ҰБТ-ға арналған 5 кеңес


Әрбір бітіруші түлек ҰБТ-ға кірер алдында қобалжу,уайымдау деген этаптан өтетіні анық. Бұл оқушының ҰБТ-да аз балл жинауына әсер етеді. Соған орай біз саған бірнеше кеңестер дайындап қойдық ⤵️

▫️ҰБТ-ға бір күн қалған кезде барынша миды тынықтыру қажет. Таза ауада серуендеп,миды демалдыру керек. Бұл сенің ойыңның жинақы,жүйелі болуына көмектеседі.

▫️Өзіңді психологиялық түрде дайында. ҰБТ жай ғана сенің біліктілігінді анықтайтын тест. Еңбектенсең бәрі жақсы болатынына сен

▫️Таңертең таңғы ас ішіп шығу. Өйткені қарның тоқ болса,мидың жұмыс жасауы да жақсара түседі.

▫️ ҰБТ болатын орынға ертерек бару. Себебі сол жақтың атмосферасына үйреніп,өзіңнің сенімділігіңді арттыруға болады.

▫️ Физикалық жаттығу мидың сергек, көңіл-күйдің көтерінкі болуы үшін қажет. Істің нәтижелі болуы үшін, денсаулықтың дұрыс болуы өте маңызды

▫️Таңғы істің берекеті бар ! Тарих , негізгі пәндердің теорияларын таңғы уақытта сергек мимен жаттағаның жөн


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу