Киіз үйдің ішкі көрінісі


Сабақтың тақырыбы: Киіз үйдің ішкі көрінісі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Халықтың мәдени – тұрмыстық салтының бай қазынасымен білімді тереңдету; халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу; үйдің ішкі көрінісімен танысу; кілем төсеніштер, мәдени тұрмыстық заттарды танып білу;

Басталуы
1. Ұйымдастырылу кезеңі (сәлемдесу, түгендеу).
Психологиялық дайындық
Жұмбақ
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)

Үй тапсырмасын сұрау:
а) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау
ә) Өтілген тақырыпты «Сұрақ - жауап» әдісімен сұрау.
1. Киіз үй дегеніміз не?
2. Киіз үй бөліктерін атаңыз?
3. Қандай киіз үй түрлерін білесіздер?
Мадақтау сөздері арқылы бағалау.

2. БЖӘ сұрақтар:
Бастама: Мәдени тұрмыстық заттар дегеніміз не?
Жауап: құмыра, торсық, киіз үй т. б
Кейінгі әрекет: Дұрыс
Дұрыс жауап берген оқушы мадақтау арқылы бағаланады
Түрткі сұрақ: Неліктен киіз үй қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер түріне жатады?
Сынама сұрақ: мысал келтіре аласыз ба?
Қайта бағыттау сұрағы: Көмектесе алатындарыңыз бар ма?
Жауап берген оқушыны басбармақ арқылы бағалау.

3. Оқушыларды жаңаша топтастыру: «Торсық», «Кебеже», «Сандық» сөздері жазылған қиықшаларды таңдап аталған сөздерді құрастыру арқылы үш топ құрылады.
Жаңа сабаққа кіріспе: Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары - үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар, халық арасында олардың алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Мысалы: Әбдіре, Ағаш төсек, Адалбақан, Кебеже, Жастықағаш, Жүкаяқ, Сандық, Сандыққап, Асадал, Алаша, Бөстек, Жастық, Көрпе, Құстөсек, Сырмақ, Текемет
Әбдіре - киім - кешек немесе басқа да бағалы бұйымдарды сақтауға арналған сандық.
Ағаш төсек - адамның жатып тынығуы үшін пайданылатын үй жиһазы.
Адалбақан - киім т. б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық.
Кебеже - тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас ағаш бұйым
Жастықағаш - жер төсекте жатқан адамның басын биіктету үшін жастықтың астына қоюға ыңғайлап жасалған тиянақ ағаш.
Жүкаяқ - жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр.
Сандық - киім - кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым.
Сандыққап - сандықты бүлінуден сақтау үшін сыртына кигізетін киіз қап.
Асадал - тамақ пен ыдыс - аяқ сақтауға арналған кебеже тектес ыдыс.
Алаша - әр түрлі жүннен немесе әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш.
Бөстек - адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш.
Жастық - адамның басына жастауға арналған үй жиһазы.
Көрпе - матаның арасына мақта немесе жүн (әсіресе түйенің) салып тіккен жамылғы әрі төсеніш.
Құстөсек - құс жүнінен (мамығынан) жасалған жұмсақ төсеніш.
Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш.
Текемет - бетіне түрлі - түсті ою - өрнек басылған киіз.
4. АКТ пайдалану арқылы «Киіз үйдің ішкі көрінісі.» туралы бейнематериал көрсетіледі.
5. Түсінгендері туралы баяндалады.
6. Оқушылар мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Ортасы
Топпен жұмыс. Концептуалдық кесте толтырады
Әр топ тапсырманы постерге түсіріп оны қорғайды.
«2 жұлдыз 1 ұсыныс» арқылы екі топ бір - бірін бағалайды
орындалған тапсырмаға жағымды пікір білдіру
тапсырманың орындалуына оң пікір.
ұсыныс білдіру, дегенмен…

Кері байланыс
1. Сіз үшін топта жұмыс жасау қаншалықты тиімді болды?
Сергіту сәті.
Саусақтарға арналған жаттығулар
Ақ парақты алайық,
Алақанды қояйық.
Жағалатып сызайық,
Не болғанын қарайық.
Екі оқушы бірігіп,
Бір киіз үй жасайық!
2. Жұптық жұмыс. Түзетулерді орындау. (Берілген тапсырмаға қате сурет салынған, оқушы түзетулер жасап дұрыс суретін салуы қажет)
Аяқталуы
1. Жеке жұмыс: Құмыраны бояңыз.
Кері байланыс «Рефлексия тақташасы» арқылы
«Қызыл алма»- бүгінгі сабақта жасап үйрендім
«Сары алма» - бүгінгі сабақта қандай мәліметтер алдым
«Жасыл алма»- бүгінгі сабақта маған қиындық тудырған...
Үйге тапсырма: Текеметтің суретін салып, әдемілеп бояңыз

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: киіз үй, көрініс