file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

ҰБТ-да 132 балл жинаған атыраулық түлек Оңтүстік Корея университетіне оқуға түсті


АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық түлек Оңтүстік Корея университетіне оқуға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс биыл ҰБТ-дан ең жоғары 132 балл жинаған. Ол Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті.

Оған Оңтүстік Кореяның екі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және технология университеті мен Гонконгтағы ғылым және технологиялар университетінен оқуға шақырту келген.

Былтыр Ризабек Алпамыс Еуропалық физика олимпиадасынан күміс, биыл Азия олимпиадасынан қола медаль алған. Ал, 2021-2022 жылдары халықаралық физика олимпиадасынан екі мәрте күміс медаль, биыл О. Жәутіков атындағы халықаралық олимпиададан да алтын медаль иемденген.

 
«Мақсатым – жаңа технологияларды ойлап табуға өз үлесімді қосу. Қазақстандағы ғылым мен техника саласын дамытуға атсалыссам деген ойым бар. Бос уақытымда бағдарламалар құрастырғанды, футбол ойнағанды жақсы көремін. Бірақ уақытымның көбін ғылыммен айналысуға арнаймын», - дейді ол.

Ulsan National Institute of Science and Technology оқу ордасы білім деңгейі бойынша әлемдегі ең мықты 200 университеттің қатарына кіреді. Енді бұл университетте Ризабек Алпамыспен бірге халықаралық додаларда оза шауып жүрген Нұрдаулет Хаженов, Әділ Султанов, Әділет Зауытхан есімді атыраулық түлектер де білім алады. Дүниежүзі бойынша небары 15 түлекке берілетін гранттың төртеуін атыраулықтар иеленіп отыр.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу