Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұстаз» деректі фильмі


ұстаз, деректі фильм, ыбырай алтынсарин, ыбырай алтынсарин 180 жыл

«Ұстаз» деректі фильм

Фильм авторлары Орынбор шекара комиссиясының мұрағатынан патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру саясаты қалай басталғанын көрсететін материалдарды тапты. Оқиға Ыбырай Алтынсарин мен орыс миссионері Ильминскийдің кездесуін көрсете отырып баяндалады. Фильмде Алтынсариннің және Ильминскийдің хаттары - Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министрі Д.А. Толстойға, Алтынсариннің 1889 жылы В.В. Катаринскийге жазған хаты зерттеліп, христиан миссионерлерінің шынайы пиғылын ашатын үзінділер келтіріледі. 


Жобада сонымен бірге Ы.Алтынсариннің 1884 жылы шыққан «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінің жарық көру тарихы, Троицк қаласында медресе ашылғанда Алтынсариннің оның салынуына өз қалтасынан қаржылай көмек бергені баяндалды. Мұның бәрі ұлы ұстаздың тек қазақтың емес, барша түркі халықтарының орасан зор қайраткері екенін көрсетеді. 


Жоба авторы – журналист Дархан Әбдік.  



Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу