Тәртіп пен парыз


1 сынып
№4. Тақырып: «Тәртіп пен парыз»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тәртіпті болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету;
Сабақ мақсаты: «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру;
- Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;
- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбиелеу;

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

ІІ. Дәйексөз.
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
Тәртіпті – елдің ұлы»
Бауыржан Момышұлы
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

ІІІ. Әңгiмелеу
«Алғыс»
Мәдіхат Төрежанов
• - Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?
• - Балалар бұл оқиғадан қандай сабақ алды?
• Сендер кімге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?
• Адамның қандай парыздары бар?
• Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?
• Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс? Неліктен?
• Оқулықта «Жаңаны білеміз» айдарында берілген мәтінді оқып талдау.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер.
2 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың қасиеттері туралы айтып беріңдер.
Сұраққа жауап беріңдер.
• Олар өз қасиеттерін жоғалтса не болады?
3 – тапсырма
«Ата – баба мұрасын қастерлеу – ұрпақ парызы» дегенді қалай түсінесіңдер? Айтып беріңдер.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, Құрманғазы Сағырбайұлы
атындағы жалпы орта мектебі
Абуева Гулбану Егизбаевна
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу