Ер-азаматтарға, жігіттерге
Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт ер-азаматтарымыз аман болсын!
«Отан – отбасынан, отбасы – ошақ қасынан басталады» деген екен бабаларымыз. Ал сол ошақтың иесі – әйел, ал отбасының иесі – сол үйдің ері. «Еркек – шаңырақтың иесі әрі асыраушысы» деп бекер айтпаған ғой.
Бүгін міне, жаңа үйге қоныс аударып, «Қоныс тойын» жасап жатырсыңдар.
Олай болса үй иелеріне тілерім: өздерің табалдырығын жаңа аттаған жаңа үйлерің берекелі, ырысы мол, Қыдыр қонған үлкен үйге айналсын. Шаңырақтарыңда тек қана той болсын дегім келеді.
Мазмұны:
Құрметті Жас жұбайлар!
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл......
Құрметті оқырмандар, 1 наурыз алғыс күніне арналған алғыс сөздер жинағын ұсынамыз!