Бастауышпен қоштасу тілектер. Бастауыш сыныппен қоштасу құттықтау
Құрметті оқырмандар! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, бүгінде 5-ші сыныпқа бара жатқан барша бастауыш сынып оқушыларын жаңа қадамдарымен құттықтаймыз!
Бастауыштан киелі,
Талай дарын түледі.
Әрбір бала өзіңді,
Есіне алып жүреді.
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Бастауыш сыныппен қоштасуға тілектер жинағы
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
Бастауыш сынып, мектебім,
Бүгін,міне, қош дедім.
Білмей қалдық 4 жылдың,
Қалай зырлап өткенін.
Қош бол, құтты бастауыш,
Сенен оқып бастадым.
Білім бердің бойыма,
Нәр алды сенен жас жаным.
Бастауышпен қоштасу тілек
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
Жетелейді алға үміт,
Күлімдейді таң күліп.
Жол көрсеттің бізге сен,
Ұмытпаймыз мәңгілік.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Бастауышпен қоштасу, Бастауыш сыныппен қоштасу