Жұмбақтар жауабымен


Азық-түлік, ас, су, тағам, сусын және тамақ

Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
Жұмыртқа

Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
Жұмыртқа

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
Шай

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақша Жұмбақ: Ойын - сауық, Музыкалық аспап

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Домбыра

Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.
Гармонь
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Балық, кит, сазан, бақа

Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.
Қарабауыр жайын

Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.
Желкенді балық

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Дін, иман, құран, ораза, діни

Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар,
Өзінің қырық сегіз көшесі бар.
Мұқтажың көңілге алған табылады,
Не керек қандай қажет жұмысың бар?
Мұхтасар кітабы

Құдай берген ақ атан,
Салсам - жүк көтерер,
Жүрсе - ізді,
Панасы - қызды.
Иман мен адам
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жол, жол белгілері, бағдаршам, қайық

Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.
Қара жол

Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.
Темір жол
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй

Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.
Киіз үй

Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір.
Шаңырақ

Жұмбақтар жауабымен
Толық

От, түтін, сіріңке

Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.

Қазан, ошақ


Үш балада бір қармақ.

Мосы

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт

Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.
Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай

Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан,
Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан.
Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақша Жұмбақ: Техника

Қанаты бар, жаны жоқ ,
Табаны бар, аяғы жоқ .
Өзі ұшады, аспанда жүреді ,
Теңізден де, таудан да өтеді.
Ұшақ (Самолет)

Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.
Ұшақ (Самолет)
Жұмбақтар жауабымен
Толық