Пасық адам паң келер
Білімді, мәдениетті адам ешқашан да кеудесін көтермейді. Олар соншама инабатты, қайырымды, қарапайым болады.
Білімді, мәдениетті адам ешқашан да кеудесін көтермейді. Олар соншама инабатты, қайырымды, қарапайым болады.
Адамға меңзеп айтылған мақалдың мәні – баланы кішкентай кезінен өнерге баулу қажет.
a. Жомарттық адамды сыйлы, абыройлы, қадірлі етеді. Малға, дүниеге ғана жомарт болмау керек, біреуге үйретуге де жомарт болу керек. Біреуге үйретсең, өзің де үйренесің. Ізденесің, көп оқисың, т.б. Өзіңізге тәжірибе жасап көріңіз...
b. Өзінің айналаңда білімге жомарт, үйретуге жомарт адам бар ма? Бар болса сол адамның қасиеттері туралы айтып беріңіз.
Ақылды адам барлық ісін ойланып істейді. Асығыстық немесе, артық сөз айту ондай адамға жат.
Ынтымақ деген – үлкен ұғым. Ол бірлік дегенді де білдіреді. Жеке отбасының ынтымағы сол отбасы мүшелерінің бақытын қамтамасыз етсе, елдің ынтымағы – мемлекеттің халқының бақытын жасайды.
Елдің көңілі – елеуіш. Жаманын ұмытып, елеуіштен өткізіп жіберіп, жақсысын алып қалып, ескеріп, құрмет көрсетеді. Тарихта аты қалған тұлғалардың баршасы елдің есінде, көңілінде солай сақталғандар.
«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі.
Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік – парықсыз, сөздің мәнін түсінбейтін, сөз сөйлей білмейтін. т. б. ұнамсыз қасиеттері көп адам туралы айтылған болу керек. Жоғарыдағы мақал сондай адамммен сөйлесіп, пікірлесіп, түсінісу қиын болғандықтан шыққан.