Көліктер
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметі түрі: Сөйлеуді дамыту
Оқу қызметінің тақырыбы: «Көліктер»
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету
Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелілік: балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Технологиялық қамтамасыз ету: айна, бинт, тіл жаттығулары суреттері көліктерсуреттері, дидактикалық ойындар.
Әдіс - тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ - жауап
Оқу қызметі барысы
І. Кіріспе
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Кенеттен есікті тоқылдатып Дымбілмес кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерден көмек сұрай келдім.
Мен аулада достарым мен ойнап жүріп көлік түрін ажырата алмадым.
Маған көмектесіңдерші!
- Балалар көмектесеміз бе?
ІІ. Негізгі бөлім
Алдымен біз жаттығулар жасап шынығайық
Тіл жаттығулары
«Сағат», «Әткеншек», «Ат шауып келеді», «Бақа», «Тұмсық».
- Адамға көлік не үшін керек?
- Қандай көлік түрлерін білесің?
Тыныс алу жаттығуы
«Көпіршіктер», «Кеме гуілдейді»
Қазір біз Дымбілмеспен ойын ойнап көліктермен таныстырайық
Дидактикалық ойын: «Даусын тап»
Мақсаты: ұшақтың, кеменің, машинаның дауысын естіртіп, қай көлік екенін
табу.
Саусақ жаттығуы:
Балаларға көліктердің суретін салдырып, бояту. Саусақ моторикасын
дамыту.
ІІІ. Қорытындылау
- Балалар бүгін қандай оқу қызметін өттік?
- Қандай көлік түрлерімен таныстық?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көлік түрлерін
Игереді: Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңызы.
Меңгереді: Көліктерді құрастыруды.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№1 бөбекжай - бақша логопеді
Кудайбергенова Роза Абдукасымовна
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру