Туған күнге тақпақ
Құрметті сайт оқырмандары! Атаны, әжені, апаны, ананы туған күнімен құттықтағыңыз келсе, сіздерге арнап қысқаша, әдемі тақпақтарды жарияладық. Туған күнге арналған тақпақтарды жаттау өте оңай!
Туған күніңізбен, әжетай!
Арайлы таң сыйласын,
Әжетай бар жақсысын.
Жаңа жасың сыйласын,
Жаңа күннің тәттісін.
Атама туған күнге тақпақ
Аташым туған күніңмен,
Құттықтаймын мен сізді.
Шаттығыңды тілеймін,
Шын жүректен мен ізгі.
Отбасының тірегі,
Бір өзіңсің аташым.
Әр күн сайын ақ тілек,
Арнайтын бізге батасын.
Ортамызда жүрші аман,
Ғасыр тойын тойлайық.
Әр жыл сайын аташым,
Ақ тілекті арнайық.
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз,
Құтты болсын ақ әжем.
Күлімдеп ақ жүзіңіз,
Жүз жасаңыз ақ әжем.
Пайдалы сілтемелер:
- Туған күнге тақпақтар жинағы
- Анама туған күнге тақпақ
- Әкеме туған күнге тақпақ
- Апама туған күнге тақпақ
- Әжеме туған күнге тақпақтар
- Атама туған күнге тақпақ
Туған күніңіз құтты болсын, әке!
Жеке меншік мерекең,
Құтты болсын әкетай.
Арта берсін берекең,
Амандық боп әкетай!
Анашым туған күніңмен!
Анашым менің асылым,
Құтты болсын мерекең.
Жаңа жасың қуантып,
Арта берсін берекең.
Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым,
Саулық сізге тілеймін.
Жаратқан ием жар болып,
Амандықта жүр деймін!
Апа туған күніңіз құтты болсын!
Саулығыңыз мықты боп,
Жүз жасаңыз апа сіз.
Қуантсын деп жаңа жас,
Тілейміз сізге апа біз.
Апа, туған күніңізбен!
Апа туған күніңмен,
Құттықтаймын мен сізді.
Қуаныш, шаттық тілеймін,
Шын жүректен мен ізгі.
Әкеме тілек
Туған күніңізбен әкешім,
Құттықтаймын сізді мен.
Саулығыңыз мықты боп,
Жетіңіз жасқа жүз деген.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру