"Күз кереметі"
Безендірілуі: түрлі –түсті шарлар, күзге байланысты суреттер,жапырақшалар
астында жасырылған жұмбақтар, ребустар.
Мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, табиғатқа қызығушылығын,
ой – өрісін кеңейтіп, арттыру. Табиғат сұлулығын сезе білуге,оны аялай
білуге тәрбиелеу.
Күз мезгілінің ерекшелігін молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту.
Күзде атқарылатын жұмыстар туралы, адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт – дәстүрін біліп, бойларына үлгі - өнеге қалыптастыруға бағыттау.
1- жүргізуші:
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігімен есте қалатын айнала сары түске боянып, сары алтындай жалтырап, көздің жауын алары сөзсіз.Бұл қай мезгіл деп
ойлайсыздар балалар? Ия, дұрыс айтасыңдар - күз мезгілі.
Олай болса, «Күз кереметі» атты шарамызды бастаймыз!
2-жүргізуші:
Не қасиет бар дейсің, осы күзде –
Деп айтқаны әркімнің есімізде.
Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,
Байлық, ырыс әкелген осы бізге.
Талай – талай басынан таңды асыра,
Алтын дәнін тиеп ап арбасына
Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,
Отанның берекелі қамбасына, - деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі мерекемізде күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру