Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі (күнделікті сабақ жоспары)
11. Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар - жасушаның энергиялық стансасы.
12. Генетикалық ақпарат. Н. К. Кольцов. ДНҚ - нәруыз синтезделу үшін матрица болып табылады. ДНҚ матрицасына сәйкес ақпараттың РНҚ - ның түзілуі.
13. Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі.
14. Гендік және жасушалық инженерия
15. Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі
Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:§11 Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар - жасушаның энергиялық стансасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға пластикалық және энергетикалық алмасу туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: майлар, көмірсулар, ақуыздар
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Тірі жүйелердің энергия алу үдерісінде барлық белгілі топтардың қайсысы таптырмайтын топтар деп есептеледі?
2. Гетеротрофта дегеніміз не?
3. Фотосинтез процесін түсіндіріңдер?
4. Хемосинтездің ерекшелігі?
5. Өздігінен реттелу қалай жүзеге асады?
6. Ғаламшарымызда қай ағзалардың арқасында тіршілік пайда болды?
ІІІ Жаңа сабақ
Пластикалық алмасу немесе анаболизм дегеніміз — биологиялық синтез реакцияларының жалпы жиынтығы. Пластикалық алмасуда жасушаға сырттан келіп түсетін заттардан жасушаішілік заттар түзіледі. Пластикалық алмасу реакцияларына мыналар жатады:
қанттар мен полисахаридтердің синтезі;
• крахмал және целлюлозаның түзілуі;
• глицерин мен май қышқылдарынан майдың, органикалық қышқылдардан аминқышқылының, аминқышқылы мен қанттардан нуклеин қышқылдары азоттық негіздерінің синтезделуі.
Пластикалық алмасудың маңызды формаларының бірі — нәруыз биосинтезін қарастырамыз. Жасушада нәруыздар бүкіл тіршілігінде синтезделеді. Нәруыз биосинтезінде басты релді РНҚ және ДНҚ атқарады, оларға ядро мен рибосома қатысады. Жасуша ядросында және хромосомада нәруыз молекуласындағы аминқышылы қосылыстарының орналасу реттілігі туралы ақпарат сақталады. Олар ДНҚ молекуласындағы төрт нуклеотид көмегімен жазылған, олар белгілі бір тәртіп бойынша кезектесіп отырады. Қатар орналасқан үш нуклеотид (триплет) бір аминқышқылын кодтайды, яғни оның нәруыз молекуласындағы орнын анықтайды. Сондықтан әрбір аминқышқылына өздерінің кодтық триплеті немесе кодоны сәйкес келеді.
Нәруыз молекуласындағы аминқышқылдарының орналасу реттілігін анықтайтын ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер қатарын генетикалық код Генетикалық код деп атайды. қасиеттерімен сипатталады, ол — оның триплеттілігі мен белгілі бір әмбебаптылығы. Яғни, әрбір аминқышқылына үш нуклеотид реттілігі сөйкес келеді және барлық организмде бірдей аминқышқылдарын соларға сәйкес бірдей триплеттер кодтайды.
Энергетикалық алмасу. Энергетикалық алмасу немесе диссимиляция немесе катаболизм дегеніміз — органикалық қосылыстардың (нәруыздар, майлар, көмірсулар) ферментативтік ыдырау реакциялары мен энергияға бай қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы. Биосинтез реакциясын энергиямен қамтамасыз ететін әмбебапты қосылыстардың бірі — аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру