Төрт түлік туралы жырлар
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар
Сабақтың мақсаты: Ауыз әдебиеті түрлерінің бірі - төрт түлік жырлары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Ұжыммен ынтымақтаса бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтау.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Тапсырмалармен жұмыс жасауға, талдауға үйренеді. Ұйымшыл болуға, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Өз беттерінше іздену арқылы белсенділігі артады, бірін - бірі бағалауды үйренеді.
Негізгі мақсат: Сарқылмас қазына тарауын АКТ - ны пайдалана отырып, сыни көзқарасын қалыптастыру. Оқушының жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар бере отырып, дарынды оқушыларды анықтау.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, суретер. постер, маркер
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс - тәсілдер: СТО (сәйкестендіру, сөзжұмбақ, тікелей эфир), постермен жұмыс «Константинополь» әдісі, альтернативті тест.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(5 мин) 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиет айтуы тиіс. Бір - біріне сәттілік тілейді. Мыс: Мен жақсылыққа жанықұмар Жұлдызбын.
Асықтардың түсіне байланысты топқа бөлу.
Жұмбақ шешу
1. Екі айнасы бар, екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
бір шыбыртқысы бар.(сиыр)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ (жылқы)
3. Басында таяғы
Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
4. Кішкентай ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
5. Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тау бар. (түйе)
Бағалау әдісі туралы түсінік беру.
«5» - өте жақсы
«4» - жақсы
«3» орташа
Тіршілікке нәр берген
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым.
«Мал жаның аман болсын» - деп сабағымызды жалғастырайық.
Қызығушылықты ояту
(10 мин) Ал, енді, балалар үй тапсырмасын еске түсірейік. «Тікелей эфир»
1. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
2. Бесіктің қандай пайдасы бар?
3. Бесік жырынан үзінді айтып бер.
Альтернативті тест
1. Бесік тазалық кепілі
2. Бесікке баланы оң жақтан бөлейді
3. Бесікті ашық қалдырмайды
4. Бесік барша қазақтың құндылығы.
Миға шабуыл Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Мағынаны тану (25мин)
Төрт түлік жырлары.
«Мал баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі малға мұра. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Кең даланы малсыз елестету мүмкін болмаған. Қазақ жері мал өсіруге аса қолайлы. «Малым жанымның садағы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабамыз.
Ендеше 1 - тапсырма:
- Төрт түлік жайлы не білетініміз
жөнінде, ой қозғап көрейік.
Төрт түлік + төлімен
Төрт түлік + пірімен
Қазір «Төлін тап», «Пірін тап» ойынын ойнайық.
• Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі....., Қой төлі..., Сиыр төлі...
«Дауысынан ажырат» ойынын ойнайық.
• Балалар бұл ненің дауысы? Тыңдап көрейікші.
• Жақсы ( кісінейді, боздайды, маңырайды, мөңірейді).
• Бұл ненің дауысы екен, түйенің дауысын естіп көріппе едіңдер? Бұл ерекше дауыс түйенің боздағаны екен.
Сәйкестендіру «Төрт түлікті қалай шақырамыз»
Оқулықпен жұмыс: 2 – тапсырма
Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін, 2 - топ «Сиыр» өлеңін тізбектей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)
1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.
Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.
2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
Сергіту сәті
(Оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген деген қандай сөздер?)
- Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
Сөздік жұмысы:(репортаж мал дәрігерімен)
Сәйгел, оқыра - жаздың ыстық күндерінде сиыр малына тиетін сона тәрізді жәндік.
Сәйгел - қуған сиырларда ес жоқ, құйрықтарын шошайта, көздерін шатыната тым - тырақай қаша береді, мөңкиді, жөңкиді, ашуланшақ болады.
Оқыра - сиыр терісінің астында өсіп жетілетін құрт және осы құрттан пайда болатын сәйгел. Ыстық - суыққа бірдей шыдамы жоқ сиырлар даладан оқыра қуып келсе, ауылда да тыныштық таба алмайды.
Мөңку - тулағыш, ашуланшақ, басын төменге жіберіп, артқы аяқтарын жоғары көтеріп тебінуін мөңку деп айтады.
