file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Балабақша туралы тақпақ


Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жұлдыздар» тобы
Назархан Аягоз Саламатқызы 5 –жаста
Жетекшісі: Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы

Балабақаша үйіміз
Сені жақсы көреміз
Үлкен болып өскенде
Еске алып жүреміз

Тәрбиеші апайым
Болдың бізге анамдай
Ақ жүзіңнен шуақ шашып
Мейірім төгіп тұрғандай

***

Балабақша жыры (Біздің қала әуенімен)

Біз кішкентай бүлдіршінбіз
Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз
Қуанышты көңіл сыйлар
Мерекеге қош келдіңіз
Бақшамыз бар таң қалдырар
Өнерімен тамсандырар
Бүлдіршінбіз жан шуақты
Ән мен жырдан нәр алдырар

***

Құлыншаққа келіңіздер
Кереметін көріңіздер
Бақшамызды көркейтуге
Үлес қоса біліңіздер

***

Күлімдеген күн нұрындай
Тәрбиеші анамыздай
Білім менен тәрбиенің
Ордасына айналғандай
Бақшамыздың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: Балабақша, Тақпақ