Сиқырлы SMM кітабы


Table of Contents

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ

II БӨЛІМ

III БӨЛІМ

IV БӨЛІМ

V БӨЛІМ

VI БӨЛІМ

АЛҒЫС!

Нұрлан Жанай, Абзал Досым

Сиқырлы SMM

“Сиқырлы SMM” кітабында әлеуметтік желі туралы құнды мәліметтер жинақталған. Практикалық тапсырмаларды орындап, SMM мамандығын игересіз. Авторлардың тексерілген кеңестеріне жүгіне отырып, әлеуметтік желіден алғашқы клиенттерді табуға мүмкіндік аласыз.

www.hogwart.kz

КІРІСПЕ

Армысыз, қадірлі дос!

Егер бұл кітапты қолыңызға алған болсаңыз, онда сізге сиқырлы әлемге қош келдіңіз деп айтамыз. Ертегілерге, сиқырлы әлемге сену адамды бақытты балалық шаққа жетелейді. Біз бала кезде өмірдегі бар жақсылыққа сендік, армандарымыздың орындаларына еш күмәнданбадық. Уақыт өте келе біз есейдік, сиқырлы әлемнен алыстадық.

Қолыңыздағы “Сиқырлы SMM” кітабы – сізді бақытты ететін, арманға жетелейтін, жақсылықты дәріптейтін, пайдалы әрі қызықты оқулық. Кітап авторлары оқулықты ертегі әлемімен байланыстыра отырып, қиял әлеміне саяхат жасауыңызға жол ашады. Мұнда айтылатын әрбір кеңесті ізгілікке, адамдарға жақсылық жасауға, қоғамға пайда алып келуге, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне пайдаланасыз деген үміттеміз.

Онлайн әлемнің өз ережелері мен жазылған, жазылмаған заңдылықтары бар. Біз соңғы 7 жылда онлайн әлемді барынша зерттеп, өте ұғынықты әрі қарапайым тілмен сізге жеткізуге бел будық. Кітапта жазылған әр әріпке авторлардың бар білімі мен ынтасы, мейірім-махаббаты берілген. Сондықтан, кітаптан бас алмай, ерекше сезімге бөленіп, қызыға оқитыныңызға сенеміз.

“Сиқырлы SMM” кітабы сізге не үйретеді?

— әлеуметтік желілерді бизнес жасау мақсатында тиімді қолдануды;

— әлеуметтік желі псиxологиясы, маркетингі, ақпараттық қауіпсіздігі мен нетикеті туралы тәжірибеден өткен, жинақталған мәліметті;

— кітаптағы қызықты тапсырмалар арқылы біліміңізді жетілдіруді;

— тапсырмалар арқылы Instagram, Youtube, Facebook курстарын оқып, сертификатталған кәсіби маман болуды;

— төрт түрлі командаға бөлініп, Hogwart SMM мектебінде тегін тәлім алу мүмкіндігін береді.

Ендеше, құрметті оқырман, жылы орныңызға жақсылап жайғасып алыңыз. Сиқырлы әлемнің пайдалы білім ордасына саяхат жасауға кеттік...

Кітап несімен ерекше?

Кітап жазуды ойлағалы бері біз оны қалай ерекше ете аламыз, - деп бас қатырдық. Оны сиқырлы, жұмбақ, қиял-ғажайып әлемімен байланыстырғымыз келді. Ал, Harry Potter әлемді дүр сілкіндірген, бүтін бір ұрпақтың болмысына әсер еткен шығарма екені белгілі. Қиялдың тек ізгі дүниелерден, жақсы ниеттерден туындап, қарыштайтынын ескере келе, “Сиқырлы SMM” кітабын Hogwarts сиқыршылар мектебіне барынша ұқсаттық. Кітапқа байланысты бүкіл іс-әрекетіміз ойын сияқты өтеді. Сонда сіздің кітапқа деген құмарыңыз артып, тапсырмаларды орындау жеңілдей түседі.

Бұл кітапты оқу үшін сізге қосымша құралдар керек болады. Керек заттар: смартфон, интернет, Telegram мессенджері, QR код оқитын мобайл қолданба (приложение, Play market, App Store).

Кітаптың оқырмандары, кітап ішінде кездесетін QR кодты сканерлеп, кітаптан тыс кеңістікке, интернет әлеміне өтіп отырады. Ал сайтта сізді Годрик Гриффиндордың сиқырлы телпегі күтіп тұр. Телпек кездейсоқ таңдау әдісі бойынша сізді фильмдегідей төрт топтың біріне бөледі. Енді сіз тобыңызбен бірге бір жанұя боласыз. Топ өз жұмысын Telegram-дағы чатта жалғастыратын болады. Топқа бөлінген командалар арасында бәсеке пайда болып, оларда жетістікке тезірек жетеміз деген мақсат тұрады. Жай ғана мұнда айтылған тапсырмаларды орындауға кіріссеңіз, кітап соңында сіз өміріңіздің қалай өзгергенін байқамай қаласыз. Кітапты жазарда оны қалай ерекше етеміз деп бас қатырдық деп жоғарыда айтылғандай, кітап оқып бітіре салғанмен аяқталмайды, бірге дамуды ары қарай Telegram топта жалғастыратын боламыз. Себебі, интернет әлемінің жылдам дамуына байланысты, кітапта бүгін жазылған дүние ертең өз өзектілігін жоғалтуы мүмкін екенін түсінеміз.

Сіз үйренген әрбір жаңа біліміңізді практикада қолданасыз. Кітап оқу барынша қызық болу үшін, ішіне түрлі тапсырмаларды қостық. Тапсырмаларды шешкен адам авторлар дайындаған сыйлықтарға ие болады.

Ал, сіздер, жасап жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесімен бөлісу арқылы жанұямыздың өзге де мүшелеріне құндылық сыйлайсыздар. Тарихты жазатын жеңімпаздар демекші, сіздердің де жетістіктеріңіз Қазақстандық SMM кейстер тарихында қалады деп сенеміз.

Бәрі өз қолымызда...

I БӨЛІМ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӨМІР МЕН МАРКЕТИНГ

Құрметті тәлімгер!

Албус Дамблдор профессордың дәрісіне қош келдіңіз!

Бұл дәрісте сіз әлеуметтік желі, онлайн өмірдің қызығы мен шыжығына тап болып, әлеуметтік желідегі маркетинг негіздерін оқу арқылы көптеген қазынаға ие боласыз. Ол үшін әрбір берілген тақырыпты оқып, толық түсініп, тапсырманы орындап, практиканы да меңгеріп алғаныңыз жөн.

Онлайн өмір – шынайы өмірдің айнасы

Әлеуметтік желідегі онлайн өмір де шынайы тіршіліктегі ғұмыр сияқты. Өмірде әркімнің айтатын әңгімесі болатыны секілді онлайнда да бәрінің жазатын дүниесі бар. Мысалы, біреулер футбол туралы, кейбіреулер саясат жайлы айтқанды жақсы көреді. Желіде де әркім өзінің білімі мен өресі жеткен дүниені жазады. Жазары жоқ адамның өзі көрген-білгенін, естігенін жазып отырады. Жазатын тың идея табылмаса, ауа райы, қар мен жаңбыр туралы жазба жариялайсыз. Бұл да өмірдегі таксиге отырған сәтке ұқсас. Ұзақ жолды жақындату үшін, әуелі, такси жүргізушісі немесе жолаушы “Бүгін күн жылы”, “Ауа райы күрт суып кетті ғой”,- деп жеңіл әңгімемен диалогты бастайды. Әлеуметтік желіде кездесетін терминдерге мен, профессор Албус Дамблдор, мынадай анықтамалар бердім: • Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерде пост жазамыз (ағылшынша “post” – қазақша “жазба”). Жазба деген – өмірде айтатын әңгімеміз сияқты.

• Сол әңгімеге көптің ішінен біреу қосылды дейік, онлайнда оны жазбаға коммент қалдырды немесе пікір жазды дейді (ағылшынша “comment” – қазақша “пікір”).

• Әңгімеңізді біреу тыңдайды, айтып жатқан әңгімеңізге қосыламын деген ишара ретінде басын изейді немесе көз алмай қарап отырады. Мұны әлеуметтік желіде лайк деп атайды (ағылшынша “like” – қазақша “ұнату”, “лүпіл”).

Instagram-да лайкты жүрек түрінде жасаған. Кез келген қолданушының фотосын не видеосын ұнатасыз, яғни жүрек басасыз, я болмаса назар аудармайсыз, яғни жүрек қоймай өтіп кетесіз. Ал, Facebook-та лайк бұрын біреу болатын. Қазір қолданушыларға қызық болсын, бар эмоциясын шығарсын деп алты түрлі реакция жасаған. Лүпіл, жақсы көру, сүю, күлу, таңдану, ренжу, ашулану.

Досыңыздың әңгімесі, айтып жүрген дүниесі сізге қатты ұнаса, қызық әрі пайдалы болса, сіз басқа достарыңызды, таныстарыңызды сол әңгімеге тарту мақсатында шақырасыз. Мұндай процесті әлеуметтік желіде share (Facebook-та), repost (Instagram-да) деп атайды (ағылшынша “share”, “repost” – қазақша “бөлісу”).

Көріп тұрғаныңыздай, онлайн өмірдің біз өмір сүретін әлемнен қатты ерекшелігі жоқ екен. Өмірде қандай белсенді, елгезек, жақсы болсақ, әлеуметтік желілерде де дәл сондай шынайы болған дұрыс. Онлайн өмір екіжүзділікті кешірмейді.

Онлайн «азаматтық» алу

Адамдар бір елге көшіп барғанда, сол мемлекеттің тіркеуінен өтіп, азаматтығын алады. Біз де қиялға ерік беріп, әлеуметтік желілерді немесе онлайнда баратын барлық жерімізді бір мемлекет деп алайық. Ол мемлекеттің паспорты – электрондық пошта немесе ағылшынша “email”.

e-mail – біздің барымыз. Онсыз онлайн өмірде біз ешкім емеспіз. Онлайндағы паспортты, яғни электрондық поштаны ашу үшін өзіміздің атыжөнімізді, телефон нөмірімізді, паролімізді тіркеуден өткіземіз.

Неге біз пошта ашу үшін Gmail сервисіне жүгіндік? Өйткені, Gmail пошта қызметі – Google компаниясының өнімі. Google компаниясы Forbes рейтингісі бойынша, 2018 жылы әлемде Apple компаниясынан кейінгі 2-орында тұрады. E-mail сервистері арасында Gmail әлемде 1-орында.

Оған 2017 жылғы статистика бойынша 1,2 млрд қолданушы тіркелген. Жер шарындағы әр үшінші интернет пайдаланушының біреуі GMAIL қызметінде пошта ашқан.

Gmail-да пошта ашқанда, өмірде аты-жөніңізді қалай бренд еткіңіз келеді, солай пошта таңдаған дұрыс. Бұрын mail.ru-да krasotka1985@mail.ru, sterva_almatinka@mail.ru, erdos.cool_91@mail.ru сияқты күлкілі пошталар болатын еді. Қазір бұлай қоюға болмайды. Бір сөзбен айтқанда орынсыз.

Поштаны ашқан соң, оны жұмыста, бизнесте, ресми жерлерде пайдалануға тура келеді. Сіз өсіп-өніп, бір жерде жақсы лауазымға тұрасыз да, визиткаға әлгі поштаңызды жазып қоясыз. Сол кезде өзіңізді пупсик, кошка, красотка, дерзкий деп тұрған ерсі естіледі. Сондай-ақ, поштада атыжөніңізден басқа да жылыңыз, тұратын жеріңіз, сыртқы сұлулығыңыз, жұлдызнамаңыз, лақап атыңыз жайлы артық ақпарат бермеуі тиіс.

Мысалы, Сәкен Отарбай (автордың ойынан құрастырылған адамның аты) деген адам saken.otarbai@gmail.com немесе қысқашалап s.otarbai@gmail.com деп пошта ашса, көрген адамға күлкілі де емес, оған қоса артық ақпарат беріп тұрған жоқ. Ендеше, пошта ашарда осыны қаперімізден шығармайық, достар! Түсінікті ме? Онда саяхатымызды одан әрі жалғастырайық...

Пароль қою техникасы

Пароль – үйге кіретін кілтіңіз сияқты түрлі белгілерден тұратын, сізден басқа ешкім білуге болмайтын құпия ақпарат. Мысалға, онлайн өмірдегі әлеуметтік желілерді үйіміз деп алатын болсақ, әр үйге, яғни әр әлеуметтік желіге кіретін жеке пароліңіз болады. Қолыңыздағы телефонды ашатын, жұмысыңыздағы компьютерге кіретін, жеке электрон поштаңызды қолдану үшін пароль қоясыз.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ең басты қағидасының бірі – жеке ақпараттың сыртқа шықпауы, әркімнің жеке басына қатысты мәліметтің қорғалуы. Ақпараттық қауіпсіздік ең алдымен осы қарапайым пароль қоюдан басталады. Пароліңізді сізден басқа ешкім білмеуі керек, тіпті жақын адамдарыңыз да.

Біреудің паролін сұрау, оны біліп алып қолдану, білуге тырысу мәдениетсіздік пен құқық бұзушылыққа жатады.

Пароль қоюда жиі кездесетін қателіктер:

1) Көпшілік отандастарымыз пароль қоюда өзінің атын, фамилиясын, туған жылын, телефон нөмірін жазады. Олай пароль қою интернеттегі бұзақылардың ісін жеңілдетеді.

2) Кейбір адамдар пароль қоюда басын қатырмай, 12345, 12345678, password, iloveyou, qwerty, qwerty123, abc123 сияқты клавиатурадағы көзіне көрінген цифрлар мен әріптерді баса береді. Пароль қоюдағы бұндай қателіктер әлемдік деңгейде белең алған.

3) Паролін ұмытып қалмау үшін компьютердің жанына паролін стикерге жазып, жабыстырып қоятын адамдарды да көрдік. Ол компьютерге кез келген адам отырып қалуы мүмкін, үйге не офиске ұрылар түсуі мүмкін, сондай келеңсіз жағдайларда ақпаратыңыз қолды болып, жеке мәліметіңіз жаман мақсатта пайдаланғанын қаламасаңыз, ешқашан парольді стикерге, блокнотқа, телефонға және басқа да жерлерге жазып қоймаңыз. Ең дұрысы жақсылап жаттап алыңыз.

Егер жоғарыдағыдай қателіктер сізде кездессе немесе соған ұқсас пароль қойған болсаңыз, дереу төмендегі талаптар бойынша өзгертіп тастаңыз:

1) Пароль тек қана цифрдан, әріптен, символдардан тұрмауы керек. Мысалы, Astana, 1234567890, @#$%^&* cияқты парольдерді бұзу оңай. Егер неше түрлі цифрлар, үлкен және кіші әріптер, сан алуан символдардан тұрса, ақпараттық қауіпсіздігіңізге сенімді боласыз. Мысалға, мына парольді d#TkC%b74&Gxc*v35LKJ бұзу оңай емес.

2) Парольдің ұзақтығы кемі 8 символдан болсын. Символдар қаншалықты ұзын әрі жоғарыдағыдай алуан түрлі болса, қауіпсіздігіңізге алаңдамайсыз. Сондай-ақ, барлық жерге бірдей пароль қоймаңыз, біреуін біліп қойса, бәріне кіру мүмкіндігіне ие болады.

3) Пароль қойғанда, ол белгілі бір мағынаны білдірмегені дұрыс. Мысалға, MenSeniSuiemin, AbzalMyLove сияқты романтикалық парольдерді оңай бұзып кетеді. Дұрысы, ешқандай мағына бермейтін DFGDbcchyufu54645342^%%^$#@ сияқты пароль болсын.

Бізден кеңес password.kaspersky.com сілтемесі арқылы Касперский лабораториясының сайтына кіріп, пароліңіздің қиындығын, оны бұзуға қанша уақыт кететінін тексеріп көріңіз. Себебі, сақтықта қорлық жоқ.

Әлеуметтік желіге саяхат

Әлеуметтік желіге саяхат жасамас бұрын сіз өзіңіздің ондағы рөліңізді нақтылап алыңыз. Үш түрлі рөл болады:

1) Үндемес – жұртты бақылап қана отыратын, пост, коммент жазбайтын, лайк қана қойып, бөлісумен шектелетін қолданушы.

2) Комментатор – өзі пост жазбайтын, бірақ кез келген тақырыптағы жазбаға комментті аямай жазатын белсенді қолданушы.

3) Белсенді – жазбаны бұрқырататын, ақшаны да жақсы табатын, осы кітапты соңына дейін оқып, толық түсінген мықты, бақытты, кәсіби әлеуметтік желі қолданушысы.

Белсенді боламын десеңіз, ары қарай өзіңіздің өмірлік ұстанымыңыз бен болмысыңызға сай образ, кейіпкер таңдап алыңыз:

1) Сиқыршы – ерекше креатив дүниелер жасап, адамзатқа жақсылық алып келуші кітап авторларына ұқсаған қолданушы.

2) Саудагер – тек өзінің тауары мен қызметі, бизнесі туралы жазатын қолданушы.

3) Бай – өзі тапқан, біреудің көмегімен жеткен байлығын, мал-дүниесін, киімдерін көрсететін қолданушы.

4) Қаhарман – түрлі мәселелерді қозғап, өзін ойламаса да, үнемі халықты ойлайтын қолданушы.

5) Жылауық – әрдайым бірдеңеге көңілі толмай, өзін бейшара санайтын, солай көрсететін қолданушы.

6) Данышпан – өмірдегі түрлі жағдайларға қатысты ақыл-кеңес беруден шаршамайтын қолданушы.

7) Әзілкеш – әзіл мен юморға шебер, сарказм мен сатираның жілігін шағып, майын ішкен қолданушы.

8) Философ – әдемі сөздер жазғанды ұнататын, өзгеше ойлап, басқаша жазатын қолданушы.

9) Ханшайым – өзінің фотосын, түрлі селфилерін сала беретін, өзін жақсы көретін қолданушы қыз.

10) Батыр – салауатты өмір салтын ұстанатын, спортқа жаны құмар, сол туралы жиі жазатын қолданушы.

Құрметті оқырман! Сіз өзіңіздің рөліңіз бен соған сәйкес кейіпкеріңізді анықтадыңыз ба? Әлде достарыңыздың образына қарап, бір күліп алдыңыз ба? 

Онлайн әдебі немесе нетикет

Профессор Албус Дамблдор онлайн әдебін сақтаған жанды әлеуметтік желідегі ең жақсы қолданушы деп атайды. Этикет деген сияқты онлайндағы, яғни желідегі әдепті нетикет дейді. Бұл жерде “net” сөзі ағылшыннан аударғанда “желі” дегенді білдіреді.

Желідегі нетикет қандай екенін білесіз бе? Ендеше оған зер салайық! Нетикет туралы kerekinfo.kz блогплатформасының негізін қалаушы Аршат Ораздың жасаған материалымен бөлісуді жөн көрдік.

Бұл қолданушылардың өздері үшін қажет және осы ережелерді ойлап тапқан да интернет қолданушылары. Нетикетті ұстанғысы келмейтіндер, қарсы шығатындар, әлбетте, бар. Интернетте маскамен, никнейммен жүретіндер, аноним тролльдар, ойдан шығарылған фейк кейіпкерлер бар. Нетикетті қолдаушылар, ұстанушылар көбейген сайын біздің онлайн ортадағы іс-әрекеттеріміз, тақырыптарымыз, диалогтарымыз, қарым-қатынастарымыз да түзеле түспек. Сондықтан, виртуал өмірді де бір өмір ретінде қабылдайтын болсақ, — нетикет бізге керек.

Нетикеттің 10 ережесі

1994 жылы интернетте «Netiquette» атты кітап пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10 ережесі жинақталған. Бұл ережелер арқылы виртуалдағы өміріміз оңай әрі қарапайым бола түспек.

№1 ереже: Адаммен сөйлесіп отырғаныңызды ұмытпаңыз. Интернетте жиі бұзылатын ережелердің бірі. Қолданушылардың көбі компьютердің ар жағында адам отырғанын ұмытып кетеді. Ұмытпаңыз, монитордың ар жағында компьютер емес, адам отыр. Ренжітіп алу оңай.

№2 ереже: Виртуал өмірде де шынайы өмірдегі стандарттарыңызды ұстаныңыз.

Интернет аноним орта сияқты болып көрініп, адамға сондай беймәлім сезім береді.

Дөрекілігіңізге ешкім ештеңе демейтіндей болып көрінеді. Алайда қарсыңыздағы адаммен әдеп бойынша сөйлесу керек, заңға қарсы әрекет те жасауға болмайды.

№3 ереже: Киберәлемде екеніңізді ұмытпаңыз. Әр сайттың, форумның, қауымдастықтың өз ережелері бар. Оларды аттап кетуге болмайды. Бұрыннан қалыптасып қалған виртуал топтардың өзіндік ережелері, қағидалары болады. Оларға қосылмастан бұрын алдымен сырттай бақылай тұрған дұрыс.

№4 ереже: Басқалардың уақыты мен мүмкіндіктерін сыйлаңыз. Желіде бір нәрсені бөліспестен бұрын ойланып көріңіз, бұл шынымен бәріне қызық па, керек пе? Мүмкін, жаңалығыңызды бәрі көріп болған шығар? Бәлкім, тек белгілі бір аудиторияға ғана арнап бөлісу керек шығар? Егер біреулер сізге “бұл қызық емес” десе, демек оның еш қызығы жоқ. Ешкімді жалықтырмаңыз және бөліскен нәрсеңізге басқалардан жылдам реакция күтпеңіз.

№5 ереже: Репутацияңызды сақтаңыз. Интернеттегі репутацияның маңызы реал өмірдегіден еш кем емес. Виртуалдағы барлық адамдар сізді тани бермес, бірақ сізбен интернетте де бірге жүрген таныс адамдарыңыз бар ғой. Сондықтан, маска тақпай барынша шынайы болған дұрыс.

№6 ереже: Басқаларға көмектесіңіз. Интернетте ақпарат көп. Бірақ, барлық сұрақтарға жауап табыла бермейді. Кейбір тар тақырыптарда көмек сұраған адамдарды айналып өтпеңіз. Мәселелерін шешуге көмектесіңіз. Виртуал өмірде де жақсылық жасап отыруды ұмытпаңыз.

№7 ереже: Кикілжіңге кірмеңіз. Интернет пікірталас алаңы болғандықтан, барлығы сізбен бір пікірде болуы мүмкін емес.

Әлбетте түрлі түсініспеушіліктер, қызу пікірталастар болады. Басқаның пікірін құрметтеңіз, кикілжіңге, дау-дамайға кірмеңіз. Тәжірибелі қолданушының жүйкесіне тие алам деп ойламаңыз. Керісінше, өз жүйкеңізді құртасыз, сыйыңызды кетіресіз. Үндемей-ақ қоюды үйреніңіз.

№8 ереже: Жеке бас құпиясын сақтаңыз. Басқалармен жеке хабарламаларыңызды көпшілікке көрсетпеңіз. Рұқсатсыз ешкімнің жеке фотоларын, мекенжайын, телефон нөмірлерін жарияламаңыз. Ешқашан!

№9 ереже: Мүмкіндіктеріңізді асыра пайдаланбаңыз. Виртуал әлемде түрлі деңгейде көптеген тақырыптар қозғалады. Өзіңіздің біліміңіз артық, деңгейіңіз жоғары жерлерде басқаларды кемсітпеңіз, дөрекілік танытпаңыз. Сайттарда админ немесе модератор ретінде күш қолданбаңыз. Қолданушыларды сыйлаңыз.

№10 ереже: Қателерді кешіруді үйреніңіз. Виртуал әлемде де жаңылмайтын жақ жоқ, әрине. Басқалардың кемшіліктерін түсініңіз, қателерін кешіріңіз. Өзіңіздің де қателеріңізді еске алыңыз. Сондай-ақ, қосымша кеңес ретінде әлеуметтік медиа бойынша төмендегі кеңестерді ұсынамын:

1. Лайк, репост сұрай бермеңіз

2. Рұқсатсыз фото, видео шығармаңыз

3. Жұрттың бәрі бөліскен нәрсені бөліспеңіз

4. Ақпаратты тексермей шығармаңыз

5. Мас, ашулы, көңілсіз кезде ештеңе жазбаңыз

6. Хэштегтерді орынсыз қолданбаңыз

7. Құттықтауларды ұмытпаңыз

8. Грамматика мен орфографияны сақтаңыз

9. Адамдарды орынсыз тегтемеңіз

10. Топтарға өз келісімінсіз қоса бермеңіз.

Аршат Ораздың бұл кеңесін, тіпті, профессор Албус Дамблдор да өзіне түртіп алыпты. Құрметті тәлімгер, онда сіз де профессордан қалып қоймай, өзіңізге жазып алыңыз! Осы ереже мен кеңесті әрқашан көкейге түйіп, әдеп сақтап, тәрбиелік көрсетуді ұмытпайық.

Маркетинг жайлы хикая...

Құрметті тәлімгер, сізге мынадай маркетинг туралы хикаяны баяндап берейін. Өз өнімін жарнамалауды ертедегі кәсіпкерлер неше түрлі құйтұрқы әрекеттермен жасаған. Ол кезде ешқандай маркетинг туралы кітап, үйрететін мамандар да болмаған. Саудагерлер жай ғана өз тауарларының сатылымын арттырғысы келді. Сол мақсаттарына жету үшін түрлі әрекеттер жасады. Кез келген маркетинг кампанияның мақсаты, сатылымды қалай арттырсақ деген сауалға жауап іздеуден басталса, онда мақсат сөзсіз орындалады. Маркетологтар арасында екі түрлі пікір бар: бірі маркетинг сатумен айналыспайды десе, екінші жақ сатумен айналысады деп есептейді. Бұл кітапта біз екінші жақтың сөзін сөйлейтін боламыз.

Маркетинг саласы ең алғаш рет 1902 жылы АҚШ-та оқытыла бастады. Ал, жарнама тарихы біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жылдықта адамдар папиросты қағаз ретінде қолдана бастағанда пайда болған. Кейін Еуропада типографиялық құралдардың пайда болуымен жарнама саласында «жарылыс» болды. Одан кейін радио, телевизия, билборд сияқты түрлері шықты. Жалпы телевизия саласының дамуы 100 жылдан астам уақытқа созылса, интернет жарнамасы бұл дәрежеге 30 жылда жетіп алды.

Әлеуметтік желілердің дамуы мен маркетологтардың жарнама туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Енді жарнамаға жұмсалмаған қаржының қайтымдылығын, оның тиімділігін анықтау әлдеқайда жеңілдей түсті. Алпауыт корпорациялар жаңа жарнама алаңдарына ауыса бастады. Эфирлік уақыты қымбат телевизияны, көп адамның назарына іліне бермейтін билбордтарды, интернет жарнамасы оңай ысыра бастады. Енді жарнама берушілер тұтынушылардың қолындағы экраннан көрінуге күш салды.

Әлеуметтік желідегі жарнама маркетингтің ішінен тағы бір бөлек саланың қалыптасуына сеп болды. Ол – Social Media Marketing, яғни қысқартып айтқанда SMM. Өздеріңіз түсінгендей кітабымыз осы SMM жөнінде болмақ. Ал, енді неліктен теледидарға шығатын жарнаманың тиімсіз болып бара жатқанын қарастырып көрейікші. Біріншіден, қазір теледидарды төлем мүмкіндігі жоғары аудитория қарамайды. Сатып алу әлеуеті жоғары деп қала тұрғындары, оның ішінде 30 жастан жоғары контингент кіреді. Ал, теледидардың аудиториясы жылдам интернетпен қамтылмаған, ауыл тұрғындары болып қалды. Екіншіден, адамдардың миында бейсаналы түрде артық ақпараттан қорғайтын қабілет пайда бола бастады. Олар жарнаманы көреді, бірақ ми ол ақпаратты ары қарай қабылдап, қорытынды шығармайды. Теледидарда жарнама бастала салысымен адамдар әлеуметтік желіге кіреді немесе басқа да тірліктеріне кірісе бастайды. Үшіншіден, эфирлік уақыт қымбат, дәл сол эфирге жұмсaлған қаржыға интернеттегі жарнама әлдеқайда жоғары эффект береді.

Арнайы сараптауға арналған құралдар маркетологтардың жұмысын жетілдіріп, терең анализ жасауға мүмкіндік берді. Маркетологтар өз жарнамасын кімге, қандай адамға көрсетіп жатқанын, аудиторияға жарнаманың қалай әсер етіп жатқанын біліп отыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар интернеттегі жарнама өте икемді, оны кез келген уақытта өзгертіп, немесе тоқтатып қалаған уақытта қайтып қосуға болады.

2018 жылдың қаңтар айында We Are Social медиаагенттігінің есебі бойынша, Жер шарындағы халықтың 4 млрд-тан астамы – интернет қолданшылары екенін анықтады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың аяғына дейін 4,021 млрд-қа жетіп, жер тұрғындарының 53%-ын құрайтын болады. Соның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының саны 3 млрд-тан астам, Жер планетасы тұрғындарының 42% бөлігін құрайды. Олардың 10-нан 9-ы интернетке мобайл құрылғы (смартфон, планшет) арқылы кіреді.

Жер бетін жаулап алған интернеттің жылдамдық күші ешкімді қуып жеткізер емес. Интернеттің жылдам дамығаны соншалық, 1995 жылы тұрғындардың тек 1% бөлігі қолжетімді болған болса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 43%, ал 2020 жылы 60% бөлігі қолжетімді болмақ.

ITU компаниясы эксперттеріне сүйенсек, 2016 жылы Америка континентінің 65% азаматының интернетке кіруге мүмкіндігі болған. Бұл көрсеткіш Африкада 25%-ды, Еуропада 79%-ды, Азия және мұхит аралдарында 42%-ды құраса, Араб әлемінде 41% болды.

Әлеуметтік желілер бойынша Instagram желісінде минутына 2,5 млн лайк басылса, Twitter-де 9,7 туит жазылып үлгереді екен. Ал YouTube хостингінде 400 сағат видео жүктеледі.

Snapchat қолданушылары бір минут ішінде 6 млн видео қарайды. Dropbox-ке 830 мың құжат жүктелсе, Siri 100 мың сауалға жауап беріп үлгереді.

Контенттің не құдыреті бар?

Ертеден келе жатқан бір сиқырлы дүние бар. Оның сиқырлығы сонша, адамның өмір сүру ортасына жылдам еніп кетті. Ол – контент. Контент – біздің өмір. Адам өміріндегі байланыс құралының бірі – тіл, ал контент тіл, жазу, видеоға, фотоға түсу бәрін де қамтиды. Демек, адам өмірін контентсіз елестету мүмкін емес. Қайда барсаңыз да, жазуға, сөйлеуге, адамдармен диалог құруға тура келеді. Күнделікті өмірде телефонмен сөйлесеміз, әр түрлі чаттарда, әйтеуір, бітпейтін бір мәселелерді талқылаймыз, әлеуметтік желілерде ойымызды қалдырамыз. Қаласақ та, қаламасақ та, біз контент өндірушіміз.

Контент форматына қарай мәтін, фото, видео, аудио, инфографика т.б. деп бөлінеді. Мысалы, әлеуметтік желілердің ішіндегі Facebook-қа мәтін, фото, видео, инфографиканы сала аласыз, ал Instagram-да құр мәтінді салу мүмкін емес, міндетті түрде фото не видео салынады. Аудио форматтағы контент қана бөлісетін SoundCloud деген, видео контент қана салынатын Youtube сияқты ресурс бар. Әркім өзінің талғамына қарай контент ұсынатын ресурсын таңдайды, фотоға түскенді ұнататындар – Instagram, видеоны жаны сүйетіндер – Youtube, мәтін жазғанды құп көретіндер – Facebook-ты таңдап жатады.

Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді деген мақал бар. Қазіргі таңда хатыңызды да, атыңызды да таныту үшін интернетті, оның ішінде әлеуметтік желіні пайдаланған тиімді. Өйткені, бұл жерде хат дегеніміз сіздің жасаған ғылыми, кәсіби еңбегіңіз, жазған туындыларыңыз бен кітаптарыңыз деп алсақ, ат дегеніміз – кез келген адамның халық алдындағы абыройы, елдің аузында жүрген жақсы істері, жасаған пайдалы дүниелері. Интернет дамыған заманда сіздің хатыңыз да, атыңыз да онлайннан табылмаса, бәрі зая кетті деген сөз. Қазір кез келген адам бір нәрсеге қызықса, біреу туралы ақпарат іздесе, әлеуметтік желілерге сонымен қатар басқа да сайттардағы контентке жүгінеді. Кез келген кәсіп иесі интернеттің пайдалы жақтарын алып, соны тиімді қолданғаны өзіне абзал.

Бизнесмен үшін контент – маркетинг, пиар әрі сату құралы. Кәсіпкер өзінің өнімі мен қызметі туралы көзделген аудиторияға (целевая аудитория) жан-жақты ақпарат беріп, түрлі форматта брендті таныстыра берсе, халықтың да сеніміне кіріп, саудасын жүргізіп, бизнесін дамытады. Неше түрлі ерекше пост жазу, видеолар түсіру, әдемі фотолар арқылы жасалатын жұмыс контент деп аталады.

Контентті көңіл-күйіңізге, жұмысыңызға, жағдайыңызға қарай түрлі мақсатта қолдануға болады. Ең бастысы сауатты жазсаңыз жеткілікті.

Контент – біздің атымызды ғана шығаратын жер емес, қауіпсіз мұрағат hәм ұмытылмас естелік. Бұрындары бала кезімізде ата-анамыз үйге қонақ келсе, альбом қарап, жастық шағын еске алып, мәз-мейрам болып отырушы еді. Ол кезде контентті қағаз форматында сақтады. 21ғасырда үйге келген қонақтарға Instagram мен Facebook-тағы фотоларды, жазбаларды, Youtube-тағы видеоларды көрсетуге болады. Бір жылда 365 күн (төрт жылда бір рет 366 күн) болса, бірнеше жылдан соң, сол күндердің 5-6 күні ғана есімізде қалады. Қалғандарын сақтауға күнделікті жүздеген ақпаратты қабылдайтын шектеулі жадымыз қауқарсыз. Оған қоса әр күнді есте қалатындай қылып өткізу де екінің бірінің қолынан келмейді. Ал, әлеуметтік желі онлайн күнделік қызметін атқарады. Ол өмірде болған қаншама жақсы сәттерді, пайдалы кездесулер мен ізгі жандарды парақшамыздың бір бұрышына сақтап қойып, уақыт өткен сайын оларды қарап, өткен күнге оралуға зор мүмкіндік береді.

Елестетіп көріңізші... Ондаған жылдардан кейін әлеуметтік желіге салған контентімізге қарап, балаларымызға: «Е, қарақтарым, біз кезінде осындай құнды дүниелер жасап, жазып едік»,- деп өткенді еске алып отырамыз, қызық, иә? Бүгінгі жазылған контент — ертеңгі тарих.

Құрметті тәлімгер, бұл кітапты оқи сала, «өз тарихыңызды» түрлі контентпен толтыруға бірден кірісіп кетіңіз. Өйткені, контентпен көптеген ізгі дүниелерді жасауға болады. Ізгілік жасауды үйрету – Hogwart SMM мектебінің міндеті.

SMM маманына арналған ережелер топтамасы

SMM маманы болуды армандайтын адамдарға профессор Албус Дамблдор мынадай ережелер топтамасын ұсынады. Бұл өте қысқа, әрі нақты нұсқаулық. Мұны көшіріп алып, жұмыс үстеліңізге шығарып қойсаңыздар, артық болмайды. Оның әрқайсысымен жеке-жеке танысып, тереңірек үңілетін боламыз. Қазір мына нұсқаулықпен таныс болайық. Кеттік:

1. Жасанды болмаңыз. Жаңа парақшаға адамдарды тартып, қызықтыру оңай емес. Ол үшін шынымен де өте креатив адам болуыңыз шарт. Қызықты контент жариялап, ең бастысы жалған дүниелерден аулақ болыңыз. Өтірік дүниелерді сата алмайсыз, білініп тұрады.

2. Парақшаның мақсатын айқындап алыңыз. Әйтпесе, не істеп жүргеніңізді өзіңіз түсінбей қаласыз. Парақшаға адамдарды не мақсатпен тартып жатқаныңызды түсінесіз ғой, иә? «Бәрінде бар ғой, бізде де болу керек» деген аргумент – өте нашар бастама.

3. Контент стратегияға атүсті қарамаңыз. Стратегия міндетті түрде маркетинг кампаниясының көздеген мақсаттарын орындауы тиіс. Егер парақша тұтынушылардың сеніміне кіріп, сол сенімді көтеру мақсатында ашылса, онда олармен көбірек тілдесіңіз.

4. Ақпаратты қалай беру керек? Жалпы оны көрген адам лайк басып, бөлісіп, коммент жазғысы келіп тұру керек қой? Ақпаратты ерекше етіп берудің әдісін іздеңіз.

5. Парақшаға жазылған әрбір коммент маңызды екенін көрсетіңіз. Сұрағына толыққанды жауап беріңіз. Тіпті пікір қалдырғандардың рейтингісін көрстетіп, сыйлық жасау да артық болмайды. Ұзақ мерзімді перспектива да сізге пайдасын әкелері сөзсіз.

6. Тұтынушыларыңызға өзара тілдесуге мүмкіндік беріңіз. Талқылау бөлімінде белсенді болған дұрыс. Комменттеп, дискуссияны тұтандырып отырыңыз.

7. Негатив пайда болған жағдайда, төзімділік танытып, биязы түрде жауап беріңіз. Тексерілген, расталған ақпаратпен дәлелдеп жауап беріп, тұтынушы пікірін өзгертуге тырысыңыз. Егер тұтынушы жақ дұрыс болып шықса, онда оны мойындаңыз. Оның пікір білдіргеніне, қызығушылық танытқанына алғыс айтып, кешірім сұрағаныңыз абзал.

8. Жанды жеріне тиетін контентті пайдаланыңыз, әрине, юзердің (қолданушының) эмоциясын оятып, сезімімен ойнаған дұрыс емес, бірақ әлеуметтік желіде бұл әдіс жақсы жұмыс істейді.

9. Парақша ішін ыңғайлы етіңіз. Қолданушының парақшада ұзағырақ қалуын ойлау керек. Постты сәндеуге келгенде уақытты аямаңыз. Бір стильді соңына дейін ұстануға тырысыңыз.

10. Өнімге анонсты дұрыс жасаңыз. Тауар туралы ақпарат орналастырғанда, тұтынушыға тауар туралы мәліметтің қыр-сырымен толық танысуға мүмкіндік беріңіз. Тауарға бағыттайтын сілтемені қосып жариялаңыз. Осылайша сіз тұтынушыға ұнатқан тауарын оңай тауып, ары қарай сатылымның көбеюіне жол ашасыз.

11. Біреуден көшіріп шығарылған мәтіннен гөрі өзіңіз жазған текст көбірек лайк жинайды. Қарапайым сыйластықты айтпағанда, сіз парақшаңыздағы қолданушыларды құрметтейтініңізді білдіреді. Ол дегеніңіз ақпаратты жеткізу үшін сіз уақыт бөліп, ізденгеніңізді білдіреді.

12. Стратегия жасағанда, парақшаға салынатын контент алдын ала типіне байланысты жіктеліп сараптаудан өту қажет. Тауарды сатуға бағытталған жазбаның түрі қандай болуы керек? Парақша қонақтарының жүйкесін жұқартып, жалықтырмас үшін жарнамалық жазбалардың жиілігі қандай болуы керек?

13. Парақша жазылушыларын жиі-жиі әр түрлі креативті шешімдермен, сәнді посттармен қуантыңыз. Фоллоуерлердің реакциясы сізге сөзсіз ұнайтын болады. Эксперимент жасап, сараптап көріңіз. Тігісі жатқызылып жасалған стратегия мен сапалы контент табыстың кепілі емес. Дұрыс жолда келе жатқаныңызды тексеру үшін тиімділігін қандай критерийлер бойынша бағалайтыныңызды анықтап алыңыз. Көп лайк, коммент, репост, әрине, жақсы. Бірақ аталған әрекеттер сатылымды көбейтпесе, стратегияны қайта қарау керек.

Профессор Албус Дамблдор: «Жоғарыдағы ережелерді оқып, сол бойынша жүрген адамнан білікті SMM маманы шығады»,- дейді. Сенбеген жандар болса, эксперимент жасап тексеріп көруіне болады.

Аудиторияны қамтуға арналған SMM стратегияны қалай дайындау керек?

Албус Дамблдор SMM маманына арналған ережелер топтамасымен таныстырып өтті. Осы саланың маманы боламын деп армандаған адам аудиторияны қамтуға арналған SMM стратегияны қалай дайындаймын деген сұраққа бас қатырады. Профессор Дамблдор да оған жауабын дайындап қойыпты. Ендеше профессордың жауабын қарастырайық.

1) Стратегияны дайындаған кезде төмендегідей сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

SMM-ді пайдаланғандағы мақсатыңыз қандай? Осы сұраққа жауап іздеп, оларды тізіп шығыңыз. SMM стратегиядағы көзделген мақсаттарды орындау үшін жасалатын іс-әрекеттерді анықтаңыз. Мақсаттар орындалу үшін олардың нақты болу керектігі белгілі емес пе? Олардың мөлшері, көлемі, есебі болуы тиіс. Мысалы: SMM кампания, әлеуметтік желіден сайтқа ауысып келетін адамдардың санын 100-ге дейін жеткізу. Біздің көздеген аудиториямыз кімдер? Біз өзіміздің сайттан немесе касса алдынан кімдерді көргіміз келетінін түсінуіміз керек. Маркетингтік персоналарды ойдан түзіп, оларды аудиториямыздың сегменттеріне сәйкес жіктеу қажет.

Біздің тұтынушыларды қандай сұрақтар мазалайды? Тұтынушының рөліне кіріп, өнімдеріңізді аралап, ойша саяхаттап көріңіз. Бұл сауалдардың жауабы сізге ақпараттық кампанияларды бастауға сеп болады. Сіздің сатып алушы аудиторияңызда қай әлеуметтік желі көбірек сұранысқа ие? Өз жарнамаңызды жүргізетін әлеуметтік желіні алдын ала анықтап алғаныңыз жөн.

Аудиторияңыз қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін және олардың қай кезде көбірек кіріп отыратынын анықтау қажет. Бұл сауалдардың жауабы болашақта парақшаңызда жарияланатын контеніңіздің уақытын анықтауда маңызды болмақ.

2) Байланыс жасаудың тактикасын анықтаңыз. Стратегиялық сұрақтарға жауап беріп болған соң, сөйлесу мәнері мен стиліне назар аударыңыз. Сізге комменттерге уақытылы жауап беріп отырып, контентті уақытылы жариялап отыратын адамды таңдау керек. Ол үшін төмендегі ұсыныстарға мән беріңіз.

а) Әлеуметтік желідегі контентті жариялайтын жауапты маманды тағайындаңыз. Оған өзгеше сөйлеу стилін қолдануды тапсырыңыз. Бұл кеңестер бизнес иелеріне бағытталған. Сондайақ, жеке парақшаларды да осы кеңестер негізінде дамытуға болады.

ә) Басты эксперт рөлін атқаратын маманды тағайындаңыз. Ол бөлім бастығы немесе менеджер болуы мүмкін. Оған іскерлік стильде сөйлесуді ұсыныңыз. Маман кез келген қиын сұрақтарға жауап беруі тиіс.

б) Брендтің SMM кампания барысында қолданылатын визуалды элементтерін анықтаңыз. Парақшаларды брендке айналдырыңыз. Facebook мұқабасы, Instagram аватары мүмкіндіктерін барынша пайдалансын.

Таңдап алған тактикаңызды үнемі қолданыңыз, сонда сіздің іс-әрекеттеріңізге аудиторияңыз үйреніп алады.

3) Контент жасаңыз. SMM стратегияда бұл – ең басты мәселе. Себебі, әлеуметтік желідегі бизнестің қозғаушы күші – контент. Төмендегі кеңестер сіздің контентіңіздің тиімді болуына көмегін тигізеді.

а) Контентке анонс жасаңыз. Оны басқарыңыз, сәтті шыққандарын қайта жариялаңыз.

ә) Контенттің алуан түрлісінен комбинация жасап көріңіз. Визуалды контентке көп мән беріңіз. Бұл өз кезегінде қолданушылар назарын аулауға пайдасын тигізеді. Қолданушыларға инфографика, фото, презентация, электронды кітаптар ұсынып, видеомаркетинг мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

б) Тұтынушылар арасында контент жасауға стимул беріңіз. Ол үшін дискуссияны жандандырып, конкурстар өткізіңіз, пікірлеріне назар салыңыз.

в) Аудитория ауқымын кеңейту үшін, қызметкерлер мен таныстарыңызға репост жасауды өтініңіз.

4) Контентке оптимизация жасаңыз. Қандай керемет контент жасасаңыз да, ол сүйкімді марғаумен, жұлдыздармен, жалаңаштанған адамдармен бәсекеге түсе алмайды :) Сондықтан да төмендегі кеңестерді қарастырып көрейік.

а) Facebook-тегі әр постыңызға ашық, әдемі фото қосуды әдетке айналдырыңыз. Егер аудитория марғаумен, жалаңаш жұлдыздарды қалап тұрса, оларды неге бермеске? Асыра сілтеп жібермесеңіз болды.

ә) Адам қызығып, таңданатын тақырыпқа жазба жазыңыз.

б) Оқуға жеңіл болуын қамтамасыз етіңіз.

в) Контенттің барлық жерде көрінуіне жағдай жасаңыз. Дұрыс кілт сөздермен, белгілерді, хэштегтерді қолданыңыз.

г) Сайтта әлеуметтік желіге жазылуға, репост жасауға мүмкіндік беретін виджеттерді пайдаланыңыз.

5) Конверсия жағын да ойлап қойыңыз. Жәй ғана лайк пен репосттар сізге ақша алып келмейді. Оларды конверсияға айналдыру үшін қосымша әрекеттер қажет.

а) Әлеуметтік желі профайлында байланыс нөмірлерін, адрес, электронды пошта сияқты ақпаратты көрсетіп қойыңыз.

ә) Желі қолданушыларын байланыс нөмірлері мен электронды пошта адрестерін қалдыруға итермелеңіз немесе бұл ақпараттарды құнды контентке айырбастаңыз, мысалы электронды кітап.

б) Қызығушылық танытқандарды сайтқа бағыттаңыз. Мысалы, жүргізіліп жатқан акцияға қатысу үшін.

в) Барлық келген пайдаланушыларды сайттың ақпараттық бөліміне бағыттаңыз.

6) Аудиториямен әңгіме дүкен құрып, кері байланыс орнатыңыз.

Әлеуметтік желі тілдесу үшін жасалған. Бизнесті сәтті жүргізу үшін сізге потенциал клиенттеріңізбен тілдесу қажет. Келесі кеңестерге назар аударайық:

а) Фоллоуер тартыңыз. Өзекті тақырыпта контент жариялап, фоллоуер жинайтын әдістің барлық түріне жүгінген абзал.

ә) Парақшаға жазылуды қазіргі және бұрынғы клиенттеріңізге ұсыныңыз. Жеңіл, эксклюзивті ақпараттармен қуантыңыз.

б) Басқа топтардағы дискуссияға қатысып, абырой жинаңыз.

в) Өз жұмысыңыз бойынша эксперттерге контент сапасын бағалап жіберуді сұраңыз.

г) Аты-жөнін тегтеп белгілеп, дискуссияны жалғастыруға итермелеңіз.

7) Нәтижесін тексеріңіз.

ROI-ды бақылау қажет. Мұндағы ROI дегеніміз ағылшынның return on investment деген сөздерінен қысқартылып алынған. Яғни, инвестициядан түскен пайданың мөлшерін белгілейтін көрсеткіш, мұнда біз жарнамаға жұмсалған инвестицияның қайтымдылығын қарастырып отырмыз. UTM-белгілерді зерттеңіз. Мұндағы UTM дегеніміз маркетологтардың жарнама кампанияларын бақылауға арналған стандартық URL параметрлері. Мына кеңестер де артық болмайды:

а) Әлеуметтік желі метрикасын үнемі қараңыз. Фоллоуер, лайк, репост, коммент саны өте маңызды. Олар өсім көрсетуі тиіс.

ә) Әлеуметтік желіден келген трафик қанша? Ол жақтан ауысып келгендердің конверсияға ауысу коэффиценті қанша пайыз, өздерін сайтта қалай ұстайды?

б) Сатылым қалай? Орташа чекті есептеп көріңізші. SMM әсер етті ме?

Егер көрсеткіштер көңіліңізден шықпаса, әріптестеріңізбен ақылдасып көріңіз, мүмкін стратегияда қате бар шығар.

Аудиторияны қамту стратегиясы

Аудитория қамту стратегиясы – интернет маркетингтің ажырамас бөлігі. Оны дайындау барысында сайт пен тауардың ерекшеліктеріне бейімдеңіз. Жарты жыл сайын сараптама жүргізіп тұрсаңыз, қателерді анықтап, оларды жойып отыру әлдеқайда оңай болады. Көршіміз Ресеймен сөйлейтін тіліміз бір, ақпараттық кеңістігіміз өте жақын болса да, қазақстандықтардың әлеуметтік желіге келгенде өз ерекшеліктері бар.

Сараптама жүргізетін компаниялардың есебі, олардың есеп жүргізу әдісі бойынша көрсеткіш өзгеріп отырады. Мысалы: «АСТ Қазақстан» компаниясының зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 70%-ы әлеуметтік желіні пайдаланады. Қолданушылардың ішінде ерлерге қарағанда әйелдер саны басым, сәйкесінше пайыздық мөлшері 55% да 45%.

Қала тұрғындары, ауыл халқына қарағанда белсенді. Қала тұрғындарының 76%-ы әлеуметтік желіні пайдаланса, ауыл халқының көрсеткіші 61%. Бойдақтарға қарағанда, некеге тұрған пайдаланушылар саны азырақ, бойдақтардың пайыздық үлесі 81% болса, некеге тұрған адамдардың үлесі 65%.

Қала тұрғындары бойынша есептегенде, ең көп пайдаланушысы бар қала ретінде Астана 88% танылған, ең аз мөлшері Шымкентте тіркелген, онда 66%.

№1 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, алғашқы тапсырманы қабыл алыңыз! Дәл қазір қолыңыздағы кітаппен бірге селфиге түсіп, әлеуметтік желілерге (мысалы, Facebook/Instagram) салып жіберіңіз. Міндетті түрде #siqyrlysmm және #hogwartkz хэштегтерін қолданыңыз. Сондай-ақ, геолокацияны, дәл сол кездегі уақытты (сағат 23:45 сияқты) қосып жазуды ұмытпаңыз.

Не үшін? Осы тапсырманы қатесіз орындасаңыз, біз жоғарыда айтылған хэштегтер бойынша іздеу арқылы бірбірімізді көре аламыз. Кітапты еліміздің әр түкпірінен сатып алып оқуы мүмкін ғой? Осылай бір-бірімізді жақынырақ танып, біліп жүретін боламыз.

II БӨЛІМ

INSTAGRAM

Құрметті тәлімгер!

Instagram дәрістеріне қош келдіңіз!

Дәрісті профессор Минерва Макгонагалл жүргізеді. Instagram жүргізуге арналған Hogwart SMM мектебінің тәлімгерлеріне арналған нұсқаулық.

Instagram негіздері

Бұл дәрісте біз Instagram-ды барынша тиімді жүргізіп, одан ақша табуды үйренеміз. Сондай-ақ дәрісіміз алғашқы клиентті тауып, онымен келіссөз жүргізіп, контент жасап, парақша басқаруға арналады.

Құрметті тәлімгер, менің қолымнан сиқырдың түр-түрі келетінін білесіздер ме? Тіпті, сіз де менің қиял-ғажайып әлеміме қалай еніп кеткеніңізді білмей қаласыз. Ол үшін дәрістерімді соңына дейін мұқият тыңдап отыру керек. Мен, профессор Минерва Макгонагалл, өзімнің алғашқы дәрісімді бастамас бұрын сөздік қоржынымдағы терминдермен таныстыруды жөн көрдім:

- Таргетинг (Targeting) – ағылшынның “target” сөзінен алынған, “нысана” деген мағынаны білдіреді. Көзделген аудиторияға өз контентімізді көрсету жарнама технологиясы “таргетинг” деп аталады.

- Сторис (Stories) – әңгімелер, оқиғалар деп аударылады. 24 сағат ішінде жойылып кететін, бірақ мұрағатта сақталып, кейін өзіңізге ғана көрінетін Instagram контентінің немесе функциясының түрі.

- Ұяшықтар (Highlights) деп айтып жүргеніміз – стористің профайлда өмір бойы сақталып қалатын түрі (орысша “Актуальные”).

- Аватар (Profile Photo) – профайлдағы аккаунттың бейнесі.

- Профайл (Profile) – аккаунттың басты беті.

- Био – профайлдағы негізгі ақпарат орналасқан жер.

Енді Instagram-да пайда әкелетін аккаунттың негізгі белгілерін анықтап көрейік:

- Жоспар (аккаунт қолға тиген соң, не істейсіз?);

- Контент (фото, видео, мәтін, сторис, тікелей эфир);

- Фоллоуерлер (аккаунтқа       қосылатын фоллоуерлер, екі жақты PR, жарнама);

- Сіз сататын қызмет немесе тауар (Instagram көмегімен іске асқан сатылымдар).

Қоржынымдағы сөздіктердің бары – осы, достар! Instagram ағысына жылдам ілесу үшін сіздерге осындай сөздіктерді шығардым.

Жоспар

Әлеуметтік желінің осы түріне толықтай ену үшін ондағы қағидалар мен ережелердің түрлерімен таныс болуыңыз керек. Ендеше, пайдалы кеңестерімнің бір легін қабыл алыңыздар. Instagram аккаунт қолыңызға өтпей тұрып, болуы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алу үшін тапсырыс берушімен біршама техникалық мәселелерді SMM теңізінің жағалауында тұрып, шешіп алғаныңыз дұрыс болады. Дәл қазір біз Instagram-нан ақша табуды қарастырып отырмыз. Ал, мұнда ақша табудың бір жолы, бизнес аккаунттарды жүргізу. Яғни, сіз әр түрлі бизнес нысандарының әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізіп беру арқылы өз қызметіңізді ұсына отырып, атқарған жұмысыңыз үшін ақы аласыз. Аккаунттың болашақ администраторы ретінде тапсырыс берушіге теңізден жүзіп өтіп, жағалауға ақша мен фоллоуер санын көбейтіп өтікізіп беру сіздің мойныңызда (парақша жүргізіп, ақша табамын десеңіз). Аккаунтты кеме деп алсақ, администратор ретінде кеменің штурвалында (рулінде) өзіңіз отыруыңыз керек. Оған қоса тапсырыс берушінің де, өзіңіздің де бағыттан ауытқып кетпеуіңіз үшін барлық сұрақтарды алдын ала шешіп, бәрін реттеп, келісіп алғаныңыз абзал. Негізгі келісіп алатын сұрақтар:

- іс-әрекет стратегиясы;

- аккаунттың позициялануы;

- сатып алушы аудиторияның портреті;

- жарнамалық бюджетті нақтылау;

- есеп беру жолдары, жұмыс процесстерін анықтау.

Аталған пунктер бойынша келісім жасалғаннан кейін, белгіленген уақыт аралығында бұлар сіздің қаншалықты ілгерлегеніңізді көрсетеді. Көрсеткен нәтижеңізге қарай еңбекақыңызды ұялмай аласыз. Ең бастысы жұмыстан рахат алып, өзіңізге ләззат сыйлайтын шаруадан ақша табу сізді жарқын болашаққа жетелейді. Достар, қарап отырмай ақша табудың көзін қазірден бастап ойластыра берейік! Кім өзіне қандай табыс көзін таңдады?

№2 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, осымен екінші тапсырманың да уақыты жетті. Бұл тапсырманы орындау үшін сізге QR код оқитын мобайл қолданбаны (приложение, application) жүктеп алу керек. Кейбір смартфондарда камерасын QR кодқа бағыттасаңыз, автоматты түрде оқи алады. Бұл QR код сізді сайтқа қарай бағыттайды. Сайт арқылы сіз Hogwart SMM мектебінің ішіндегі кездейсоқ таңдау әдісі бойынша Telegram мессенджеріндегі төрт топтың біріне түсесіз. Сондықтан сізге алдын ала Telegram мессенджерін жүктеп алуды ұсынамыз. Біздің болашақтағы дамуымыз осы платформамен тікелей байланысты.

Не үшін? Топқа бөлу идеясын Harry Potter фильмінен алдық. Осылайша біз топ арасында бәсеке пайда болып, даму жылдамырақ жүреді деп сенеміз.

Фильм бойынша қарасақ, басты кейіпкерлер түсетін топ Гриффиндор ерекше етіп ойластырылған, ал қара күштерге байланысты кейіпкерлер Слизерин тобына түседі. Ал біз топтардың ешқайсысына басымдық бермей, бәрін бірдей көруді шештік. Мақсат - топ мүшелері бір жанұяға айналып, тапсырмаларды орындауда бірбіріне көмектеседі деп ойлаймыз.

Контент

Контент жоспар құру, пост жариялап, мәтін жазу да сіздің міндетіңізге кіреді. Ал, фото мен видеоға түсіруді клиент өз мойнына алады. Сіз тек қажет болса, фотограф тауып, сөйлесіп беруіңіз мүмкін, бірақ фотографтың жұмысын өз жауапкершілігіңізге алмайсыз. Ал, егер сіз кәсіби фотограф болсаңыз, сізге фотоға түсіру ұнайтын болса, онда өз қалауыңыз білсін.

Фоллоуерлер

Жаңа фоллоуерлер әкеліп, клиенттің санын көбейту – парақшадағы ең керемет миссияларыңыздың бірі. Фоллоуерлер санын көбейтудің ақылы және тегін жолдары бар. Қайсысын таңдайтыныңызды клиентпен шешіп алу керек. Ақылы жарнамалар шығыны администратордың жалақысынан бөлек жүретінін де клиентке түсіндіріп айтқан жөн. Ал, ақылы жарнаманы қосуға, блогерлермен келіссөз жүргізуге администратор жауап береді.

Тауарлар мен қызметтерді сату

Аккаунт администраторы тауар сатумен айналыспайды. Ол тек комменттер мен дайректке арналған шаблонды мәтіндерді жазуға көмектесе алады. Сатумен клиенттің өзі немесе сатуға жауапты мамандар айналысады. Егер қызмет немесе тауар нарықта сұранысқа ие болмаса, онда бұл қызметтен бас тартқан жөн. Сондай-ақ, администратордың міндетіне келіп түсетін қоңырауларға жауап беру, тауарды жөнелту кірмейді. Осы айтылған дүниелерді жазбаша түрде клиентпен келісіп алған жөн. Клиентпен байланысып, пікірлесуді Telegram мессенджерінде жүргізген дұрыс. Telegram-ның артықшылықтары бөлек әңгіме, оған кейінірек тоқталамыз.

Алғашқы қадам

Бұрын сіз Instagram-да бизнес аккаунт жүргізбеген болуыңыз мүмкін, сәйкесінше, сізде портфолио жоқ болар. Болашақ клиенттеріңізге өз қызметіңізді сату үшін оларға көрсететін портфолио жасауымыз керек. Қолымызды үйретіп, әр түрлі тәжірибе жасап көру қажет, оны ауызбен айтып, ойлау бөлек те, іске асырып әрекет ету мүлдем басқаша дүние. Сондай-ақ, сіз жүргізетін бизнестің орналасқан жері немесе қамту аймағы да өте маңызды. Өз тауарыңызды, қызметіңізді ауылда сататын болсаңыз, мұндай аккаунттарды жүргізу далаға кеткен еңбекпен бірдей. Себебі, ауылда Instagram-ды белсенді қолданатын халықтың саны өте аз, тіпті, жоқ болуы да мүмкін. Сондықтан, қала тұрғындарына бағытталған бизнесті таңдаңыз.

Тегін аккаунттан тәжірибе жинау

Құрметті, тәлімгерлерім! Менің айтып жатқан кеңестерім сіздерге пайдасын тигізіп жатыр ма? Instagram аккаунтын ашарда немесе оны жүргізерде айтылған нұсқаулықтарды міндетті түрде қолданыңыздар. Сонымен бізге аккаунт жүргізіп үйрену үшін тәжірибе керек. Тәжірибе жинап, өзіңіздің кәсібилігіңізді дәлелдеу үшін бір аккаунтты 1-2 аптаға тегін жүргізуге келісіп алыңыз. Ондай аккаунттарды табудың бірнеше жолы бар. Олардың ішіндегі ең оңайы – таныстарымыздың бизнес аккаунтын жүргізу. Дос-жарандар мен таныстардың арасында бизнесмендер бар ма, жоқ па іздестіріп көрейік. Досымыздың бизнесі болмаса да, мүмкін, досымыздың досының бизнесі бар шығар. Бар болса, біздің жоғарыда айтып өткен талаптарға ол сай келе ме? Егер сондай адам табылып жатса, онда қорықпай алғашқы қадамды жасайық.

Клиентті тегін табудың тағы бір жолы қызкеліншектер қауымына тиесілі. Бірақ, жігіттер де бұл жерден өз клиенттерін тауып алуы мүмкін. Instagram қолданушыларының негізінен 80%-ы әйелдер екенін білесіз бе? Демек, бьюти, сән, бет бояу, тырнақ сәндеу сияқты сән индустрия саласы Instagram-да жақсы өтеді. Қыздар, өз кезегінде, сол шеберлердің клиенті екенін де ұмытпайық. Олай болса, клиент табу жеңілдей түседі. Себебі қыздар өзі сенетін, жақсы деп санайтын шеберге барады. Олардың арасында сол белгілі бір деңгейде сенім бар. Осылайша қыздар өздерінің шеберлеріне хабарласып, өздерінің қызметін ұсынып, оларды оңай клиентіне айналдырса болады.

Тегін клиент табудың үшінші жолы – Telegram топтар. Онда бос вакансиялар мен фрилансерлерге арналған жұмыс жариялайтын топтар көп, ол жерде өздеріне SMM маманы іздейтіндер де кездеседі. Сондай-ақ, осы кітапты жазу барысында SMM арқылы пайда тауып жүргендердің тобы құрылатын болады. Онда SMM мамандар бір-бірімен пікір алмасып, көмектесіп, тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Сонымен қатар фрилансерлерге, дизайнерлерге де тапсырыс қабылдайтын орын болады деп жоспарлап отырмыз.

Төртінші жол, ол Instagram-ның өзінде. Онда жоғарыдағы талаптарға сай келетін бизнес аккаунттарды іздеп көріңіз. Олардың бірнешеуін тапқан соң, жекесіне жазып байланысқа шығыңыз. Болашақ клиентпен барынша шынайы болыңыз, мұнда ананы қиратқанмын, мынаны шашқанмын деген сөздер жүрмейді. Клиентке барлығын ашып түсіндіріңіз, сонда сізге деген сенімі нығая түседі. Егер сіздің ұсынысыңыздан көп адам бас тартса, оны қайта қарап көріңіз, мүмкін, бірдеңені дұрыс жасамаған шығарсыз. Телефон нөмірін алып, кездесуге шақырып көріңіз. Сондай-ақ, клиенттің табысы туралы ұялмай сұраған дұрыс. Егер ол бас тартса, онда аккаунт жүргізіп дамытудан пайда жоқ. Біздің басты мақсат пайданы арттыру емес пе? Егер оның бастапқы пайдасын біле алмасақ, нәтижені қалай өлшейміз? Мұның бәрі сізге кейс жинақтап, портфолио қалыптастыру үшін екенін, аккаунт жүргізіп жаттығу үшін жасалып жатқанын клиент жақсы түсінуі керек.

Клиентпен нені келісіп алу керек екенін білесіз бе?

Бизнеске клиент тарту үшін әрдайым қаржы кетеді, ал оны біреу келіп тегін істеп беремін деп тұрса, клиент қалайша бас тартады? Жұмыс барысында екі жақ та ешқандай кикілжіңге келмей, ұрыспай, төбелеспей жүрсе, әдемі емес пе? Ол үшін, әрине, алдын ала біраз нәрселерді келісіп, басын ашып алған дұрыс болар. Жоғарыда көрсетілгендей, ең бірінші – сенім. Клиент сізге 100% сеніп, аккаунттың логині мен паролін беруі тиіс. Сіз парольді өзгертіп тастайды деп қорықпай-ақ қойсын, төмендегі бөлімдердің бірінде аккаунт қорғау техникасы тақырыбында толығырақ сөйлесетін боламыз.

Тағы бір келісіп алатын дүние – сатылым статистикасын жүргізу. Клиент ашық түрде сізге сатылым туралы статистиканы ұсынуы тиіс. Егер жұмыс жоғары деңгейде жүріп, сатылым артып кетіп, бірақ оның неше есе артқанын білмей кету сіз үшін де ауыр болар. Адам үшін еңбегінің нәтижесін білу маңызды, ол сіздің болашақтағы жұмыстарыңызға пайдасын тигізіп, өз алдыңызда бағаңызды арттырып, сенімді жүруіңізге сеп болады.

Келесі пункт – тілдесу. Яғни, тұтынушы Instagram-нан келетін клиенттерімен тілдесуге дайын болуы тиіс. Ол өзінің смартфонында directтен түсетін хабарламаға уақытылы жауап беруі үшін push-ескертуді қосып қойғаны жөн. Егер клиент ұзақ уақыт direct-тегі сауалдарға жауап бермесе, көп еңбек далаға кетеді.

Аккаунт қорғау техникасы қандай?

Алаяқтық деген жауыздықтың жүрмейтін жері жоқ екен. Одан сақ жүру үшін не істеу керек? Интернеттің қарыштап дамуы барысында алаяқтықтың жаңа түрлері шыға бастады. Аккаунтты бұзып, артынша ақша бопсалауға дейін барады. Сондай алаяқтықтың бірі – аккаунт сату. Көпшілікке сабақ болсын деген мақсатта кітап авторларының сіздерге басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісейін.

Күндердің бірінде Нұрлан Жанай мен Аят Сағындықтың көзі интернеттегі кездейсоқ жарнамаға түседі. Онда тиімді бағада 20 000 жазылушысы бар Instagram парақша сатылатыны жазылған екен. Көп ойланбай екеуі аккаунт иесіне хабарласып, жобамыздың біріне парақша керек болған соң, сатып алу мақсатымен сатушыны жолығуға шақырады. Кездесу ойдағыдай сәтті өтіп, парақшаны сатып алады. Сосын кешке парақшаны жүргізу үшін мәліметтерді маған жібереді. Мен бірден ішіндегі контенттерді өшіріп, парақшаны өз поштама байланыстырып аламын. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады, парақшадағы барлық контентті түк қалдырмай өшіріп тастасақ та, профайлдың жоғарғы жағындағы контенттің санын көрсетіп тұратын жердегі есептегіш 1 санын көрсетіп тұрды. Мен Instagram-дағы қателіктердің бірі шығар деймін де, көңіл аудармай дайындап қойған контентімді салып, парақшаны жүргізуді бастап кетемін. Үшінші күні кешке контент шығарайын деп парақшаға кірейін десем, пароль дұрыс емес деп кіргізбей тұр. Содан парольді қалпына келтірейін деп үштөрт рет әрекет етіп көрдім. Поштама ешқандай қалпына келтіру паролі келмей қойды. Артынан Аятқа хабарластым. Ол сатушыға хабарласқан болуы керек, алданғанымызды түсініп, маған: «Қоя бер болды, қайтара алмаймыз», - деді. © Абзал Досым

Олар осы оқиғадан кейін парақша сатып аларда абай болып, тек таныстардан тексерілген парқшаларды алатын болыпты. Сонымен парақшамызды алаяқтар иемденіп алмау үшін оны сауатты қорғаудың техникасымен танысайық.

Instagram аккаунтты жұмыс істеп тұрған және паролін білетін поштаға байлаңыз (байланыстыру), Instagram жұмыс істемей тұрған поштаны да қабылдай береді. Егер бір жағдайлар болып аккаунтты бұғаттаса, сіз пошта арқылы оны қайтара алмайсыз. Мұндай мәселе бір аптадан аса уақытты алуы мүмкін.

Поштаның gmail-дан болғаны дұрыс, mail.ru-дан емес. Профайлда байланыс үшін өзге поштаның адресін көрсетіңіз. Сонда сіздің парақшаңызды бұза алмайды. Яғни, сізде екі пошта болады, бірі – профайлда байланыс үшін, екіншісі – профайлды бұғаттаған жағдайда қайтарып алу үшін. Қауіпсіздік жағына аса жауапкершілікпен қарау керек, парақшаны дамытып пәленше фоллоуерлермен қоса жоғалтсаңыз, қаншама еңбек зая кетеді.

Аккаунтты телефон нөміріне байлаңыз, аккаунтқа байланысты күдікті әрекеттер байқалғанда, Instagram сізге SMS жіберіп парольді ауыстыруға мүкіндік береді.

Facebook парақшаға да байлаңыз, ол, біріншіден, қауіпсіз, екінші жағынан, ақылы жарнама қосатын болсаңыз, Faccebook-тің жарнама басқару менеджері сізге қажет болады.

Бұғаттаудан аулақ болу үшін спам жасамаңыз. Әртүрлі аккаунттарға бірдей комменттер қалдырмаңыз, Instagram тыйым салған жалаңаш суреттерді салмаңыз.

Парольді жиі ауыстырыңыз, ал бизнес парақшаны Instagram-да бастар кезде немесе аккаунтты басқаруға өзге администраторға тапсырмас бұрын жоғарыдағы қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Егер бизнес иесі бола тұрып, парақшаны өзіңіз ашпай, жұмысшыңызға аштырсаңыз, кейін ол жұмыстан шығып кеткенде, аккаунтты да өзімен бірге алып кетуі де мүмкін. Қарым-қатынастың қалай аяқталатынын біз білмейміз ғой.

Құрметті, тәлімгер! Мұны оқығаннан кейін міндетті түрде аккаунтыңызды сауатты қорғаудан өткізуді ұмытпаңыз.

Профайлға фото қою (аватар)

«Аккаунт аштым, профайлға қандай фото қоямын, Минерва Макгонагалл? Сіз маған көмек көрсетіңізші» дейтін тәлімгерлерім, менің осы дәрісімнен бастап берілген нұсқаулықтарға ілесіп, оны орындап отыруы тиіс. Логин таңдап, парақша ашылған соң, енді оған қойылатын фотоны реттеу керек. Ол үшін Instagram-ның баптауларына өтіп, аватарды қоямыз. Аватар жеке тұлғанікі болса, түрі анық көрінетін сапалы фотоны қойған дұрыс.

Ал, бизнес парақшанікі болса, ашық, анық көрінетін және Instagram-ның іздеу жүйесінен сіздің ұсынатын қызметіңізді қолданушы іздегенде, бәсекелестер арасынан ерекше болып көрініп тұруы керек. Мысалы, төмендегі парақшалардың аватарын қарап көріңіздер. Дәл осы кезде тұтынушының қай компанияның қызметіне жүгінетінін аватардың сапасы шешеді.

Есіңізде болсын! Ешқашан аватарға сапасыз сурет қоймаңыз. Кішкентай дөңгелек болған соң көрінбей қалады деп ойларсыз. Жоқ, көрінеді. Мейлінше, смартфонға түсірген суреттерді қоймау керек. Мысалы, парақша сән салонына тиесілі болсын дейік, оған салон сыртындағы жазуын түсіріп салған да қате. Оның орнына дизайнерге арнайы тапсырыспен жасатқан дұрыс. Ол сізге аватарға лайықтап, қосымша клиент тартатындай етіп жасап береді.

Парақшаны сәтті бизнес құралы ретінде пайдаланудың тағы бір мүмкіндігі ол – «актуальные сторис» (highlights), яғни парақшаның бетіндегі дөңгелек ұяшықтар. Ұяшықтарды клиенттердің жиі қоятын сұрақтарына байланысты немесе тауар туралы тың ақпараттармен бөлісетін бөлім ретінде жасауға болады.

Ендеше бастайық, бірінші ұяшық. Әр ұяшыққа       арнап       бір стильдегі       постер жасатыңыз. Осы бірінші салған постеріңіз сол ұяшықтың аватары болып бекітіліп қалады. Мысалы, суреттегі BI Group компаниясының ұяшықтары әдемі, иә? Дегенмен, сіздерге жеңілірек болсын деп, барбершоп негізінде ұяшықтарды       толтырып көрейік. “Отзывы клиентов” немесе тұтынушылар пікірі. Мұнда тұтынушылардың видео       пікірлерін, мессенджерден жіберген «рақмет»-терінің скриндерін жинасаңыз болады.

Екінші ұяшық. Мұнда ұсынатын қызмет түрлерін жинақтасаңыз болады. Аты да осылай “Қызмет түрлері” немесе “Виды услуг” болсын.

Қызмет түрлері, бағалары жазылса, қатып кетеді.

Үшінші ұяшық. Қызметкерлерге арнасаңыз болады, олардың жеке парақшасын тегтеп тұрып толтырған жөн. Атауы «Наши мастера» немесе «Біздің шеберлер». Әр қызметкеріңіздің атыжөнін, жұмыс өтілін, жақсы бір адами қасиетін немесе бір кемшілігін жазып қойсаңыз мықты болмақ. Сіз осылай құндылық жасайсыз, қызметіңізге деген сенімділікті арттырасыз. Парақшада салонның директорынан бастап, еден жуушы апайға дейін болуы мүмкін. Профессионал фотограф шақырып, жұмыс формасымен күлімдеп тұрған әдемі фотоларын салып жинақтаңыз. Сіздің ең бірінші құндылығыңыз – командаңыз, қызметкерлеріңіз.

Парақшаны егер жаңадан бастасаңыз, онда ішіне кемі 21 сапалы контент жасап толтырыңыз. Парақшаның жұмысын бастау үшін кемі 21 фото болуы тиіс. Егер парақшаңыз толып тұрса, онда күніне кемі бір, көбірек болса, үш контенттен салып тұрған ләзім. Өте көп, сапасыз контент керек емес, кейбір парақшалардағы контент саны фоллоуерлер санынан асып түседі. Әрине, күлкілі жағдай, бірақ артық контент адамды жалықтырады. Ал, парақшаға сіз келгенге дейін салынған сапасыз контентті архивке сақтап, мүмкіндік болса, клиенттің рұқсатымен өшіріп тастаған дұрыс. Сонымен сіз аватарға қандай фото қойдыңыз?

Био немесе профайлды толтыру

Био – парақша туралы хабар беретін негізгі құрал. Оның әр әрпіне берілген орынды тиімді пайдалану керек.

Ол көз тартарлық сәнді, әдемі, ерекше болуы тиіс. Сондықтан оның толтырылуына аса жауапкершілікпен мән беруге шақырамын. Келесі мысалды бизнес парақша мысалында алайықшы.

Парақшаны қарапайым парақша түрінен бизнес парақша түріне ауыстырыңыз. Сонда сізге оны басқарып, одан әртүрлі қосымша статистикалық ақпараттар алып, қосымша функцияларға ие боласыз.

Сіздің жиһаз сататын салоныңыз бар деп есептейік. Енді бұл парақшаны бәрінен әдемі етіп толтыру үшін кемі жиһаз сататын 50 парақшаны зерттеп көрейік. Ол салондар Ресейлік болсын, отандық болсын маңызды емес. Бізге ең бастысы – олардың профайлдарын қалай толтырғанын көріп алу. Сіз өзіңізге ұнайтын парақшаны тауып алатыныңызға сенімдімін. Ендеше сол парақшаға ұқсатып толтырайық. Әрине, сіз ойыңыздан шығарып, бар креативіңізді қосып толтырсаңыз тіпті жақсы. Мұнда креативке шек жоқ, Instagram ұсынған мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, ерекше дүние жасап шығуға болады.

Смайликтерді пайдаланыңыз, яғни олар әр қатардың басында тұрса тартымды болмақ. Профайл барынша жинақы, сүйкімді көріну үшін, қатардағы сөйлемдердің геометриясына мән беріп жазыңыз.

Сосын профайлға бекерге орын алып, телефон нөмірін жазып қоюды да құп көрмейміз. Ол үшін Instagram-да арнайы батырма бар. Ағылшынша «Call», орысша «Позвонить» деп тұрады. Тұтынушы сол батырманы басқан кезде, смартфонның қоңырау шалу интерфейсінен сіздің нөміріңізді алып, тікелей байланысқа шығады. Яғни, оған нөмірді жаттап алып, немесе жазып алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл – батырманың тағы бір артықшылығы. Сіз батырмаға қанша рет басылғаны туралы ақпаратты біліп отырасыз. Аталған ақпараттар Instagram-ның арнайы есеп беру бөлімінде орналасқан.

Тағы бір мәлімет, мекенжайы бойынша ақпарат. Иә, кейбір аккаунт иелері мекенжайды профайлға жазып қояды. Не үшін? Ол көлемді орын алмай ма? Оның орнына басқа маңызды ақпарат жазуға болады ғой. Ал, мекенжайға Instagram бөлек батырма жасап қойған. Тұтынушы ол батырманы басқанда бірден карта интерфейсіне түседі. Сондай-ақ, оған таңдау беріледі «2gis» немесе «Google карта», сізге қайсысы ыңғайлы?! Бұл батырмалар бойынша да ақпарат жиналады.

Тағы бір айта кетерлік жайт, сізге сайт сілтемесін қоюға мүмкіндік береді. Мұнда сіз бизнестің сайтқа сілтемесін (болса) немесе мессенджерге қарай бағыттайтын сілтемені қойсаңыз болады.

Енді бізге клиент тарту керек. Ол үшін біздің тұтынушылардың портретін жасаймыз. Бізде ондай портрет жоқ, себебі бізді бәрі сатып алады десеңіз қателесесіз. Бәрі тұтынатын нанның да, сатып алушыларының да портреті бар. Олар бірнеше түрге бөлінеді, зейнеткерлер, үйдегі әйелдер, жұмысшылар, студенттер деп кете береді. Яғни, бәріне белгілі, кең таралған екі-үш портреті бар. Демек біз осы адамдарды аулаймыз, олар қайда лайк басса, сонда жүруге тырысамыз.

Тура солай сіздің де клиентіңіздің портреті бар, олардың бірнеше түрі болуы мүмкін, бастысы – оларды танып алу.

Сонымен маникюр жасайтын қыздың мысалында оның қызметін пайдаланатын тұтынушылардың портретін жасап көрейік. Тырнақ күтімін негізінен қыз-келіншектер жасатады, оларды демографиялық жасына қарай екі-үш топқа бөлуге болады. 18-30 жас, 30-40 жас, 40+ немесе 18-25 – студенттер, 25-35 – жұмыс жасайтын, 35-40 – табысы жоғарылау контингент.

Бірінші топ: олар қайда демалады, күндіз уақытын қайда өткізеді, кешке ше, қандай жұлдыздарды тыңдайды, қай шағын аудандарда тұрады деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.

Портрет қалыптасты ма? Енді сол бойынша іздейік. Сол қаладағы универдің бірінде оқуы мүмкін. Ендеше геолокация бойынша іздеп көрейік. Ондай қыздар суретке түскенде сүйікті оқу орнын геолокацияда белгілеген шығар. Сол бойынша оларға жазылып, бір-екі лайк басып шығамыз.

Кешке қайда баруы мүмкін, фитнес, клуб, кофейня т.б. Олай болса сол жерлерді іздейміз де, клиенттермен байланысты нығайтамыз. Міне, осындай мәліметтерді әбден зерттеп аламыз.

Көздің жауын алатын түрлі фотоларды салып, сіз де өз экспериментіңізді жүргізіп көріңіз. Сіз де мен секілді сараптама жасап, жан-жақты зерттедіңіз бе? Жарайсыз, бұл – алған біліміңіздің нәтижесінен шыққан алғашқы жетістіктеріңіздің бірі.

№3 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, нағыз SMM маманының ең басты құралы, ол – контент жоспар. QR кодты сканерлеу арқылы сіз Google Drive-та жасалған контент жоспар үлгісіне тап боласыз. Бүл үлгі болғандықтан, сіз өзіңіздің мақсатыңызға қарай оны өзгертіп, жұмысыңызға пайдалануыңызға болады.

Не үшін? Контент жоспар құру арқылы біз оның қалай жасалатынын түсінетін боламыз, жоспарлап үйренеміз.

Контент жоспар не үшін керек?

Аватар мен профайлды ретке келтіріп алғаннан кейін енді біз контент жоспар құруға кірісеміз. Контент жоспар құру үшін, ең алдымен, жүргізетін парақшаның не мақсатпен ашылғанын, не сатып, қандай қызмет ұсынатыныңызды жақсылап ұғып алу керек. Контент жоспар не үшін керек? Толығырақ қарастырып көрейік.

Сіз клиенттен алдын ала фотоларды сұрата аласыз, егер ол жоқ болса, маған мынадай керек, мынадай керек деп тапсырыс етесіз. Дәл сол сияқты егер қажет болса, видео контентті сұрайсыз. Сіз жұмыс істейтін компанияға қатысты барлық мәліметті сұраудың ұяты жоқ.

Адами факторды ескеру қажет. Көңіл-күй жоғары болғанда, біздің креативіміз оянып, көптеген посттардың идеясы келіп жатады. Бірақ әрдайым бұлай бола бермейді, сондықтан да бүгін не саламын деп басты қатырмас үшін, алдымен, бір айлық контенттің қаңқасын жасап, сосын бір аптаның контентін нақтылап жазу керек.

Салынатын жазбалардың тақырыбын алдын ала білген соң клиенттің де көңілі жай болмақ. Не салатыныңыз түсінікті болғандықтан, сізге пост салып жариялау қиындық тудырмайды. Күнтізбені ашып қараңыз. Ол үшін Google-ді қолдансаңыз да болады. Әлемде түрлі қызықты мерекелер бар, таңғы постыңызды сол мерекемен байланыстырып салсаңыз, сізге қосымша идея, ал қолданушыларға позитив болмақ. Одан кейін осы мейрамдардың ішіндегі «құттықтауға боладыау» дегендерін Google Docs-та кесте құрып түртіп алыңыз. Кестені, әрине, 30 күнге жасайсыз көлденеңнен, ал төменге қарай пост салынатын уақыт жазылады. Осы кестені сілтеме арқылы клиентке де ашып қойыңыз. Аккаунтағы жазбалар бір типті жалықтырып жібермеуі үшін тек сатуға арналған жазбаларды жариялаудан аулақ болыңыз. Әйтпесе, фоллоуерлерді жоғалтасыз, клиент бизнес парақшаны қызығып оқитындай әдемі контент болсын. Бастысы құндылық ұсыну, пайдалы дүниелермен қуанту, сондай-ақ, көңіл көтерер позитивті, сарказм араласқан жазбаларды қосыңыз.

№4 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, кезекті тапсырманы қабыл алыңыз! Төмендегi QR код арқылы өтсеңіз, біз сізге Instagram бионы толтырудың үлгілерін жасап көрсеттік. Сіз сол үлгілерге қарап немесе өзіңіз ешкімге ұқсамайтындай етіп биоңызды толтырсаңыз болады. Instagram аккаунт бизнеске арналған болса, бизнеске байланысты етіп, жеке адамның аккаунты болса, өз болмысыңызға қарай толтыру қажет.

Не үшін? Бионың дұрыс толтырылуы өте маңызды, ол бизнес нысанның маңдайшасында ілінген жазу сияқты. Парақшаның мақсатын айқындайды немесе аккаунт иесі туралы хабар береді.

Контенттің түрлері

Контент болмысына қарай үшке бөлінеді: сататын контент, пайдалы контент, көңіл көтеретін контент.

Сататын контент. Мұнда қызметті немесе тауарды барлық жағынан, ең жақсы қасиеттерін тиек етіп шығарсаңыз болады. Мысалы, үй жөндеу жұмыстарына дейін/кейін (до/после) деген жанрдағы суреттер жақсы әсер етеді. Қалай болғанда да сапасыз суреттерді салудан бас тартыңыз. Риза болған клиенттердің фото, видеолары сіздің парақшаңызға деген сенімділікті арттырып, тұтынушылар алдында бағасын арттырады.

Көңіл көтеретін контент. Интерактивті посттар, конкурстар, құттықтаулар, әзілдер кіреді. Әзіл жүрген жерде белсенділік те жоғары болады. Мысалы, сәтсіз шыққан пәтер ремонты, күлкілі шешімдер. Мұның бәрі тұтынушыларға арзан жұмысшыларды жалдасаңыз, осындай болады деген астарлы ой тастап, сіздегі қымбат бағаға деген қорқынышты жойып жібереді.

Пайдалы контент. Клиенттерді қандай сұрақтар жиі мазалайды? Өз клиентіңізбен тілдесіп көріңіз. Оған өз клиенттері қандай сұрақтар қояды. Жалпы бұл парақша аудиториясының көкейінде жүрген қандай сұрақтары болуы мүмкін. Осы сұрақтарды іздеп көріңіз. Пост сіздің клиенттеріңізге шынымен де пайдалы болуы керек. Мысалы, “Жақсы шебер табудың 10 жолы” деген сияқты..

Сіздің мақсатыңыз – осы контент түрлерін араластырып, әдемілеп жариялап отыру. Үш контенттің түрі де парақша ішінде пайыздық мөлшермен бірдей болғаны жөн. Контент табудан қиналсаңыз, бәскекелестер парақшасын қарап шығыңыз. Не салып жүр, қандай контент түрлері көбірек лайк жинайды? Осыларды бақылап зерттеңіз. Сонда сізге көп нәрсе түсінікті бола бастайды.

Пост

Әлемде талай-талай қызық бар. Мына сұрқай Минерваның да айтары таусылмайды екен деп отырған боларсыздар, құрметті тәлімгер! Өз білгенімді сіздермен бөлуді бақыт санаймын. Сонда ғана көңілім жайланады. Сіздерге пост жазу туралы айтпақпын. Ал, пост жариялауға ең ыңғайлы уақыт етіп маркеологтар 9:00, 12:00, 19:00, 21:00 деп белгілепті. Бірақ, қазақстандық жағдайда әлеуметтік желілердің бұғатталатынын естен шығармаңыз. Пост жарияламас бұрын

Instagram-ның істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер лента жаңармай тұрса, ол істегенше күтуден басқа жол жоқ. Әйтпесе салған еңбегіңіз назардан тыс қалады. Егер шығармашылық кризиске түсіп қалсаңыз, төмендегі тізімге ден қойыңыз:

1. Тауардың фотосы немесе қызмет. Міндетті түрде тұтынушыны бір іс-әрекетке шақырыңыз. Постқа байланыс нөмірлерін, мекенжайды қосыңыз. Мысалы, алып үлгеріңіз, хабарласыңыз, бізге келіңіз деген сияқты.

2. Тауарды қолданып жатқанда немесе қызмет көрсетіліп жатқан кездегі фото, видеоларды шығарып тұрыңыз.

3. Желі қолданушыларынан сұрап көріңіз. Оларды қандай сауалдар мазалайды, олар нені білгісі келеді. Көпшілік үшін қандай ақпарат қызық?

4. Оң жақ, сол жақ. Тура осылай екі фотодан коллаж жасап, желі қолданушыларынан қайсысы жақсы деп сұрап, белсенді болуға шақырыңыз. Мысалы, екі букеттің фотосы.

5. Провокациялық жазбалар. Мысалы, әлемде болып жатқан оқиғалар, шоу-бизнес жаңалықтары.

6. Фактілер, статистикалар. Өнім немесе қызмет туралы мәліметі көп инфографикалар. Аудиторияға қызық болады.

7. Тікелей эфир. Фоллоуерлердің сұрақтарына жауап беріңіз. Тәжірибе жасап көруден қорықпаңыз. Осындай контенттің арқасында парақшаның белсенділігі артып, статистикасы жақсара түседі.

8. Аңыздар. Жалған қауесеттерді жоққа шығарыңыз. Сіз ұсынған тауар жайында әр түрлі алып қашпа әңгімелер жүрген болар, олардың жалған екенін көрсетіп, күл талқанын шығарыңыз.

9. Анонс. Алда жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлаңыз. Ол туралы ажиотаж қалыптастырып, барынша қызықтырыңыз.

10. Риза болған тұтынушының жекедегі хабарламалары. Мұндай мәтіндік контенттер әлсіз әрі онша әсер ете қоймайды, бірақ контент жоқта шығарсаңыз болады.

11. Риза болған клиенттің контентіне репост жасау. Дәл осы әдіс болашақ клиенттерге жақсы әсер етеді.

12. Жұлдызды репост. Бұл да өте жақсы жұмыс жасайды. Блогерлермен, жұлдыздармен жұмыс істеу үшін өз клиентіңізбен келісіп алыңыздар.

13. Ішкі кухня. Жұмысшылармен әзілдесу, оларға сұрақ қою, жұмыс процесі, мұның қалай іске асатыны тұтынушыларға қызық болары анық.

14. Компанияның жеткен жетістіктері, марапаттары. Қызметкерлердің жеңістері, сертификаттары, дипломдары.

15. Жұмбақтар, ойындар. Интернетті шолып қарасаңыз, әлеуметтік желіге арналған біраз ойындарды көресіз. Белсенділікті арттыру үшін шығарыңыз.

16. Марафон. Әр түрлі тапсырмаларды қойып, фоллоуерлерді қосып марафон ұйымдастырыңыз. Марафон идеяларлы да интернет алқабында толып жүр.

Сторис

Instagram-ның шеберлері стористі, оның не екенін жақсы білетін болар... Сторис шыққалы лентаға шығатын контенттің лайкы азайып кетті. Тіпті тек қана строис қарайтын адамдар да пайда болды. Оның артықшылықтарын қарастырып көрейік.

Сторис 24 сағат ішінде өшіп кетеді, демек адамдар оны көріп қалуға тырысады. Посттарға қарағанда Сториске көбірек ақпарат салуға болады. Лентаға күніне 4-5 контент жарияласаңыз, ол көп болып кетеді, лайктар азайып, фоллоуерлер кете бастайды. Ал, стористе 5-10 контент салсаңыз да көп емес, бастысы қызық болса болғаны. Фотоны да, мәтінді де, видеоны да осында сала беріңіз. Әр түрлі маскаларды, геолокацияны, адамдарды тегтеуді, Boomerang, Zoom сияқты эффектілерді, сауал қоюды бәрін-бәрін максимум пайдаланыңыз. Ал сториске қойылатын белсенді сілтеме фоллоуерлер саны 10 000-нан асқанда ғана қолжетімді. Сондай-ақ, әртүрлі ойындар ұйымдастыруға болады. Ал, сториске арналған ойын идеяларын Google-дан немесе біздің Telegram топтан табуға болады.

Тікелей эфир

Тікелей эфир бүгінде тауар мен қызметті сатудың тағы бір тамаша құралына айналып отыр. Тікелей эфир уақытын міндетті түрде алдын ала пост шығарып хабарлаңыз. Ал, ол жазбада тікелей эфирде қозғалатын тақырыптарды атап өтіңіз.

Түрлі конкурстар жасап, конкурс нәтижелеріне арнап, тікелей эфир ұйымдастыру да парақша белсенділігін бір көтереді. Тікелей эфир жасаудың тағы бір идеясы, парақшада алдын ала хабарлап, сала маманын шақырып, оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Біріккен эфирлерді тек блогерлермен емес, сондай-ақ, қарапайым тұтынушылармен де қосылып жасауға болады. Тауар мен қызметке шолу жасаңыз, жұмыс процесін түсіріңіз.

Қандай өрескел қателер кездеседі?

Мен, Минерва Макгонагалл – әлеуметтік желідегі қателіктерді ұнатпайтын адаммын. Менің тәлімгерлерім де қателікке жол бермейді деп сенемін. Ендеше, менің ақылым қашан да ойларыңызда жүрсін. Аккаунт ашып алып, оқырмандарға не ұсынатыныңызды білмей жүрсіз бе? Мамандар Instagram аккаунттың тізгінін алып, жаңадан бастаушыларға бьюти саласын таңдауды ұсынады. Мұнда тұтынушы да, ұсынушы да көп. Сондықтан да осы бьюти саласын негізге ала отырып, қателіктер мен олардың шешімдерін қарастырайық.

Интернеттен алынған суреттер. Әсіресе мұны жаңадан бастап жүрген администраторлар көп қолданады. Бірдей фотолар салалас профайлдарда жиі кездеседі.

Шешім: интернеттен алынған фотоларды жарияламау. Тек өзіңіз түсірген фотоларды қолданыңыз. Ал сапасы жоғары фотоларды арнайы фото базалардан жүктеп алуға болады.

Егер клиент қолданатын материалдар мен құралдарды көрсету керек болса, оларды интернеттен іздемеңіз, ең дұрысы – өзіңіз түсіріп салғаныңыз. Өз қолыңызбен баннер жасау идеясы ойыңызға келсе, бұл идеяны ойыңыздан шығарып, көміп тастаңыз. Әрине, егер сіз дизайнер болмасаңыз, бұл істі мамандарға тапсырыңыз.

Шешім: өзіміз түсірген фотоларды саламыз. Тағы бір қателік – әр суретке белгі, таңба салу. Сіздің фотоңызды біреу ұрлап кетеді деп ойлайсыз ба? Ұрлаған күнде де сізге келіп-кетер зияны жоқ. Егер ерекше стиль ретінде өзіңіз түсірген фотоларға логотип немесе сайт атын білінер-білінбес қылып, бұрышына қоюға болады. Өте сапалы, эстетикалық ләззәт сыйлайтын, әдемі фото болса ғана салыңыз.

Шешім: фотоларға ешқандай ен, таңба, қол қоймаймыз.

Аккаунттағы өте көп контент те қателіктердің бірі. Желі қолданушысы мұндай профайлға кіргенде, өте көп контентті көріп, жазылудан бас тартуы ықтимал. Себебі ол бұл парақшаға жазылса, лентасы боялған қастар мен қызарған еріндерге толып кететінін біледі. Бұл шынымен де жүйкеге тиеді.

Шешім: көп пост жарияламау. Бұрынғы контентті өшіру. Фото не видео астында мәтіннің болмауы. Instagram – фотоға арналған сервис. Бірақ мәтіннің болмауы контентті жетім етеді.

Шешім: пост астында 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін жазу.

Тағы бір қателік – профайлда бизнес туралы толыққанды ақпараттың болмауы немесе профайлдың сүйкімсіз толтырылуы.

Шешім: қателіктермен үнемі жұмыс жасаңыз, бәсекелестеріңізді қарап көріңіз.

Әлеуметтік желідегі ақылы жарнаманы жібермес бұрын төмендегі қателіктерді қарастырайық.

1) Шыдамсыздық.

Жарнаманы жібергеннен кейін бірден нәтиже күту қате. Бұл ойды ұмытыңыз. Иә, бірден эффект берген кездері болған. Бірақ өте сирек. Көп жағдайда күтуге тура келеді. Қанша уақыт дейсіз бе? Ол сіздің салаңызға байланысты. Кемі – бір апта.

Егер сіздің тауарыңыз арзан және мол сұранысқа ие болса ғана жылдам нәтижені күтуге болады. Сондай-ақ, сіздің тауарыңыз күрделі әрі $1000 жоғары тұратын болса, одан жылдам сатылымды күту де дұрыс емес. Елестетіп көріңізші, мәселен, сіз көлік сатасыз. Сіздің жарнамаңызды көрген адам бірден салонға жүгіруі мүмкін бе? Әлеуметтік желілер сөйлесіп, тілдесу үшін арналған. Болашақ сатып алушылардың сұрақтары болуы мүмкін. Көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, көңілін аулаңыз, эффект бірден болмаса да, ұзақ мерзімді перспективада болары анық.

Егер компанияңызға осы уақытқа дейін көптеген тұтынушылардың назы жиналып қалған болса, онымен күресуге тура келеді.

2) Оп-оңай болады деп ойлау.

Көп адам әлеуметтік желіні оп-оңай деп ойлайды. Өздері оны жасап жүргізіп көрмейінше, қиындығын түсінбейді. Мысалы, оны жүргізу үшін арнайы маманға жүгінбей, мына жұмысшының мойнына жүктей салайын, компьютердің алдында бекерге отыр ғой, Facebook пен Instagram-ды жүргізе берсін деп ойлайды. Осы нәрседен үлкен маркетинг бөлімі жоқ компаниялардың бәрі өтеді. Ол парақшаны ашқан адам жұмыстан шығып кетсе немесе ол ренжіп кетсе, парақшадан айырылдым деп ойлай беріңіз. Сондықтан да парақшаның беруқабылдау процесін заңдастыру қажет. Ал парақшаны басқаруды арнайы маманға тапсыру керек.

3) Кешіріңіз, мен сізді танымаймын.

Егер парақшаны жүргізу қиынға соғып, оны тастап кетіп жатсаңыз, бұл да үлкен қателік болады. Сіз ұмытып кетуіңіз мүмкін, бірақ тұтынушылар ұмытпайды, олар керек кезінде іздеп келгенде, көптен бері жаңартылмаған парақшаға кезігіп қалады. Өз кезегінде, бұл сіздің репутацияңызға кері әсерін беретіні сөзсіз (бизнес парақшаға қатысты айтып жатырмыз).

4) Асыққан – шайтанның ісі.

Сіздің парақшаңызды біреу аз уақыт ішінде көп адамға толтырып берем десе, мүлдем сенбеңіз. Бұл SEO-ға да қатысты кеңес. Сіздің сайтыңызды екі аптада алдыңғы үштіктен шығарып беремін деген де жалған. Себебі, алгоритмдерді алдау мүмкін емес. Сізге әрдайым, үздіксіз, тұрақты жұмыс істеу керек болады. Ойдың бәрі мақсатты аудиторияны қалайша қызықтырамын деген тақырыптың төңірегінде болу керек.

Маркетологтардың айтуынша, мұның өз құпиясы бар, бұл жеке өмірдегі қарым-қатынаста да пайдасын тигізеді. Аудиторияңыздың күткен ойынан да асып түсуге тырысыңыз. Сонда фоллоуерлеріңіздің бірден көбейіп жатқанын байқауға болады. Жұрт сізден жаңалық күтеді, ал сіз оны қызықты, күлкілі етіп, сый жасап таңғалдырыңыз.

5) Қабырға артында.

Әлеуметтік желідегі парақшаны, компанияның сайты сияқты бір жақты жүргізу дұрыс емес. Міндетті түрде жауап беруге тура келеді. Аудиториямен қарымқатынас болмаса, бизнес дамымайды.

6) Бәрін өзім жасаймын.

«Бәрін өзін жасаймын» деген де қате. Иә, басында бұл көмектесуі мүмкін. Бірақ маманға сеніп тапсырған дұрыс екенін практика көрсетті.

№5 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, жұмысын енді бастаған, сондай-ақ, тәжірибелі SMM мамандары да жүгінетін Canva атты графикалық редактор жайлы естуіңіз бар ма? Естісеңіз керемет, ал естімеген болсаңыз, Android, AppStore-дан жүктеп алайық. Бұл бағдарламаның жақсы жерлері, онда тегін материалдар көп, сонымен қатар смартфонмен де, ноутбукпен де жұмыс істеуге ыңғайлы. Өздеріңіз түсінгендей, бұл тапсырмада Canva арқылы графикалық контент жасауыңыз керек. Тақырыпқа шектеу жоқ, бізге сіздердің креатив ойларыңыз қызық. Оларды біз өзіміздің фирмалық хештегтер, яғни #siqyrlysmm, #hogwartkz арқылы әлеуметтік желілерден тауып аламыз.

Не үшін? SMM мамандардың жұмысында түрлі жағдайлар болып тұрады. Мәселен, ол парақшаға жылдам бір ақпарат салу керек болады. Сонда оған көмекке келетін дәл осы Canva болмақ. Қолдарыңызды үйретіп, ондағы тегін материалдарды қолданып игіліктеріңізге жаратыңыздар.

Instagram сторисін қолданудың 7 себебі

Профессор Макгонагалл жазған мына ережеге зер салыңыз.

Оның аргументтерін былай тізіп шығуға болады:

• Стористер «Рекомендация» бөлімінде басқа контентке қарағанда ыңғайлырақ. Рекомендацияның биік деңгейіне жету үшін, геолокация мен актуал хештегті қою жеткілікті. Ал ол жаңадан ашылған аккаунттар үшін тегін дамуға мүмкіндік береді.

• Стористер бар-жоғы 24 сағат қана тұрады, ал одан кейін із-түссіз жоғалып кетеді. Қолданушылар видеоны дәл сол сәтте көрмесе, маңызды нәрседен құр қалғандай болады.

• Стористер барлық жазылушыларға көрінеді. Тұрақты контенттен айырмашылығы бар. Тұрақты контент, сіздің жазылушыларыңызға оны көрсете ме, жоқ па деген алгоритмді шешеді.

• Стористер әр материал қаралымының санын ғана көрсетпейді, сонымен қатар оларды көрген қолданушылар тізімін де жасап береді.

• Иә, стористер өшіріліп қалады, бірақ сіз оларды өзіңіздің парақшаңызда «Актуальные» бөліміне бекітіп қоя аласыз.

• Стористерде әдеттегі контенттерге қарағанда редакциялау мүмкіндігі көбірек. Стикерлер, мәтін, суреттер, ауа райы мен басқаларын да қосуға болады.

• Егер аккаунтта 10 000 жазылушыдан көп болса, стористерде сілтеме қоюға болады.

2019 жылға қатысты Instagram туралы маңызды деректер

Сіздерге 2019 жылға қатысты Instagram туралы деректерді айтып берейін. Барлығы фото алмасу үшін қарапайым платформадан басталды. Бірақ Instagram жылдар бойы дамып, ірі әлеуметтік желі мен тиімді маркетинг құралына айналды. Онымен жұмыс істеу қиынға соқпақ. Біріншіден, бәсекелестік қарқынды өсіп келеді. Екіншіден, үнемі жаңа функциялар пайда болып тұрады. Үшіншіден, қолданушылардың сұранысы да үнемі өзгереді.

Төмендегі материалда біз сізді Instagram туралы фактілермен таныстыратын боламыз.

Ендеше, кірісейік!       

Instagram туралы статистика

Instagram желісінде миллиардтан астам белсенді қолданушы бар.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін (10 ай ішінде) платформаға 200 миллион жаңа қолданушы тіркелген.

Instagram құны $100 миллиард (2012 жылы Facebook $1 миллиардқа әлеуметтік желіні сатып алды).

2020 жылға қарай Instagram-ға Facebook сатылымдарының 20%-ы келеді деп күтілуде.

500 миллионнан астам адам Instagram-ды күнделікті пайдаланады.

Instagram – әлемдегі беделді үшінші әлеуметтік желі.

61% Instagram пайдаланушының жасы 18ден 34-ке дейін, 31%-ы 18-ден 24-ке дейін, 30%-ы 25-тен 34-ке дейінгі жаста.

Платформадағы жасөспірімдер 7%-дан артық емес, ал 45-тен 54 жасқа дейінгі адамдар 9%-ға жуық.

Instagram пайдаланушылары күн сайын 95 миллион пост салады.

Instagram-дағы өзара іс-қимыл көрсеткіші 2,2%-ды құрайды.

Аккаунттардың 8%-ы жалған парақшалар.

29,9% профайл – айына ең көп пост жариялайтындар.

Instagram қолданушылар

Instagram пайдаланушыларының 80%-ы кем дегенде бір бизнес аккаунтқа тіркелген.

200 миллионнан астам Instagram пайдаланушы күніне кем дегенде бір бизнес аккаунтты қарайды, бұл ретте белсенді фоллоуерлердің үлесі шамамен 20%-ды қамтиды.

2018 жылдың соңына қарай мобайл жарнама платформасының табысы $7 миллиардқа жетеді. Бұл көрсеткіш тиісінше 4%, 2% және 1%-ға тең.

Бизнес аккаунттар контентімен орта есеппен 4%-дан аспайтын фоллоуерлер өзара әрекет етеді.

Instagram-да брендтер үшін тартылу көрсеткіштері Facebook-ке қарағанда 10 есе жоғары.

Желі қолданушыларының 70%-ы брендтерді Instagram желісі арқылы іздейді.

Пайдаланушылардың 60%-ы жаңа өнімнің шыққаны туралы Instagram арқылы хабардар болып отырады.

Ірі брендтер күніне орташа 1-5 жазбаны жариялайды.

Ең ірі брендтердің 60%-ның өзі барлық фотоны өңдеу үшін бірдей сүзгіні, яғни бірдей фильтрді пайдаланады.

30%-ы юзерлерді сатып алады.

Instagram-дағы жарнама Facebook-қа қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі.

Таргетинг жасалған видео дәл сондай жарнама жасалған фотоға қарағанда үш есе көп пікір жинайды.

Instagram-дағы жазбалардың қаралымы

Демалыс күндеріне қарағанда күнделікті жұмыс уақытындағы жазбалардың каралымы жоғары.

Жұма күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі аралық - Instagram посттары үшін ең жақсы уақыт.

Жексенбі күн – қаралымы ең төмен апта күні.

Instagram-дағы ең тиімді посттардың 65%-ы өнімдер туралы, 43%-ы lifestyle контент, 29%-ы атақты, танымал жұлдыздардың видеосына немесе фотосына тиесілі.

Сәтті шыққан видео адамдарды тартады және фотоға қарағанда 38% -ға көп лайк пен 32% -ға артық пікір жинайды.

Instagram-дағы ең танымал фильтр – Clarendon, ең сәнді – Kelvin. Фото тармақтар үшін Skyline, селфи үшін – Normal жиі таңдалады.  Instagram желісіне жүктелген фотолардың 36% -ға жуығы лайк жинайды. Тиісінше, 70% видеоны ешкім көрмеуі мүмкін.

Instagram желісі Facebook-қа қарағанда, орташа есеппен алғанда 23%-ға көбірек лайк жинайды.

Орналасқан жері көрсетілген посттар 79% лайк, ең болмағанда бір хэштегі бар жазбалар 12,6%-ға көп лайк жинайды.

Ең танымал хэштегтердің       70%-ы брендтерге тиесілі.

Instagram-ды дамытуға арналған құралдар

Компьютер үшін:

Instaplus.me, instasoft.su – Instagramдағы жазылуларды автоматтандыруға арналған бағдарламалар.

Postmypost – контент дайындап, кейін жариялауға арналған бағдарлама.

Chotam – бәсекелес парақшалардың комментерін тексеру.

Главред – редактор. Орыс тіліндегі мағыналық қателіктерді тексеруге арналған.

Смартфондарға арналған қолданбалар:

Фоторедактор: Facetune – беттегі кемшіліктерді жоюға болады.

Snapseed – фотоларды өңдеуге арналған.

VSCO – фото фильтрлердің үлкен жинақтары.

Canva – арнайы дизайнмен пост редакция, көптеген шаблондар.

Picsart – бұл да жақсы редактор.

Repost – репост жасауға арналған қолданба.

Repost stories – стористі репост жасауға арналған.

Story split – видеоны сториске лайықтап кесу (тек Android үшін)

Promo Flow – коменттерді, direct-ке хабарламаларды автоматтандыруға болады.

Видеоредакторлар:

Kinemaster – өте ыңғайлы, функционалы өте жақсы, кемшілігі сол ақылы.

Quik – өте ыңғайлы, сапалы бағдарлама.

Telegram боттары:

Text4Insta @text4instabot – текстердің арасын ашып, Instagram-ның форматына сәйкестендіріп беретін бот.

InstaBot @InstaBot – Instagram-нан фото, видео, стористерді жүктеп алуға арналған бот.

SaveBot @izibot – Instagram-нан, YouTube-тен, Facebook-тен контент жүктеуге арналған.

№6 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, біз кітапты біршама оқып, біраз тапсырманы орындап, біраз жерге келдік. Осы жерге дейін төзімділік танытып, оқығаныңызға алғыс айтамыз. Келесі тапсырма сізге қиынға соқпайды деп ойлаймыз. Тапсырманы орындау үшін сізге кітаптан осы жерге дейінгі алған әсеріңізді әлеуметтік желіде бөлісу керек. Facebook болсын, Instagram болсын, айырмашылығы жоқ, ал екеуіне де салсаңыз тіпті жақсы. Instagram-ға кітаптың фотосын не кітаппен бірге түскен фотоңызды салсаңыз жеткілікті. Өз ойыңызды, алған әсеріңізді қосыңыз. #siqyrlysmm, #hogwartkz хэштегтерін қосуды ұмытпаңыз, осы арқылы біз сіздердің жұмыстарыңызды көре аламыз. Ең жақсыларын парақшаларымызда бөлісіп, кішігірім сыйлықтарымызды поштамен жіберетін боламыз. Не үшін? Бұл біздің алғашқы кітап, cондай-ақ онлайн әлем мен офлайн әлемді байланыстыратын интерактивті кітап десек те болар. Кәдімгі кітаптардан өзгеше болғандықтан, оқырмандарға қандай әсер беретінін білу бізге өте маңызды. Әділ бағасын береді деп сенеміз, сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Пікір қалыптастырушылармен жұмыс жөніндегі нұсқаулық: мақсаттарды қоюдан тиімділікті есептеуге дейін

Маркетинг деген – сиқырлы тылсым күш. Оның сиқырына басы айналған       адам, маркетингтің өміріне қалай еніп кеткенін білмей қалған екен. Адамдарға маркетингтің ықпалы жоғары. Әлеуметтік желілерде блогерлерге жазылушылардың саны күн сайын артуда. Ал, бизнес оны өз мүддесінде пайдалануды жолға қойған.

Өнім және оның артықшылықтары туралы түсінік

Маркетингті басқаратын адамдардың оң-теріс пікірлерін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын жандар бар. Ол – пікір қалыптастырушылар. Пікір қалыптастырушылар дегеніміз блогерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, тәуелсіз журналистер, сауатты әрі жүйелі жазатын кейбір жұлдыздар да болуы мүмкін. Ресейде ЛОМ (лидер общественного мнения) дейді, бізде болса қоғамдық пікір қалыптастырушы деген дұрысырақ болады. Олардың әрбір жазбасына халық сенеді, сонымен қатар қайталауға тырысады. Пікір қалыптастырушыларға серіктестікті ұсынар алдында, сіздің өніміңіздің пайдалы және неге ол басқалардан жақсы екенін өзіңіз анық түсініп алыңыз. Кез келген блогер бәріне қатарынан келісе бермейді. Қарапайым мысал, олардың кейбіреулерін не үшін сіздің компанияңызды не тауарыңызды жарнамалау қажет екеніне көзін жеткізуіңіз керек.

Ұсынғаныңызды сатып алушылардың өздері көрсету үшін артықшылықтарды анықтау керек. Блогерлердің жарнамадағы бәсекелестігі жоғары. Сізге дейін мұнда әлі ешкім осы сияқты тауарды жарнамалаған жоқ па? Осы жағынан қарастырыңыз. Мүмкін, сіз жаңашылсыз, бірақ бұл жағдайда да қызығушылық арттыру мақсатында жақсы презентация дайындау артықтық етпейді.

Жарнама мәтінін әдетте блогер өзі жазады. Бірақ ешкім сіздің өніміңіз туралы өзіңізден артық білмейді. Сондықтан кез келген жағдайда блогерге мәтінді жазбас бұрын өзіңіз толығырақ нақты ақпарат беріңіз.

Сізде өнім жарнамалау туралы түсінік қалыптасқан болса, тіптен жақсы. Бұл жазуға дағдыланбаған пікір білдірушілерге өте пайдалы болар еді.

Кейбір тауарларды жарнамалау блогерлер үшін ұнамайды. Өйткені, тауар түрлерінің жарнамасына салынатын шектеулер де жоқ емес. Кейбір жарнама пайдаланушылардың теріс реакциясын тудыруы мүмкін. Алаяқтық схемалар да жоқ емес.

Мақсаттарды анықтау

Сіз жарнама арқылы неге жеткіңіз келетінін анықтап алыңыз. Түсініксіз мақсат — бұлыңғыр нәтиже. Сонымен қатар әрбір жазбадан кейін оның кері әсерін бағалап отырыңыз. Егер олар бастапқыда орнатылмаған болса, оны қандай критерий бойынша бағалау керек?

Пікір қалыптастырушыларға жазбаға тапсырыс беру төмендегідей мақсатты көздеуі мүмкін:

* Бренд немесе жаңа өнімнің танымдылығын арттыру. Тиімділігін анықтау қиын. Шын мәнінде, бұл қамтуды кеңейту: жаңа жазылушылар, шолулар, лайктар, пікірлер.

* Өнімнің белгілі бір имиджін қалыптастыру: мейрамханалардың ең бюджеттік желісі, жастарға арналған озық автомобиль маркасы, т.б.

* Пікірлер/пошта, телефон (мысалы, баға, т.б.) өтінімдерін қалдыру.

* Тапсырыстар: промокод арқылы нақты блогерден тапсырыстарды қадағалауға болады.

Көзделген аудиторияны анықтау

Сіздің тауарыңыз, қызметіңіз шынымен сұранысқа ие болсын десеңіз, мүдделі аудиторияны дұрыс анықтау керек. Өнімді кім үшін жасайды? Бұл адамдардың жынысы, жасы, отбасы жағдайы қандай? Оларды қалай анықтауға болады? Осы критерийлерді есепке ала отырып, жарнама жасасаңыз ғана, оның ауқымын өлшей аласыз.

Сайтты дайындау

Кез келген жарнамалық науқан алдында сайтты клиент қабылдауға дайындау керек. Блогер сізге мүдделі клиенттердің келуін қамтамасыз етеді, бірақ сіздің сайт оларға қызмет көрсетуге дайын ба? Барлығы есептелген бе? Функционал дұрыс жұмыс істей ме? Ол пайдаланушыларға түсінікті ме? Әрбір ұсақ кемшіліктер сізді ақшадан айырады. Бұл жерде сатып алушыларға қызмет көрсету ғана емес, сондай-ақ, күмәнданушыларды да тіркеу мен сатып алмаған адамдарды да есепке алу маңызды.

Қайда жарнамалау керек?

Ашылған аккаунттарды кез келген әлеуметтік желілерде табуға болады. Бірақ әрбір әлеуметтік желінің өз мүмкіндігі бар. Бұл орайда, Instagram мен YouTube жеткілікті. Өйткені, онда кең аудитория мен ыңғайлы форматтар қалыптасқан. Егер жарнама арқылы іздеу жолдары мен т.б. трафик алғыңыз келсе, өзге де әлеуметтік желілер мен Google, Yandex жарнамаларын тексеріп көруге болады.

Неге миллион оқырманы бар жұлдыздар әрдайым тиімді емес?

Өйткені, жұлдыздар аудиториясы біркелкі болмауы мүмкін. Мысалы, Байзақованың Instagram парақшасын оған еліктегісі келетін әйелдер ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ұлттардың ерлері де қадағалайды. Тиісінше, егер бұл жерде косметиканы ғана жарнамалау болса, жарнама жазылушылардың жартысына ғана әсер етеді. Сондай-ақ, әдемі әйелдер өз мүсіндері бар суреттерді қоса жүктесе, сөзсіз оған жазылушы ер адамдар саны да басым болады. Демек, әйелдерге арналған косметика жарнамасын ерлер де көбірек көреді деген сөз.

Атақты болу бағаға әсер етеді

Иә, бұл бәрімізге белгілі. Бірақ, кейде жарнаманың құны түсетін пайдадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Кейде қарапайым бағалар ұсынып, екі-үш танымалдылығы төмен блогерлер арасында бюджетті бөлу әлдеқайда мол табысқа жетелеуі мүмкін.

Атақтылар аудиториямен сөйлеспейді

Тіпті, топ блогерлер үшін бұл қиын. Достары аз тұлғалар, әсіресе, сарапшылар пікір қалдырар кезде аудиториясымен жиі сөйлеседі, тіпті, сұрақтарға жауап беретін роликтерді де түсіріп жатады. Оларда жазылушылармен сенімді қарым-қатынас орнаған. Жарнаманы достық ұсыныс ретінде де қабылдап жатады (егер дұрыс берілсе).

Жұлдыздардың мәртебесі кейде бизнес құруға кедергі келтіреді

Жұлдыз ешкімге міндетті емес, оны есте сақтау керек. Бүгін көңіл-күйі жоқ болса, бір аптадан кейін жарнаманы жариялауы мүмкін. Бұл жиі кездеседі, бірақ барлық жұлдыздар бірдей емес.

Жұлдыздар бір мезгілде сіздің тікелей бәсекелестеріңізді де жарнамалай салады

Әрине, келісім бойынша белгілі бір мерзімге жарнама орындарын сатып алуға болады. Мысалы, бәсекелестер ұйқыда болған кезде. Бірақ, уағдаластық келесі адам басқаша баға ұсынғанға дейін ғана созылады.

Мәселе мынада, Instagram-дағы танымал адамдар жиі ауызша келісіммен ғана жұмыс істейді. Сол себепті, агенттіктермен келісімшарттары бар блогерлерді таңдаған жөн.

Әрине, жұлдыздардың айқын артықшылықтары бар:

Оларға еліктегісі келетін жанкүйерлер көп. Олардың жанкүйерлері осындай көйлек киіп, сол тағамға тапсырыс беріп, сол рухты, т.б. пайдаланады.

Жұлдыздар тек нарыққа шығатын өнімдердің жақсы танылуын қамтамасыз ете алады.

Топ блогерлер мен селебрити адамдардың назарын қандай да бір конкурсқа, оқиғаға немесе акцияға, соның ішінде қайырымдылық акцияларына аударта алады.

Жұлдыздардың пікірін сайтқа қосумен қатар оны әрбір ыңғайлы жағдайда көрсетуге болады.

Жалпы алғанда, кез келген шолуларды алдағы уақытта өз қажетіңізге қолдануға болады. Блогерлер – көпшіліктің адамы.

№7 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, төмендегi QR кодты сканерлесеңіз, ол сізді сайтқа бағыттайды. Ол жерде сізді Harry Potter фильмінен алынған видео жұмбақ күтіп тұр. Жұмбақтың жауабын тауып, оқуды жалғастырыңыз, жауабын әлеуметтік желіден күтеміз. Алда сізді талай қызықты тапсырмалар күтеді. Сәттілік!

Не үшін? Сізді Harry Potter фильмін көріп шыққан деп ойлаймыз. Бұған дейін қарамаған болсаңыз, уақыт тауып қарап шығуыңызға жақсы мотивация туып тұр. Осы фильмді көру арқылы мына кітапты да оқу қызықты болатынына сенеміз.

III БӨЛІМ

YOUTUBE

Құрметті тәлімгер!

YouTube академия дәрістеріне қош келдіңіз!

Дәрісті профессор Рубеус Хагред жүргізеді. YouTube арнасын жүргізуге арналған Hogwart SMM мектебінің тәлімгерлеріне арналған нұсқаулық.

YouTube негіздері

Көптеген адамдар YouTube желісін тек танымал видеохостинг ретінде бағалайды. Бірақ, бұл бүкіл әлемдегі пайдаланушылардың саны бойынша екінші іздеу жүйесі екенін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта YouTube аудиториясы миллиардтан астам адамды құрайды және бұл сан күн сайын өсуде. Ресми статистикаға сәйкес, YouTube аудиториясы соңғы жылы үш есеге артты. Бұл видеомаркетинг арқылы брендті танымал етудің орасан мүмкіндіктерін ашады.

Біз авторларға көмектесіп, олармен білгенімізді бөлісетінімізге қуаныштымыз. Бұл нұсқаулық YouTube-те арна ашып, жүргізудің негіздерін түсінуге көмектеседі. Іске кірісуге дайын екеніңізді білеміз тәлімгер. Ендеше, кеттік!

Сіз көрермендерге қандай әңгіме айтып берер едіңіз? Егер әркім өз ойымен бөліссе, барлығы бір-бірін тыңдайтын болса, әлем мұнан да жақсы болатынына сенеміз.

YouTube – ашық платформа. Ол өз құндылықтары ретінде адамдардың ақпарат алуы, сөйлеуі, өзі туралы айтуы, өз қауымдастығын табуы сияқты игіліктерді көреді.

Қолданушылардың қызығушылығына қарай Youtube: әзіл, спорт, сән, компьютерлік ойындар, аспаздық немесе жай ғана өмір сүруіңізге қажетті қауымдастық құруға бірегей мүмкіндік береді. Оған ай сайын 1,9 миллиард адам кіреді. Платформа әлемнің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды.

YouTube-ке тағы да қош келдіңіз дейміз – біз өз тарихымызбен бөлісеміз. Адамдармен тілдесуге және шығармашылық идеяларды іске асыруға атсалысамыз.

Негізгі ережелер

1. Майда-шүйделерге көңіл бөліңіз.

Иә, мұнда ой не болады, сөйте салайық деген әңгіме жүрмейді. Барлық детальдарға назар аударып, шын жүректен түсірген дұрыс.

2. Видеоңызды оңай табылатындай етіп жасаңыз.

Тәжірибелі ютуберлер бірінші кезекте өзінің видеоларын жұрттың қалай іздейтініне көңіл бөледі. Мысалы, сіздің видеоңыз аспаздық жөнінде болып, бірақ видеоның сипаттамасында аспаздық туралы мүлдем жазылмаса, сіздің видеоңыз іздеу нәтижелерінен көрінбейді. Себебі, YouTube сіздің видеоңыздың аспаздық жөнінде екенін біле алмайды, ол нәтижені видеоның сипаттамасына қарай, ондағы метатегтерге қарай тауып шығарып береді.

3. Аудиторияны қызықтырып ұстап отыру.

YouTube-те “Удержание аудитории” деген есеп беру функциясы бар. Ол жерде сіз көрермендерге видеоның қай жері ұнамады, оларға қандай видеолар қызық екенін түсінетін боласыз. YouTube тұрақтылықты сүйеді және аудиторияңызды зерттеп сараптап отыру маңызды.

4. Қарым-қатынас.

Өз көрермендеріңізбен әрдайым байланыста болыңыз. Олармен тек YouTube-та емес, басқа да жерлерде де байланыс жасау керек.

5. Каналдың концепциясын жасаңыз.

Көрерменге не ұсынамын? Табыс деген мен үшін не? Каналым қандай жанрда болады? Бұл жанрда басқа да авторлар бар ма? Менің көрермендерім кім? Бес жылдан кейін менің каналым қандай болады?

Алғашқы видео

1. Көз тартарлықтай тақырып қойыңыз.

2. Видеоның сипаттамасын міндетті түрде жазыңыз.

3. Тегтерді қосыңыз және тақырыптан ауып кетпей тура таңдаңыз.

4. Видеоның бетбелгісін жақсылап таңдаңыз, барлық экранда әдемі көрінуі керек, рұқсат етілген өлшемі кемі 1280x720 болуы тиіс. Бетбелгі (значок) қою. Роликте жоқ бетбелгіні пайдаланудан аулақ болыңыз. Көрермен алданғандай болып өзін сезінсе, қайтадан сіздің каналыңызға оралуы екіталай.

5. YouTube редакторын қолдануға болады, ол жерде жүктеліп қойған видеоларға әртүрлі эффектілер қосуға мүмкіндік бар.

6. “Подсказкалар” қосыңыз, ол арқылы сіз көрерменге басқа да видеоларды көруге шақырып, каналға жазылуға немесе тауарды сатып алуға үгіттеуге болады.

7. Аналитиканы зерттеңіз, сол арқылы көрерменге не қызық, не ұнамайтынын көруге болады.

8. Жарнама берушілерді де ойлаңыз. Олар жарнама кампаниясында метатегтерді пайдаланғанда, кейбір боғауыз немесе негатив тудыратын тақырыптарға қатысты роликтерді айналып өтуі мүмкін.

9. Сипаттама.

Сипаттама көрермендерге ролик туралы қосымша ақпарат бере отырып, оны дұрыс толтыру арқылы іздеу жүйесінде позицияңызды әлдеқайда жақсартып аласыз.

9.1 Қысқаша роликтің не туралы екенін қарапайым тілмен жеткізіңіз.

9.2 Ең маңызды сөздерді сипаттамаңыздың бас жағында қолданыңыз.

9.3 Google жарнама арқылы кілт сөздерді зерттеңіз.

9.4 http:// префиксін пайдалану арқылы сипаттамаға интерактив қосыңыз. Мысалы, авторлас адамның каналына немесе видеоның қызықты фрагментіне сілтеме қойыңыз.

9.5 Youtube Analytics арқылы көрермендер қандай кілт сөзбен іздеп келетінін түсінуге болады.

9.6 Хэштег қосыңыз, бірақ ол 15 данадан аспауы тиіс.

9.7 Әр видеороликтердің соңында 5-10 заставка болады, ол жерге сіз үш ролигіңізге сілтеме қалдыра аласыз.

10. Видороликтердің күнтізбесін құрыңыз және сол график бойынша кешіктірмей шығару маңызды.

11. Контенттерді тақырыбы мен мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, бөлек плейлист қалыптастырыңыз.

YouTube аналитикасы

1. Каналдың тұрақты дамуын қамтамасыз етіңіз.

Youtube Analytics каналдың нәтижесімен, оған әсер ететін факторларды анықтап түсінуге мүмкіндік береді.

2. Ең бірінші роликтің қаралу ұзақтығы, неше рет қаралғанын және жазылушылар санына мән берген жөн.

3. Көрермендерді ұмытпаңыз.

Каналдың дамуында аудитория ең маңызды рөл атқарады. Егер контент көрермендерге қызық болып көрінсе, олар қайта-қайта оралатын болады. Олардың пікірлеріне назар аударыңыз, сонда сіз табысқа тез жетесіз.

4. Басты сұрақтарға жауап алыңыз.

4.1 Сіз       мақсатыңызға қаншалықты жақындадыңыз, роликтердің қаралу мөлшері мен ұзақтығы көңіліңізден шыға ма?

4.2 Сіздің көрермендеріңіз кім, олар неге қызығады? Оларды жақын білу арқылы сіз көрермендеріңізге қызықты қандай контент ұсына аласыз?

4.3 Сіздің роликтеріңіз аудиторияға қызық па?

Сіздің       жазылушыларыңыз сіздің видеоларыңызбен бөлісе ме? Олар лайк баса ма?

4.4 Сіздің каналдарыңыз қандай табыс алып келуде? Сіздің қай ролигіңіз ақша алып келетінін қарап, соған сәйкес ролик жасаңыз.

5. YouTube Analytics-тің барлық мүмкіндігін қалай пайдалануға болады?

5.1 Мәліметтер тура реал таймда қарауға, жаңа роликтердің потенциалын анықтауға мүмкіндік береді.

5.2 Роликтің қаралу ұзақтығы бойынша есеп. Бұл есептен сіз көрерменнің қайдан келетіні мен қаншалықты ұзақ қарап отыратынын біле аласыз. Қаралым ұзақтығы аса маңызды, ол ұзақ қаралған сайын Youtube оны қайта көруге ұсынады әрі іздеу жүйесінде алғашқылардың бірі етіп шығарып отырады. Сондай-ақ, сіз көрерменге не ұнағанын және қай жердің ұнамай қалғанын, қай жерден тоқтатып қойғанын біле аласыз.

5.3 Көрермендердің әрекеттері туралы есеп.

Бұл есептерден сіз көрерменнің қай ролигіңізді белсенді талқылағанын, комментарий жазғанын, достарына жібергенін, қайсыларын өз плейлистеріне қосқанын білесіз. Сонымен қатар олардың қаншалықты басқа да элементтерге басқанын көре аласыз.

6. Аудиторияңызды танып алыңыз.

Сіздің аудиторияңызда кімдер басым? Ерлер ме, әлде әйелдер ме? Олар сізді қай елден қарап отыр? Осы сұрақтарды демографиялық мәліметтер бөлімінен табасыз.

6.1 Кездейсоқ көрермендерге қарағанда каналға жазылғандар сіздің роликтеріңізді екі есе жиі қарайды.

YouTube үшін қандай видео түсірген жөн

Өтімді видео түсірудің әмбебап формуласы жоқ. Бәрі көзделген аудиторияның қажеттіліктері мен сіздің мүмкіндіктеріңізге байланысты. Өзіңіз үшін лайықты видео тақырыбын таңдау үшін төмендегі негізгі жанрларды қарастырып көрейікші:

Сұқбат

Әріптесіңізден, белгілі тұлғадан немесе жәй ғана өз саласының маманынан сұқбат алудан бастасақ болады. Алдын ала сауалдар тізімін дайындап алу қажет. Сіздің әңгімеңіз көрермен үшін қызықты боларына көз жеткізіңіз. Сұқбат максималды түрде еркін форматта өткені жақсы, теледидардан айтылмайтын дүниелер осы жерде айтылады емес пе?

Сұқбат жанрында жетістікке жеткен арнаға мысал ретінде ресейлік вДудь арнасын атап өтуге болады. Арна 2017 жылдың 7 ақпанда өз жұмысын бастады, 2018 жылдың қараша айында жазылушылар саны 4,2 млн құрады. Каналдың бірден атақты болып кетуінің бір сыры, жұлдызды қонақтарда жатыр. Сонымен қатар сауалнамалар жанры да халық арасында сұраныста екенін ескеру керек. Сізге керегі: камера, микрофон және адамдар жиі жүретін жерлер. Осы саладағы арналарды қарап көрсеңіз, көп нәрсе сізге түсінікті бола түседі.

Нұсқаулықтар мен лайфхактар

Бұл да видео жанрлардың кең тараған түрі. Қандайда бір мәселенің шешімін іздеген кезде адамдар әрдайым YouTube-ке жүгінеді. Нұсқаулық стиліндегі видеолар пайда болатын проблеманың түріне байланысты. Сондай-ақ, ол бір нәрсенің қалай жасалу керектігі жөнінде де болуы мүмкін. Мысалы, сіз қандайда бір компьютерлік бағдарламада жұмыс жасауды үйретсеңіз, бұл видео осы айтылған жанрдың туындысы болып шыға келеді.

Шолулар (обзор)

Шолулар да ең танымал жанрлардың бірі. Ол бәсекелестердің тауарлары, өз өнімдері, танымал бренд өнімдері болсын, тізім өте ауқымды. Қазір нарықта тауарлар түрі өте көп, ал адамдар арасында қандай да бір тауарды сатып алмас бұрын, сол тауар туралы өзге адамдар пікірін білу мәдениеті қалыптасқан. Канал жүргізушісі өз саласында эксперт болса, оның пікіріне көп адам құлақ асатыны белгілі.

Демек, жарнама берушілер осы шолушылармен жұмыс жасағанды қалайды. Nielsen агенттігінің зерттеуінше, тұтынушылардың 73% тауардың видео шолуы болса, сол тауарды сатып алуға шешім қабылдайды. Ең бастысы тауардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айтарда адал болыңыз. Үлгі ретінде қазақ тілінде сапалы видео түсіріп жүрген Олжас Оқас атты влогерді ұсынар едім. Оның каналы Qaz Kolesa деп аталады.

Тарихнамалар (истории)

Көрермендерге қызықты оқиғаларды айтып беру, осы жанрдың негізгі ампуласы. Қандай да бір құбылысты графика көмегімен түсіндіріп көріңіз. Ол ұлы адамдардың бастан кешкендері, қызықты оқиғалары, тарихы болуы мүмкін. Маркетологтар мұны сторителлинг деп айтады. Тарихнама өте қызықты бағыт. Бүкіл Американың жетістіктері осы тарихнама, жаңаша айтсақ сторителлинг негізінде қаланған. Алысқа барудың қажеті жоқ, осы заманның батыры Стив Джобстың бастан кешкендерінің өзі, қаншама кітапқа негіз болды. Үлгі ретінде Ted Talks видеоларын қарап көріңіздер.

Пранк

Тікелей аударғанда бұзақылық деген мағына береді. Шетелде пранк жанры жақсы дамыған, ал Қазақстанда аса танымал емес. Себебі, біздің қоғамның ерекшеліктеріне байланысты, көңіл көтеру үшін камера алдында бұзақылық жасау тым қауіпті көрінетіндей. Қалай дегенмен де пранк түсіру бағыты әзірге бос.

Отбасылық арна

Отбасылық арналардың аудиториясы өте ауқымды, мұндай каналдар әсіресе балалар арасында кең таралған. Қазіргі балақайларға YouTube-ті қалай қосу керектін үйретудің қажеті жоқ болса керек. Ата-аналар да бұған үйреніп алған, балақайлар мұндай контент түрін күнде тұтынатынын ескерсек, қаралым саны бойынша проблема туындамаса керек. “Мистер Макс”, “Аминка Витаминка” арналары отбасылық арналардың алдынғы шебінде келе жатыр.

Компьютерлік ойындар

Ең тез дамып келе жатқан салалардың бірі киберспорт. Ірі корпорациялар киберспорт саласына миллиардтаған қаржы құюда. Ал, әлемдік және жергелікті киберспорт жарыстарындағы жүлде қорларының алды 24 миллион доллардан асып түсті. Дәл осы сынды компьютерлік ойындарды арнайы бағдарламалар арқылы түсіріп көрсетуді Lets Play деп атайды. Бұл жанрдың әлем бойынша өз жұлдыздары қалыптасып үлгерді. Қазақстанда да жақсы дамып келеді.

Спорт

Спорт арналары да көрермен арасында жоғары сұранысқа ие. Спорт жұлдыздарының өмірі, алда болатын сайыстарға болжам, болып кеткен ойындарға сараптама тағысын тағы. Спорт саласында контентке кенде болмасыңыз анық.

Аспаздық

Аспаздық АҚШ, Еуропа елдерінде жақсы дамыған, 7 миллионнан астам жазылушылары бар Gordon Ramsay сияқты аспаздардың видеолары 5 миллионнан астам қаралым жинайды. Бұл жанр да Қазақстанда өз орнын ойып тұрып алатынына сенеміз.

Сұлулық пен мода

Сұлулық саласы АҚШ-та ең дамыған жанрлардың бестігіне кіреді. Дұрыс бояну, дұрыс киіну, шаш бояу, тырнақ күтімі сияқты видеолар әрқашан көп қаралым жинайды. Ал, осы саланың беделді блогерлері бьюти индустриясының алпауыт компанияларынан қаржылық қолдау тауып жатады. Сұранысқа ие сала болғандықтан, ақылы жарнама тарту да жылдамырақ жүретініне сенім мол.

Жаңалықтар мен саясат

Жаңалықтар жанры көбіне ірі телеарналарға тиесілі. Ірі техникалық және адами ресурстардың көптігі, телеарнаға күнделікті контент ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар саяси шолулар да өз көрермендерін табады. Сіз егер саясатқа қызықсаңыз, мархабат. Бастысы жеке басыңыз бен саясаткердің функционалдық міндеттерінің айырмашылығын шатастырып алмау. YouTube интерфейсі әлемнің 76 тіліне аударылған. Бұл дегеніміз, интернет пайдаланушыларының 95%-ы оны өз тілінде көре алады. Осы фактіні ескере отырып, адамдардың YouTube-те не үшін видео түсіріп жариялайтынын қарастырайықшы: қызығушылығы ұқсас адамдарды табу, өз дарындылығын көрсету, қоғамдағы өзгерістерге әсер ету немесе бизнес мақсатында.

Тартымды контент жасау

Алдыңызға амбициялық мақсаттар қойдыңыз ба? YouTube жұлдызына айналғыңыз келе ме? Канал концепциясын ойластырыңыз. Белгіленген жоспарды орындаңыз. Сонда сізде бәрі болады!

1. Адамдар бөліскісі келетін контент

Қандай видеоларды достарыңызға көрсеткіңіз келеді?

Пайдаланушылар жиі тарататын роликтер вирустық деп аталады. Егер көрерменге видеоңыз ұнаса, ол өз достарымен қатар жазылушылармен бөліседі. Себебі, мұндай мазмұнды видеолар пайдаланушылардың мүдделері мен әсерлерін білдіреді. Мысалы, күлкілі видеолар әзіл үшін, ал танымдық – қызығушылықтың кеңдігін көрсету үшін жіберіледі. Видеоны қалай танымал етуге болады?

2. Өзекті. Талқылағыңыз келетін видеоларды түсіріңіз.

Таныс бөлшектер. Көрермендер сіздердің жұмыстарыңыздан таныс нәрсе көрсін. Мысалы, туған қаланың көшелері немесе біздің әрқайсымыз күнделікті көретін жағдайлар.

Құндылық. Видео көрермендерге қандай пайда әкелуі мүмкін? Танымдық роликтері өте танымал әрі оларды YouTube-тан жиі іздейді.

Қайталанбас. Көрермендерге сіз білетініңізді және өз талантыңызды көрсетіңіз.

Көрермендер отбасымен және достарымен қызықты видеоларды жиі бөліседі. Осы тұста, сіздің роликтеріңізді өзге адамдар қалай қабылдайтыны туралы ойланыңыз. Видео көрермендердің эмоционалдық реакциясын тудыра ма?

Көрермендерге өздерінің тәжірибесін көрсететін контент ұнайтын болғандықтан, олар YouTube-те әлеуметтік желілерде оларды достарымен бөлісуге дайын.

3. Қарым-қатынас. Сіз көрермендермен сөйлесесіз бе?

Аудиториямен қарым-қатынас жасай отырып, сіз көрермендердің қызығушылығын оятуға ұмтылыңыз. Видеороликтердің жаңа сериясы үшін тақырыпты ойлап тапқанда, көрермендермен диалогты қалай құру керектігін ұмытпаңыз. Мұндай жеке байланыс оларды адал да мүдделі жанкүйерлерге айналдырады. Көрермендеріңіздің әр қайсысына уақыт бөліңіз. Көрермендер үшін арнайы видеоларды түсіріңіз. Егер сіз видеоблог жүргізгіңіз келмесе, сұрақтарға жауап беретін немесе алғыс білдіретін роликтер жариялаңыз.

Өзіңізді табиғи еш жасандылықсыз ұстау маңызды. Өзіңізді достарыңызбен сөйлесудемін деп ойлап әрекет етсеңіз, қарым-қатынас жасау сізге оңайға соғады. Көрермендерге сұрақтар қойып, оларға келесі видеоларда жауап беру, атақты влогерлердің айла-тәсілдерінің бірі.

Жанкүйерлерден жаңа видеолар үшін идеяларымен бөлісуді сұрап, олардың идеясы іске асып жатса, алғыс айтуды ұмытпаңыз.

4. Біркелкілік. Роликтерді ортақ концепция немесе формат біріктіреді ме?

Барлық танымал авторлар үшін бірізділік тұрақты аудиторияны қалыптастыру үшін өте маңызды, бірақ олар бұл терминді басқаша түсінеді. Кейбіреулер бір күнде бір уақытта видео шығарады. Басқалары көрерменнің не күтетінін білу үшін таңдалған форматты ұстану маңызды деп санайды. Кейбіреулер шоу үшін харизматикалық жетекші табады. Тіпті, қарым-қатынас мәнерін өзгертпесеңіз, бұл да өзінше біркелкілік.

Демек, арна мен ондағы видеолардың стилистикасы тұтас болуы керек деген сөз ғой.

5. Аудитория мен тұрақтылық

Өз роликтеріңізде көздеген аудиторияңыздың мүдделерін ескеріңіз. Аудиторияңызды дәлірек анықтаған сайын, оның назарын аудару оңайырақ болады. Жанкүйерлеріңіз неғұрлым көп болса, арна соншалықты жылдам дамиды.

Әрқашан көрермендерді ұстап отыру тәсілдерін жетілдіріп отыру керек, әйтпесе, уақыт өте келе көрермендер қызығушылығын жоғалтады. Таңдалған тақырып болашақта да қызықты болып қала ма? Уақыт пен түсірілімге жұмсалатын энергияны үнемдеп, процесті тым шаршамайтындай етіп ұйымдастыру да өнер. Әдетте, түсіру оңай болған сайын, одан әрі жалғастыру ниеті арта түседі.

6. Ұсыныстар мен іздеу үшін оңтайландыру

Видеоңызды мазмұны бойынша іздеу немесе ұқсас видеолар тізімдерінде табу оңай ма?

YouTube – әлемдегі ең танымал іздеу жүйелерінің бірі. Адамдар мұнда әртүрлі тақырыптар бойынша видеоларды іздейді. Олар спорттық ойындар, сайлау немесе олимпиада сияқты өзекті оқиғалар. Кейде «көлікті қалай жөндеу керек» немесе «мерекелік макияжды қалай жасау керек» деген сияқты роликтерді іздейді. Маусымдық үрдістерді ескеріңіз, бірақ әрқашан өзекті тақырыптарды ұмытпаңыз. Егер сіз баланс таба алатын болсаңыз, онда сіздің роликтеріңізді іздеу нәтижелері мен ұқсас видеолар жиі пайда болады.

7. Басқа авторлармен ынтымақтастық. Сізде әлеуетті таныс авторлар бар ма?

Жазылушылардың санын көтерудің ең оңай әрі эффекті жоғары жолы, өзге авторлармен ынтымақтастық. Әсіресе, егер ол авторлармен ұқсас видеоларды түсірсеңіз.

Егер сіздің арнаңыздағы видеоны басқа танымал автор жарияласа, ол сізге өз аудиторияңызға пайдаланушыларды тартады. Егер сіз оларға ұнасаңыз, олар сіздің жазылушыларыңыз болады.

Қонақтарды өз шоуларыңызға шақырыңыз. Мұны оңай жасауға мүмкіндік беретін әдісті алдын ала ойлап табыңыз.

Нақты ұсыныстар жасаңыз. Авторлар үнемі өз видеоларымен жұмыс жасайды, сондықтан олардың уақытын алмау үшін бірден іске көшкен жөн. Ол автормен түсудің сценарийі алдын ала жазылған болса, әріптестіктің мүмкіндігі арта түседі.

Қонақтарды тартыңыз. Авторлар өз видеоңызға түскісі келетіндей жағдай жасаңыз. Егер олар нәтижеге риза болса, роликтер туралы көп адамдар біледі. YouTube-тен серіктес авторларды тауып, жаңа аудиторияның роликтерін көрсетіңіз. Қандай арналарды жасаушылармен жұмыс істегіңіз келеді? Оларға не ұсына аласыз?

Шабытты қайдан аласыз?

YouTube-тің үздік авторлары өз ісін жақсы көрудің өте маңызды екенін жиі айтады. Ең бастысы, қызықты автор екендігіңізді қалай көрсету керек? Егер сіз шынымен істеп жатқан нәрсені ұнатсаңыз, бұл қиын емес.

Видеоны алдын ала шығарыңыз. Егер сіз роликтерді белгілі бір күнге дайындасаңыз, оларды оның басталуына дейін кем дегенде бірнеше күн бұрын жариялауға тырысыңыз.

YouTube іздеу жүйесі роликті алдын-ала индекстеумен қатар көрермендердің ажиотажы сізге көп жаңа көріністерді әкеледі. Ескі және жаңа көрермендерді видео серияларына тарту үшін әлеуметтік желілерді, ақылы жарнамаларды сонымен қатар басқа да әдістерді пайдалануға болатыны тағы бар.

Видеокамера

Камера таңдау маңызды қадамдардың бірі. Оны таңдарда сіз арна алдына қандай мақсаттар қоясыз, қандай әсерге қол жеткізгіңіз келетінін басшылыққа алыңыз. Төменде біз камералардың екі негізгі типі туралы айтамыз:

Шағын камера. Мұндай камералар пайдалану оңай әрі әртүрлі жағдайларда видеоблогтарды жиі түсіру үшін жақсы. Кейбірінде сұйық кристалды дисплейі бар, сондықтан сіз түсіру процесін бақылай аласыз. Бұл нарықтағы қарапайым камералар салыстырмалы түрде бағалары арзан. Шамамен бағасы 500 АҚШ долларына дейін. Көптеген авторлар жиі әрі жылдам түсіру үшін осы шамадағы камераларды таңдайды.

Сандық айналы (зеркальный) камералар видеоға керемет сапа береді, бірақ оны қолдану қосымша дағдыларды қажет етеді. Мұндай камералармен әртүрлі линзаларды, обьективтерді қолдануға болады. Айна камералары қымбат (500-ден 2500 АҚШ долларына дейін). Оларды неғұрлым кәсіби немесе көркем бейнеге қол жеткізгісі келетін авторлар пайдаланады.

Бұдан басқа, әрбір смартфонда немесе планшетте камера бар екенін ескерейік. Сурет сапасы, әрине, нашарлау болуы мүмкін, бірақ сіз кез келген сәтте роликтерді түсіріп, бірте-бірте кәсіби жабдыққа өте аласыз. Оның үстіне соңғы шыққан смартфондардың видео түсіру сапасы, профессионалды камераларға жақындап келе жатқанына куәміз.

Жарық пен дыбыс, сапалы видеоның ең маңызды атрибуттары. Жарық, яғни жарығы мол видеолар көрермендерге қаттырақ ұнайды, сондықтан да тәжірибелі авторлар өз видеоларында жарықтың мол болғанын қалайды. Видео табиғи жарықта, яғни күн жарығымен тамаша сапада шығады. Видео түсірерде немес студияны жабдықтар кезде, күн жарығын максималды түрде       пайдаға асыру жағын ойланайық.

Дыбыс та видеоның маңызды бөлігі, жанрға қарай дыбысты қалай беретіндігімізді қарастырайық. Мысалы, спорт ойындарына шолу болса, артқы фондағы жанкүйерлердің дауысы сіздің көрермендеріңізге қалай әсер етеді? Ал студиялық шолу болса ше, мүмкін бұл жерде ешқандай артық дыбыс болмау керек шығар?

№8 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, кітаптан бір ауық сыртқа ойысып, сүйікті фильмімізге оралсақ. Фильмдегі өзіңіз ұнатқан кейіпкерлер арасындағы диалогты әлеуметтік желіге салу керек. Диалог ұзақтығы маңызды емес, ең бастасы түйіні болса, жеткілікті. Сондай-ақ #siqyrlysmm, #hogwartkz деген офил хэштегтерді қоюды ұмытпаймыз.

Не үшін? Кітаптың Гарри Поттер фильмімен байланысты екенін ескере келе, фильм туралы сұрақтарды қосуды жөн санадық.

Түсіруден кейін

Сценарий жазу кезінде монтаждау туралы ойлауды бастау керек. Бұл видео қалай көрінетінін, көрермендерге қандай реакция тудыратынын алдын ала анықтауға көмектеседі. Мұндай тәсіл монтаждау процесін жеңілдетеді, өйткені сіз ролигіңіздің қандай болуы керек екенін елестетесіз.

Ракурстар мен камера орналасуын бағамдаймыз. Видео басталады және аяқталады, сондай-ақ сюжеттің негізгі сәттерін ойластырамыз.

Барлығы алдын ала ойластырылған кезде, процесс тезірек өтеді, ал сіз монтажға көп уақыт жұмсамайсыз.

Құралдарды таңдау

Монтажға қатысты, көптеген мүмкіндіктер бар әрі көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Көбінесе авторлар тегін онлайн немесе офлайнредакторлардан бастайды. Басқалары озық бағдарламаларды сатып алады.

Функциялары. Тіпті қымбат емес бағдарламаларда түс немесе қанықтықты түзету сияқты көптеген функциялар бар. Қымбат қолданбалар бұлтта ортақ жобаны жасау немесе жеке жұмыс аймағын баптау сияқты көп мүмкіндіктерді ұсынады.

Монтаждаудың негізгі кезеңдері

Видеоны монтаждаудың универсал жолы жоқ, бірақ көптеген авторлар келесі жоспарды ұстанады:

Алынған материалды импорттау мен жүйелеу. Заманауи смартфонды пайдалана отырып, видео түсіріп, бірден редакциялауға болады. Бірақ егер сіз камераға дубль жазсаңыз, материалдарды компьютерге көшіру қажет. Содан кейін файлдарды кейін оңай табуға болатындай етіп ұйымдастырамыз. Түпнұсқалардың сақтық көшірмесін жасауды ұмытпайық.

Үздік дубльдерді таңдаңыз. Оларды уақытша шкалаға қойып, сюжетке сәйкес орналастыруға болады. Көптеген бағдарламалар маңызды сәттерді белгілеу үшін маркерлерді орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, дыбыс әсерін енгізуді жоспарлап отырған кадрды, маркермен белгілеп қою керек.

Қысқарту

Бұл кезеңде артық кадрларды кесіңіз немесе дұрыс емес дубльдерді алып, ұзақ кідірістер мен паразит сөздерді алып тастаймыз. Мүмкін, материалды бірнеше рет қайта қарау немесе жобаға жаңа көзқараспен қарау үшін үзіліс жасау керек шығар?

Көрнекі және дыбыстық әсерлерді қосу керек. Видеоны музыкамен, дыбыстық әсермен толықтырып көрейік. Оларды YouTube Фонотекасында толып тұр. Қосқан дыбыс жолағын көзді жұмып тұрып тыңдап көрген жақсы нәтиже береді. Дауыс, дыбыс әсерлері мен музыка жақсы үйлескеніне көз жеткізейік.

Түстер. Барлық кадрлар бірдей түс гаммасында болу үшін жарықтық немесе реңкті өзгертуге болады. Біз түстерді суық немесе жылы жасай отырып, белгілі бір көңіл-күйді жасай аламыз. Соңында, кадрларды бөлу үшін қанықтықты және контрасты өзгерте аламыз.

Кәсіби видео өңдеу

Мол тәжірибе – бұл монтажды үйренудің ең жақсы тәсілі. Қандай бағдарламаны қолдансаңыз да, ең жиі операциялар үшін пернелер тіркесімін жаттап алуға тырысайық (горячие клавиши). YouTube және басқа да платформаларда монтаждың қулықтары туралы көптеген видеолар табуға болады. Белгілі бір бағдарламада жұмыс істеуді үйрену үшін мастер-класстарға немесе онлайн курстарға баруды ұсынамыз.

Қарқын туралы. Роликтің оқиғалары қандай қарқынмен дамитынын қаперімізде ұстайық. Толқу мен шиеленісті ерекшелеу керек шығар?

Аудиторияны ұстау туралы есепті талдап үйренейік, яғни көрерменнің сіздің видеоңызды қарау ұзақтығы. Көрермендер видеоның белгілі бір сәттерін өткізіп, ойнатқышты жабуына байланысты көрсеткіштер құлауы мүмкін.

Музыка

Музыка видеоны қызықты ете алады. Музыка жаңа эмоциялар береді. Музыка көрерменді тарихыңызға батырып, эмоцияларды, ырғақты және энергияны бере алады. Фильмдерге немесе сериалдарға байланысты музыкаға назар аударыңыз. Музыкасыз негізгі көріністер қалай басқаша көрінеді деп көзге елестетіп көрейікші. Сонда дыбыстың маңыздылығын түсінеміз.

Комедиялар күлкі тудыруы керек, сондықтан музыка әдетте тірі әрі көңілді болып келеді.

Драмалар, кейіпкерлердің эмоциялары мен олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды көрсету үшін неғұрлым нәзік музыканы жиі қамтиды.

Өз құқықтарыңызбен танысыңыз

Егер музыканы видеода пайдаланғыңыз келсе, ескертулерді алмау үшін YouTube-тің авторлық құқықтарға қатысты ережелерімен танысыңыз. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз Сізге тиесілі емес музыканы роликтерге орналастырмаңыз.

YouTube фонотекасында авторларға тегін музыка мен дыбыс әсерлері жинақталған. Ол жерден еркін жүктеуге және видеоларда пайдалана беруге болады.

Егер музыканы басқа ресурстардан пайдаланғыңыз келсе, музыка авторлығына құқық иеленуші, музыка үшін қандай ережелер орнатқанын білу маңызды.

Сондай-ақ, Audiosocket пен Epidemic сияқты кейбір ақылы ресурстарда лайықты композицияларды табуға болады.

YouTube-тан қалай ақша табуға болады?

YouTube Partners бағдарламасының қатысушылары ғана видеоларын монети-

зациялай алады. Егер сіздің арнаңыздың 1000 жазылушысы болса, 12 ай ішінде 4000 сағаттан артық қаралым жинаса, монетизация бойынша серіктестікке YouTube арнайы бөлімінде өтініш қалдырыңыз.

Көрермендерге ұнайтын видеоларды монетизация жасаңыз. Содан кейін сіз түсіруге жұмсалған қаражатты өтеу ғана емес, сондай-ақ арнаңызды гүлденген бизнеске айналдыра аласыз. Жарнаманың көрсетілуін іске қосқыңыз келетін роликтер монетизацияға қатысты YouTube ережелеріне сәйкес болуы тиіс екені қаперіңізде болсын.

Жарнама көрсетуден басқа, YouTube-те ақша табудың басқа да жолдары бар. Оларға брендтермен ынтымақтастық, тауарлар мен қызметтердің видеодағы тікелей жарнамасы үшін қаражат алу кіреді.

Краудфандинг. Краудфандинг автордың шығармашылық идеяларын іске асыру үшін қажетті соманы жинауға көмектесе алады. Сізге сондай-ақ, үшінші тарап сайтында өз арнасын дамытуға қаражат жинау науқанын іске қосуға болады.

Әдетте жарнама берушілер көп жазылушылары бар немесе көрермендердің белгілі бір санаты бар арналарға назар аударады. Сондықтан, сіздің бірінші әрі басты міндетіңіз – аудиторияны кеңейту.

№9 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, бізге енді YouTube ұсынатын YouTube Авторлық академиясының сертификаттарына да жеттік. Белгісіз себептерге байланысты YouTube Авторлық академиясы Қазақстанда жиі бұғатталып істемей қалады. Бірақ VPN арқылы жалғанып, алғашқы курстарын оқып, серификат алған тәлімгерлерге профессор Рубиус Хаглеттің арнайы сыйлықтары бар. QR код арқылы өтсеңіз, видеода түсіндірмесі бар.

Не үшін? Әлемдік алпауыт компаниялар, адамдардың білімін жетілдіруі үшін түрлі тегін курстар жасаған. Соның бірі осы – YouTube, оның барынша қарапайым курстарынан өтіп, контенттің қалай жасалатынына көз жеткізейік.

IV БӨЛІМ

FACEBOOK

Құрметті тәлімгер!

Facebook дәрістеріне қош келдіңіз!

Дәрісті профессор Римус Люпин жүргізеді. Facebook жүргізуге арналған Hogwart SMM мектебінің тәлімгерлеріне арналған нұсқаулық.

Facebook негіздері

Facebook әлеуметтік желісінің миссиясы – адамдарға қауымдастық құруға, әлемді жақындастыруға мүмкіндік беру.

Жер бетіндегі интернет пайдаланушылар Facebook-ті достарымен, отбасымен қарымқатынас жасау үшін қолданады, сондай-ақ бизнесте де пайдасын көреді. Сіздің бизнесіңіз дамуы үшін клиенттердің көп болғаны маңызды.

Мысалға, интернетте бизнесіңізді дамыту үшін сайт немесе мобайл қолданбаларды жасау сіз үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Адамдар көп уақытын жұмсайтын смартфон, планшет, ноутбук сияқты барлық құрылғылармен Facebook әлеуметтік желісіне тегін кіруіңізге болады. Қысқаша айтқанда, тіркелу тегін. Facebook-те өз бизнеспарақшаңызды ашуға сізге керегі жеке профайл ғана.

Профайл мен парақша

Профайл (Profile) – өз аты-жөніңіз, туған күніңіз, қайда тұратыныңызды жазып тіркелген жеке аккаунтыңыз. Профайл жеке тұлғалар үшін ашылады. Компания үшін профайл ашуға болмайды, өйткені профайлға адам достық жібереді. Ал, заңды тұлғамен, яғни компаниямен достасу мүмкін емес.

Парақша (Page) – бизнесті дамыту мақсатында профайлмен ашатын бөлек бір бет. Ол жерде компания атынан ресми ақпараттар, қызықты жаңалықтар мен жарнамалық жазбалар шығады. Кейбір жеке тұлғалар өз атынан парақша ашып алып, ресми мақсатта пайдаланады. Сондай-ақ, парақшаның профайлдан негізгі артықшылығы парақшада ақша төлеп, таргетинг жарнама жасауға болады. Таргетинг туралы кейінірек тоқталамыз.

Статус

Статус деген профайлыңызда жазатын жазбаңыз. Жазбаны пост деп те айтамыз. Facebook сізден күнде “Не ойлап отырсыз?” (ағылшынша “What is in your mind?”) деп сұрайды, сол кезде онда тіркелген қолданушылар әр түрлі нәрсе жазады. Біреулер сурет салса, кейбіреулері видео жүктейді, неше түрлі философиялық ойлар кетеді. Басында Facebook қиын көрінгенімен, бір қызығына кірсеңіз, шыға алмай қаласыз.

Сіздің парақшаңыздың белсенді әрі сенімді бизнес екенін көрсету үшін қызықты ақпарат болуы тиіс. Сол мақсатта компанияңыз туралы жазбаларды жариялай бастаңыз. Facebookтағы достарыңызды клиентіңізге айналдырыңыз.

Парақшада пост жариялау – потенциал клиенттерді тартудың тамаша тәсілі. Потенциал клиент дегеніміз сіздің тауарыңызға, қызметіңізге қызығып жүрген болашақ клиент. Сіздің парақшадағы жазбаларыңыз сіздің бизнес немесе сіздің саладағы жаңалықтар жайлы болуы керек. Қысқа, қызықты контент салыңыз. Интернетте не сатып жатқаныңыз туралы хабарлаңыз, жаңа өнімді бөлісіп отырыңыз.

№10 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, QR код арқылы өтіп, видео нұсқаулықтағы тапсырманы орындаңыз. Сіз ол жерден Facebook және Instagram бойынша сертификат алуды үйренесіз.

Не үшін? Халықаралық сертификаттар сіздің резюмеңізге қосымша болары анық. Жақсы жұмысқа орналасып кетуіңізге тілектеспіз.

Фото / Видео

Визуалды контент сізге онлайнда тез танымал болуға көмектеседі. Түрлі картинкалар мен фотоларды жарияласаңыз, парақшаңызда жай ғана мәтін тұрғанға қарағанда көп адамға қызықты болады. Facebook-тағы жаңалықтар лентасын айналдырған кезде қарап көріңіз. Біз көбіне лентаны шолып отырғанда, көзге көрінген әсерді тез қабылдаймыз.

Facebook Live

Facebook Live – аудиториямен байланысқа шығатын тікелей эфир. Ол арқылы видео танымалдылығы жылдам өседі, сондықтан көптеген компаниялардың Facebook Live пайдаланатыны таңқаларлық жағдай емес. Facebook Live видео арқылы адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сіз дәл осы жерде, олармен тірі байланысты сезінесіз. Бұл клиенттердің назарын аудартатын әдемі әдістердің бірі. Не үшін? Өйткені Facebook Live видеодағы оқиға. Ал қазіргі таңда бұндай жаңа технология әлдеқайда қызықты көрінеді.

Сторис

Сторис (Stories) – Facebook бетінде 24 сағат ішінде көруге болатын фотолар мен видеолар жиынтығы. Сторис арқылы күнделікті көрген, білген, пост қылып жазуға келмейтін, уақытша әсеріңізді фото мен видео форматта жеткізу түрі.

Сторис – адамдар мен компанияларға өздерін шығармашылығын танытуға, күнделікті өмірінен тыс сәттерді бастан өткізуге, ең бастысы өздерін ірі қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Сіздің бизнесіңізді көрсететін оқиғалар, жарнамалық акциялар мен жаңа өнімдерді енгізетін әңгімелер – бұл мүмкіндікті пайдаланудың ең жақсы жолы.

Messenger: Клиенттермен байланыс

Адамдар жаһандық ауқымда хабар алмасуды көп пайдаланады. Олар достарымен, отбасымен, сүйікті компаниялармен мобайл қолданбалар арқылы сөйлесе алады. Жасына қарамастан, адамдар телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабар алмасуды қалайды, себебі бұл қарым-қатынасты жеңілдетеді. Жақында Nielsen сауалнамасы көрсеткендей, адамдардың 53% бөлігі олар тікелей хабарласа алатын бизнесті сатып алғысы келеді.

Не үшін Messenger пайдалану керек?

Messenger мобайл құрылғысымен жұмыс үстелінде отырып-ақ адамдармен жылдам қарымқатынас жасау үшін қажетті барлық жағдайды жасайды. Бұл Сіздің бизнесіңізге клиенттермен байланысудың жылдам әрі ыңғайлы жолын ұсынады. Шын мәнінде, ай сайын адамдар мен компаниялар арасында екі миллиардтан астам хабарламалар жіберіледі.

Адамдар өз достарымен, отбасымен сөйлесу үшін хабар алмасу бағдарламасына көбірек сенетіндіктен, олар бірден, мәнерлі, конвергентті компаниялармен сөйлесе алады. Сізге қазіргі клиенттермен жақсы қарым-қатынас жасауға қалай көмектесе алатынын көруге дайынсыз ба? Ендеше былай істеңіз:

• клиенттеріңіз Facebook арқылы сізді таба алатындай, бизнес парақшаңызға мессенджерді (хабар алмасуды) қосыңыз;

• болашақ клиенттеріңізге бизнесіңізді тауып, сізбен байланысуға көмектесу үшін мессенджер сілтемесін, кодын пайдаланыңыз;

• хабарламаларға тиімді жауап беру үшін поштаңыз үшін әртүрлі байланыс құралдарын жасап, басқарыңыз.

№11 ТАПСЫРМА

Бұл тапсырма өте қарапайым. Біздің білуімізше көптеген қазақстандықтар Facebook желісіне тіркелмеген. Сондықтан да осы олқылықтың орнын толтырып, Facebooke-ке тіркелуге шақырамыз. Тіркеліп қана қоймай пайдалы ақпаратпен бөлісіп, сапалы пост жазатын Facebook жұлдыздары болуыңызға тілектеспіз.

Не үшін? Facebook желісінде көптеген әлеуметтік мәселелер шешіледі. Адам өміріне, дамуына, оған қоса мемлекеттегі жақсы өзгерістерге әсері мол. Сондықтан Facebook-те белсенді отыратын қолданушыларға құрметпен қараймыз.

Профайл мен парақша айырмашылығы

Facebook-тағы таргетинг жарнамасы

Facebook-тағы таргетинг жарнама – заманауи компанияның маркетинг стратегиясының негізгі бөлімі. Оның көмегімен Facebook, Instagram, Messenger алаңдарындағы аудиторияны жоғары нақтылықта кішірейтілген әрі кең көлемде қамтуға болады. Бүкіл әлемдегі интернет қолданушылардың жартысы айына бір рет болса да Facebook-ты қолданғандықтан, әлеуметтік желідегі қолданушылардың өзі туралы жазған ақпаратына сүйеніп, таргетинг жасалады.

Facebook таргетинг жарнамасын жасаудың үш түрлі стратегиясын ұсынады.

• Негізгі аудитория: Facebook-тағы мәліметтер негізіндегі таргетинг

• Қолданушылар аудиториясы: сіздің сайтыңыздағы немесе басқа да ресурстағы мәліметтер көмегімен сіз танитын адамдарға таргетинг

• Ұқсас аудитория: Facebook-тағы таргетинг құралы мен қолданушылар аудиториясы көмегімен жаңа клиенттер іздеу.

Негізгі аудиторияның жарнамалық элементтеріне демографиялық, геолокациялық, қызығушылық, байланыс туралы мәліметтер кіреді.

Демографиялық ақпаратқа адамдардың өзі жазған білімі, саяси көзқарасы, отбасылық жағдайы, өміріндегі айтулы оқиғалар, жұмысы сияқты мәліметтер болады. Геолокациялық ақпаратқа адамның тұрақты немесе уақытша тұратын жерінің пошта индексі, қала, облыс, ел, тіпті әлемге қатысты мәліметтер кіреді. Қызығушылық дегеніміз – неге қызығады, спорт, кітап оқу, қыдыру, хобби деген сөз. Байланыс бойынша таргетинг Facebook-тағы сіздің парақшаңыз, ұйымдастырған шараларыңыз бен пайдаланған қолданбаларыңызға қатысты жарнама жасау.

Геотаргетинг

Геотаргетингтің төрт түрі бар. Сіз жарнаманы былай көрсете аласыз:

1. бәріне (Everyone in this location), белгілі бір жерде тұратын адамдарға;

2. жергілікті тұрғындарға (People who live in this location) — тек қана сол жерде өмір сүретін адамдарға;

3. жаңа тұрғындарға (People recently in this location) — жақында ғана тұрғылықты жерін өзгерткендерге;

4. қонақтарға (People traveling in this location) — басқа жерге қыдырып барып, өзі тұрмайтын жерді белгілегендерге.

Компьютер сататын дүкен жарнама жасағанда, сол аймақтың тұрғындары мен жақында көшіп келген адамдарға таргетинг көрсетсе, жарнамадан үнемдейді. Уақытша келген туристерге көрсеткеннен пайда жоқ, өйткені олар компьютер сатып алмайды. Ал, керісінше ресторан немесе бутигіңіз болса, сол аймақтағы барлық адамға көрсетсеңіз, жарнаманың тиімділігі артады.

Бүкіл әлемдегі адамдарды қамту немесе таргетинг үшін арнайы аймақты, елді, қаланы, индексті таңдағанда, “Қарау” функциясын пайдаланыңыз.

Мекенжайды қолданып, сол аймақта 1-80 км жерде өмір сүретін адамдарға жарнаманы

көрсете аласыз.

ЕСКЕРТУ! Бұл жағдайда тек қана мекенжайын жазған, геолокациясын қосқан пайдаланушыларға көрінеді. Сол жағын есте сақтағаныңыз жөн.

Аймақ бойынша таргетинг

Аймақ бойынша таргетинг географиялық белгісіне қарамай, арнайы статусына қарай жасалады. Мысалға, аймақ бойынша мынадай жарнама түрлері бар:

• Еркін сауда айналымындағы аймақтар. Мысалға, Еуропалық экономикалық аймақ.

• Қолданбалар дүкені бар аймақтар. iTunes қолданбалар дүкені бар немесе Android платформасына тегін/ақылы дүкендері орналасқан елдер. Бірден бірнеше дүкенді белгілеуге болады.

• Дамыған нарық. Таргетинг үшін жылдам экономикалық өсу көрсеткіші тіркелген 20 елдің бірін таңдауға болады.

• Еврозона. Негізгі валютасы евро саналатын елдерге таргетинг жасау.

Демография бойынша таргетинг

Жас бойынша таргетинг жасағанда, кейбір өнімдерді 18 жасқа жетпеген адамдарға жарнамалауға тыйым салатын Facebook заңы бар екенін ескеріңіз. Бұндай категорияға қаржылық қызметтер, құмар ойындары, лотереялар, денсаулық пен спортқа қатысты дүниелер жатады. Кейбір елдерде алкогольге қатысты түрлі жас шектеуі бар екенін де ұмытпаңыз.

Құрылғы бойынша таргетинг

Пайдаланатын құрылғылар – таргетинг ең маңызды параметрі. Жарнама жіберетін кезде, браузер, компьютер, смартфон арқылы кіретін адамдарды қосуыңыз не алып тастауыңызға болады.

Байланыс бойынша таргетинг

Таргетинг жасайтын кезде жарнама көретін адамдарды оларды қай бизнес парақшаға, қолданбаға немесе Facebook-тағы шараға қатысы бар екеніне қарай қосуға не алып тастауға болады.

Аудитория статистикасы

Аудитория дегеніміз не?

Insights-тан неғұрлым релеванттық контент жасай алатын Facebook аудиториясы туралы көбірек білуге болады. Бұл құрал сізге олардың бірегей екенін білу үшін сіздің аудиторияның жалпы Facebook-ты халықпен сипаттамаларын салыстыруға көмектеседі.

Аудитория түрін таңдау

Insights аудиториясы сіздің аудиторияңыздың географиясын, демографиясын және т.б. туралы біріктірілген ақпаратты ұсына отырып, көбірек білуге мүмкіндік береді. «Аудитория» құралында олар туралы білу үшін төмендегі аудиторияны таңдаңыз.

Аудиторияны құру

Аудиторияны анықтау үшін сол жақ фильтрді пайдаланыңыз.

Ескерту. Бар болғаны 60 категорияны таңдай аласыз. Көптеген жағдайларда әрбір бөлімде қосымша кестелерді басу аудиторияны анықтайды.

Таңдалған аудиторияның егжей-тегжейін есте сақтау үшін біз көк нүктемен пайдаланылатын алаңдарды ерекшелейміз. Таңдалған фильтрдің жанындағы ашылмалы тізімді пайдалана отырып, сіз сондай-ақ осы адамдарды аудиториядан алып тастау үшін осы фильтрді пайдалана аласыз. Бұрын таңдалған фильтрді жою үшін оң жақта «X» түймесін басыңыз.

Содан кейін сақтау батырмасын басыңыз.

Ескерту. Сіз көре алатын аудиторияның ең аз мөлшері 1000-ға тең. Егер аудиторияда 1000 адамнан кем болса, біз ақпарат бере алмаймыз. Аудитория санын сол жақ жоғарғы бұрышта бақылаңыз. Егер аудитория 1000 адамнан төмен түссе, аудиторияның көлемін арттыру үшін фильтрді жойыңыз немесе өзгертіңіз.

Аудитория анализі

Аудиторияңыз туралы көбірек біліңіз. Сіздің аудитория көк түспен ұсынылған, ал салыстыру аудиториясы (сіздің елдегі Facebook-тің барлық тұрғындары) сұр түспен ұсынылған. Жасы мен жынысы бойынша пайыздар осы аудитория үшін нақты пайыздарды көрсетеді. Басқа белгілердің көпшілігі үшін екі пайыз қол жетімді: осы аудитория үшін нақты пайыз және Facebook индексімен салыстыру.

Көрсеткішті аудиторияға орнатқан кезде кейде қосымша мәліметтер пайда болады.

Аудиторияның белгісі бойынша нұқу оны таңдауға сонымен қатар нәтижелерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Ескерту. Insights аудиториясы 18+ адамдар үшін ғана деректерді көрсетеді.

Енді сіз аудиторияңыздың неғұрлым терең түсінігін алу үшін Insights аудитория құралын пайдалануды, оның мақсатын білдіңіз. Бұл сізге жақсы нәтижелер әкеліп, релеванттық маркетингтік хабарламалар жасауға көмектесе алады.

Егер сіз тұтынушылардың ұстанымдары мен мінез-құлықтары туралы көбірек білгіңіз келсе, біз сондай-ақ Facebook IQ келуге кеңес береміз.

№12 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер! Facebook әлеуметтік желісінде тіркеліп алған соң, анкетаны, өзіміз туралы ақпаратты жақсылап толтыру, осы бөлімнің тапырмасы болмақ. Төмендегi QR код арқылы Facebook парақшаға өтіп, аватарға біз ұсынған дизайндағы фото жақтауларды қолданып, аватарыңызды өзгертіңіз. Сосын дәл осындай аватары бар адамдарға достық ұсынып, бір-бірімізді тауып достасайық.

Не үшін? Біріншіден, бұл бізге қолдау. Екіншіден, біздің бір стильдегі аватарларымызды көріп адамдар біздің көп екенімізді көреді.

V БӨЛІМ

TELEGRAM

Құрметті, тәлімгер!

Telegram дәрістеріне қош келдіңіз!

Дәрісті профессор Северус Снегг жүргізеді. Telegram жүргізуге арналған Hogwart SMM мектебінің тәлімгерлеріне арналған нұсқаулық.

Telegram туралы бірер сөз

Ресейде заңды түрде бұғатталған, ВКонтаке әлеуметтік желісінің авторы Павел Дуровтың тағы бір қолбаласы Telegram қазір қарыштап дамып жатыр. Ол өзінің бәсекелестерінен қауіпсіздігі жағы мен функционалдық жағынан көш ілгері. Егер Facebooke-ке тиесілі WhatsApp өзінің жарнамалық жүйесін қосса, қалың жұрт Telegramға қарай ойысады деген пікірлер айтылуда. Оның үстіне мына кітаптың ресми парақшасын Telegram-нан ашып, онлайн қауымдастықты сол жақта жүргіземіз деп шештік. Сол себепті аталған мессенджер жайында тоқтала кетейік.

Тіркелу оңай. Telegram халық арасында кең таралып үлгерді. Оның интерфейсі оңай әрі қолдануға ыңғайлы, қарапайым. Play Market пен App Store-дан бөлек компьютердегі браузермен Web нұсқасына да кірсе болады.

Telegram-ды қалай пайдалануға болады?

Шын мәнінде, мессенджер интерфейсі өте қарапайым. Тіпті қолыңызда арнайы нұсқаулық болмаса да, қолданбаның негізгі функцияларын тез түсінуге болады. Алдымен, әрине, тіркелу керек. Ол үшін: ұялы телефон нөмірін сол үшін арнайы бөлінген алаңға енгізіп, телефонға арнайы коды бар SMS келіп түскенін күтеміз. Бұл кодты басқа алаңға енгізу керек, содан кейін профайлды өңдеуге көшуге болады.

Профайлды өңдеу үшін экранның жоғарғы сол жақ бұрышындағы жолақтар түріндегі қызметтік батырмасын басып, Settings тармағын таңдау керек. Параметрлері қолжетімді болады:

Аватар фотосы. Фотоны камерадан да, файлдан да жүктеуге болады; Телефон нөмірі; Аты-жөніңіз.

Telegram-ды пайдаланбас бұрын, біреуді байланыс парағына қосу керек. Егер телефон кітабында таныстарыңыздың біреуі жеделхатты пайдаланса, онда оларды достыққа қосу ұсынылады. Сонымен қатар, телефон кітабында пайдаланушы атының жанында жеделхат пайда болуы мүмкін. Жаңа пайдаланушыны табу үшін, оның атын іздеу жолында, лупасы бар белгіше тұрған жерге теру жеткілікті. Біреуді жазу үшін: көк шеңбердегі қарындаш белгісін басу.

Пайдаланушы хабар жіберу үшін таңдау ұсынысы пайда болады. Қажетті контактіні таңдағаннан кейін сол пайдаланушымен чат ашылады.

Топтық сөйлесуді бастау үшін, жолақтар түріндегі қызметтік түймені басып, New group тармағын таңдауға болады. Одан кейінгі қарымқатынас үшін топқа пайдаланушылардың қайсысын қосу керектігі сұралады. Telegram мобайл нұсқасының ерекшеліктерінің бірі – құпия чаттарды жасау мүмкіндігі. Оны жасау үшін жолақтар түріндегі қызметтік батырманы басу және New Secret Chat таңдау керек.

Telegram мессенджерінің сиқырлы тұстары

Қауіпсіздік. Мессенджерді жасап шыққан адамдар, оны бұзып кіру мүмкін емес дейді. Себебі, оның мәліметтерді шифрлау жүйесі керемет жұмыс істейді.

Қызықты. Мессенджер шынымен де іш пыстырмайды, оның стикерлері, эмодзи, смайликтері, аудио тыңдау мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, сауалнама, сілтеме, тест өту сияқты артықшылықтары бар.

Бұлтты технология. Барлық ақпарат бұлттық технологияда сақталады, яғни Telegram-ның серверлерінде. Сондықтан да сіздің құрылғыңыздың жадысын толтырып тастамайды.

Жарнама. Жарнама мүлдем жоқ. Жоқ болғанда қалай, кішкене бар, бірақ ол жарнаманы Telegram емес, қолданушылар жібереді. Telegram түрлі өзгертулерге бейім, осы арқылы функционалын кеңейтуге болады.

Іздеу жүйесі. Иә, бұл да ең ыңғайлы функциялардың бірі, күллі Telegram бойынша немесе канал мен чат ішінде кілт сөздер арқылы керек ақпаратыңызды оңай тауып аласыз.

Контентпен жұмыс. Ондағы каналдарды ұзын бір лонгрид десе де болады. Ал, фокуста әрқашан жаңа немесе актуал ақпарат шығып тұрады. Сондай-ақ, каналдан ескі ақпараттарды оқып отырып шығып кетіп, артынан қайтып айналып кірсеңіз, тоқтаған жеріңізден қайта жалғастырып оқуға мүмкіндік бар.

Білім алу. Бос уақытыңызда курс оқып, артынша біліміңізді арнайы боттың сұрақтарына жауап беру арқылы тексеріп отыруға мүмкіндік бар.

1. Ортақ чат. Топ қатысушылары 200 адамға дейін жететін ортақ чат. Мұнда қаласаңыз қозғалып отырған тақырыпқа байланысты модерациялау немесе еркін жазуға мүмкіндік беру функциясы бар. Топта файлдармен және сілтемелермен бөлісуге болады.

2. Супер топтар.

Кәдімгі топтар сияқты, бірақ мұнда қатысушылар саны 500-ге дейін қосуға мүмкіндік бар. Арнайы белгі қойып, хабарламаларды жоғарғы жаққа бекітіп қоюға болады. Яғни, топқа       кешігіп кірген қатысушылар маңызды ақпаратты жіберіп алмайды деген сөз.

3. Канал.

Жазылушылар саны бойынша шектеу жоқ. Ақпаратты тарату, монолог режимінде жүреді. Бірақ, түрлі дауыс беру фукциялары арқылы оқырман ойын біліп отыруға болады.

4. Бот.

Боттардың дайынын немесе нөлден бастап дайындауға болады. Бот бұл – командалар жиынтығы, боттардың қолданылу аясы өте кең екеніне көзіміз жетіп жүр.

5. Құпия чат.

Екі адам арасындағы жазысу, тек қолданушылардың құрылғысында ғана сақталады. Артынша жазба диалогын өшірсеңіз, хаттар екінші жақтан да өшіп кетеді.

6. Жеке чат.

Өз-өзіңізбен чат құру мүмкіндігі. Керекті ақпаратты сақтап жүретін немесе жазып жүретін блокноттан айнымайды. Файлдарды да сақтай береді. Жылдам мәтіндік хабар алмасу.

Салмағы 1,5 ГБ дейінгі кез келген медиафайлдарды жібере алу.

Табыс табу үшін мессенджерді қалай пайдалануға болады?

1. Арнайы Telegram каналын ашып жүргізу

2. Жарияланатын контентті ойластыру

3. Алғашқы жазбаларды жариялау

4. Танымал пайдаланушыларға каналдың жарнамасына тапсырыс беру

5. Статистиканы бақылау және оған сәйкес контент-жоспарды өзгерту

6. Каналды дамытуға арналған программаларды, боттарды пайдалану қажет емес. Келген аудитория белсенді болмайды, пайда әкелмейді. Яғни, жазылушылар көп болса, потенциал клиенттер де көп. Аудитория ұлғайған кезде жарнама арқылы ақша табуға болады.

Контент бағыты

Сіздің брендіңіздің жазбалары әр түрлі бағытта болуы мүмкін:

• Жарнамалық

• Ақпараттық

• Ойын-сауық

Аудиторияға көбірек не ұнайтынын түсіну үшін статистиканы қадағалау маңызды. Сонымен, уақыт өте келе, сіздің бренд танымал болып, бизнесіңіздің пайдасы артады.

Telegram мессенджері туралы сан сауал

Ол кімге қажет?

Telegram жылдам, сенімді хабар алмасуды қалайтын барлық адамдар үшін жасалған. Кәсіпкерлер мен шағын компаниялар топтарды, компьютерге арналған қолданбаларды және файлдармен жұмыс істеуді бағалайды. Топтық чаттарда хабарламаларды жіберу, ескерту мен хештегтер қолжетімді, сондықтан да үлкен конференцияларда да (100 мыңға дейін қатысушылар пайдаланады) тиімді әрі реттелген қарым-қатынас құруға өте ыңғайлы.

Telegram аудармашы қызметін жасай ала ма?

Өкінішке орай, Telegram-да хабарламаларды аударатын бағдарлама жоқ. Бірақ, бұл мессенджердің барлық мүмкіндіктерін шебер қолданса, қиын емес. Баршаңыз түсініп отырғандай, әңгіме пайдалы және ақылды көмекшілер – боттар туралы болып жатыр. Олардың бірнешеуі: егер сіз достарыңызда @dict_bat есімді аккаунтты қоссаңыз, онда сөздің көптеген мағыналары бар сөздікте қажеттілік жай ғана жойылады – ол электронды болады. Әңгімеде қарым-қатынас тез болғанда, әр сөзді аударуға кейде уақыт жоқ. Ондайда көмекке @ytranslatebot – Яндекс аудармашысы келеді. Дегенмен, оның сапасы төмендеу.

Telegram-да «last seen recently» дегеніміз не?

Жалпы пайдаланушылар өздерінің желіде болған уақытын нақты көрсетуді қаламады, оны баптау арқылы жасырды. Бірақ желіде ол бірнеше сағат бұрын болса, ол туралы бағдарлама хабарлайды.

Мессенджерде қандай ерекшелік бар?

Атап айтсақ: боттар. Жеке жасанды интеллект – бұл керемет емес пе? Бұл боттер сізбен бірге шахмат ойнап, кешке қарай жақсы фильм тауып береді.

Кітаптар мен аудиокітаптарды Telegramда оқуға және тыңдауға бола ма?

Сіз жай ғана оны өзіңізбен диалогқа енгізіп, іске қосуға болады. Бір жазба аяқталған соң, екіншісі автоматты түрде іске қосылады. Жаңартудан кейін қарапайым кітаптарды жүктеу және ашу туралы мәселе әлдеқайда қиын. Тек диалогта жүктелген файлды бассаңыз ол іске қосылады.

Сізге бірнеше кітаптары бар боттарды ұсынамыз:

@FreeBooksBot.

@tap2bot.

@mybookbot.

Telegram месенджерінің WhatsApp-тан айырмашылығы неде?

WhatsApp-қа қарағанда, Telegram бұлттық технологияда жұмыс істейді, сонымен қатар, барлық трафикті (соның ішінде берілетін файлдарды да) шифрлайды. Осының арқасында, хабарламаны кез келген құрылғыда пайдалануға және фотолардың, видеолардың басқа да файлдармен (doc, zip, mp3, т.б.) шектеусіз алмасуға болады. Сондай-ақ, таратылған инфрақұрылым мен қуатты серверлердің арқасында Telegram кез келген оған ұқсас қолданбадан әлдеқайда қауіпсіз әрі жылдамырақ (WhatsApp, Viber, т.б.).

№13 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, сіздердің топтарыңыздағы қарым-қатынас қалай өрбуде? Мүмкін өзіңізге жаңа достар тапқан боларсыз. Hogwart SMM мектебіндегі жанұяңыз туралы сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. Сондықтан топ туралы, ондағы адамдар туралы ойыңызды #siqyrlysmm, #hogwartkz хэштегтерін қолдану арқылы бөлісіңіз.

Не үшін? Кез келген тауар өндірушілерге (егер ол тұтынушылары алдында жауапкершілігін сезінсе), оларға тауар туралы тұтынушылардың пікірі өте қызық. Сол себепті топ болып бірігудің нәтижесін саралап, тексеру мақсаты тұр.

VI БӨЛІМ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Контент жасаушылар мен тұтынушылар

Әлеуметтік желі пайдаланушыларын үлкен екі топқа бөлсек болады: контент жасаушылар мен тұтынушылар.

Адам желіге дайындалып саналы түрде кіретін болса, ол – контент жасаушы. Ал, егер мақсатсыз кіріп кетіп, ішінен шыға алмай, уақытының қалай өткенін білмей қалатын болса, ол – тұтынушы.

Әрине, контент жасау оңай емес, сондықтан олар контентке үлкен жауапкершілікпен келеді. Мақсаты – ақша табу, жарнама жасау, лайктар мен қаралым санын ұлғайту.

Әлеуметтік желі – қызықтыру, еліту, адамның құмарын ояту (соблазн) әлемі, онда сағаттап отыруға болады, жалығып кетсең, Instagram-ға кіріп, одан Facebook-қа ауысып, одан Youtube-ке кіріп, «уақытым кетті-ау» деп артынан Telegramда отырып, пайдалы мақала оқығандай боласыз. Бірақ әлеуметтік желі біздің өміріміздің уақытын аяусыз жейді. Оның бүкіл философиясы адамдардың ол жерде ұзағырақ отыруына арналып жасалған.

Әлеуметтік желілерде бүкіл уақытымызды өткізіп, жүре-жүре деградациға ұшырамау үшін не істеу керек? Ең дұрысы – тек пайдалы контентпен бөлісетін адамдарға жазылу. Иә, достарыңызды көрсетіңіз, сонда мен сіздің кім екеніңізді айтып беремін деген сөз бар емес пе? Сол сияқты әлеуметтік желідегі пайдасы жоқ парақшалардан бас тартқан дұрыс. Ал, Facebook-та тек өзіңіз сыйлайтын, құрмет тұтатын адамдармен дос болып, бос әңгіме айтатындардан аулақ жүрген дұрыс.

Екіншіден, смартфондағы күллі ойындардан бас тарту, иә, дәл қазір смартфондағы ойындарды өшіріп тастаңыз, мүмкін сіз ойынның белгілі бір деңгейіне жетіп алған боларсыз. Сол деңгейге жетуге біраз уақыт пен жүйкеңізді жұқартқан шығарсыз. Бірақ, ойынның статистикасын тексеріп көріңіз, кей ойындарда ойын ойнап неше уақыт кетіргеніңіз туралы статистиканы қарауға болады. Ойланып көр, Карл, мүмкін сенің ең тамаша жастық шағыңның әдемі кездері мәні жоқ ойынға кетіп жатқан болар. Саналы түрде ойыннан бас тартуды, даму жаққа жасалған үлкен қадамдардың қатарына қосуға болады.

Әлеуметтік желі психологияға емес, сондай-ақ биологиялық деңгейде де бізге әсері мол. Әсіресе ағазамызда бөлінетін дофамин мен окситоцинге тікелей қатысты.

Дофамин

Дофамин осыған дейін рақаттану гормоны болып саналған екен. Бірақ, ғалымдар жақында анықтағандай, бұл гормон біздің ішікі тілектерімізге жауапты болып шықты. Дофамин бізді бір нәрсені қалап, тілеп және осы тілектерді іздеуге итермелейді. Дофаминнің бөлінуіне болжап білмейтін және сыйақы алу сезімін тудыратындай сәттер себепші болады . Ал, бұлар әлеуметтік желіде толып жатыр. Дофаминнің әсері соншалықты, әлеуметтік желідегі лайк, репосттар алкоголь мен темекіге тәуелділіктен де жоғары екен. Не деген сиқырлы күш десеңізші?!

Окситоцин

Мұны құшақтау гормоны деп те атайды. Себебі, окситоцин адамдар құшақтасқанда не болмаса сүйіскенде бөлінеді. Әлеуметтік желіде өткізген алғашқы он минутта окситоциннің мөлшері қан құрамында 13%-ға артады.

Окситоцин күйзелістен арылтып, сүйіспеншілік, сенім, жан ашу сезімдерін тудырады. Ал, бұл сезімдерді біз әлеуметтік желіде молынан сезінеміз.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде әлеуметтік желідегі адамдар көбіне сенгіш болып келетіні анықталды. Ал, Facebook желісінің қолданушылары басқа желіге қарағанда 43%-ға көбірек сенгіш. Қызық, иә? Неліктен екен? Әлеуметтік желілер бізге дофамин мен окситоцин гормондарының арқасында бізге көптеген рақатқа бөлену сезімдерін сыйлайды. Бірақ дәл осы гармондар тәуелділікті де тудыратынын қаперіңізде ұстаған жөн.

Әлеуметтік желідегі белсенділік немесе біз не үшін пост жазып,онымен бөлісіп, лайк басып, коммент қалдырамыз?

№14 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, келесі тапсырма видео болмақ. Сізге кітап туралы 30-60 секундттық видео түсіріп әлеуметтік желілерде жариялау керек.

Не үшін? Ақпаратты жеткізерде, басқа контенттің түрлеріне қарағанда видеоның орны ерекше.

Адамдар не үшін пост жазады?

«Адам өзі туралы айтқанды жақсы көретіні жасырын емес, әңгімеміздің 30-40% бөлігін өзіміз туралы айтуға жұмсайды екенбіз. Бірақ бұл құбылыс әлеуметтік желіге келгенде 80%-ға артып кетеді»,- дейді ғалымдар. Өз-өзімізбен тілдесуге уақыт жете бермейді және ол басқа ойлармен араласып кетеді. Ал, әлеуметтік желіде біз өзіміздің не айтып жатқанымызды реттеуге, дұрыстауға мүмкіндігіміз бар. Психологтар мұны «өзін-өзі презентациялау» деп атайды. Осы арқылы біз өзімізді басқалардың көзіне қалай көрінгіміз келсе, солай көрсетуге тырысамыз.

Өзін-өзі презентациялау кезінде сезімнің күшті болатындығы сонша, адам өзінің Facebook-тағы профайлын ашып қарағанда, оның өз алдындағы бағасы артып, көтеріңкі күйде болады екен. Әрине, бұл құбылысты маркетологтар жақсы пайдаланады. Facebook-тағы профайлды анализдеп, әр түрлі қызықты нәтиже шығаратын тесттер – соның жемісі. Адам өзімен байланысты дүниенің бәріне ерекше назар аударады. Мысалы, сіз көп адам болып бірнеше суретке түссеңіз, бірінші болып өз суретіңізге қарайсыз. Көп суреттердің ішінде өзіңізге ең сәтті болып көрінгенін жариялайсыз. Бірақ, бұл суретте сіздің басқа да достарыңыз сәтсіз түсіп қалуы мүмкін ғой? Бірақ шын жаны ашитын достар, досының да фотода сәтті түскендігіне мән береді. Енді, соңғы кезде осындай тенденция бар екеніне көзіміз жетті.

Сол сияқты адамдар да өздерінің сүйікті брендтеріне қатысты ерекше сезімде болады. Бұл гипотезаны дәлелдеу тіпті оңай, ғалымдар эксперимент мүшелеріне екі дана фото көрсеткен екен. Бірінде олардың сүйікті бренді болса, екіншісінде олардың жан достары. Нәтижесінде эксперимент мүшелері екі фотоны көргенде де бірдей позтитивті әрі эмоционалды сезімде болған. Яғни, бренд – әр индивидтің өзінше ерекшеленуіне мүмкіндік беретін маңызды атрибуттардың бірі.

Неліктен желі қолданушылары репост жасайды?

Егер де біз өзіміз туралы айтуды жақсы көретін болсақ, неліктен біз репост жасаймыз? Негізінде маңызды ақпаратпен бөлісу, адам бойында қуатты импульс туғызады екен. Мен маңызды ақпаратты бөлісіп жатырмын деген ойдың өзі, адам миының рақаттану бөлімін оятады.

Әңгіменің төркінін сезіп тұрсыздар ғой? Мысалы, біз өзімізге аса қадірлі адамға, оны сөзсіз қуантатын жаңалықты айтпас бұрын қандай сезімде боламыз? Елестетіп көріңізші. Сіздің жақыныңыз бір нәрсені армандап жүрді, ал сіз сол арманды орындадыңыз да, жақыныңызға айттыңыз. Сондықтан да жақсылық жасау адамға ләззат сыйлайды.

Біріншіден, репост жасау өзімізді көрсету үшін, екіншіден адамдарға жақын болу үшін, үшіншіден және ең маңыздысы 68% желі қолданушыларының айтуынша, репост адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмек береді екен. Сіздің постыңызды біреу репост жасаса, демек ол адам сізбен қарым-қатынас құрғысы келеді деген түйін жасауға болады. Әрине, мәжбүрлі немесе ақылы репосттарды есептемегенде.

Егер біз әлеуметтік желіде дұрыс пост жазсақ, көпшіліктің ықыласына бөленеміз, ал бұл өз кезегінде өз алдымызда бағамызды арттырады. Желі қолданушыларының 62%-ы көпшіліктің ықыласына бөлегенде өздеріне деген сенімділіктері арта түсетінін айтқан.

Ал, брендтер әлеуметтік желіде өздеріне деген ықыласты қалай оятпақ?

Олар адамдарға бөліскісі келіп тұртын қызықты дүние ұсынуы тиіс.

Джефф Гойнс (Jeff Goins) өзінің блогында 1970 жылы жазылған ғылыми жұмыс туралы жазыпты. Ғылыми зерттеудің мақсаты қандай да бір дүниенің глобалды түрде бәріне қызық болып шығуының теориясын жасау болыпты. Ғылыми зерттеу авторы Мюррей Дэвистің айтуынша, қызықты контент дегеніміз – белгілі бір аудиторияның үйреншікті әлемінің шекарасынан асып түсетін нәрселер. Қызықты контент біздің үйреніп қалған түсініктерімізді бір сілкіп алар қабілетке ие болуы шарт. Осындай контенттің керемет үлгісі барлығымыздың көз алдымыздан өтті емес пе? Анау әлгі алтын түстес жолақты, (мен үшін) және қара-көк жолақты болған көйлек ше ;)

Неге пайдаланушылар лайк басады?

Facebook пайдаланушыларының 44%-ы «лайкты» өз «фрэндтерінің» жазбаларына күніне кем дегенде бір рет, ал 29%-ы тәулігіне бірнеше рет басады. Өйткені адамдар өз достарымен жақсы қарым-қатынасты сақтағысы келеді. Адамдар бір кездері оларға қандай да бір қызмет көрсеткендей, олардың алдында өздерін борышкер сезінеді (бұл жағдайда «лайк» қойған). Басқаша айтқанда, есепті теңестіргісі келеді.

Жоғарыда аталған әсерді бейнелейтін қызықты мысал ретінде 1974 жылы социолог Филипп Кунцпен (Phillip Kunz) өткізген экспериментті алайық. Мереке қарсаңында ғалым мүлдем бейтаныс 600 адамға Рождестволық ашықхаттарды жібереді, және олардың 200 оған жауап ретінде ашықхаттар жолдайды. Яғни, сізге біреу сыйлық жасаса, сіз ол адамға өзіңізді қарыздар сезініп жүресіз де, жауап ретінде сыйлық жасаудың ретін ойластырасыз. Еуропа елдерінде кейбір әйелдер, қарсы жыныстың ресторандағы есепті төлеуіне қарсылық танытады екен. Себебі, олар өздерін ерлерге қарыздар сезініп, ыңғайсыз күй кешеді екен.

Неге пайдаланушылар пікір қалдырады?

Көптеген маркетологтар клиенттермен әңгімелесу өте маңызды деп санайды. Олар осындай өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді деп сенеді.

Мамандар 7 000-нан астам тұтынушыдан сұрастырып, олардың тек 23%-ы ғана бренд иелерімен өзара іс-қимыл жасайтынын анықтады.

Сауалнамаға қатысушылардың барлығы дерлік жалпы компаниямен және оның брендімен өзара іс-қимыл жасау ең үлкен мотивация екенін айтты. Алайда бұл түсіндірмелердің ешқандай күші жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, «жалпы шындық» ретінде белгілі феномен бар, оның мәні адамның бір нәрсені қабылдауы басқалармен қалай бөлісетініне байланысты.

Сауалнамға қатысқандардың 85% -ы тақырып бойынша түсініктеме оқу оларға ақпаратты жақсы қабылдауға көмектесетінін айтты. Шындығында, бұл пікірлер біздің шындықты қабылдауға үлкен әсер етеді. Екінші жағынан, сыпайы пікірлер тіпті теріс, сатып алушыларды компания туралы жаман ойлауға мәжбүрлейді. Қарапайым түрде түсіндіретін болсақ, сіздің компания туралы желідегі кез келген ескерту — сіздің көрінісіңіз. Бұл әрдайым логикаға құрылмайды. Бірақ, адамның миы дәл осылай жұмыс істейді. Мұның бәрі сіздің блогыңыздың оқырмандарының пікіріне немесе сіздің сатып алушыңыздың пікірлеріне жауап беру өте маңызды екенін білдіреді.

№15 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, сізге бұл тапсырманы орындау үшін QR кодтты сканерлеп, осы кітаптың Instagram парақшасына өтіп, “Өз профессорыңды тап” атты GIF файлды скриндеу керек. Скринді #siqyrlysmm, #hogwartkz деген хэштегтерімен бөлісіңіз.

Не үшін? Тапсырма ешқандай біліктілікті талап етпейді, ол тек сізге кездейсоқ таңдау әдісі бойынша өз профессорыңызды табуға көмектеседі. Офишл хэштегтер бойынша кіріп, достарыңызға қандай профессорлар түскенін көріңіз.

Әлеуметтік медиа ностальгия ретінде

Тоқта уақыт. Бұл сезім ностальгия деп аталады және өткен ұқсас жаңа керемет әлеуметтік маркетинг стратегиясы үшін негізгі фактор болуы мүмкін. Ностальгия кез келген мәдениеттің адамдарына тән, сондықтан ол —жалпыға ортақ сезім, махаббат пен қауіпсіздік сезімін тудырады. Өткен жыл, өткен уақыт бізді бейсаналы түрде ақшамызға басқаша қарауға мәжбүрлейді екен. Адамдарды өткен туралы ойлауға итермелеген кезде, олар басқаларға ақша береді, сондай-ақ қандай да бір өнімді сатып алу үшін көбірек төлеуге дайын. Мұны маркетологтар жақсы түсінеді әрі жиі қолданады. Сізге өз клиенттеріңізді өткен жылға итермелеуге мәжбүр ету үшін мыңжылдық тарихы бар компанияны иелену шарт емес. Сізге тек адамдар ең алдымен ностальгия деп санайтын уақыт кезеңін таңдау керек.

Егер біз әлеуметтік желілердің психологиясы туралы айтатын болсақ, онда олардың теріс әсері туралы айтылған зерттеулерді елемеуге болмайды. Кейбір мамандар әлеуметтік желілердің пайда болғалы біз жалғыздық, шеттетілген және ақылсыз бола бастадық деп сендіреді. Бұл мәлімдемеге дәлелдер шын мәнінде бар. Алайда, кішігірім ескерту: әлеуметтік желілер біздің адами мәнімізді өзгертпейді, олар біздің мүмкіндіктерімізді сәл ғана кеңейтеді.

Мысалы, біздің барлығымызда өзімізді басқалармен салыстыра отырып, өз маңыздылығымызды бағалау әдетіміз бар. Бұл біздің сәтсіздіктерімізді сезінуге әкелуі мүмкін: әлеуметтік желілерде адамдар әрдайым өз өмірлерінің ең бақытты сәттерімен бөліседі, ал біз оларға әрдайым қуанышты жауап бере алмаймыз. Біз өзімізді үйленген, баласы бар, жұмыста жоғарылайтын достарымызбен үнемі салыстырамыз. Дегенмен, әлеуметтік желілер де адамдарды біріктіре алады. Егер сіз бір кездері желіде өз сәтсіздіктеріңізбен бөліссеңіз, онда сіз күткен адамдардан да алынған ауқымды қолдауды сезінетін боласыз. Әлеуметтік желілерде біз басқа пайдаланушыларға қатысты көңіл-күйімізді жиі көрсетеміз, содан кейін бұл шынайы өмірде біздің мінез-құлқымызға әсер етеді.

Әлеуметтік желілер бізді өзіне сенімсіз ете алады, бірақ жалпы олар бізге осы әлемде бар ең жақсысын көрсетеді. Олар бізді және басқа адамдарды тануға үйретеді. Әлеуметтік желілер бізге шын мәнінде жақындасқымыз келетіндерге жақын болуға мүмкіндік береді, бренд иелерінің тұтынушылармен жақындасуына, өз тауарларын олардың өмірінің бір бөлігіне айналдыруға, кейде осындай да ретсіз және күтпеген мүмкіндігі бар.

№16 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер! Бұл тапсырмада біздің Hogwart SMM мектебінің ресми сайты саналатын https://hogwart.kz сілтемесін Facebook әлеуметтік желісіне бөлісіп, сиқырлы сөздеріңізді жазыңыз. Бәлкім, сол сөздер көпшілікті біздің мектепке келуіне себепші болар.

Не үшін? Тапсырма сайтқа әлеуметтік желілерден адам тартуды үйретеді, оған қоса сіздердің пиарлау қабілетіңізді арттырады.

Әлеуметтік желілер әлемді қалай өзгертті?

1. Жаңалықтар

Дәстүрлі БАҚ-тың репортерлері мен редакторларының 65%-ы Facebook пен LinkedIn сияқты желілердегі жаңалықтардың сюжеттерін іздейді, ал 52%-ы Twitter-ді пайдаланады. Америкалықтардың 28.8%-ы газеттерден, 27.8%ы әлеуметтік желілерден, 18.8%-ы радио арқылы және 6%-ы басқа көздерден іздейді. 2012 жылдың 20 шілдесінде Аврора қаласында (кинотеатрдағы жаппай кісі өлтіру) болған қайғылы оқиға кезінде

YouTube пен Twitter пайдаланушылары, жаңалықты ресми БАҚ-тардан бұрын хабарлады және сол арқылы көптеген адамдарды құтқарды.

3. Білім

Facebook біз туралы көп нәрсені біледі. Біздің басқан лайктарымызға қарап біздің сексуалдық ориентациямызды да біледі. Көптеген қолданушылар үшін әлеуметік желі – бүкіл әлем. Мұнда біз достарымызбен араласқаннан бөлек те берер құндылықтары мол. Бірақ соған қарамастан алары да көп. Американың көптеген білім ордалары әлеуметтік желіні сабақ оқытуға пайдаланады екен, нәтижесінде оқушылардың білім көрсеткіштері 80% артқан.

4. Заң мен құқық

2011 жылы Нью-Йорк полициясы Twitter-де қылмыстар туралы ескертуді қадағалайтын бағдарлама жасады. Vancouver Canucks 2011 жылы Стэнли Кубогы жоғалған кезде, Ванкуверде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Әлеуметтік желілерде тәртіпсіздіктердің 2000-нан астам фотолары орналастырылған. Фотолардың көмегімен полиция ең белсенді вандалдарды бақылап құрықтады. Тәртіп қорғау органдары өкілдерінің 67%-ы әлеуметтік желілер қылмысты тезірек ашуға көмектеседі деп санайды.

4. Жұмыспен қамту

Әрбір алтыншы жұмыс іздеуші жұмысқа тұру үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. Олардың 52% — Facebook, 38% —LinkedIn, 34% — Twitter пайдаланады. Жұмыс берушілердің 89% - LinkedIn көмегімен кадрларды іздейді, 26% — Facebook және 15% — Twitter. 2 600 000 астам компания LinkedIn-де тіркелген. Әлеуметтік желінің резюмеге айналып бара жатқанын көзіміз көріп жүр емес пе? Осы үдеріс Facebook-та жиі байқалады. Ал, жұмыс табуға негізделген LinkedIn әлеуметтік желісі Қазақстанда қатты танымал емес.

№17 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, QR код арқылы өтсеңіз, біз сізге бірнеше әлеуметтік желіде жариялауға арналған контент түрлерін дайындап қойдық. Оларды жүктеп алып, #siqyrlysmm, #hogwartkz хэштегтері арқылы жариялаңыз. Canvaны қолданып, өзіңіз де контенттің ерекше түрін жасасаңыз болады.

Не үшін? Жақсы жасалған, күлкілі немесе мотивациялық картинкалар кейде вирустық эффект беріп, әлеуметтік желіде тез таралады. Мақсат: контент жасап үйрену.

Креатив жасау туралы кеңестер

Бірнәрсе жасап әрекет ету үшін адамға креатив керек. Креатив ойлаудың маңыздылығы туралы айтудың өзі артық шығар. Сондықтан да шығармашылыққа көмек болсын деп, бұл тақырыпқа да тоқтала кетуді жөн санадық.

Бір күні Остин Клеон Нью-Йорктің бір университетінде дәріс оқыды. Ол студенттерге суретші болу туралы бірнеше кеңес берді (бірақ оның кеңестері шығармашылықтың кез келген түріне қолданылады). Содан кейін оның дәрісі электронды түрде таралып, өте танымал болып кетті. Клеон жұмысқа кірісіп, шығармашылық туралы қызықты кітап керек екенін терең түсінді. Біз оның кітабынан бірнеше кеңестер ұсынамыз, онда автор осы жолмен жүріп өткен адамдардың тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа нәрсе жасау жолдарын талдайды.

Суретші сияқты ұрла (әрине, жақсы мағынасында)

Суретшіден өз идеяларын қайдан алады деп сұрағанда, адал суретші: «мен оларды ұрлаймын» деп жауап береді. Тек лайықты болуға тиіс. Кез келген суретші ештеңе бос емес екенін біледі (физик сияқты). Сіз ұрлап кеткен идея да таза түрде ұрланған емес, боялған әрі қайта өңделген түрінде болуы керек. Бұл қалыпты жағдай. Мысалы, сіз өз ата-анаңыздың қасиеттеріне ие боласыз (екеуінінде), бірақ бірегей адамсыз. Сол сияқты бұл да идеяға қатысты жүреді. Қазіргі екі идея үшінші, бірегей, қайталанбас идеялар туатынын қаперімізде ұстайық. Биттлздың өзі о баста каверден бастаған. Нені көшіріп жатқаныңызды анықтап алыңыз. Жалпы месседжді ме, әлде стилін бе? Егер бір адамнан ұрласаңыз, сізді «плагиатчик» деп айтады, ал көп адамнан ұрлап қоссаңыз, шығармашылығы мықты екен дейді.

Кез келген шығармашылықтағы серпіліске келесі қадамы — имитация. Ол, әрине, көшіруден кейін келеді. Сіздің идеалыңызды көшірудің сәтсіз әрекеті сізді бірегей етеді.

Күтпеңіз. Іске кірісіңіз!

Көптеген адамдар өз-өзін түсінбейінше, әлемге ештеңе бере алмайды және әлемнің қалай жасалғанын түсінбейінше қателесіп жүре береді. Сіз дайынсыз. Кірісіңіз іске. Көшірме жасап үйреніңіз. Ұлы суретшілер осылай үйренеді.

Бейнелеу өнері олар үшін екінші «мен» болғанша мың рет көшіреді, содан кейін ғана ғажайып заттар жасай бастайды. Дегенмен, көшіруді, әрқашан көшірмесін жақсарту деп ойлаңыз. Қосымша, мағынасы мен идеяларымен ойнаңыз. Сонымен қатар, адамның қолы тамаша көшірмесін жасай алмайды, сіз бәрібір сәл басқаша жасай аласыз.

Өзіңіз оқығыңыз келетін кітапты жазыңыз

Ең жақсы кеңес: жақсы білетіндер туралы емес, нені қалайтындар туралы жазыңыз. Тура осы сияқты тыңдағыңыз келетін музыканы жазып, көргіңіз келетін суретті салыңыз.

Қолыңызбен жұмыс жасаңыз

Сіз компьютерден ары қарай ығыссаңыз, идеяларыңыз соғұрлым жақсы болады. Сіз компьютерде жазған кезде жазу таза физикалық процесс ретінде жүреді. Сияны сезіну, қағазды үстелге салу және оларды таңдау маңызды. Денеңізді жұмысқа тартыңыз, сіз оны толық сезінуіңіз керек.

Басқа жобалар мен хоббиларды пайдаланыңыз

Хобби – бұл жақсы әуес. Хобби бұл біреу үшін емес, таза өзің үшін. Сондықтан сіз босаңсу мен қорқынышты сезінбейсіз, кез келген ақымақтық жасауға дайынсыз, қиялыңызға өте жақынсыз.

Бұл сіздің әлеміңіз. Хоббиден керемет идея туа бастайды.

Жақсы нәрсе жасаңыз және адамдар оны көретіндей етіңіз

Көп ұзамай, сіз әлемде сіздің идеяңызға дейін іс жоқ екенін түсінесіз. Сізге екі қадам жасау керек. Біріншісі, жобаны жасаңыз. Бұл қиын, бірақ барлық қалған кеңестерді есте сақтаңыз, сіз істі соңына дейін жеткізе аласыз. Екіншісі, жобаны адамдар көретін жерде орналастырыңыз. 10 жыл бұрын бұл үлкен проблема болды, енді ол жоқ. Оны бағалай алатын жерде қойыңыз. Тек осы екі қарапайым қадам.

География енді бізді басқармайды

Сіз өмір сүретін жерде бақытты бола аласыз. Сондай-ақ, жобаларды жасауды шешетін адамдар Жер шарының басқа бұрышында өмір сүре алады. Бұл өмір кездейсоқтыққа құрылған.

Жақсы адам болыңыз

Ең бастысы — атақты әрі бай болу емес. Бақытты болу — сізді бағалайтын, сүйетін адамдармен өмір сүру. Алтын ереже бұрын жұмыс істеді, бірақ қазір ол жақсы жұмыс істейді. Адамдар туралы жақсы айтыңыз, бұның көптік етуі мүмкін емес.

Шығармашылық қажетсізден бас тарту

Бұл әсіресе ақпараттық технологиялар ғасырында маңызды. Бізде көптеген азғырулар бар. Бір нәрсеге ие болу басқа нәрседен бас тартуды білдіреді. Бұл өнерге қатысты да дұрыс. Сіздің өміріңізге не қосу керек және одан бас тарту керек екенін түсініңіз.

№18 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, SMM маманың тағы бір тамаша көмекшісі Quik редакторы. Аталған бағдарламаны смартфонға жүктеп алып, слайдшоу жасап әлеуметтік желіде бөлісіңіз. Әрине офил #siqyrlysmm, #hogwartkz хэштегтерін қолдануды ұмытпаймыз.

Не үшін? Әр түрлі құралдарды қолдану арқылы креативті дүниелер жасауға болады. Қолымыздан не келетінін тексеріп көрейік.

Шығармашылық құпиясы қандай?

Леонардо да Винчи. Біздің ғаламшарымыздың әр тұрғыны осы ұлы итальялық суретші, сәулетші, мүсінші, ғалым, философ, ойшыл, инженер, өнертапқыш және өркендеу дәуіріндегі ең көрнекті өнер адамының есімін естіген болар. Оның «Витрувиан адамы», «Құпия кеш», «Мона Лиза» шығармалары бүкіл әлемге әйгілі. Леонардо да Винчи гений болды. Сонымен қатар біз сияқты қарапайым адам.

Леонардо да Винчи туралы зерттеу жасаған Майкл Гелб өзінің соңғы кітабында күнделікті өмірде креативтілікті дамыту және шығармашылық әлеуетін көтеру үшін, сізге қажет болатын жеті құпияны ашты. Соларға тоқтала кетейік.

1) Қызығушылық / Curiosita

Әуестік әр адамға тән. Бәріміз білеміз балалардың әуестігі өте жоғары, олар тілі шығып сөйлей бастағаннан: «Теңіз неге көк?», «Құстар қалай ұшады?», «Жаңбыр қайдан келеді?» деген сияқты сан түрлі сұрақтар қояды. Әсіресе бұл бес жасқа дейінгі балаларға тән. Осылайша, олар қоршаған әлем туралы ақпарат алады. Алайда, Майкл Гелбтің (және көптеген психологтардың да) пікірінше, қызығушылықтың деңгейі уақыт өте келе төмендейді, өйткені балалар мектепке бара бастайды, онда, әдетте, көптеген сұрақтарға жауаптар бар, ал жауаптары жоқ сұрақтар жай төмен түседі. Шығармашылық адам әрдайым жоғары нәтиже көрсетуі үшін, оған бала сияқты әуес болу, әуестік таныту өте маңызды (любопытство). Қайдан, қашан, қалай, не үшін деген сауалдардың жауабы, шығармашылық адамның өнеріне жанармай болады.

2) Ойлау тәуелсіздігі / Dimostrazione

Шығармашылық үшін біртектес дүниелерге әр қырмен қарап, әр түрлі ойлай алу маңызды. Уақыт өте келе, әрбір адам бір нәрсеге өз көзқарасы пайда болады. Өз позициясын, өз көзқарасын қалыптастырады. Бұл, әрине, жақсы, бірақ уақыт өте келе тек бір жақты ойлау, бір жақты көруге алып келуі мүмкін. Кез келген басқа пікірлер мен көзқарастардан олар бас тарта бастайды. Шын мәнінде, шығармашыл адам ондайдан сақтануы керек, оған жан-жақты көзқараста болуы және әр түрлі ұстанымдардың барлығын қарау қажет. Бұл өзінің ойлауында тәуелсіз, бейривиалды әрі объективті болуға мүмкіндік береді.

3) Қабылдау өткірлігі / Sensazione

Бұл жерде адамның өмірге шын мәнінде қуанып, оған деген талпынысы, сондай-ақ «әр сәт» толық бағдарламасы бойынша өмір сүруге деген құштарлығы, мәнін ұсақ-түйектерден көрумен қатар бақытты болу маңызды. Зейінділік – өте маңызды. Шығармашылық адам өзінің қабылдауын жетілдіріп, өзінің бес негізгі сезімін үйретуі керек. Майкл Гелб бұл үшін өнерге, музыкаға, поэзияға, сондай-ақ уақыт өте жақсы шарап пен шоколадты балауға кеңес береді.

4) Белгісіздік / Sfumato

Белгіздік сезімі адамға үрей туғызатынын біз жақсы білеміз. Адамдар әдеттен тыс, өзіне таныс емес әрекеттерді жасаудан қорқады. Ал, егер үйреншікті нәрсе істесе, онда ешқандай жаңалық жайлы сөз айтуға келмейді. Егер сіз шын мәнінде шығармашыл тұлға болсаңыз немесе болуға тырыссаңыз, сіз белгісіз бейнелерді дамытыңыз. Ал, егер белгісіздік пен парадоксальдыққа ұмтылу сіздің табиғатыңыздың бір бөлігіне айналса, шығармашылық жағынан сізде проблема туындамауы тиіс.

5) Қиял мен логика / Scienza

Адам миының сол жағы аналитикалық ойлау үшін, ал оң жағы креативті ойлау үшін жауап береді. Жалпы адамдарды да осы үлкен екі топқа бөлуге болады, жартысында мидың сол жағы жақсы жұмыс жасаса, қалған жартысында мидың оң жақ бөлігі дамыған. Алайда, қазіргі әлемде жаңа идеяларды тиімді дамытып жасау үшін, адам мидың екі жағын да дамытуға, яғни логикалық және шығармашылық ойлауды мақсатты түрде дамытуға тырысуы тиіс. Майкл Гелб бұл сурет салуға барынша ықпал етеді деп санайды. Қағаз бен қарындаш парағын алыңыз да сурет салып өз ойыңызды түсіріңіз. Сізде не пайда болады? Сізде қандай ой бар? Бірдеңені алып тастауға немесе керісінше қосуға бола ма? Мұны өмірде қолдануға бола ма? Осы туралы ойланыңыз, жаңа идеяларды ойлап табыңыз және оларды талдаңыз. Бұл миыңызды мүмкіндігінше жақсы дамытуға көмектеседі. Сізге шығармашылық табыс пен тың идеялар тілейміз!

6) Тән мен ақыл / Corporalita

Леонардо да Винчи шығармашылық пен өнерден бөлек физикалық тұрғыдан да дамыған адам. Ол тіпті өзі өмір сүрген Флоренция аймағындағы ең күші көп адам болып саналған екен. Майкл Гелбтің айтуынша, шығармашылық белсенділік міндетті түрде белгілі бір интеллектуалды жаттығуларды талап етеді екен. Оның пікірінше, физикалық тұрғысынан әлжуаз адамдар, шығармашылық жағынан өзінің бар потенциалын көрсете алмайды. Сондықтанда физикалық жаттығулар, шығармашыл адамның өміріндегі ажырамас бөлігі ретінде қалыптасуы керек екен.

7) Байланыс диаграммалары / Connessione

Байланыс диаграммаларын ойлар байланысы деп те айтсақ болады. Жүйелі түрде ойланудың сызбасы. Майкл Гелбтің айтуынша, жаңа идеяларды туғызу үшін диаграмманың маңызы зор деп санайды. Жаңа идеяларды генерациялау адам миының ең мықты қабілеттерінің бірі. Көбіне дәл осылай ойлау схемасы ағаш тәріздес болып келеді, яғни ортада басты идея, ал одан тараған бұтақтар сол ойға қатысты тың ойлар. Көпшіліктің ойы бойынша шығармашылық ол адамға берілген ерекше қабілет және ол кез келген адамға беріле бермейді. Негізінде олай емес. Оны мақсатты түрде дамытуға болады. Майкл Гелб велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, жәй ғана сол нәрсені қаттырақ айналдыру керек дейді.

Осы жазылған кеңестерді пайдаланып, шығармашылық табыстарға жетуіңізді тілейміз!

№19 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, өзіңіз ұнататын 5 фильмнің тізімін жасап, #siqyrlysmm #hogwartkz хэштегтері бойынша бөлісіңіз. Тізімді Canva-да жасауды ұсынамыз.

Не үшін? Біз өзімізге керемет әсер еткен фильмдерді өзіміз жақсылық тілейтін адамдардың да көргенін қалаймыз. Сол кинодан алған әсерді олар да сезінсе екен дейміз. Сіздің ұсынған фильдеріңіз біз үшін өте маңызды.

№20 ТАПСЫРМА

Құрметті тәлімгер, біз ең соңғы тапсырмаға да жеттік. Тапсырма емес, өтініш десек те болар, “Сиқырлы SMм” кітабын оқыған, оқығысы келетін достарыңызбен бірге кітапты ұстап суретке түсіп, әлеуметтік желіге бөліс. Әрине, кітап авторлары Abzal Dossym мен Nurlan Janai екеуін белгілеуді ұмытпа.

Сиқырлы әлемнің қызығы бұнымен бітпейді... Ғажайып өмір әлі алда. Ең бастысы ізгілік жасап, адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге тырысайық. Сонда сиқырлы әлем өздігінен келеді...

Бұнымен бітпейді...

Достар, осымен кітабымызды қортындылайтын уақыт жетті. Кітап соңына дейін біз Hogwart SMM мектебінің ең таңдаулы профессорларының дәрісін оқыдық. Олардың өзіндік сабақ беру ерекшеліктері сіздерге ұнады деген үміттеміз. Жоғарыдағы бөлімдердің бірінде айтылғандай, ешнәрсе жоқ жерден пайда болмайды. Бұл кітапта біз әлеуметтік желі бойынша соңғы шыққан білімдердің бәрін жинақтап, қорытындылап, ең қажет жерлерін жинақтадық. Интернет әлемінде ақпараттың көптігі сонша олардың ішінен ең керегін табу қиындық туғызатын кезге жеттік. Кітап осымен аяқталмайды, ол ары қарай Telegram каналда жалғасады, сондықтан бізбен бірге болыңыздар. Кітап жазып біткенше, әлеуметтік желідегі технологиялар мен трендтер ауысып тұрады деген сөзіміздің куәсі ретінде, Instagram өзінің дизайнын өзгерткенін айтқымыз келеді. Баршаңызды әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырамыз.

Сіздерге деген құрметпен,

“Сиқырлы SMM” кітабының авторлары Нұрлан Жанай @nurlanjanai, Абзал Досым

@abzaldossym

АЛҒЫС!

Кітаптың жарыққа шығуына қаржылай және моралдық қолдау көрсеткен ағаларымыз Есен Елеукен (жастардың сүйікті жобасы JAIDARMAN президенті), Дәурен Бабамұрат (“Жастар Үні” Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы), досымыз Ербол Серікбай (Қазақ тіліндегі нөмірі №1 сайт Baribar.kz негізін қалаушысы), Біләл Қуаныш мырзаға (Qamshy.kz сайтының басшысы) шын жүректен алғыс айтамыз.

Оглавление

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ

II БӨЛІМ

III БӨЛІМ

IV БӨЛІМ

V БӨЛІМ

VI БӨЛІМ

АЛҒЫС!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу