
Толық

Менің жазғы каникулым

Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр.

Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.

Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс....
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным)

 Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз..... 

Шығармалар
Толық

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»

деп жазған екен.

Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта....
Шығармалар
Толық

Ит туралы шығармалар

Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты.....

Шығармалар
Толық

Біздің сынып

Біздің сыныпта 30 оқушы бар. Сынып жетекшіміз Ізтілеуова Тыным апай. Біздің сыныпта мерекелерге байланысты әр түрлі іс-шаралар болып түрады. Сыныбымызда би үйірмесіне қатысатын бишілер, асқақтата ән айтатын әншілер бар. Олар әр ұлттың биін билеп, түрлі ән салады. Яғни, біздің сынып.....
Шығармалар
Толық

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы.....
Шығармалар
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Жеңіске 70 жыл)

Абишева Гульзада Алдабергенқызы,
Н.Тілендиев атындағы облыстық
мектеп-интернатының тарих пәнінің ұстазы.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы.


Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.....
Шығармалар
Толық

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Шығармалар
Толық

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Ана тілім аруақ қойған ар тілім,
Тіліменен өркен жаяр қарқыным.
Тілім барда атағы да өшпейді,
Қазақ деген қасиетті халқымның.
(С.Ыбырайымқызы)

Жоспар

І Тіл - тіршіліктің бастауы
ІІ Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
1. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар
2. Қазақтың ақылы –көзінде
Қасиеті – сөзінде
ІІІ Менің тілім өлмейді- халқым тілі
Қазағымның сөнбейді алтын күні

«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап.....
Шығармалар
Толық