Жөңку - үріккен мал, жосу, жүйтку, жекелену, кең далаға сыймай кету. Дәптерге осы сөздерді жазамыз.
3 – тапсырма «Мазмұнды сызбамен жұмыс»
• Қазір мен бес топқа тапсырма беремін. Ал енді балалар, 1 - топ жылқы малын сипаттау. Жылқы малынан алынатын өнімдер. Жылқының етінен әзірленетін тағамдар. Қымыз және оның түрлері.
Қазы Жал – құйрық (қыл)- арқан жіп, сүзгі тоқу, тұзақ есу Уыз қымыз - бие бау
Қарта Қобыз шегі Бал қымыз, бесті қымыз,
Шыртылдақ - еттің сары майы Тайтұяқ аспабы, асатаяқ Дөнен, жуас, құнан қымыз
Томыртқа - еттің сорпасы Жылқы қылын терімен қаптап - көпшік, бөстек Қысырық, ту қымыз,
Қарын Тұяғы - дәрі алынады Қысыр, сары қымыз
Жал - жая Былғары - әмиян, сөмке, етік... Сірге жияр қымыз, түнеме қымыз
•Қымыз дерек көздерінен – қымыздың жасалуы және пайдалы қасиеттері (видео)
• Жалпы күш беретін сусын
• Құрамында А, В, С, Е дәрумені бар.
• Қымыз бие сүтінен(саумалдан) жасалады
• Қымыз туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 4 - ғасырда айтылған
• Скифтердің сүйікті сусыны
• Қымыз дайындау технологиясы 21 - ғасырда да сақталып отыр
• Алдымен саумал жиналады
• 1 – сауу 200 мл - ге тең(жиі - жиі сауады)
• Бие күніне 4 – 6 рет сауылады
• Саумал. Ағаш ыдыс бөтен иіс пен дәмнен қорғайды • Қор түнемел
• Пісуі: 1 – сағат, 20 - градустық жылылықта
• Қымыз жылы орында өздігінен ашиды
• Ашуы: сүтті – қышқылды
• Күштілігі: сақталу ұзақтығына байланысты
• 1 – тәулікте сәл қышқыл, 2 - тәулікте қышқыл және ащы
• 3 – тәулікте өте қышқыл
• Қымыздың 100 мл - і 40 килокалорияға тең келеді
• Алмада 70 кило калория
• Қымыз тез сіңеді
• Зарарсыздандыратын қасиеті бар
• Қан айналымын жақсартады
• Ас қорытуды қалпына келтіреді
• Қымыз – құнарлы сусын
2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау. Сиыр малынан алынатын өнімдер. Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар. Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар.
Қаймақ, айран Мәсі, кебіс, етік, шалбар, белдік Қимай, шұжық
Құрт, ірімшік Қалқан, торсық, саба Бесбармақ, Май, кілегей Тұлып, ішік, тон, сүзбе Дабыл, таспа, қайыс, қапшық қуырдақ, қатық Шідер, жүген, айыл, қоржын борша, Сары су Тоқым, ертұрман, көпшік, Орама, тұшпара, манты.
3 - топ Түйе малын сипаттау.
4 - топ Қой малын сипаттау алынатын өнімдері.
5 - топ Ешкі малын сипаттау. Қандай пайдасы бар?
4 - тапсырма «Константинополь» әдісі бойынша «Жануарлар» сөзінен бірнеше сөздер табу.
Төрт түлікке байланысты мақал - мәтел айту
1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
2. Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын.
3. Сиырлының үйі айран
4. Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.
5. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.
6. Ат адамның қанаты.
7. Түйе атасы - нар, ағаш атасы – шынар.
Төрт түлікке байланысты тиым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Жас малдың тістерін санамайды.
4. Түнде мал санамайды, ешкімге мал бермейді.
5. Малды біреуге сыйлағанды яки сатқанда ноқта – жүген бас жібін берілмейді.
6. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде сақталады.
«Қайназар ауылындаға №1 орта мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі
Курмангалиева Жулдыз Талғатқызы
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру