Ораза. Зекет. Садақа


Ораза зекет Садақа

Алматы - 2009

УДК 28 ББК 86.38 О - 65

Бас редактор: Батыржан Мансұров көркемдеуші: Жандар Рашитұлы

Ораза, зекет, Садақа

/Құраст.: С. Көкенай, Ә. Әнуарбеков

- Алматы, «Хикмет» баспа үйі, 2009. -88 бет.

ISBN 978-601-7094-26-3

Бұл кітапшада Ислам шарттарының бірегейі ораза, зекет, садақа жайында жалпылама мәлімет берілді. Өйткені, аталмыш тақырыптар әрбір пендеге рухани құндылық һәм құлшылық саналады. Мұндағы қамтылған мағлұматтар қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері аясында қарастырылды. Кітапша Ислам шариғатына сай, оның ішінде Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша әзірленді.

Кітапша барша оқырман қауымға арналады.

0403000000 00 (05)-09

УДК 28 ББК 86.38

ISBN 978-601-7094-26-3

© «Хикмет» баспа үйі, ЖШС, 2009.

аЛҒЫ СӨз

ЕрекшеқамқорЖаратушымызАллаһ Тағалаға сансыз мақтаулар болсын! Ал, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.а.у.) са-лауат пен сәлем жолдаймыз!

Мұсылманды өзге адамдардан оқ бойы жоғары етіп ерекшелендіріп тұратын нәрсе оның ізгі амал-дары. Жалпы алғанда мұсылманның істеген әрбір ізгі амалы құлшылық екендігі ақиқат. Дегенмен, Исламда өзге құлшылықтардың алдында келетін және діннің тірегі болатын маңызды құлшылықтар бар.Солардыңішіндеденеменжасалатын құлшылықтардың намаздан кейінгі ең маңыздысы – ораза болып табылады. Өйткені, ораза тек аштықта болу ғана емес, ол − рухтың азығы, тәннің шипагері. Ал, Қасиетті Құранның көптеген аяттарында намазбен қатар айтылатынзекет, мал-мүлік арқылы жасалатын құлшылықтардың басында келеді. Сонымен қатар, адам баласы дүние салғаннан соң оның амал дәптерінің жа-былмауына себеп болатын құлшылықтың енді біреуі садақа екендігінде ешкімнің дауы болмас. Бұл ғибадаттардың бір-бірімен өте тығыз байла-нысы бар. Қолдарыңызға тиіп отырған кітапшада осы маңызды үш құлшылық жайында тұжырымды мағлұмат ала аласыздар. Бірінші бөлімде ораза, оның маңызы, сауабы және адамға беретін пай-далары жайында сөз қозғадық. Сондай-ақ, Ра-мазан айының қасиеті, оның ішіндегі Қадыр

түні төңірегінде бірқатар мәліметтер келтірдік. Екінші бөлімде бүгінгі таңда көптеген мұсылман бауырлардың назарынан тыс қалып жүрген зекет құлшылығына тоқталып, оның рухани жағымен қатар қоғамға тигізер әсері, әлеуметтік деңгейді сақтаудағы рөлінің қаншалықты зор екендігі ба-яндалды. Кітапшаның үшінші бөлімінде садақаның сауабы мен басқа да қасиеттері жайында дерек-тер бердік. Сонымен қатар, бұл құлшылықтардың шариғат үкімдеріне сай дұрыс орындалуын және ру-хани тұрғыдан алғанда дұрыс орындалуының шарт-тарын да тілге тиек еттік. Өйткені, шын мәнінде ықылассыз және шынайы ниетпен орындалмаған құлшылық бос әурешіліктен басқа пендеге ешбір пайда әкелмейді. Барша амалдарды тек қана Аллаһ Тағала бағалайды. Адам баласы жерлен-генде фәни өмірде істеген ізгі амалдарымен ғана көміледі. Сондықтан ақыретте дұрыс ниетпен, адал көңілден жасалған құлшылықтардан басқасы пай-да бермейді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, ал ораза сол жағында қалқан болады», - деп баяндалуы бұған дәлел болса керек.

Кітапша барша мұсылман қауымға арналып отыр. Әрине, мұндағы келтірілген мәліметтерде кемшілік жоқ деп айтудан аулақпыз. Келтірілген деректер әрбір мұсылманның іс-әрекетінен көрініс тауып жатса, мақсатымыздың орындалғаны.

Ізгі ниетпен, редакция!

І БӨЛІМ

қаСиеттІ раМазаН айЫ

Ораза

Ораза деГеН Не?

Ораза – Аллаһ Тағаланың разылығы үшін пен-де өз нәпсісін белгілі бір уақыт (таңсәріден күннің батуына дейін) аралығында ішіп-жеуден, дөрекі іс-әрекеттерден және жалпы жамандық атаулыдан толығымен тыю деген сөз.

Оразада ауызға кірген нәрселерге мұқият бо-лумен қатар ауыздан шығатын сөзге де абай болу керек. Өсек айтудан, біреуді ренжітуден аулақ бо-лып, оразаның сауабын азайтатын жағдайлардан сақтанғанымыз дұрыс.

Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Ораза ұстаған кісі оразасына қайтіп зиян келтіреді?» - деп сұрағанда; «Өтірік айтумен және ғайбат сөзбен…» - деп жауап берген.

Өйткені, адамдар күндіз халал азық-түліктерден өздерін мақрұм етіп ораза ұстағанымен өтірік-өсек, ғайбат сөздер айтатын болса, рухани мағынада адам етін жеп ауыз ашқандай болып саналады. Яғни, ғайбат, өтірік т.с.с. айтқан пенде ұстаған оразасына зиян келтіріп, сауабынан құр қалады.

Сондықтан сауабы былғанған оразалар мен на-маздар туралы ардақты Пайғамбар (с.а.у.) былай деген:

6

Ораза

«Қаншама ораза ұстағандар бар, олар өз оразасы-нан аш қалудан басқа ештеңе таппайды! Түндерді на-мазбен өткізген талай адам бар, бірақ оларға намазда-ры ұйқысыз қалудан басқа ешқандай нәрсе әкелмейді!» (Муъжамут-Табарани).

Оразаның сауабы тек Аллаһ тағалаға ғана аян. Құдси хадисте:

«Адам баласы әр істеген амалын өзі үшін орын-дайды. Ал ораза олай емес! Өйткені, оны Мен үшін ұстайды. Сондықтан ораза ұстағанның сауабын есепсіз Өзім беремін», - деген.

Құран Кәрімде былай делінген: «…Ораза ұстаған ерлер мен ораза ұстаған әйелдер ұятты жерлерін қорғаған ер кісілер мен ұятты жерлерін қорғаған әйелдер, Аллаһты көп зікір еткен ерлер мен Аллаһты көп зікір еткен әйелдер бар ғой! Аллаһ Тағала оларға үлкен сыйлық дайындады» (Ахзаб сүресі, 35-аят).

Мұндай сыйлықтың мән-мағынасы туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде былайша жеткізеді:

«Ораза ұстаған кісінің екі қуанышы бар:

1. Ауыз ашқанда (Хақ Тағаланың нығметтеріне қауышқаны үшін) қуанады.

2. Раббысына қауышқанда оразасының кере-метімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуа-нады».

Жоғарыда айтылғандай, Аллаһ Тағала оразаға ынталандыруды баяндаумен бірге беретін

7

Ораза

сыйлығын адамзаттың жігер құлшынысын арт-тыру мақсатымен жасырып қойған. Жарысқа қатысушыларды жұмылдыру үшін әзірленіп қойған үлкен бір жүлде сияқты…

Оразанығметтердіңқадірінбілдіртетін, шүкіршілік сезімдерін оятатын, кедейлердің хал-ахуалын ойландыратын, нәпсіқұмарлықты тізгін-дейтін, мал-мүлікке табынушылықтан құтқарып, «сабыр» деген ең керемет мінез-құлыққа жеткізетін ұлық ғибадат. Рамазан айындағы тарауық намазы, әсіресе сәресі уақытында ұйықтамай құлшылық жасау өте маңызды. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Аллаһ Тағала сендерге Рамазан оразасын парыз қылған. Мен де намазын, яғни Рамазан түндерінде тарауық оқуды сендерге сүннет деп бекіттім. Егер кімде-кім шын жүрегімен иланып және сауабына жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауық намазын оқитын болса анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» (Сүнән, Нәсәй).

Әрине, ораза мен намаздың қабыл болуы үшін шын ықыласпен беріліп орындауға көңіл бөлу ке-рек. Намаздар жылдам оқылып, жеген тамақты сіңіретін гимнастика, ал тұтқан ораза диета ұстаған болмауы қажет. Намаз ғибадатындағыдай оразада да құлды ықыласты болуға бағыттайтын сырлар бар. Мысалы, хадисте баяндалғандай: «Ауыз ашарды асығып, сәресін кешіктіріп бекітіңдер!» (Шарх, Жамиғус-Сағир) деген бұйрық осы сырлардың біреуі ғана.

8

Ораза

Осы бұйрық, ауыз ашар мен ауыз бекітетін уақыттарға мұқият болуды баяндайды. Яғни, сәресіні кешіктіріп таңсәрі ағара бастағанда ішіп-жеуді тоқтату және ауыз ашар уақыты кіргенде де дереу ауыз ашу иләһи бұйрыққа құрмет көрсетіп берілудің дәлелі. Бұған қайшы тұру сүннетке немқұрайдылық туғызады.

Ауыз ашарда қарын аш болғандықтан, көбінесе уақытында орындалып жатады, ал сәресіде тәтті ұйқыны қию қиын болғандықтан немқұрайдылық көрсетілуі мүмкін. Сондықтан бір кесе сумен бол-са да сәресіге тұрудың маңыздылығын білдірген. Аллаһ Расулі (с.а.у.) былай деген: «Сәресіге тұрыңдар, өйткені сәресіде берекет бар» (Бұхари, Саум

20).

Ораза,адамзатбаласынсабырлылық, байсалдылық және парасаттылық сияқты құнды-лықтармен рухани кәмілдікке жеткізеді. Міне, сондықтан бұл ғибадат нәпсінің тоймайтын шексіз армандарына қарсы тұратын адамның абыройын асқақтатып, қасиетін қалыптастыратын қалқан.

Амалдардың құндылығын Аллаһ Тағала ғана бағалайды. Сондықтан Аллаһ Тағаланы әрдайым дәріптеп, өмірімізді Оның жолына арнауымыз қажет. Сонда ғана амалдардың ең биік дәрежесіне қол жеткізген боламыз. Адам баласы жерленгенде пәни өмірдің естеліктерімен ғана көміледі. Қабірде салих амалдардан басқасы пайда бермейді.

9

Ораза

Хадисте: «Мүмин өлгенде намаз бас жағында, садақа оң жағында, ал ораза сол жағында болады» - деп баян-далуы осыны айғақтайды.

раМазаН – қҰраН айЫ

Қасиетті Құран Кәрім түсе бастаған бұл айды, Құран оқумен шұғылданып, Құран айына айналдырған жөн. Аллаһ Тағала: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқайтын және ақ пен қараны айыратын Құран түсірілді...» - дейді (Бақара сүресі, 185-аят). Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен саңлақ сахабала-ры және олардың ізбасарлары Рамазан айының күндіз-түнін Құран оқумен өткізіп, оның терең мағыналарына бойлай білген.

Бұл тұрғыда Аллаһтың елшісі (с.а.у.): «Аллаһтың кітабының тым болмаса бір әрпін оқыған адамға бір сауап, ал осындай әрбір ізгі іске он есе артық сауап жа-зылады. Мен «әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтып тұрған жоқпын, «әлиф» бір әріп, «ләм» бір әріп, «мим» бір әріп», - деген. Бұхари мен Мүслимнің «Сахих» атты хадис кітаптарында ибн Әнәстан (р.а.) мынадай риуаят жеткізілген: «Пайғамбар өте жомарт адам еді. Ал, Жәбірейіл (аләйһис-сәлам) келіп Құран үйреткен Рамазан айында қолы тіптен ашылып кететін. Жәбірейіл оған Рамазан айының әрбір түнінде келіп тұрды». Осылайша біздің Пайғамбар Рамазанның әрбір түнінде Құранды оқып үйренді.

Мәселен, имам Мәлик Рамазан басталысымен

10

Ораза

өзінің барлық ғылыми жұмыстарын жиып тастап, Құран оқуға кірісетін. Имам Суфян әс-Саури де солай істеген.

Исламның бірқатар ғұлама-ғалымдары ғибадат кезінде намазға тұрғанда кейбірі әрбір үш күнде, кейбірі әрбір жеті күнде, ал енді біреулері әрбір он күнде Құранды басынан соңына дейін толық оқып шыққан.

Егер мұсылман күндіз ораза тұтып, түнгі уақыттарда Құран оқыса, қиямет күнінде оны қорғайтын және оған кешірім беруді өтінетін, тозақ отынан сақтайтын екі жақтаушысы болады. Олар – ұстаған оразасы мен оқыған Құраны. Хадисте былай риуаят етіледі: «Қиямет күнінде Аллаһтың құлына ораза мен Құран араша түседі. Ораза айта-ды: «Тәңірім! Мен оны күндіз ішуден және жеуден тыйдым». Құран айтады: «Мен оны түнде ұйқыдан қалдырдым, сол үшін оған араша түсемін...». Олардың өтініштері қанағаттандырылады.

Аса қымбатты мұсылман бауырлар! Рамазан айында Құран Кәрімге жүгінейік, оған барынша жақындайық, рақаттанып тыңдайық, мейірлене оқиық және ондағы үкімдер мен қағидаларды әрбір ісімізде басшылыққа алып отырайық. Сөйтіп, ақырет күнінде оның біздің әрбірімізге жақтаушы болуын және құдіретті Аллаһтың кеңшілігімен, күнәларымызды кешіруін, тозақ отынан алыстату-ын үміт етіп сұрайық.

11

Ораза

МейІрІМдІЛІк пеН қайЫрЫМдЫЛЫқ айЫ

Бұл айдың қадір-қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмін емес. Бізге жеткен хадистерде: «Аллаһтың елшісі (с.а.у.) шексіз бір қайырымды адам еді. Әсіресе, Ра-мазан айында ол тіпті жомарт болып кететін-ді...», -делінеді. Мейірімділік пен қайырымдылық айында баршамыз осы қасиеттермен көрінейік. Өйткені шексіз ұлық, шексіз мейірімді, шексіз Рақымды Аллаһ Тағала, Өзінің мұсылман құлдарына әрқашан да бір-біріне мейірімді және қайырымды болуды үндейді. Рамазан айы – өзінің Аллаһ дарытқан қасиетіне сәйкес мұсылмандардың мейірімділік пен қайырымдылық танытуда өзара жарысатын және өздері де амалдарына қарай шексіз ұлық Жа-ратушы Иенің мейір-шапағатына бөленетін айы.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларын ораза тұтушыларға қамқорлық танытуға шақырған. Бізге жеткен хадис бойынша ол былай деген: «Кімде-кім ауыз бекіткен адамға қамқорлық жасаса, сол адамның сауабына тең сауап алады және оның бір түйірі де кемітілмейді» (Сүнән, әт-Тирмизи). Сондықтан да барлық мұсылман елдерінде Рамазан айының басынан аяғына дейін мешіттерде, алаңдарда, асханаларда ауыз ашуға арналған дастарқандар жайылады. Барлығы бірдей ораза ұстағандарға қамқорлық танытуға, әркім сауап үшін ең болмаса бір түйір құрма, бір жұтым су немесе бір кесе сүт беріп қалуға ынтығады.

12

Ораза

Рамазан айы аяқталуға жақындағанда Ис-лам қайырымдылық қорлары, жағдайы көтеретін мұсылмандарғазекетберугешақырады. Мұсылмандардың зекетті, пітір садақасын ке-дейлер мен қаріп-қасірлерге айт намазына дейін беріп үлгергендері жөн, өйткені олар айт мейрамы күндерінде ешқандай мұқтаждық көрмеуге, ұлы мейрамда қуанышқа кенелуге тиіс.

Аш құрсақ кедейлер мен ғаріптерді тойды-рып, жетімдер мен қараусыз қалған жандардың көз жасын сүртіп, жұбандырсақ, қайғы-қасірет шеккендердіңжанынантабылып,олардың жүздеріне күлкі ұялатсақ Аллаһ Тағаланың шексіз рақымына бөленеріміз сөзсіз!

қҰЛШЫЛЫқ пеН ЖаЛБарЫНУ айЫ Пайғамбарымыздың(с.а.у.):«Кімде-кімРа-

мазан айында құлшылықта сергек, соған сай сенімі мен үміті берік болса, бұрынғы күнәларының бәрі де кешіріледі», (Риядус-Салихин, әл-Бұхари) - деген хадисін негізге ала отырып осы Рамазан айының түндерін сергектікпен, тек бір Аллаһ Тағалаға ғана бас иіп, тағат-ғибадатпен (Намаз және Құран оқумен) өткізейік. Бұл айдың әрбір түнін қадірлей білейік, босқа өткізіп алмайық, әсіресе Қадір түнінің, яғни тағдырымыздың айқындалатын түнінің қасиетінен құр қалмайық.

Рамазан айының түндері жылдың барлық түндерінен артық, ал Қадір түні – аса қадірлі ерек-

13

Ораза

ше бір түн. Аллаһ Тағала бұл түнді басқалардан айрықша етіп, бұл түні Құран Кәрімді түсіріп, ора-сан зор қасиет дарытты, бұл түнді мың айдан артық қылып, ерекше маңызға ие етті. Бұл туралы Аллаһ Тағала: «Негізінен Құранды Қадір түнінде түсірдік. (Мұхаммед), Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жәбірейіл ол кеште Раббыларының рұқсаты бой-ынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң атқанға дейін жалғасады», - деген (Қадір сүресі, 1-5 аяттар).

ПайғамбарымызМұхаммед(с.а.у.)саха-баларына Қадір түнін құлшылықпен, Аллаһты мадақтаумен,Оған жалынып-жалбарынумен, күнәларына кешірім сұраумен, Құран оқумен өткізуге шақырып, тағдыр айқындалатын түнді ғибадатпен өткізсе, Аллаһтың пендесінің бұрынғы барлық күнәларын кешіретінін атап айтты: «Кім Қадір түнін нық сеніммен, соңының қайырлы болаты-нына үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі».

Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірінде. Ол туралы хадисте былай делінген: «Ол – Рамазан айының соңғы он түнінде: 21-і не 23-інде, 25-і не 27-сінде, 29-ы немесе Рамазанның соңғы түнінде» (Сахих әл-Бұхари). Олай болса осы түндерді ерек-ше ыждаһатпен өткізуге дайындалайық, барын-ша сергектік танытып, аса мәртебелі Аллаһты мадақтайық,жалынып-жалбарыныпкешірім

14

Ораза

сұрайық, бір өзі мың айдан артық, яғни бір адамның ғұмыры іспетті сексен үш жылға тати-тын, тағдырымыз айқындалатын Қадір түнінде баға жетпейтін сыйлыққа ие болуға ұмтылайық!

Айшаанамыз(р.а.),Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Қадір түнінде Аллаһ Тағалаға қалай жалынып-жалбарынуды үйретуін сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) мынаны айт деп үйретті: «Уа, Жаратқан Ием, Сен – кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені жарылқай гөр!».

Құдіретті Аллаһ сол күнге жеткізсе, Қадір түнінде таң рауандап атқанға дейін құлшылық етейік. Сол бір орасан қасиетке ие Қадір түнінде көктен Жәбірейіл (а.с.) бастаған періште жер беті-не түседі, олар әрбір тұрған, отырған, құлшылық жасап жатқан мұсылманның дұға, тілектерінің қабыл боларына кепілдік етеді.

раМазаН СЫйЛайтЫН қОС қУаНЫШ Аллаһ елшісі (с.а.у.): «Ораза тұтушының екі

қуанышы бар. Бірі – аузын ашқанда, екіншісі – Аллаһтың құзырына барғанда», (Риядус-Салихин, Сахих Мүслим) -деген. Бірінші қуаныш ақшам намазын хабарлап, азан шақырғанда болады. Ораза тұтушы күні бойы өзіне тыйым салынған нәрселердің барлығына рұқсат есігінің ашылғанын түйсінеді. Адам өзінің табиғатында ішіп-жеуге, сынақ үшін берілген түрлі қызықтарға құмартуға бейім келеді. Сол себепті, ораза ұстаушының қуанышында шек болмайды.

15

Ораза

Өйткені, біріншіден, ол таңнан күн батқанға дейін шөлге, аштыққа шыдап, басқа да қызықтардан өзін тыйып ұстап, Аллаһ Тағаланың ризалығына бөленді. Шексіз ұлық Аллаһ оған күндіз күш берді, қуат берді. Ақшам намазына азан айтылуымен, басқа ешкім емес, тек Аллаһ қана оның мойнынан тыйым салған нәрселерін алып тастады. Ораза тұтушы тек бір Аллаһтың әмірімен ғана ауыз бекітеді және Оның әмірімен ғана аузын ашады.

Екінші қуаныш, сөзбен айтып жеткізе ал-майтын, ақылмен ұғынып болмайтын орасан зор қуаныш! Ораза тұтушының ол қуанышы Қиямет күнінде Аллаһ Тағаланың құзырына барғанда бо-лады, ол өзін күткен ғажап сыйлыққа тап болады. Аллаһтың елшісі: «Адам баласының жасаған барлық амалдарының сауабы оннан жеті жүз есеге дейін ар-тып отырады. Аллаһ Тағала: «...тек оразадан басқа. Өйткені ол (ораза) тек Мен үшін ғана. Сондықтан оның сауабын тек Мен ғана беремін. Себебі, (пен-дем) ораза кезінде тамақ ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тек Мен үшін ғана тыйылды» - дейді деген сүйінішті хабар жеткізген (Сахих Мүслим).

Осылайша аса құдіретті Аллаһ оразаның сауа-бын Өзінің есебіне жатқызады және ол үшін Өзінің құлын Өзіне ғана мәлім, басқа ешкім білмейтін ерекше сыйлықпен разы қылады.

Сонымен қатар, Қиямет күнінде ораза тұт-қандарды жұмаққа тек солардың өздеріне ғана арналған арнаулы қақпа арқылы кіргізеді. Бұл

16

Ораза

туралы хадисте: «Жұмаққа кіретін бір қақпа бар, оны «әр-Райян» деп атайды, ол қақпа арқылы Қиямет күнінде жұмаққа ораза тұтқандар ғана кіреді. Олардың ең соңғысы кірген кезде қақпа жабылады да басқа ешбір адам кіре алмайды», - делінген (Сахих әл-Бұхари, Саум 4).

Аса қымбатты мұсылман бауырлар! Аға-іні, әпке-қарындастар! Рамазан айында берілетін қос қуанышты уысымыздан шығарып алмайық, нәпсі-құлқынға тыйым салып, отыз күн ораза тұтайық, Аллаһ разылығы үшін аштық пен шөлге, тіршіліктіңбасқадабаянсызқызықтарына шыдамдылық танытайық. Аса рақымды Аллаһ бізге осы дүниедегі және о дүниедегі екі қуанышты да нәсіп етсін, әрі «әр-Райян» қақпасы арқылы жұмаққа кіруді баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

раМазаНайЫНЫҢБаСтаЛатЫН УақЫтЫН аНЫқтаУ

Рамазан айының басталуы екі түрлі тәсілмен анықталады. Біріншісі – алдындағы Шағбан айының аяқталуымен сәйкес келуі (егер Шағбан айының отыз күні өтсе, онда отыз бірінші күн міндетті түрде Рамазан айының бірінші күні болып табылады). Сол түні аспанда жаңа туған Рама-зан айы көрінеді. Егер жаңа туған ай Шағбанның 30-шы түнінде көрінсе, онда ол Рамазан айының басталғанын білдіреді, демек содан бастап ауыз бекітілуі тиіс. Аса рақымды Аллаһ Тағала: «Сендер-

17

Ораза

ден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын», - де-ген (Бақара сүресі, 185-аят). Міне, осыған байланыс-ты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Жаңа туған айды көрген бойда ораза ұстаңдар! Жаңа туған айды көрген бойда ауыз бекітіңдер! Ал, егер ол сендерге көрінбесе, онда отыз күнді санаңдар» (Мүслим).

Жаңа туған айды көрген елдің мұсылмандары ораза тұтуды бастауы тиіс. Географиялық жағдайға байланысты жаңа айдың көрінуі әр елде әрқилы болуы мүмкін (мәселен, Еуропаға қарағанда Азияда, Америкаға қарағанда Африкада жаңа айдың пайда болуында елеулі айырмашылық бар), сондықтан әрбір ел немесе әрбір өлке тұрғындары оразаның басталу уақытын өздері белгілейді. Ал, егер жер жүзіндегі барлық елдердің мұсылмандары қайсыбір елде жарты ай көрінсе, соған байланыс-ты ораза тұтуды бірдей бастаса, онда Исламның біртұтастығы және бауырластығы секілді бір ерекшелігі көрінері хақ.

Рамазан айының басталуын білдіретін жаңа айды көрген бір не екі әділ адамның куәлігі жеткілікті. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі бұл жағдайда бір адамның куәлігі де жеткілікті деп санаған. Ал Шәууәл айындағы жаңа айды көргендігі туралы, яғни ауыз ашып жіберетін күнді белгілеуге байланысты куәлік ету – кемінде екі әділ адамның қатысуымен жүзеге асырылады.

18

Ораза

Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауыз ашатын уақыттың басталуын белгілеуге бір әділ адамның куәлігі жеткіліксіз болатындығын ескерткен.

Осы мүбарак мейірімі мол жарылқану айын-да назар аударылатын жағдайлардың бірі – Қадір Түнін ғибадатпен өткізу.

Қадір Түні Аллаһ Тағаланың Мұхаммед (с.а.у.) үмбетіне шексіз мейірімін төккен өзгеше сый түні. Осы түнде талай рухани қазыналар сыйлануда. Бұл түннің ұлылығына қарай арнайы сүре түскен.

Қадір Түні Құран Кәрім (сол түнде) түскендіктен нұрланған, Жәбірейл мен басқа періштелердің жер бетіне түсуімен де рухани ұлылыққа жет-кен. Мүминдерге көзбен көрілмейтін нұранилер (періштелер) тарапынан сәлем берілген бұл түн; сауап пен берекетке толы ілтипат түні, Құдай Тағаланың құлдарына деген мейірім түні және Рамазан айының көктем мезгілі. Һәм Хазірет Пайғамбардан (с.а.у.) қалған, руханиятқа толы мейірім және жарылқау ескерткіші болған түн.

Хадис шәріпте: «Қадір түнін ерекшелігіне және қасиетіне сеніп, сауабын тек қана Аллаһтан күтіп ғибадатпен өткізген кісінің өткендегі істеген (құл ақысынан тыс) бүкіл күнәлары кешіріледі», (Бұхари, Саум 6) - деп айтылған.

Бізді Қадір Түнінің ақиқатына тек қана, дүниелікмақсаттарараластырылмаған;рия, мақтану сияқты ластармен кірленбеген және

19

Ораза

ықыласпен орындалған ораза, намаз, зекет және т.б. құлшылық міндеттері жеткізеді. Осы сана-сезіммен Рамазан мектебін оқып шыға алсақ, сон-да ғана шын мәнінде айт өткізу куәлігін алу нәсіп болады.

Біз, бір күні осы пәни ләззаттар қолдарымыздан алынатын ақиқат жолаушыларымыз. Нұрланған көңілдер, өтіп бара жатқан осы рухани күндерді аңсайды. Осындай кешірім сыйлайтын және жаһаннамнан азат ететін күндерден айрылу тақуа адамдарға қоштасудың көз жасын төккізеді. Раб-бымыз айт күндерін сабырлылықпен төзімділік көрсетіп, нығметтердің қадірін ұғып, істеген салих амалдардың әрі берілген қайыр-садақаларымыздың сыйы ретінде ұсынған.

Раббымыз, мына фәни өмірді Рамазан етіп өткізуді, қиямет таңын да хақиқи айт ретінде той-лауды жазғай!

Әмин!

ОразадаҒЫШариҒатқаҒидаЛарЫ (ФиқҺ)

Ораза сөзінің мағынасы: Тілдік тұрғыдан алғанда араб тілінде «саум» деп аталады. Мұның ұғымы «тыю, шектеу» деген мағыналарды білдіреді. Ал діни термин ретінде, яғни Ислам шариғатында таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, төсек қатынасынан, оразаны бұзатын басқа да

20

Ораза

нәрселерден өзін тыюмен жасалатын ғибадат дегенді білдіреді.

Ораза тҰтУ – парЫз

Рамазан айында ораза тұту – Аллаһ Тағаланың әмірімен барша адамдарға парыз етілген. Ол Исламның негізгі тіректерінің бірінен санала-ды. Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер! Бұрынғыларға парыз болғандай ораза сендерге де парыз болды. Әрине, сақ боларсыңдар... Білсеңдер сендер үшін ораза ұстау әлдеқайда жақсы. Рамазан айы сон-дай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын», - деген (Бақара сүресі, 183-185 аяттар).

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) былай дейді: «Исламның бес шарты бар: олар – «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед – Аллаһтың елшісі» - деп куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан ай-ында ораза тұту» (Әл-Бұхари, Мүслим).

ОразақаШаН ЖӘНеқаЛайпарЫзБОЛ-дЫ?

Исламның бес шартының үшіншісі – Рамазан айында ораза ұстау. Рамазан оразасы хижреттің (көштің) екінші жылында парыз болған.

Ораза – ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және жыныстық

21

Ораза

қатынаста болмау деген сөз. Рамазан айы кей жыл-дары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады. Рамазан айы 29 күн болған кезде де толық болып есептеледі. Өйткені, парыз болған нәрсе сол айда толығымен ораза ұстау. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) тоғыз мәрте Рамазан оразасын тұтқан. Бұл Рамазандардың төртеуі 29, ал бесеуі 30 күн болған.

Жаратқан Аллаһ былай дейді: «Әй, иман келтіргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз қылынғандай Аллаһқа қарсы келуден сақ болатын шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де па-рыз етілді...» (Бақара сүресі, 183-184 аяттар).

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы парызды орындағандардың сыйы жайында мынадай хабар береді: «Кімде-кім сене отырып, сауабын Аллаһтан күтіп Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі»

(Риядус Салихин, ІІ том 489 б.).

раМазаН ОразаСЫ кІМдерГе парЫз? Ораза парыз болуы үшін мынадай шарттар

орындалуы тиіс:

1) Мұсылман болу.

2) Ақыл есі дұрыс болу.

3) Балиғатқа жеткен болу.

Балиғат жасына жеткен, ақыл есі дұрыс әрбір мұсылман ер-әйелге Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Бұл Аллаһ Тағаланың әмірі. Жас балаларға ораза ұстау парыз емес. Бірақ зиян келтірмейтіндей

22

Ораза

түрде балаларды бірте-бірте оразаға үйреткен жөн.

Әйелдер етеккір кезінде және нифастағы (босанған) әйел осы күндері біткенше ораза ұстамайды, намаз оқымайды. Бұл жағдайлар біткеннен кейін ұстай алмаған оразаның қазасын өтеп береді. Яғни қанша күн ұстамаса, сонша күн қазасын өтейді. Бірақ намаздардың қазасын оқымайды.

СӘреСІ МеН аУЫзаШардЫҢ МаҢЫзЫ Сәресіге тұрып, тамақ жеу үлкен сауапты іс.

Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сәресіде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында берекет бар» де-ген (Риядус Салихин, ІІ том 495 б.). Сәресіде тамақ жеу ораза ұстауға күш береді. Дұғаның қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып дұға етіп Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрау керек.

Ораза ғибадатын бітіріп, ауызашар уақытына жеткен адам одан да көп бақытқа, қуанышқа кенеледі. Ұстаған оразасының сыйын алу үшін қиямет күні Аллаһтың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа кенеледі.

Осы турасында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бы-лай дейді: «Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан уақытта, екіншісі Аллаһқа қауышқан уақытта» (Әт Тарғиб уәт Тарһиб, ІІ том 81 б.). Сонымен

23

Ораза

қатар Пайғамбарымыз ауызашар уақытындағы дұғалардың кері қайтарылмайтындығын, Аллаһ та-рапынан қабыл болатынын айтқан.

ауызашар дұғасы

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлту уә ала ризқикә әфтарту уә саумәл ғади мин шәһри рамаданә нәуәйту. Фағфирли мә қаддамту уә мә аххәрту».

Мағынасы: «Ей, Аллаһ, сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Саған сендім, саған тәуекел еттім, сенің ризығыңмен оразамды аштым. Рама-зан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді менің өткендегі және келешектегі күнәларымды кеше гөр!».

ОразаҒа қаШаН ЖӘНе қаЛай Ниет етІЛедІ?

Оразаның толық болуы үшін ниет ету шарт. Ниетсіз ораза қабыл болмайды.

Рамазан оразасына кешкі уақыттан бастап күн арқан бойы көтерілген уақытқа дейін ниет етуге болады. Негізінде оразаға сәресі асынан кейін ниет етіледі. Бірақ сәресіде ояна алмай, жеп-ішу уақыты біткенде оянған адам күн шығып кетсе де күн арқан бойы көтерілгенге дейін сол күннің оразасына

24

Ораза

ниет етсе болады. Тек таң атқаннан кейін оразаны бұзатын нәрсе жасамауы шарт.

Сәресіге тұрғысы келмеген адам ертеңгі күннің оразасына ниет етсе жеткілікті, түнде қайтадан ниет етпесе де болады. Ал бірақ сәресіге тұрып, оразаға ниет етуді ұмытып кетіп, тәңертеңгісін есіне түскен адам күн арқан бойы көтерілгенше ниет етсе болады. Мұндай кеш ниет еткендердің оразаларында ешқандай кемшілік жоқ. Рамазан айында ұстамаған оразаның басқа күндері қазасын ұстағанда ниеттің түнде жасалуы шарт. Кәффарат оразалары да осылай. Бұл оразаларға таң сәріден кейін ниет етуге болмайды.

Ниет негізінде жүректен, көңілден болу ке-рек. Яғни түнде, ертең ораза ұстайтыны жайын-да шын жүректен ойлаған адам ниет еткен бо-лып есептеледі. Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі. Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен қоса тілмен жеткізсе одан да жақсы. Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет етіп: «Ниет еттім Рамазанның ертеңгі оразасын ұстауға», деп айтқаны абзал.

ОразаНЫҢ тҮрЛерІ Оразаның алты түрі бар:

1. парыз оразалар: Рамазан айында ораза ұстау. Сонымен қатар Рамазанда ұсталмаған

25

Ораза

оразаның басқа күндерде қазасын ұстау және кәффаратын өтеу де парыз оразаға жатады.

2. Уәжіп оразалар: Бір нәрсеге аталған ораза мен бұзылған нәпіл оразалардың қазасын ұстау уәжіп.

3. Сүннет оразалар: Мухаррам айының тоғы-зыншы және оныншы немесе он бірінші күндері ораза ұстау сүннет.

4. Мұстахаб оразалар: Қамари айлардың (ай күнтізбесі бойынша) он үш, он төрт және он бе-сінші күндері аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері және Рамазаннан кейін Шәууәл айында алты күн ораза ұстау – мұстахаб.

5. Мәкруһ болып есептелетін оразалар: Әр Мухаррам айының тек қана оныншы күні, тек қана жұма немесе сенбі күндерінде ораза ұстау мәкруһ.

6. Ораза ұстау харам болып есептелетін күн-дер: Рамазан айтының бірінші күні мен Құрбан айтының төрт күнінде ораза ұстау – харам. Өйткені, айт Аллаһтың құлдарына деген сый-сияпат күндері. Аллаһтың сый-сияпатынан бас тартуға болмайды.

раМазаН ОразаСЫН БаСқа УақЫтта ҰСтаУҒа рҰқСат етІЛГеН ЖаҒдайЛар

Рамазан айында себепсіз ораза ұстамау әрі күнә, әрі жазасы ауыр. Бірақ кімде-кім төмендегідей жағдайларда болса Рамазан оразасын ұстамаса болады немесе бастаған оразасын бұзуына рұқсат.

26

Ораза

1) ауру: Ауру адам ораза ұстаған жағдайда ауруының ұзақ созылып кетуіне байланысты қорықса, ораза ұстамаса да болады. Денсаулығы жақсарғаннан кейін ұстамаған оразаларының қазасын өтейді.

2) Сапарда болу: Рамазан айында ең аз дегенде 90 шақырым қашықтыққа жолға шыққан жолау-шы ораза ұстамаса болады. Сапар аяқталуымен оразаларының қазасын ұстайды. Ораза ұстау қиындық туғызбаса, жолаушының ораза ұстағаны әлде қайда жақсы.

3) қауіп төнген жағдайда: Өлімге душар ететін жағдайда немесе денесіне зиян келтіріліп қорқытылған кісі оразасын бұза алады. Бұзған оразасын кейін ұстайды.

4) аяғы ауыр немесе бала емізген жағдайда: Аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел кісі ораза ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен қауіптенсе ораза ұстамаса болады. Осы жағдайлар аяқталғаннан кейін ұстай алмаған күндерінің қазасын тұтады.

5) қатты аштық пен шөл қысқанда: Ораза ұс-таған адам аштықтан немесе шөл себебімен ақыл-есінен айырылып қалудан, яки денсаулығына зақым келуінен қорықса, оразасын бұзуына бола-ды. Кейін қазасын ұстайды.

6) қартайған кісі немесе күш-қуаты әлсіре-гендер: Денесі күннен күнге шөгіп, қуаты қайтқан,

27

Ораза

оразаға шыдай алмайтындай әбден қартайған адам ораза ұстамаса болады. Мұндай адамдар кейін де оразасының қазаларын ұстай алмайтындықтан әр күннің оразасының орнына фидия береді.

ФидиЯ

Ораза ұстауға күші жетпейтін, күш-қуаты кетіп әбден қартайған адамдар мен үмітсіз ауру-лар Рамазан айының әр күні үшін фидия береді. Фидияның құны пітір сияқты. Бұл фидияны Ра-мазан айының басында да, ортасында да, аяғында да беруге болады. Қаласа фидияның бәрін бір кедейге жинап береді немесе жағдайы жоқтарға берсе болады. Мұндай жағдайдағы адамдар фи-дия беруге дәрмені жетпесе Аллаһтан кешірім сұрайды. Ал ораза ұстауға әлі жетпейтін қариялар мен үмітсіз аурулар келешекте ораза ұстай ала-тындай денсаулығы жақсарса, ұстай алмаған оразаларының қазасын өтеулері керек. Күш-қуаты жететін кісінің алдындағы берген фидияларының үкімі есептелмейді, нәпіл садақалары сияқты бо-лып қалады.

раМазаНда СеБепСІз Ораза ҰСтаМаУ-дЫҢ ҮкІМІ

Рамазан айында ораза ұстау – Аллаһ Тағаланың әмірі. Мұсылмандарға бұл әмірге бойұсыну парыз. Егер әлдебір мұсылман себепсіз Рамазан айында

28

Ораза

оразаға ниет қылмай, тамақ ішіп-жесе, ұстамаған күндерінің оразаларының қазасын өтейді, кәффарат шарт емес. Өйткені кәффарат – ораза ұстамаудың емес, бастаған оразаны себепсіз бұзудың жазасы.

Рамазан айында себепсіз ораза ұстамаған адам күнәхар саналады, Аллаһқа жауап беретін болады. Сондықтан тәубе етіп, Аллаһтан кешірім сұрап, көп кешіктірмей қазасын ұстау шарт.

ОразаНЫБҰзЫпӘрІқазаНЫ,ӘрІ кӘФФараттЫ қаЖет ететІН ЖаҒдайЛар

Бұлар екіге бөлінеді:

1. Ешқандай себепсіз әдейі жеу. Мысалы, әдейі жеу, ішу, темекі шегу т.б. Бұлардың барлығы тамаққа кеткен кезде әрі қаза, әрі кәффаратты ке-рек етеді. Бірақ ауызға салған азық ауызда езіліп, жұтылмаған болса, дәмі де тамақтан өтпесе, ораза бұзылмайды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттаса, қан алдырса немесе біреумен сүйіссе ораза бұзылады деп ойлап, осыларды істеп әдейі жесе де кәффарат қажет болады. Сол секілді аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту кәффаратты қажет етеді. Тұз жеу де осындай. Бұл жайлы Хазірет Әлидің риуаят еткен мына хадисі дәлел: «Ораза, шыққаннан емес кіргеннен ғана бұзылады».

2. Ораза ұстаған адамның зайыбымен жақын-дасуы. Яғни ораза кезінде әйелімен жақындасса. Айта кету керек, ауызды ашқаннан соң, яғни түнгі уақытта зайыбымен жақындасу оразаны

29

Ораза

бұзбайды. Мұның дәлелі бір адам рамазан күнінде әйеліменжақындасқанынПайғамбарымызға (с.а.у.) білдіреді. Пайғамбарымыз оған кәффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей ораза ұстау керектігін, яки оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттілігін айтады. Екі ай ораза ұстауға шамасы жеткен адам жоқ-жітіктерді тойдыру мүмкіндігін кәффарат жолына пайдалана алмайды.

ОразаНЫ БҰзЫп, тек қаНа қазаСЫН ӨтеУдІ қаЖет ететІН ЖаҒдайЛар

1) Әдетте желінбейтін нәрсені және дәрі ретінде қолданылмайтын нәрселерді жеп, жұту (топырақ, қағаз, мақта сияқты).

2) Мұрынға дәрі құю.

3) Құлақтың ішіне дәрі тамызу.

4) Дәрет кезінде аузына және мұрнына су ал-ғанда байқамай тамағына су кетіп қалу.

5) Аузына салған түрлі-түсті жіптің бояуы шы-ғып, түкірікпен араласып, оны жұтып қою.

6) Қиын жағдайда оразасын бұзу. Яғни біреудің күштеп, қорқытуымен оразасын бұзса.

7) Ұйықтап жатқанда басқа біреу аузына су құ-йып жіберсе.

8) Өз қалауымен аузын толтырып құсу.

9) Әлі күн батпай тұрып, батты деп ойлап аузын ашу.

10) Сәресінің уақыты бітсе де, әлі уақыт бар деп жеу.

30

Ораза

11) Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «ораз-ам бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.

ОразаНЫ БҰзБайтЫН НӘрСеЛер

Көпадамдароразаныбұзбайтынкейбір нәрселердібұзадыдеп ойлап,оразаларына үлкен зиян келтіріп жатады. Сондықтан оразаны бұзатын сияқты болып көрінгенімен негізінде оны бұзбайтын бірнеше мәселеге тоқтала кетсек:

1) Ораза ұстағанын ұмытып, ішіп-жеу (ұмытып кетіп жеп немесе ішіп қойған адам ораза екені есіне түссе, аузын шайып, оразасын жалғастырады. Ораза екені есіне түскеннен кейін тамағынан бір нәрсе өтсе, оразасы бұзылады).

2) Құлағына су кетіп қалу. 3) Көзіне дәрі тамызу.

4) Түнде жуыну қажет болғанымен таңертеңгісін жуыну.

5) Еріксіз құсса.

6) Ұйықтап жатқанда жыныстық жолдарынан сұйықтық бөлінсе.

7) Қан алдыру.

8) Еріксіз тамағына тозаң, түтін кіру. 9) Аузындағы түкірікті жұту.

Ораза ҰСтаҒаН адаМҒа МӘкрУҺ БОЛа-тЫН НӘрСеЛер

1) Бір нәрсені жұтпаса да дәмін татып көру (егер күйеуі тамақтың тұзына байланысты маза-

31

Ораза

сын алып дау тудырса, ол кезде әйел жұтып қоймай тамақтың дәмін көрсе болады).

2) Түкірігін аузына жинап жұту (Егер аузындағы жиналған түкірігін сыртқа шығарғаннан кейін, қайта жұтса оразасы бұзылады).

3) Өзін әлсірететіндей дәрежеде қан алдыру, ауыр жұмыстар жасау.

Ораза ҰСтаҒаН адаМҒа МӘкрУҺ еМеС НӘрСеЛер

1) Раушан гүлі мен хош иісті нәрселерді иіскеу. 2) Тісті щеткамен тазалау.

3) Ауызды шаю.

4) Мұрынға су тарту. 5) Жуыну.

ОразаНЫҢ ӘдептерІ

1. Күн ұясына батқан бойда ауыз ашуға (ифтар) асығу.

2. Ауызды құрмамен немесе сумен ашу. Ауыз ашқанда желінетін құрманың немесе суды жұтудың тақ саннан болуына көңіл аударылғаны дұрыс.

3. Ауыз ашқанда Аллаһ Тағалаға дұға ету. Пай-ғамбарымыз (с.а.у.) аузын ашқанда былай деп дұға жасаған: «Ей, Аллаһ! Сен үшін ораза ұстадым, тек Саған иман келтірдім, әрі Саған ғана тәуекел етемін, маған берген ризық-несібеңмен ауыз аштым! Оны бізден қабыл ете гөр! Расында, Сен бәрін естуші әрі бәрін де көрушісің!»

(Әбу Дәуіт, Сиям 22).

32

Ораза

4. Түннің соңғы бөлігінде, таң бозарып атар ал-дында ораза тұту ниетімен сәресі ішу.

5. Сәресі ішуді түннің соңғы бөлігінде бітіру.

6. Аллаһтың үкімдерін әр кезде де бұлжытпай орындауға күш салу.

7. Кешірімді болу, өзін ренжіткендерге кең-пейілді болу. Егер біреу ұрыс-керіске итермеле-се: «Мен ораза ұстап жүрмін», «Мен ораза ұстап жүрмін» - деп айту.

8. Басқа ораза тұтушыларға қамқорлық таны-тып, олардың ауыз ашуларына жағдай жасау.

ОразадаМЫНаЛардаНБарЫНШа СақтаНУ керек

1. Ауызды шайып тұрғанда, мұрынға су тарт-қанда көмейге су кетуі.

2. Әйелді сүю, бұл адамның бойындағы құмар-лық сезімін оятып, несептен мәни суының шығуына немесе төсек жақындығына себеп болуы мүмкін.

3. Әйелге біршама уақыт құмарланып қарау. 4. Төсек қатынасы туралы ойлау.

5. Әйелді қолмен ұстау немесе құшақтау. 6. Ауызға түкірік жинап жүру.

7. Бір нәрсені тіске басу, шайнау, тағамның дә-мін тату.

ОразаҒа кедерГІ БОЛатЫН ЖаҒдайЛар 1. Әйелдердің хайыз және нифас күндерінің

келуі.

33

Ораза

2. Адамды қауіп-қатерден құтқаруға байланыс-ты. Мысалы, суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде су жұту т.б.

3. Сапарға шығып, жолаушы болған жағдайда намазды қысқартып (қасыр етіп) оқуға және ораза ұстамауға рұқсат етіледі.

4. Науқастың ораза ұстайтын күш-қуаты болма-са не аурудың асқынуынан қорықса.

5. Екіқабат не бала емізетін әйел өзіне не бала-сына қауіп келуінен күмәнданса.

* Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты ораза тұтуды тоқтатқан адамдар кейін әрбір күнінің қазасын өтейді.

ОразаНЫ БҰзатЫН ЖаҒдайЛар 1. Күндізгі уақытта біле тұра ішіп-жеу. 2. Біле тұра төсек қатынасына бару.

3. Әдейі мәни шығару. 4. Әдейі құсу.

5. Асқазанды, ішекті жуу мақсатымен клизма жасату не ине арқылы қорек болатын дәріні бойға сіңіру.

6. Әйелдің етеккірі немесе босануы кезінде қан кетуі.

7. Қан алдыру және қан құйдыру, бұл жерде қан берген адамның да, қан құйылған адамның да оразалары бұзылады.

ескерту:

*Рамазанайыныңкүндізгіуақытында

34

Ораза

жыныстық қатынасына барғандар сол күннің қазасын өтейді әрі арасын бөлместен екі ай бойы ораза тұтып, күнәсын жуады. Егер оған шамасы келмесе 60 міскінді тамақтандырады.

* Кімде-кім оразаның қаза болған күндерін өтемек болса, оны келесі Рамазан айы басталғанға дейін өтеуге асығуы тиіс.

* Қаза оразасы бар адам өліп кетсе, оның орны-на басқа адамның ораза ұстауына болмайды, яғни өліктің мойнынан ораза түспейді.

НӘпІЛ ОразаЛардЫ қай кезде тҰтқаН ЖақСЫ?

Мына күндерде ораза тұтқан сауап:

– Қажылық парызын өтеуге бармаған адам-дар Арафат күнінде, яғни, Зулхиджа айының тоғызыншы күнінде.

– Мухаррам айының тоғызыншы және онын-шы немесе оныншы және он бірінші күндерінде.

– Шәууал айының алты күнінде.

– Зулхиджаның алғашқы тоғыз күнінде. – Мухаррам айында.

– Һижри жыл санауы бойынша әр айдың «тақ түндері» боп саналатын он үшінші, он төртінші, он бесінші жұлдыздарында.

– Дүйсенбі мен бейсенбіде. – Күнара.

Мына күндерде ораза тұтуға тыйым салынады: – Зулхиджа айының оныншы, он бірінші, он

екінші күндері.

35

Ораза

– Күмәнді күні, яғни 30-шы шағбанда.

иСЛаМда хОШ кӨрІЛМейтІН Ораза: – Тек қана жұма күні ауыз бекіту.

– Тек қана сенбі күні ауыз бекіту.

– Үзіліссіз жыл он екі айға созылатын ораза.

НаМаз ОқЫМайтЫН адаМ Ораза тҰта аЛа Ма?

Пендеиманкелтіргенболсаоныңіс-амалдарындағы кемшіліктері, жасаған күнәлары оны діннен шығармайды. Ол мұсылман болып есептеле береді. Бірақ, құлшылықсыз дін бүтін бол-майды, иман кәміл саналмайды және құлшылықтан ада тұру иманды әлсіретіп, түбінде имансыздыққа апарады. Сондықтан, ізгі амалдардың қолымыздан келетінінен бастап, дереу бір сәт те жоғалтпастан, құлшылыққа кірісе беруіміз керек.

Сол себепті, намаз оқи алмай жүрген адам ораза ұстауына, әрине, болады. Болады емес-ау, ұстауы керек! Өйткені, әр құлшылықтың орны бір басқа, сұрауы бөлек. Біреуге 200 теңге қарыз болсаңыз, 200 теңге жинағанымда бір-ақ беремін деп созып жүре бергеніңізден гөрі, «Қазірше жүзін бере тұрайын!» десеңіз жаман болмас еді. Қайта, әлгі кісі сіздің қарызыңызды түбінде өтейтініңізге көзі жетіп, қуанып та қалар еді. Сондықтан, оразаңызды ұстай беріңіз, ораза міндетіңіз өтелген болсын. «Аллаһ қабыл етсін» деп дұға жасаңыз.

36

Ораза

Алайда, мұнымен намаз міндетіңіз мойныңыздан түспейді, мойныңызға қарыз болып қала береді. Оразаңызды ұстай жүріп намаз жайында ойла-на жүріңіз. Өйткені, Аллаһ Тағала әмір еткен ғибадаттардың ең алдында, әрине, намаз тұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды «діннің тірегі» деп сипаттап, сол тірегін мықтап орнатпаған адамның діні түбінде құлайтындығына меңзеп кеткен. На-маз – бес уақыт жасалатын ең үлкен құлшылық. Бұл қасиетті Миғраж түнінде тарту етілген. Алақ сүресінің 19-аятында «Сәждеге бар да жақындай түс!» деп бұйырады. Демек, намаз – Аллаһ Тағалаға жақындау, Оның (жәллә жәләлуһу) ұлылығымен оңаша сырласу деген сөз. Әлдебір басшымен жолығуға баратын болсаңыз, оған бейқам қарап қол сілтер ме едіңіз? Әлде барыңызды киіп, ба-рынша жағымды күйге еніп, алып-ұшып бір сағат ерте барып, күтіп отырар ма едіңіз? Ал енді, Аллаһ Тағаланың шақыруына түрлі сылтаулармен бармауымызға жол болсын.

Екінші халифа Омар (Аллаһ ол кісіге разы болсын) пышақталған күні қансырап жатқан кезі еді. Есін жия алмай, есеңгіреп жатқанында бір кісі оған:

«Уа, Халифам! Намаз уақыты өтіп барады», - деді. Сонда ол дереу есін жиып: «Намазсыз дін болмайды!» - деді де намазын өтеді. Міне, түсінген адам үшін намаздың құны сондай жоғары. Жауапкершілігі Аллаһтың алдында өте үлкен.

37

Ораза

Қорыта айтқанда, «әһлі-сүннәт» сенімі бойын-ша: наным-сенім бөлек ұғым, ғибадат-құлшылық бөлек түсінік. Сондықтан, тәніңізге рухани азық беретін, сауабы мол ораза құлшылығынан қапы қалып жүрмеңіз ағайын!

ОразаНЫҢ пайдаЛарЫ

а) Ораза мінез-құлығымызды кемелдендіреді Ораза – үнемі Аллаһты есімізге салып отыра-

ды, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман сезім мен ойлардан тазартып, басқаларға жамандық жасаудан сақтандырады. Ораза – мінез-құлқымызды жетілдіріп, тіпті періште сияқты хал-ге жеткізеді. Сондай-ақ, ораза − харам нәрселерге қараудан, тілді өтірік және жаман сөздерден, құлақты харам нәрселерді тыңдаудан, асқазанды харам нәрселерді жеуден, қолды жаман нәрселерді жасаудан, аяқты жаман жерге барудан қорғайды.

Оразаның парыз етілуінің сыры – мұсылманның Аллаһқа деген құлшылық міндетін орындауы және жамандықтардан сақ болуы.

ә) Ораза адамның мейірім сезімдерін күшейтеді Өмірінде аштықтың не екенін білмеген

әл-ауқатты адам кедейлер көрген аштық пен қиыншылықты жеткілікті түсіне алмайды. Бірақ осы адам ораза ұстаса, аштықтың не екенін түсініп, кедейлердің қиыншылықтарын әлдеқайда жақсы сезінеді, оларға деген мейірімділік сезімдері оянады. Нәтижесінде кедейлерге қол ұшын беріп, қиыншылықтарын жеңілдетеді.

38

Ораза

б) Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді Ораза ұстау арқылы белгілі бір уақыт өзін

ішіп-жеуден тыйып, сабырлылыққа үйреткен адам өмірде кездесетін қиыншылықтарға оңайлықпен мойымайды. Қайғы-қасіреттерге шыдайды. Керек болса дұшпанмен соғысудан тайынбай сол жолда кездесетін қиыншылықтарға төзе біледі.

в) Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсар-тады

Бұл жайында сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ораза ұстаңдар дендерің сау болады» (Кәшфул Хафа, ІІ том 33 б.).

Жылдың он екі айында ас қорытумен шар-шап, бөгіп қалған денедегі ас қорыту мүшелері оразаның арқасында демалады. Рамазаннан кейін жақсы жұмыс істей бастайды. Ғалымдар оразаның денсаулық тұрғысынан организмге пайдалы екенін анықтаған. Нобель сыйлығының иегері Француз ғалымы, доктор Алексей Корель ораза жайында былай дейді: «Ораза кезінде, денеде жинақталып қалған, қоректік заттар іске қосылады. Содан кейін олардың орнына жаңалары келеді. Осылай-ша денеде жаңару іске асады. Ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы» (Хаят энцеклопедиясы, «Ораза» бөлімі).

г) Ораза адамдарға нығметтердің қадірін білуді үйретеді

Адам қолында бар нығметтердің қадірін тек қолынан шығып кеткенде ғана біледі, кеш түсінеді.

39

Ораза

Бірақ, болар іс болған соң оның еш пайдасы болмай қалады. Ораза ұстау арқылы адам нығметтердің қадірін әлдеқайда түсінетін болады. Бұл түсінік адамға қолындағы дәулет, нығметтердің қадірін біліп, оны берген Аллаһқа шүкір етуді үйретеді.

40

ІІ БӨЛІМ

зекет

зекет

зекет деГеН Не?

Бұл өмір сынақ болғандықтан Аллаһ Тағала адамдарға әр түрлі сынақ түрлерін беріп қойған. Біреулер байлықпен сыналса, енді біреулері кедей-лікпен сыналуда. Кедейдің міндеті шүкіршілікпен сабыр сақтау болса, байдың міндеті өз қолындағы аманатты мұқтаждармен бөлісу.

Аллаһ Тағала былай айтқан: «… Дүние өміріндегі адамзаттың тіршіліктегі несібелерін араларын-да біз үлестірдік. Бір-біріне жұмыс істеулері үшін де кейбіреуінің тіршілігін басқасына қарағанда бірнеше есе артық қылдық. (Бірақ) Раббыңның рақымыолардыңжиған-тергендеріненөте қайырлы» (Зұһруф сүресі, 32-аят).

Осы аяттың баяны бойынша мал-мүліктің үлестірілуіндеайырмашылықтарбар,бірақ жауапкершіліктер де соған қарай белгіленіп, әлеуметтік деңгейдің сақталуы көзделген. Яғни: дәулетті болғандар байлықтарының нәтижесінде қоғамдағы азғындықтардың алдыналса, мұқтаждардың да байларға қызғаныш пен кек сақтау сияқты жаман пиғылдарына кедергі болып

42

зекет

әлеуметтік деңгейді сақтау көпірі болғандықтан «зекет» парыз болған. Ислами қоғамда бай мен кедей арасындағы деңгейді және сүйіспеншілікті қамтамасыз ету үшін зекет ғибадаты өте маңызды орынға ие. Бай кісі мал-мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағаны жайында, Аллаһ Тағаланың ал-дында есепке тартылады. Ол дәулетінің белгілі бір бөлігін кедейлерге беруге міндетті болуымен үлкен сынақта. Сонымен қатар, басқа құлшылық міндеттерімен бірге осы сынақтан сүрінбей өтсе, Аллаһтың ризалығына және жәннаттағы игіліктер-ге қол жеткізеді. Кедей кісі де, жоқшылықтағы сабырсыздығы, наразылығы, адамдарға масыл болуы, қажет болмаған сұраныстары, қызғанышы мен өзінде болған нашар мүмкіндікті қабылдамай, Аллаһқа қарсы келуі сияқты жағдайлармен, сондай-ақ мінез-құлқы мен ар-намысын сақтағаны не сақтай алмағаны жөнінен есепке тартылады. Егер есептің нәтижесі Аллаһтың ризалығы болып шықса, оның дүниеде көрген қиыншылығы мәңгі болған ақырет бақытына айналады.

Зекет Құран Кәрімде 27 жерде намазбен бірге ескертіледі. Осынша көп ескертілуі оған берілген маңыздылықты көрсетеді. Жалғыз бір жерде ғана (Мүминун сүресінде) намаз зекеттен бөлек түрде ескертіледі, сонда да намаз оқығандардың зекет бергендері баяндалады. Негізінде амалдар бір-бірінен бөлек, яғни біреуінің орындалмауы орындалған ғибадатты жоймайтынымен зекетсіз

43

намаздың жоқ (с.а.у.) баяны

зекет

екендігі Хазірет Пайғамбардың бойынша белгіленген: «Намаз

оқығанымен зекет бермеген адамның намазы жоқ!» (Мунауи, Кунузул-Хақайқ 143) (Яғни, намазы оны жақсылыққа жеткізбейді).

Сондықтан Халифа Әбу Бәкір (р.а.) на-мазоқығанымензекетбермегендердіңосы әрекеттерінен оларды діннен шыққан (мүртәд) деп қабылдап, оларға соғыс ашқан. Өйткені, зекет – жағдайы болғанның әл-ауқаты нашар кісілерге Аллаһ Тағланың белгілеген қарызы. Аятта бы-лай айтылады: «Мұқтаждың немесе ар-намысынан себеп, ұялып сұрай алмағанның дүние-байлықта белгілі бір хақы бар» (Зарият сүресі, 19-аят).

Ал, Аллаһ Расулі (с.а.у.) былай дейді: «Малыңның зекетін бергенде кедейдің малыңдағы ақысын төлеген боласың» (Тирмизи).

Сондықтан зекет нисаб мөлшерінен артық мал-мүлікке ие болғандардың кедейлерге құдайы салық ретінде байлықтарының бір бөлігін беріп қалған малдарын адал қылуы деп табылады. Зекет арқылы қауымда тұрақты деңгей, әділет пайда болады. Байдың дәулеті тазарады. Мал-мүлкі толығымен иесіне халал болады. Бұл жағдайды аңғару үшін: «… Зекет бергендер де тазарып құтылды» (Мүминун сүресі, 4-аят) деген аятқа назар аударуымыз қажет.

Зекет берген кісі мен алған кісінің арасын-да сүйіспеншілік пайда болып, әрі жақындық күшейе түседі. Зекет мұқтаждарға берілетін

44

зекет

иләһи салықтың ең аз мөлшері. Кәміл иман иелері жомарттық танытып дәулеттерін садақа тарату арқылы немесе басқа қайырымдылық жұмыстарымен әшекейлендіреді.

Дүниеде бұрынғы заманнан қазіргі күнімізге дейін бай-кедей таласы болып келе жатыр. Көбінесе кедейлер байларға қарсы кек сақтап қызғанышпен қараған, байлар да кедейлерді төмен деңгейдегі жаман кісілер деп көріп тәкаппарлықпен менсінбеушілік танытқан. Ал Хақ дінді насихат-таушы Исламда қамқорлық, мейірімділік және бауырластық туралы үгіттерден зекет беру, садақа тарату және әр түрлі қайыр істерін жасау сияқты қоғамдық өмірге қамқорлық сәулесін шашқан дәуірлер болған. Бүгін зекет дәл ме дәл есептеліп берілсе, қоғамда кедейлікпен қайғыда жүрген адам саны жоқ боларлықтай азаяр еді.

ХалифаОмарбинАбдуләзиздәуірінде қалаәкімдері«зекет алатынешкімдітаба алмағандықтарын» білдіріпхалифадан ақыл сұраған. Өйткені, бүкіл байлар зекет қарыздарын төлеп жатқан. Сондықтан Омар бин Абдуләзиз дәуірі төрт халифадан кейінгі ең жарқын дәуір деп саналады. Осы ахуал мал-мүліктің және жанның Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін жұмсалуының мейірім көріністері.

Шын мәнінде, зекет Исламның адамзатқа сыйлаған өте ұлы негіздердің бірі. Зекет

45

зекет

арқылы қоғамдағы кедей, ғаріп, мүсәпір және жетім-жесірлердің қиыншылықтары аз да бол-са жеңілдетілуде немесе сол қиыншылықтар толығымен арылуда.

Соныменисламқиыншылықтаболған адамдарға олардан қарсылық күтпей қол ұшын берген, сөйтіп қаншама әлеуметтік жараларға дауаболған. Сырттай қарағанда адамдарға жәрдем, жеңілдік деп көрінетін, ал шындығында қиыншылыққа душар ететін, қанаудан басқа іске жарамайтын пайыз пәлекетіне де тыйым салған.

Өйткені, пайыз арқылы қанаушы болғандар басқалардың қиын жағдайда болуын және олардың осы жағдайларынан пайда көруді армандайды. Ал зекет берген кісі қиналып жүрген мұқтаждардың мұңдасы. Оның жалғыз арманы Хақ Тағаланы разы ету мақсатымен олардың мұңына дәрмен болу.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:«Аллаһ пайызды жояды, ал садақаларды берекеттендіреді…» (Бақара сүресі, 276-аят).

Яғни, пайыз алумен шұғылданғандардың мал-мүлкінен берекет алынады. Осы берекетсіздік ақыретте зиянға ұшырауға апарады. Мұндай жағдайлар кейде осы дүниеде харам жолдармен табылған таудай байлық я бір апат, я бір ауру себепті яки ысырапқор мұрагердің қолында жоқ болып кетеді.

46

зекет

Мал-мүліктің негізгі иесі сөзсіз Аллаһ Тағала. Адамзаттың иелігі болса уақытша ғана.

Юнус Әмре Хазірет айтқан екен: Мал иесі, мүлік иесі,

Қайда оның шын иесі?

Мал да жалған, мүлік те жалған Сен де уақытша алдан!

Құран Кәрімде де былай айтылған: «Ей, адам-зат! Барлықтарың Аллаһқа мұқтажсыңдар. Ал, Аллаһ (барлық нәрседен) мұстағни (яғни ешбір нәрсеге мұқтаж емес) және мақтауға өте лайық» (Фатыр сүресі, 15-аят).

Аяттыңтүсінігібойынша,мал-мүлікбір адамдікі немесе мемлекеттікі емес, тек қана Аллаһ Тағаланыкі. Оны өзімдікі деп меншіктеніп жаңылысқандар туралы Аллаһ Тағала былай айтқан: «…Алтын мен күмісті жиып алып оларды Аллаһ жолында жұмсамағандар бар ғой, міне, со-ларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле!» (Тәубе сүресі, 34-аят).

«(Осы ақшалар) тозақ отында қыздырылады да сонымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланатын күн (Оларға бы-лай айтылады:) «Міне, осы өздерің үшін жинаған байлықтарың. Ал енді жинап жатқандарыңның дәмін (азабын) татыңдар!» (Тәубе сүресі, 35-аят).

Аллаһ Расулі (с.а.у.) бір хадисінде: «Әр күні таң уақытында екі періште жер бетіне түседі. Бұлардың біреуі:

47

зекет

«Аллаһым! Мал-мүлкін хақ жолында жұмсағанға мал-мүліктің жаңасын бере гөр! - деп дұға етеді.

Екіншісі: «Аллаһым! Сараңдық жасағанның мал-мүлкін жоқ ете гөр!, - деп қарғыс бата береді» (Мүслим, Зекет).

Бұл ақиқат себебімен тақуа көңілдер мына ескертуді ешқашан да естерінен шығармай өмір сүрген: «Халалдың есебі, ал харамның азабы бар».

Шүкіршілік иесі жомарт байлар мен сабырлы әрі ар-намысы бар кедейлер адамдық абырой бой-ынша әрі иләһи ризалыққа жетуде тең. Сондай-ақ, Исламда сараң әрі өркөкіректі байлар мен өтірікші кедейлер жек көрінішті болады. Хазірет Пайғамбар (с.а.у.): «Уа, Раббым! Кедейліктің және байлықтың фитнасынан, яғни жамандығынан саған сыйынамын» (Мүслим, Зікір 44) - деп дұға ететін.

Аллаһ Тағала былай айтқан: «Егер шүкіршілік етсеңдер, сендерге берген игіліктерімді арттыра-мын…» (Ибраһим сүресі, 7-аят).

зекет – харам жолмен жиған байлықты адалға жатқызбайды

Зекеттің жиған малыңды адалға жатқызуы, оның көбеюіне сеп болуы тек адал еңбекпен тапқан байлыққа қатысты. Егер де мемлекет тонаудан, кісі затын иеленуден, парадан, сұғанақтықтан, адам-дарды қанаудан, өсімқорлықтан, құмар ойнаудан және заңсыз түрде біреудің малын иелену сияқты харам жолмен жиналған болса, онда зекеттің

48

зекет

бұл байлықты адал етуіне, игілікке айналдыруға ешқандай септігі жоқ. Кімде-кім «Харамнан жиған байлықты, зекет беру арқылы адал етуге болады», - деп ойласа, қателескені. Ислам діні бұлай істеуге түбегейлі қарсы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) былай деген: «Шындығында, Аллаһ ізгі, сондықтан Ол тек игі жолдармен жасаған құлшылықты ғана қабыл етеді» (Муслим); «Харамнан мал жиып, оны садақа ретінде таратқан (адам), осы ісі үшін (ешқандай) сауапқа кенелмейді әрі (осы байлықтың) ауыртпалығын өзіне жүктейді» (Әл-Байхаки); «Аллаһ Тағала (харамнан жинаған малдан берген) садақаны да, (толық) тазармағанның дұғасын да қабыл етпейді» (Муслим, Ахмад бин Ханбәл).

Яғни, харамнан жиған байлықтан берген сада-қаны да, толық тазармағанның дұғасын да Аллаһ қабыл қылмайтыны белгілі болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «(Егер де) Аллаһтың құлы харамнан мал жиып, оның бір бөлігін жұмсаса, бұл іс оны игілікке бөлемейді. Харамнан жиғаннан садақа берсе, оның бұл ісі қабыл етілмейді, ал (егер) оны артына мұра ретінде қалдырса, онда бұл тозаққа барар жолындағы азығы болады. Шындығында, құдіреті күшті Аллаһ Тағала жамандықты жамандықпен емес, жақсылықпен өшіреді.

Расында, жексұрындық жексұрындықпен өшірілмейді» (Ахмад бин Ханбәл).

Ибн Абидин былай жазады: «Ханафилік кейбір ғұламалардың айтуы бойынша, егер де адам сауап

49

зекет

үшін харам ақшасынан жарлыға бір нәрсе бер-се бұл күнә болып есептеледі. Ал, егер жаңағы қайыршы ол ақшаның харам екенін біле тұра, садақа берген адам үшін Аллаһқа құлшылық етіп, дұға етсе, бұл қайыршы тарапынан жасалған күнә болады. Егер де тағы бір адам осының бәрін естіп біле тұра тіленшінің дұғасынан кейін «Әмин» десе, бұл да әлгі адамның тарапынан жасалған күнә. Кімде-кім харамнан жиған ақшасына мешіт салғызып, осы арқылы Аллаһқа жақындаймын деп үміттенсе күнәға батқаны. Өйткені, бұл адам өзінің күнәлі ісінен сауап іздеуде. Себебі, харам етілгенді халал деп күнәға ұрынып отыр. Осы айтылғанның бәрі анық түрде харам деп жарияланған істерге қатысты, ал харамдығы күмәнді істерге қатысы жоқ».

зекеттІҢ пайдаЛарЫ

Зекет Құран Кәрімде намазбен бірге отыз жеті жерде кездеседі. Зекетке осыншалықты мән берілуі, оның Ислам дініндегі құндылығын білдіреді.

Зекет – жүректі сараңдықтан, дүние-мүлікті кедей кепшіктің ақысынан тазартып, бай, ау-қатты адамдардың мейірімділік сезімдерін қа-лыптастыратынғибадат.Зекеттіңарқасында кедейлердің көкейлеріндегі көреалмаушылық және қызғаныш сезімі жойылады. Өздеріне жәрдем ететін ауқатты адамдарға деген сүйіспеншілік және

50

зекет

құрмет сезімдері оянып, халық арасында бірлік, бауырмалдық сезімдер үстемдік етеді.

Исламдіні,қоғамныңауруынемдеп, мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін принциптерге (негіздерге) құрылған. Аллаһтың әмірі болып са-налатын зекет, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі. Зекет дүние-мүліктің көбейіп берекеттің артуы-на себеп болады. Зекеті берілген дүние-мүлікті, босқа шығын болудан, түрлі дағдарыстардан Аллаһ сақтайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Дүние-мүліктеріңді зекет берумен қорғаңдар» (Әт-Тарғиб уәт Тарһиб, І том 520 б.).

зекеттІҢ БерІЛУІ

Зекет қамари жыл (ай жылы) бойынша яғни 355 күн есебі бойынша 2,5% беріледі. Бірақ қазіргі кезде жұмыс орындары шәмси жыл (күн жылы) бойынша есеп жүргізуде. Күн жылы 365 күн болғандықтан арадағы 10 күнді де зекет есебіне қосу қажет. Яғни зекет 2,5 пайыз деп есептелсе, күн жылы есебі бойынша 2,6 пайызға жуық.

Зекет есептелерде назар аударылатын басқа бір мәселе де инфляция. Қазіргі кезде 3%-дан 100%-ға дейін құн түсуі себепті зекет берілерде парыз болған кездегі құннан төлеу үшін зекетке қарасты мал-мүліктің құнын тұрақты бір құнға байлау қажет. Керісінше жағдайда зекет берілетін мөлшер 2,5 пайыздан төмен түсіп кетеді. Сон-

51

зекет

да мұқтаж ақысын толық ала алмайды да зекет ғибадаты кем болып қалады.

Назар аударатын екінші бір мәселе: зекет тек қана адамдарға және олардың негізгі қажеттері үшін беріледі. Мекемелерге, ұйымдарға зекет берілмейді. Сондықтан мешіттер, мектептер, ме-дреселер, емханалар зекетпен емес инфақпен, яғни зекеттен тыс қайырымдылық арқылы салы-нады. Сый-сияпат ретінде мұқтаждарға берілген тамақтар зекет емес инфақ деп есептеледі. Өйткені, зекет қолма-қол беріліп мұқтаждың игілігіне жа-рауы қажет.

Зекет берілетін кісілер Құран Кәрімде айқын түрде баяндалған. Мұқтаж кісілерге мұқтаж-дықтары белгілі болғандықтан байлар зекеттерін олар сұрамай-ақ өздері апарып береді. Сонымен кедейлердің әркімге барып сұрауларымен ізет, абыройларына зиян келуіне бөгет жасалады. Со-нымен қатар ислам діні қайыршылық жасауға және еңбек етпей тіршілік ету жолдарына рұқсат етпейді. Өз халдерін жасырып айта алмай жүргендерге жұмсалатынинфақтыңмаңыздылығыҚұран Кәрімде былайша баяндалған: «(Инфақтарыңды) Аллаһ жолына берілгендіктен жер жүзін табыс үшін аралай алмаған пақырларға беріңдер! Білмеген адамдар оларды ар-намыс сақтағандықтарынан бай деп ойлап қалады. Сен оларды бейнесінен-ақ танисың. Өйткені, олар адамдарға жабысып

52

зекет

сұрамайды. Сендер нендей қайыр істесеңдер Аллаһ оны сөзсіз біледі» (Бақара сүресі, 273-аят).

Осы аяттың мағынасына қарағанда зекет беретін кісінің тамлиқ пен таһарриге өте көп назар аударуы қажет екені көрінеді. Өйткені, зекеттің дұрыс болуы осыған байланысты. Тамлиқ – қайырды иелендіріп беру; таһарри – бермей тұрып тексеру, яғни зекет беретін дүниесінің ор-нын белгілеу.

Егерзекеттексермейберіліп,кейіннен берілген кісінің зекет алуға тиісті сегіз топқа жатпайтындығы білінсе, зекет дұрыс болмайды қайтадан беру қажет болады.

зекеттІ кІМдер БередІ?

Төмендегі шарттарға сәйкес адамдар зекет бе-руге міндетті болып есептеледі:

1) Мұсылман болу.

2) Ақыл-есі дұрыс болу. 3) Балиғатқа жеткен болу. 4) Азат кісі болу.

5) Діни тұрғыдан ауқатты (яғни негізгі қажет-тіліктері мен борыштарынан басқа «нисаб» мөлшеріндегі дүние-мүлкі немесе ақшасы) болу.

6) Зекетке жететін дүние-мүлік пен ақша болу. а) Нисаб мөлшерінде (яғни 80.18 г. алтынның

құнындай) болу.

ә) Бұл байлық бір қамари жыл (ай жылы, яғни 354 күн) иесінің қолында болу.

53

зекет

б) Қолындағы дүниесі заттай немесе бағалай өсу күйінде болу қажет.

НиСаБ

Нисаб – дініміз тағайындаған байлық мөлшері. Қарызынан және негізгі қажеттіліктерінен басқа тағайындалған осы мөлшер немесе одан да көп дүние-мүлік пен ақшасы бар адам дінімізде бай бо-лып есептеледі.

Пітір беру, құрбандық шалу үшін де ең аз де-генде нисаб мөлшерінде дүние-мүлкі мен ақшасы болуы керек. Бірақ бұл жерде дүние-мүлік пен ақшаның, қолында ең кемі бір жыл тұруы және қажеттен артық болуы шарт емес.

зекет кІМдерГе БерІЛедІ? Зекет мына адамдарға беріледі:

1) Мұқтаждарға: діни мөлшер бойынша бай бо-лып саналмайтын, нисаб мөлшерінде дүние-мүлкі жоқ адамдар.

2) Кедейлерге: ештеңесі жоқ адамдар.

3) Борыштыларға: Қарызынан тыс дүние-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпейтін адамдар.

4) Жолаушыға: өз елінде дүние-мүлкі болса да жолда ақшасыз қалған, қолында ештеңесі жоқ адамдар (Бұл адамдарға үйлеріне жете алатындай мөлшерде зекет беруге болады).

5) Аллаһ жолындағыларға: Бұлар Аллаһ жо-лында жиһадқа немесе қажылық үшін жолға

54

зекет

шығып, ақшасыз қалғандар мен бар күшін ілімге жұмсап, соның жолына берілген адамдар.

6) Зекет жинаушы қызметкерлерге: Мемле-кеттің тағайындаған адамдары.

7) Муәлләфә Қулубқа: Жүректерін исламға ысыту мақсатымен берілетін кісілер.

8) Құлдарға: Құлдықтан азат болатындарға беріледі. Бірақ құлдық күнімізде жойылған.

Зекет берген кезде мына ретті сақтау керек: Алдымен бауырлары, бауырының балалары,

немере ағасы, әпкесі, нағашы ағасы мен әпкесі, содан кейін басқа туған-туысқандар мен көршілер, олардан кейін көшесінде және ауылында тұратын тұрғындар мен еліндегі жерлестері. Зекеттен алған ақшаларын күнә жолына жұмсап, ысырап ететін адамдарға емес, шын мәніндегі қажеттері үшін жұмсайтын кедей адамдарға берген жөн.

зекет кІМдерГе БерІЛМейдІ? 1) Ата-ана, аталар мен әжелерге.

2) Ұлына, немерелеріне, қызына, қызының ба-лаларына және шөберелеріне.

3) Бай адамдарға.

4) Мұсылман еместерге.

5) Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне.

55

зекет

зекетІ БерІЛМейтІН НӘрСеЛер

Өзініңжәнеқарамағындағыадамдардың қажеттілігі болған нәрселерден зекет берілмейді. Бұлар «Негізгі қажеттіліктер» деп аталады. Мұндай заттарға негізінен мыналар жатады:

Отырған үйлері, үй мүліктері, киімдері, мініс-көліктері, сауда-саттыққа жатпайтын кітаптар, өнер адамдарының қолданатын құрал-саймандары, жейтін тағамдары, алтын мен күмістен басқа сауда-саттық мақсатымен алынбаған інжу-маржан, алмас және гауһар тас сияқты әшекей асыл бұйымдар.

зекетІ БерІЛетІН НӘрСеЛер МеН зекет МӨЛШерІ

Зекет болып берілуі керек нәрселердің нисабы мен олардың мөлшері мынадай:

1) Алтын: ең аз дегенде 80.18 г. немесе одан да көп болса, соның 40/1 бөлігі.

2) Күміс: ең аз дегенде 561 г. немесе одан да көп болса, соның 40/1 бөлігі.

3) Ақша: ең аз дегенде 80.18 г. алтынның құ-нындай ақша болу керек.

4) Сауда-саттық тауарлар: ең аз нисаб мөл-шеріндегі ақшаның құны немесе одан да көп сауда-саттық тауарларының 40/1 бөлігі.

5) Қой мен ешкі: қырық қой яки қырық ешкіден, бір қой немесе бір ешкі.

6) Сиыр немесе буйвол: отыз сиыр немесе буй-волдан бір жасар тайынша.

56

зекет

7) Түйе: бес түйеге бір қой немесе ешкі. Малдың саны артқан сайын зекет мөлшері

(көлемі) де өзгеріп отырады. Жерден алынатын өнімдердің берілетін зекеті мүлдем басқаша.

Жоғарыда аталған заттардан берілетін зекет сол заттардың өзі немесе солардың құнындай ақша ретінде де берілсе болады.

Зекет қабыл болуы үшін ниет маңызды. Өйткені зекеттің шынайы, көңілден болуының шарты – ниет. Бай-дәулетті мұсылман, кедейлерге зекет бергенде шын көңілден ниет етуі керек, ал тілімен айтуы шарт емес.

пІтІр СадақаСЫ

Қарызынан және негізгі қажеттіліктерінен басқа ең аз нисаб мөлшеріндей дүниесі немесе соның құнындай ақшасы бар мұсылман пітір садақасын беруі керек. Ол қысқаша «пітір» деп аталады. Пітір садақасын беру – уәжіп. Пітір садақасы уәжіп болу үшін зекеттегідей дүние-мүліктің ең аз дегенде бір жыл қолында болуы және өсу күйінде болуы шарт емес.

Пітір – Рамазан айында кедейлерге берілетін садақа. Айт намазынан бұрын берілгені абзал. Кейбір қиын жағдайлар себебінен Айт күні немесе одан кейін де берсе болады. Діни тұрғыдан алғанда бай-дәулетті мұсылман өзінің, әрі ер жетпеген балаларының пітір садақасын беруі уәжіп.

57

зекет

Пітірмынадайтағамдардантөмендегідей мөлшерде беріледі:

1) Бидай - 1460 г. 2) Арпа - 2920 г. 3) Мейіз - 2920 г. 4) Құрма - 2920 г.

Бұл заттардың өзін немесе құнын ақшалай да берсе болады. Қайсысы кедей үшін пайдалы болса, солай берген жөн. Пітір бір ғана кедейге беріледі. Екіге бөлуге болмайды. Бір кедейге бір пітірден артық пітір беруге болады. Пітір садақасына ниет етіп беріледі. Бірақ мұның пітір екенін кедейге айтпаған жөн. Ішінен ниет етсе жеткілікті.

Зекет қандай кедей адамдарға берілсе, пітір де сондай кедейлерге беріледі. Белгілі бір себептер мен Рамазанда ораза ұстай алмаған адамдар да ни-саб мөлшеріндегі тауар немесе ақшалары болса, пітір беруге тиісті.

Бай-дәулетті мұсылмандар пітір беру арқылы кедейлерді қуанышқа бөлейді. Осылайша әрі бо-рышын өтеп, әрі сауап алады. Пітір беру оразаның қабыл болуына, өлімнің азабынан және қабір аза-бынан құтылуына себепші болады.

ӨШҮр (Жерден алынатын өнімдердің зекеті) Мұсылмандардың мал-мүлік арқылы орында-

латын ғибадаттарының тағы бір түрі – өшүр. Ол топырақ өнімдерінен берілетін зекет болып табы-

58

зекет

лады. Еңбек етілмей жаңбырмен өсіп қолға түскен өнімнен 10%, суару сияқты еңбек етіліп алынған өнімнен 5% өшүр беріледі.

Осы өшүрді бермегендер зекет бермегендер сияқты Аллаһ алдында тонаушы және қылмыскер болыпсаналады.Өйткені,бұларкедей-кепшіктердің және Аллаһ жолында соғысқандардың ақыларын тонап кеткен болып есептеледі.

Йемендік жомарт бір кісінің Сана қаласының маңында жүзім, құрма бақтары мен егіндері бар еді. Осы жомарт кісі өнім жинау кезінде пақырларға, мүсәпірлерге және әлсіздерге өшүрдегі үлестерін артығымен беретін. Осы кісі қайтыс болғанда бала-лары дүниеге деген құмарлықпен: «Жанұямыздағы адам саны көп, бірақ дүние аз. Пақырларға ешнәрсе бермейік! Олар келмей тұрып өнімді жи-нап алайық…» - десті.

Аллаһ Тағала олардың осы арам пиғылдарына қарай, бақтарын күйретіп күлін көкке ұшырады. Кеңбақтарытанылмайтындайболады.Бұл жағдайды көрген сараң балалар: «Басқа бір жерге келдік пе?» - деп ойланып қалады.

Алайда әкелерінің өшүрді жомарттықпен та-ратып, мұқтаждардың қайыр дұғасын алуы баққа артығымен берекет беретін. Бүкіл кедей-кепшік сол бақтан пайда көретін. Бірақ балалардың көзіне әкелері таратқан өшүр көп болып көрінетін де одан бергенді ұнатпайтын. Олар сол баққа

59

зекет

және егістікке Аллаһ берген берекеттің қалайша болғанын, қайдан келгенін аңғармады. Өйткені дүниеқоңыздық олардың көңіл көздерін көр қылған еді. Сондықтан Аллаһ Тағала: «Қапыда қалғандардан болма!» (Ағраф сүресі, 205-аят) деп айтқан.

60

ІІІ БӨЛІМ

Садақа

Садақа

Садақа деГеН Не?

Садақа Ислам дінінде бір нәрсені қайтарымсыз түрде қиып беру деген мағынаға келеді. Ислам әдебиетінде зекет пен садақаны жалпылама түрде инфақ деп атайды.

Құран Кәрімде 200 жерде айтылған инфақ, мал мен жанның Аллаһ Тағалаға бағышталу мағынасына келеді. Олай болса, мұсылман мал-мүлкін әрі жанын Аллаһқа арнаған кісі болып та-былады.

Садақа мен инфақ қолда барды беруден бас-талады. Демек, жарты құрма беру де инфақ болып табылады. Бұл пендені тозақ отынан қорғайды. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрбір мүминді бай деп есептеген. Өйткені, хадис шәріпте мүмин құлдың айтқан тәкбір (Аллаһты ұлықтау), тау-хид (Аллаһты бірлеу) зікірлері, жақсылықты үгіттеп, жамандыққа бөгет болуы, зұлымдық көр-генге жәрдем беруі, мүминді жұбатып, қайғырған көңілдерді қуантуы, жолдағы зиян беруші нәрсе-лердіалыптастауы,ауырыпжатқандардың көңілін сұрап баруы және т.б. істердің бәрінің садақа екендігі баяндалған. Көңілі бай адамдардың

62

Садақа

күлімдеуі де садақа. Өйткені көңілі бай кісі, жымиған күлкісімен айналасындағыларды да шат-тандырады. Керісінше сараң көңілді болғандар ешкімге жақсы ықпалын тигізбейді.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) білдіргені бойын-ша шөлдегендіктен тілі тамағына жабысып қалған бір итке су берген күнәһар әйел тек қана осы мейірімділігі себебімен мыңдаған күнәсі кешірілген әрі жаннатқа жеткен. Керісінше, үйдегі мысығына мейірімділік көрсетпей, оны аш қалдырған әйел тозаққа түскен. Осы мысалдар мұсылманның көңіл әлемін дұрыс бағытқа салуын қамтамасыз ететін ғибратты оқиғалар.

Мүмин қараңғы түннің толған айы тәрізді нұрлы, ақ көңіл, нәзік, қамқоршыл, мейірімді және жомарт болу керек. Аллаһ Тағала айта-ды: маған жақын боламын десеңдер жақсы көріп ұнатқандарыңнан беріңдер. Сондықтан, Хақ Тағала алдында қабылданатынмалдың жақсысынан, күштісінен, сапалысынан беру керек.

«Жақсыкөргеннәрселеріңненбермейінше «бирр»-ге (яғни қайырдың шыңына) әсте жете алмайсыңдар. Әрнені инфақ етсеңдер Аллаһ оны толық білуде» (Әли Имран сүресі, 92-аят).

Осы аят түскенде саңлақ сахабалардың ара-сында ең сүйгендерінен беру туралы инфақ жары-сы басталған-ды.

Әбу Талханың Пайғамбар Мешітіне жақын жерде (орналасқан) алты жүз құрма ағашы бар

63

Садақа

бақшасы болатын және оны өте жақсы көретін. Пайғамбарымызды да жиі-жиі бақшасында қонақ қылып берекетін көбейтетін.

Бір күні Әбу Талха: «Уа, Расулуллаһ! Менің мал-мүлкімнің арасында ең бағалысы және ең жақсысы, сіз де білесіз, осы бақшам. Дәл қазір Аллаһ ризалығы үшін оны Аллаһтың Пайғамбарына бергім келіп тұр, билік енді сіздің қолыңызда, қалаған кедейге бере аласыз» - деді.

Сөздерін бітірген соң осы керемет шешімін дереу орындау үшін бау-бақшасына барады. Әбу Талха бақшаға барғанда әйелі бір ағаштың көлеңкесінде отыр еді. Әбу Талханың бақша ішіне кірмей тұрғанын көрген әйелі былай деді:

− Ей, Әбу Талха! Сыртта не күтіп тұрсың? Бақшаға кірсеңші!

Әбу Талха:

− Мен бақшаға кіре алмаймын, сен де заттарыңды жинап, дереу сыртқа шық! - деді.

Мұндай жауапты күтпеген әйелі таңдалып:

– Неге, әй, Әбу Талха! Бұл бақша біздікі емес пе? - деп сұрады.

Әбу Талха:

– Жоқ, бұдан кейін бұл бақ Мәдинадағы кедей-кепшіктікі, - деп аятты оқып сүйіншісін және өзі істеген инфақтың абзалдығын қуана түсіндірді.

Әйелінің «Екеуіміздің атымыздан ба, жоқ әлде өз атыңнан бағыштап бердің бе?» деген сұрағына:

64

Садақа

«Екеуіміздің атымыздан…» - деп жауап берді. Сонда әйелі былай деді: «Аллаһ саған разы бол-сын, ей, Әбу Талха! Айналамыздағы пақырларды көрген сайын мен де осы істегеніңді ойлап жүретін едім, бірақ саған қалай айтарыма батылым жет-пей жүретінмін. Аллаһ қайырымызды қабыл етсін, міне, мен де бақшаны тастап келе жатырмын!».

Инфақ жарысы өзіміз үшін де балаларымыз үшін де өте маңызды. Біз қалай балаларымызды жас кездерінде намазға үйретуге жауапкер болсақ, дәл сондай оларды инфақ ету сезімімен ғаріпті қуантуға да үйретуіміз міндет. Егер бұл істі оларға кішкене кездерінен үйретпесек олардың обалына қалған боламыз. Олар мал-мүліктің «Аллаһтікі» деген сана-сезімімен өссе, елге қызмет істейтін жақсы азаматтардың қатарынан болады.

Инфақ тарату, яғни дүние-мүлікті қайырға жұмсау капиталдың қылтамақ (рак) ауруы халіне келмеуі үшін ең күшті ем әрі шара.

Сондықтан, осы емнің заттай және рухани түрдегі тарату орындары үшін құрылған қайырымдылық қорлар қоғамның ұмытылмас ескерткіштері бо-лып табылады. Қорлар инфақтарды ең жақсы та-рататын орындар әрі байларға қайырымдылық жасау үшін дәнекер көпір іспеттес. Бұлар бай мен кедей арасындағы кекті және қызғанышты жой-ып, қоғамдағы мейірімділіктің кәміл себебі бо-лады. Қайырымдылық қорлары жаратушы себеп

65

Садақа

жаратылғандарға деген махаббат пен мейірімділік көрініс тапқан ұйымдар. Хадисте былайша баянда-лады: «Садақа, жетпіс түрлі пәлекетке бөгет болады…». (Суюти, әл-Жамиъус-Сағир ІІ, 52 б.) «Садақа – Аллаһтың ашуын қайтарады». (Тирмизи, Зекет 28)

Лұқман Хаким ұлына қарап: «Балам! Біле тұра немесе білмей күнә істеп қойсаң дереу тәубе етіп, садақа бер!» - деген екен.

Ал, Қасиетті Рамазанда берілген садақалардың маңыздылығы былай баяндалған:

Бір адам Хазірет Пайғамбарға (с.а.у.) келіп:

– Уа, Расулаллаһ! Қайсы садақаның сауабы артық? - деп сұраған.

Аллаһ Расулі (с.а.у.):

– Рамазан айында берілген садақа… - деп жа-уап берген (Тирмизи, Зекет).

Кедейлер мен жетім-жесірлер шүкірлік еткен жомарт байлардың болғанына қуанады да Аллаһқа шүкір етеді. Көктемнің жаңбыры топырақты қалайша берекеттендіретін болса Аллаһтың жо-март әрі мейірімді құлдары, мұқтаж және ғаріптерге рақым дәнекер болады.

Сондықтан ғибадаттың басқа бір көрінісі де бай болсын, кедей болсын әркім Аллаһқа деген «пақырлық халін» түсініп, үнемі Аллаһқа мұқтаж екендігінің сезімімен өмір сүруі. Ислам даналары осы пақырлық халінде болудың қадірін баяндау ретінде:

66

Садақа

Ғұлама ибн Қайюм инфақ ісіне үлгі ретінде Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) инфақтағы көңіл байлығын баяндағанда былай дейді: Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) ие болған нәрселерін садақа деп беруде ешкімге ұқсамайтын. Аллаһ бер-ген мал-мүлікті жинап ұстамайтын. Бір адам өзінен бір нәрсе сұрағанда азды-көпті міндетті түрде беретін. Оның садақа беруі кедейліктен қорықпай беруі еді. Садақа беру ол үшін ең күшті шаттану еді. Оның бергендегі қуанышы одан алған мұқтаждың қуанышынан бірнеше есе артық еді. Қайыр жасау-да адамзаттың ең жомарты еді. Оның қолы берекет шашқан самал сияқты еді. Мұқтаждың бірі оған қиыншылығын айтқанда ол өте әсерленетін және соны өзінен жоғарыда ұстап кейде тамағын, кейде үстіндегі киімін бере салатын.

СахабаЖабирбылайшариуаятетеді: «Кішкентай бір бала Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) алдына келіп шешесінің көйлек сұрап жатқанын айтты. Сол кезде Расулуллаһтың (с.а.у.) үстіндегісінен басқа көйлегі жоқ еді. Сондықтан балаға басқа бір күні келуін айтып жіберді. Бірақ бала біраздан кейін қайтып келеді де, шешесінің Хазірет Пайғамбар киіп жүрген көйлекті сұрап жатқанын айтады. Сонда Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) бөлмесіне кіреді де көйлегін шешіп балаға берді. Сол кезде намаз уақыты кіргендіктен Біләл (р.а.) азан шақыра бастады. Бірақ киетін нәрсе

67

Садақа

таба алмаған Расулуллаһ (с.а.у.) жамағатқа қатыса алмады.Сахабалардыңкейбіреулеріалаңдап Пайғамбардың (с.а.у.) бөлмесіне кіреді, оның көйлексіз отырғанын көріп қатты әсерленді».

Инфақ, Аллаһ үшін орындалатын ғибадат болғандықтанберілгеннәрселердіңтікелей Аллаһқабағышталғанын білуқажет. Хадис шәріпте былай айтылған: «Садақа әлі мұқтаждың қолына түспей тұрып Аллаһтың (құдірет) қолына бара-тыны сөзсіз (Яғни мұқтажға берілген зекет пен садақаны

алдымен Аллаһ алады, кейін пақырға беріледі!)» (Минауи,

Кунузул-Хақайқ 34).

Мүмин зекет пен садақаны Аллаһтың қолына берсе, мұқтаж да оны Аллаһтың өкілі ретінде алса, берілген мал-мүлік әдептілік және мейірімділік сезімі ішінде мұқтажға ұсынылған болады.

Құран Кәрімде осы ғибадаттың маңыздылығын айқындау үшін астарлы түрде: «Садақаларды Аллаһ алады» деп айтылған (Тәубе сүресі,104-аят).

СаУаБЫ ҮздІкСІз ЖаЛҒаСатЫН ІзГІ аМаЛ

Өлім – осы дүниедегі уақытша өмірдің аяқталуы, мәңгілік әлемінің, яғни о дүние өмірінің басталуы деген сөз. Өлімнің келуімен адамның бұл дүниедегі өмірі аяқталып, амал дәптері жабыла-ды. Жақсы-жаман амалдары да тоқтайды. Алайда, Аллаһтың қалауымен кейбір кісілердің амал дәптері

68

Садақа

өлгеннен кейін де жабылмай ашық қалып, артында қалдырған игі амалдарының сауабы үздіксіз жазы-лып тұрады. Бұл жайында Имам Мүслимнің сахих хадистер жинағында сахаба Әбу Һұрайра риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай делінген: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым,

артынан дұға жасайтын салиқалы перзент» (Мүслим,

Уасият 14).

Біз бұлардың ішінен тақырыбымызға сай садақа жария мәселесіне тоқталып өтсек.

Сауабы үзілмейтін, яғни пайда әкелуі жалғаса беретін садақа жария. Садақа жария дегеніміз, қайырымдылық ретінде көпшілікке арналған, көпшілік қауымның тұтынып, пайдалануы үшін жасалған қайырлы іс, берілген игі садақа. Мыса-лы, мешіт, мектеп, медресе салу, емхана тұрғызу, жол, көпір салу, құдық қаздырып су шығару, т.б. Осындай қайырлы іске тікелей мұрындық болған кісілерге, қол ұшын беріп, демеуші болғандарға, сондай-ақ өз үлесін қосқан әрбір жанға халық пайдаланып тұрған сайын тірі кезінде де, дүниеден өткен соң да жасаған ізгі істерінің сауабы үздіксіз жетіп тұрады.

Садақа жария түріне жататын ізгі амалдардың біріуақыф(қайырымдылыққор)құру. Уақыф – адамның өз меншігіндегі дүниесін

69

Садақа

біржолата ешкімге сатылмайтындай, сыйлыққа берілмейтіндей, мұрагерлікке өтпейтіндей етіп, өз иелігінен шығарып, Аллаһтың иелігіне өткізу де-ген сөз. Мұндай дүниеден түсетін пайда мен кіріс пақырларға, міскіндерге, қарызын өтей алмай жүргендерге, жалпы кіріптар-мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Исламның келуімен ең алғаш уақыф құрған кісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) болды. Ол Мадина Мунаууара қаласындағы жеті құрма бау-бақшасын, кейінірек Фәдәк және Хайбар құрма бақшасындағы өзіне тиесілі үлесін уақыфқа ата-ды.

Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің сахабаларына да дүние-мүліктерінің бір бөлігін уақыф етіп, қайырлы іс жасауға үгіттейтін. Бұл турасында сахаба Жабир (Аллаһ оған разы болсын) «Мұһажир мен ансарлықтардың жағдайы болып тұрып, уақыф қылмаған бірде-бір кісіні білмеймін» (Ибн Қудама, әл-Муғни V, 598) деген екен.

Хайбардан түскен олжадан Хазірет Омардың (Аллаһ оған разы болсын) үлесіне жақсы бір құрма бағы түскен болатын. Ол Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Өмірімде алғаш рет өте құнды құрма бағына ие болдым. Не істеуімді бұйырасыз - дейді.

Аллаһтың Елшісі (с.а.у.):

70

Садақа

– Қаласаң оны Аллаһ разылығы үшін уақыф ет! Түскен пайданы садақа қыл! Уақыфқа аталғаннан кейінолешкімгесатылмайды,сыйлыққа берілмейді, мұрагерлікке де өтпейді, жемісі Аллаһ жолында жұмсалады, мұқтаждарға тарқатылады -дейді. Содан кейін Хазірет Омар құрма бақшасын түгелдей уақыф қылады. Ол құрма бағынан түскен кірісті Аллаһ жолында жорыққа, жиһадқа шыққандар, құлдықтан құтылғысы келген құлдар мен әр түрлі мұқтаж жандар пайдаланып тұрды.

Мешіт салып, садақа бергенде және басқа да қайырлы іс жасағанда шынайы ниетпен, тек Аллаһ разылығы үшін жасау керек. «Ел мақтасын», «Жо-март адам екен», «Жақсы адам екен» деп айтсын деген ниетпен рия (көзбояушылық) қылып, яғни елге көрсету үшін немесе жеке қара басының пай-дасы үшін берген садақаның, жасаған қандайда бір жақсылықтың Аллаһ алдында ешқандай да қадірі болмайды.

иНФақта Әдеп

Зекет беруде және садақа таратуда әдепті болу өте маңызды. Әсіресе берген кісі алған кісіге рақмет айту сезімінде болу керек. Өйткені, алған кісі берген кісінің парызын өтеуіне себепші болып, сауапқа жеткізіп отыр. Сонымен қатар, берілген садақалар берген кісіге аурудан және пәлекет келуіне бөгет болады.

71

Садақа

Қайырымдылық істер кезде назар аударатын күй Құран Кәрімде былай баяндалады: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа және ақірет күніне иман келтірмей тұра, малын мақтану үшін жұмсаған кісі сияқты шілтеп (міндетсіп) және ренжіте отырып істеген қайырларыңды босқа жібермеңдер» (Бақара сүресі, 264-аят).

Осы аятта қайырға жұмсау ескертіле оты-рып, іске асырар кезде де орындалуы қажет болған әдептілік айқын түрде баяндалуда. Яғни, кедейді ренжітіп, кекетіп әрі шілтей отырып істелген қайырдың Аллаһ алдында ешқандай мәні, бағасы болмайды.

Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Үш кісі бар. Қиямет күні Аллаһ олармен сөйлеспейді. Оларға қарамайды әрі оларды ақтамайды. Олар үшін күйзелтуші азап бар».

Пайғамбардың (с.а.у.) осы сөздерді үш рет қайталап айтқанын естіп тұрған Әбу Зәр (р.а.): «Аттары құрысын, армандарына жете алмасын да зиянға ұшырасын! Бұлар қандай адамдар, уа, Расулуллаһ?» - деп сұрады.

Пайғамбар (с.а.у.): «Киімін тәкаппарлығынан сүйретіп, кеудесін көтеріп жүрген адам, бергенін шілтеп берген адам және жалған ант етіп затын сатқан сауда-гер!..» (Мүслим, Иман 171) - деп айтты.

Зекет, садақа сияқты қайыр істеріндегі маңызды жағдайлардың енді бірі жасырын болуға назар ау-

72

Садақа

дару. Өйткені ашықтай берілген садақа, алған кісінің арлану сезіміне зиян келтіреді. Уақыт өткен сайын алуға үйреніп алады да, еңбек ету қайратын және қалауын жоқ қылады. Сонымен қатар берген кісінің істеген ісін жақсы көріп, мақтануына себеп болады. Бірақ, садақа бергендердің және осын-дай қайыр істегендердің кейде бір елге жарияла-нуы пайдалы болуы мүмкін. Сол арқылы халық арасында кедей-кепшікке жәрдем беру жайы іске асуы ықтимал. Құран Кәрімде Хақ Тағала бы-лай айтқан: «Садақаларды ашықтай берсеңдер бұл жақсы бір іс. Бірақ, оларды пақырларға жасырын түрде берсеңдер бұл сендер үшін өте қайырлы бола-ды» (Бақара сүресі, 271-аят).

Діннің негізгі мақсаты – Аллаһтың бар екендігін қабылдап, бекіткеннен кейін жақсы, игі, салиқалы адам тәрбиелеу және сонымен қоғамда тыныштық орнату. Осы жоғарыда аталмыш жақсылықтарға көңілде пайда болатын, мейірім мен қамқорлық сезімін тудыратын зекет пен инфақтың арқасында қол жеткізуге болады.

Раббымыздың мүлкінде өмір сүріп жатырмыз. Ол берген нығметтің арқасында күн көріп жа-тырмыз. Сонда мал-мүлік арқылы орындалатын ғибадаттарда немқұрайды болғандар кімнің малын кімнен жасырғандарын ойламай ма?

Зекет пен садақа берердегі ең маңызды жағдай шынайылықпен, ықыласпен Аллаһтың

73

Садақа

ризалығына жету мақсатында болу. Қайырымдылық жасағандардың мақтанулары, рақмет айтылу-ын күтулері және міндет қылулары мүлде дұрыс емес. Осындай бір ой, істелген қайырлардың бүкіл сауабын жуып-шайып кетеді. Негізінде берген кісі алған кісіге рақмет айтып қарауға тиісті әрі Аллаһтың ризалығынан басқа мұрат-мақсаты бол-мау керек. Өйткені Аллаһ алдында қабылданатыны да осы. Хазірет Али мен бибі Фатиманың осы жайда істеген инфақтарын керемет деп көріп, ұнатқанына қосымша басқа мұсылмандардың да істейтін инфақтарын дәл сондай орындауға бұйыру ретінде Аллаһ Тағала Құранда былай айтқан: «Олар өздері жақсы көріп тұрса да тамақтарын кедейге, жетімге және тұтқынға береді де оларға: «Мынаны сендерге Аллаһ ризалығы үшін беріп тұрмыз. Сендерден (бұл ісіміз үшін) сый көрсетілуін және рақмет айтуды күтпейміз. Біз Раббымыздың (қорқынышты аза-бынан беттері) тырысып, бүрісіп қалатын күнінен қорқамыз дейді. Аллаһ та оларды сол күннің жамандығынан сақтайды. Олардың жүздеріне жарық, көңілдеріне қуаныш береді» (Инсан сүресі, 8-11 аяттар).

Міне, инфақта шынайы болып шын мәніндегі жомарттыққа жете алсақ бізге қандай бақыт!

74

Садақа

ӨзІҢе ЖҰМСаҒаНЫҢ – қайтарЫМСЫз ЖҰМСаҒаНЫҢ, ӨзГеГе БерГеНІҢ – ӨзІҢе қаЛдЫрҒаНЫҢ

Қоғамдағы пақыр және қиналып жүргендерге жәрдем ретіндегі қайыр-садақалар қоғамдық тепе-теңдіктің және тәртіптің жалғасуын қамтамасыз ететін болғандықтан дүниеде де, ақыретте де сауа-бы көп болады. Төмендегі мысал бұл шындықты қандай керемет айқындайды:

Бір күні қайыршының біреуі Хазірет Алидің (р.а.) алдында тұрып бір нәрсе сұрайды. Хазірет Али (р.а.) ұлдары Хасан мен Хұсейнге:

«Шешелеріңе барып үйдегі алты дирхамды алып келіңдер!» - дейді.

Хасан мен Хұсейн барып алты дирхамді әкелеріне әкеліп береді. Хазірет Али ол ақшаны қайыршыға береді. Алайда сол кезде өздерінің ақшаға қажеті болып тұрған-ды. Фатима анамыз онымен ұн алмақшы болған еді.

Хазірет Али (р.а.) әлі үйінің табалдырығынан аттамай жатып қасына түйесін сатпақшы болған бір адам келеді. Ақшасын кейін берерсің деп түйесін Хазірет Алиге жүз қырық дирхамға са-тады да, түйені есік алдына байлап кетіп қалады. Арада көп уақыт өтпей басқа бір адам келеді де, сол түйені екі жүз дирхамға сатып алып ақшасын қолма-қол төлейді.

Хазірет Али (р.а.) түйенің бұрынғы иесіне қарызын төлеп, қалған алпыс дирхам-

75

Садақа

ды бибі Фатимаға беріп былай дейді: «Әркім біржақсылықпенкелсе,оғансолістеген жақсылығының он есе артығы бар» (Әнғам сүресі, 160-

аят) деген аятын оқып, бұл Аллаһтың бізге берген уәдесі. Біз сол алты дирхамды бердік. Аллаһ Тағала да он есе артығымен сыйын берді!

Бәззар, Әбу Һұрайрадан (р.а.) былай дегенін риуаят етеді: «Бірде Расулуллаһ (с.а.у.) бір қой сой-ып көршілерге таратуды бұйырды. Ет көршілерге таратылды. Бір қол еті Хазірет Пайғамбарға алып келінді. Айша анамыз (р.а): «Қойдың тек бір қол еті ғана өзімізге қалды», деді. Сонда Расулуллаһ (с.а.у.) «Қол етінен басқасының бәрі бізге мәңгі бақи қалыпты» - деді.

қайЫр-Садақа СҰраУ

Ислам діні мұқтаждарға басқалардан бір нәрсе сұрауларынатыйымсалмағаныменәдептілік жағынан қолдамаған. Ұялмай кез келгеннен сұрауды үйреніп алғандар туралы Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай айтқан: «Садақалар тура-лы саған сөз айтқандар бар. Егер оларға берілсе

қуанады да, берілмесе дереу ашулана кетеді» (Тәубе сүресі, 58-аят).

ХазіретПайғамбарға(с.а.у.)осындай адамдардың бірі келіп зекеттен бір нәрсе сұрағанда оған: «Хақ Тағала зекет малдарын бөліп беру билігін ешбір адамға, тіпті Пайғамбарының арман-қалауына да бермеген. Зекет малдары жұмсалатын

76

Садақа

сегіз топ жерді көрсеткен. Егер сен осы топтың біреуінен болсаң, сонда ғана зекет малынан үлесіңді ала аласың» - деп айтқан.

Ислам тек қана ерекше қиындық кездерінде және шарасы болмаған жағдайларда қайыр сұрауға рұқсат еткен. Өйткені, елге қол жайып жүру негізінде адамды қорлайтын, абыройын түсіретін іс. Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Ке-

дей бір жапырақ нанды ана есіктен мына есікке барып тапқан кісі емес».

Сонда сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Ондай бол-са кедей дегеніміз кім?» - деп сұрады.

Пайғамбар (с.а.у.): «Кедей мұқтаждықпен азап шегіп жүрген халде қажетін айтпаған, ешкімнен бір нәрсе сұрамаған кісі» (Мүслим, Зекет, Мискин бабы), - деп жауап берді.

Пайғамбар(с.а.у.)осысөздеріменмына жағдайды баяндаған: «Кез келген адамнан сұрай бергендер қалай да болмасын бір нәрсе та-бады. Ал өз ахуалдарын жасырып сабырмен, қанағатшылдықпен пақыр өмір сүргендер туралы немқұрайды болмай, оларға көңіл аудару қажет. Өз халдерін жасырып айта алмай жүргендерге жұмсалатын инфақтың маңыздылығы Құран Кәрімде де баяндалған: «(Инфақтарыңды) Аллаһ жолына берілгендіктен жер жүзін табыс үшін ара-лай алмаған пақырларға беріңдер! Білмеген адам-дар оларды ар-намыс сақтағандықтарынан бай деп

77

Садақа

ойлап қалады. Сен оларды бейнесінен-ақ танисың. Өйткені, олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сен-дер не қайыр істесеңдер Аллаһ оны сөзсіз біледі» (Бақара сүресі, 273-аят).

БайЛЫқ аБзаЛ Ма, ӘЛде кедейЛІк пе? Дәулетті болудың орта жолының ең ке-ремет үлгісі Әлемнің мақтанышы Мұхаммед (с.а.у.) өмірінде байқалады. Ол жомарттықтың мұсылманның негізгі табиғатынан болғандығын

баяндаған.

Ол (с.а.у.): «Берген қол, алған қолдан абзал» (Бұхари, Зекет 18); «Тек екі кісіге ғана құмартып қарауға болады. Олардың бірі – Аллаһ оған дәулет беріп, соны хақ жолында жұмсау мүмкіндігіне жеткен кісі; екіншісі – Аллаһ оған білім берген және сол білімін жүзеге асырып, басқаларына да үйреткен кісі» (Бұхари, Мүслим) деген үгіттерімен қайырымды болуға қызықтырады да бір жақтан да: «Уа, Раббым! Мені пақырлықпен өмір сүргіз, ке-дей қылып тіршілік көрсет, махшар күнінде пақырлармен бірге тірілт!» (Тирмизи, Зүһд 37) деген секілді дұға ет-кен және үйінің бір бұрышын ғаріп, пақыр және міскіндер тұратын пана халіне дайындаған. Бүкіл пақырлар және міскіндерге жақындық көрсетіп олардың әр түрлі қиыншылықтарына дәрмен болуға тырысқан және өзі қарапайым өмір сүруімен де оларға ең күшті жұбату ұсынған.

Хадис шәріпте: «Аллаһ алдында дәулет есебін бермейтін кедейлер, байлардан қырық жыл бұрын жәннатқа кіреді» (Тирмизи, Зүһд) деген.

78

Садақа

Қатесін біліп, истиғфар (кешірім сұрау) ететін жерде, жүрегі қатайып қалғандықтан иләһи тағдырды ұмытып «Мен істедім, мен таптым» деген оймен кедейлерді қорлағандарға қандай обал! Олардың бақытсыз Қарун тәрізді жойылуға ұшырайтындары сөзсіз.

Әуелі салиқ кісі болған Қарун Мұса пайғамбар (а.с.) үйреткен химия білімінің арқасында орасан зор байлыққа ие болған. Бірақ көңілін дүниеге деген қызығушылықтан және дүниеге берілуден қорғай алмағандықтан бүкіл әдемі және таза ерекшеліктерінжоғалтыпалды.Асқақтаған байлығы себепті мақтанып, тәкаппар болды. Аллаһ Тағала былай дейді: «Қарун Мұсаның қауымынан еді, оларға қарсы азғындық жаса-ды. Біз оған кілттерін күшті-қуатты адамдардан құралған топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда қауымы оған былай деген: «Құтырма! Біл, Аллаһ құтырғандарды жақсы көрмейді» (Қасас сүресі, 76-аят).

Бірақ Қарун елінің де Мұсаның (а.с.) да сөздеріне құлақ аспағаны соншалық Мұса (а.с.) оған малының зекетін беруін айтқанда Мұсаның (а.с.) арқасында бай болғанына қарамастан: «Ма-лыма көз салдың ба? Бұл байлықты мен өзім тап-тым!..» - деді.

Хазірет Пайғамбардың сахабасы болғанымен Қарун сияқты дүниеге пенде болып, рухани

79

Садақа

жоқшылықтың шөліне тап болған Саләбәнің жағдайы да ойландыратын ғибратты оқиға:

Ансарлық (Мәдиналық) Саләбә мал-мүлікке өтеқұмарланатын. Ол бай болуды армандай-тын және бұл үшін Пайғамбардан (с.а.у.) дұғасын сұрайды. Оның бұл сұранысына Аллаһ Расулі (с.а.у.) былай жауап береді: «Шүкіршілігін істей алатын аз малың, шүкіршілігін істей алмайтын көп малыңнан қайырлы...».

Бұл сөздерден кейін сұранысынан айныған Саләбә біраз уақыттан кейін тағы да құмарланып қайтадан Пайғамбарға (с.а.у.) келеді де:

«Уа, Расулаллаһ! Дұға етіңіз, бай болайын!» -дейді.

Бұл жолы Хазірет Пайғамбар (с.а.у.) оған бы-лай деп жауап береді: «Мен, сен үшін жеткілікті үлгі емеспін бе? Аллаһқа ант етемін, егер сұрасам осы таулар алтын және күміс болып артымнан келетін еді. Бірақ мен көңіл аудармадым».

Саләбәсондаталабынанайныды,бірақ көңілінде соғып тұрғанәуесқойлық дауылы басылмай ішінен: «Егер бай болсам жарлы-жақыбайларға жәрдем беріп өте көп сауапқа жетемін!» - деп ойлап нәпсісінен жеңіліп үшінші рет Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) қасына барып:

«Сені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етемін, егер Ол мені байытса кедей-кепшіктерді қорғапқолдаймын,әріхақиесінеақысын беремін!..» - деді.

80

Садақа

Ақыры оның қайтпас табандылығына қараған Аллаһ Расулі (с.а.у.): «Уа, Раббым! Саләбәға сұраған дүниесін бер!» - деп дұға етті.

Көп ұзамай осы дұғаның арқасында Аллаһ Тағала Саләбәға орасан зор байлық береді. Отар-лары жайлауларға сыймайтын болады. Бірақ сол кезге дейін мешіттің құсы лақабымен танылатын Саләбә мал-мүлікпен айналысқандықтан бірте-бірте жамағаттан алыстай бастады. Біраз уақыттан кейін тек Жұма намаздарына ғана келетін болады. Тағы біраз уақыттан кейін Жұма намаздарын да ұмытып кетеді.

Бір күні оның жағдайын басқаларынан сұрап білген Аллаһтың Пайғамбары (с.а.у.): «Саләбәға обал болды!..» - деді.

Саләбәнің дүниеқоңыздығы мен надандығы осы істегендерімен шектелмейді. Зекет жинаушы қызметкерлер өзіне келгенде оларға: «Сендердің осы істегендерің хараж жинау ғой!» - деп, бұрын беремін деп айтқандарын бермей қойды әрі ке-дейлерге аятпен белгіленіп берілуге тиісті болған азғантай төлемді де берместен, азғындық жасап кетеді. Сөйтіп, ақыры мұнафиқтардан болады.

Осы жағдай Құранда былай баяндалады: «Олардың (мұнафиқтардың) кейбірі: «Егер Аллаһ, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, сөзсіз садақа та-ратамыз және әлбетте салиқ кісілерден боламыз» - деп Аллаһқа ант береді. Бірақ Аллаһ оларға өз

81

Садақа

ілтипатымен байлық бергенде олар Аллаһ берген игіліктерде сараңдық көрсетіп, Аллаһтың әмірінен бет бұрып, берген сөздерінен айныды» (Тәуба сүресі,

75-76 аяттар).

Ақымақтығынан Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) ескертулерінтыңдамай,руханижоқшылықта масқара болып өлген Саләбә дүниенің жалған байлығына алданып мәңгілік кедейлерден болды. Өкінішті халде, өлерде Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) әуелде айтқан сөздері құлағында жаңғырып тұрғандай еді: «Шүкіршілігін істей алатын аз малың, шүкіршілігін істей алмайтын көп малыңнан қайырлы...».

82

пайдаЛаНЫЛҒаН ӘдеБиеттер

1. Сейфеддин Языжы, (ауд. Б. Мансұров, Х. Өзтүрік), «Негізгі діни мағлұматтар», Хикмет бас-па үйі, Алматы, 2008

2. Осман Нури Топбаш, «Ислам, Иман, Ғиба-дат», Алматы, 2008

3. Мухаммад бин Жамил Зину, «Зекет», Шапа-ғат нұр, Алматы, 2006

4. Абдуссамат Махат, «Ораза энциклопедия-сы», Өлке баспасы, Алматы, 2008.

5. «Рахмет самалы» рухани-танымдық, діни, та-рихи-мәдени журналы, №5 (27) саны, Қыркүйек-Қазан, 2008.

6. Проф. Док. Хамди Дөндүрен «Делиллери-ле Ислам илмихали». Еркам баспасы, Стамбул, 2004.

7. Диянет Ислам ансиклопедиси, Түркия дия-нет вакфы баспасы, Стамбул.

8. Абдулғани әл-Ғаними, әл-Ихтияр, І-ІV т. Каир.

9. Синди, Фиқһус-суннә, І-ІІ т. Бейрут 1969. 10. Сәйид Хауа, «әл-Әсәс фиссуннә», Стамбул,

75-б.

83

МазМҰНЫ

алғы сөз..................................................................3

қасиетті рамазан айы

Ораза деген не?.......................................................6 Рамазан − Құран айы ...........................................10 Мейірімділік пен қайырымдылық айы ..................12 Құлшылық пен жалбарыну айы ............................13 Рамазан сыйлайтын қос қуаныш...........................15 Рамазан айының басталатын уақытын анықтау....17 Оразадағы шариғат қағидалары (Фиқһ) ...............20 Ораза тұту – парыз ..............................................21 Ораза қашан және қалай парыз болды? ...............21 Рамазан оразасы кімдерге парыз? ........................22 Сәресі мен ауызашардың маңызы.........................23 Ауызашар дұғасы...................................................24 Оразаға қашан және қалай ниет етіледі?..............24 Оразаның түрлері .................................................25 Рамазан оразасын басқа уақытта ұстауға

рұқсат етілген жағдайлар......................................26 Фидия....................................................................28 Рамазанда себепсіз ораза ұстамаудың үкімі..........28

Оразаны бұзып әрі қазаны,

әрі кәффаратты қажет ететін жағдайлар...............29 Оразаны бұзып, тек қана

қазасын өтеуді қажет ететін жағдайлар ................30 Оразаны бұзбайтын нәрселер...............................31 Ораза ұстаған адамға мәкруһ болатын нәрселер..31 Ораза ұстаған адамға мәкруһ емес нәрселер........32 Оразаның әдептері...............................................32 Оразада мыналардан барынша сақтану керек ......33 Оразаға кедергі болатын жағдайлар.....................33 Оразаны бұзатын жағдайлар ................................34 Нәпіл оразаларды қай кезде тұтқан жақсы? .........35 Исламда хош көрілмейтін ораза: ..........................36 Намаз оқымайтын адам ораза тұта ала ма?...........36 Оразаның пайдалары............................................38

зекет

Зекет деген не? .....................................................42 Зекет харам жолмен жиған байлықты

адалға жатқызбайды .............................................48 Зекеттің пайдалары...............................................50 Зекеттің берілуі.....................................................51 Зекетті кімдер береді?...........................................53 Нисаб....................................................................54 Зекет кімдерге беріледі?.......................................54 Зекет кімдерге берілмейді?...................................55 Зекеті берілмейтін нәрселер.................................56 Зекеті берілетін нәрселер мен зекет мөлшері.......56 Пітір садақасы.......................................................57

Өшүр (жерден алынатын өнімдердің зекеті).........58

Садақа

Садақа деген не?...................................................62 Сауабы үздіксіз жалғасатын ізгі амал...................68 Инфақта әдеп .......................................................71 Өзіңе жұмсағаның қайтарымсыз жұмсағаның, өзгеге бергенің өзіңе қалдырғаның.......................75 Қайыр-садақа сұрау ..............................................76 Байлық абзал ма, әлде кедейлік пе?......................78 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................83 Мазмұны...............................................................84

Ораза зекет Садақа

Бас редактор: Батыржан Мансұров көркемдеуші: Жандар Рашитұлы

«хикмет» баспа үйі, ЖШС Алматы қаласы, Мамыр-4, №167 үй

Байланыс телефондарымыз: 2 55 63 57

8 701 741 04 58 8 701 380 65 10



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу