Аң-құс қалай дыбыстайды?


Қораз таңда шақырып,

Қой мен арқар маңырар.

Ал арыстан ақырып,

Есек, қашыр аңырар.

 

Күзен, зорман шақылдап,

Сұңқар көкте саңқылдар.

Саршұнақ, суыр сақылдап,

Шағала, бүркіт шаңқылдар.

 

Бөдене, кептер пырылдап,

Жапалақ, үйрек барқылдар.

Бозторғай да шырылдап,

Қарға, құзғын қарқылдар.


қораз, қой, арыстан, есек, Сұңқар, бүркіт, Доңыз, құс, аң, тақпақ

 

Құрқылтай, тауыс құрқылдап,

Борсық, кірпі мырсылдар.

Жылқышы құс шырқылдап,

Шүрегей, сұқсыр пыр-пырлар.

 

Шіңкілдек құс шіңкілдеп,

Қорқау қасқыр қорқылдар.

Күрке тауық күркілдеп,

Доңыз, шошқа қорсылдар.

 

Жарқанат, тышқан шиқылдап,

Аққу сұлу сұңқылдар.

Көкқұтан құс қиқулап,

Қараша қаз қаңқылдар.

 

Мекиін тауық қыт-қыттап,

Жолбарыс, піл күркірер,

Сауысқан ала шық-шықтап,

Шәуілдер күшік, түлкілер.

 

Ал, балалар, балалар,

Қажетіңді танып ал.

Жетілетін сана бар,

Зердеңе сап, қағып ал!

 

Терең болсын ұғысың,

Құлақ болсын түргенің.

Аң-құстардың дыбысын,

Артық болмас білгенің.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Анар
    Оқырман Анар 18.03.2022 12:50
    1 + 0 -
    Ұлыс күні