Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының тұжырымдамасы 2020-2021 оқу жылы


Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының тұжырымдамасы

 

Өткізу күні: 21 тамыз 2020 жыл

Өткізу уақыты: әр мектеп өзі анықтайды

Тақырыбы: Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?

Ата-аналар жиналысының мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.

Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.

Өткізу форматы: қашықтан. Оқушыларға сілтемелер алдын-ала жіберіледі.

Қатысушылар: оқушылар және қалауы бойынша ата-аналар (балалардың заңды өкілдері).

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:

  1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. 
  2. Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
  3. Мен және менің денсаулығым.
  4. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
  5. Интернетте жұмыс істеу ережелері

 

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әрбір өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Әр мектеп сынып сағатын өткізу кезінде оқытудың тиісті форматын анықтайды және оқушыларды ақпараттандыруға дайындайды.

Әр сынып жетекшісі өз сыныбымен сынып сағатын өткізеді.

Оқу форматын таңдауды сынып жетекшісі түсіндіреді. Егер, қолайлы эпидемиологиялық жағдайы бар шалғайдағы елді мекенде орналасқан мектеп балаларды штаттық форматта оқытуды жоспарласа, онда оқушыларға санитарлық-эпидемиологиялық және мектепке баратын кезде қойылатын талаптар түсіндіріледі.

Егер мектеп қашықтан оқыту форматын жоспарласа, онда оқушыларға форматты таңдау себебін, оның оқу ережесін, ерекшеліктерін және т. б. оқыту тұстары түсіндіріледі.

Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «ЕлАрна» телеарнасында орыс тілінде телевизиялық сабақтар ұсынылатын болады.

 

 

 

Мектепалды, 1-11(12) сыныптарда қашықтан оқыту

(әр мектеп тек 2020-2021 оқу жылында оқу ұйымдастырылатын форматты түсіндіреді)

Мектепалды, 1-11 (12) сыныптарда қашықтан оқу процесі ұйымдастырылады.

 Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп Интернет-платформаны таңдайды. Мектеп қандай білім беру Интернет-платформасын таңдағанын сынып жетекшісі айтады. Демонстрацияны қосады, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін көрсетеді.

(Платформаға шығу үшін _________ сілтеме бойынша өту керек

Тіркеуден өту_________

Өзіңіз туралы ақпаратты жаңарту_________)

Сынып жетекшсі мектеп таңдаған Интернет-платформаның функционалдық ерекшеліктерін түсіндіреді (оқу тапсырмаларын қалай табуға болады, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін қолдана отырып БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын қалай табуға болады, оқушыларға арналған функционалдылықты және т. б.).

Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі-СанЕжН) талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтуі мүмкін. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Синхронды форматта оқыту Интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді.

Сабақтың бір бөлігі (30-80%) стримингке шығу үшін пайдаланылады, сабақтың қалған бөлігі асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Сабақтың асинхронды форматы - бұл Интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, оның ішінде өз бетінше оқуға арналған мазмұн және мұғалімнің кері байланысы бар оқу тапсырмалары.

 

Сабақ/ оқу сабағы қалай ұйымдастырылады:

Педагогтер сабақтарды/оқу сабақтарын сабақ кестесіне сәйкес өткізеді. Оқушылар кестеге сәйкес (синхронды немесе асинхронды) оқу сабақтарын өткізу нысандары туралы ақпаратқа ие болуы керек. Бағалау, кеңейтілген түсініктеме электронды/қағаз журналдарда жүргізіледі.

Синхронды форматтағы сабақтар/ оқу сабақтары

1) Синхронды форматтағы сабақ Интернет-платформада жүзеге асырылады. Синхронды форматта оқыту үшін тікелей трансляция үшін мұғалім оқу процесін асинхронды оқыту форматымен үйлестіре отырып, СанЕжН-ға сәйкес 10-нан 30 минутқа дейін сабақ бөле алады.

2) Білім алушыға алдын-ала әрекет алгоритмі негізінде сабаққа стриминг режимде дайындалуы керек.

3) Сабақтың бір бөлігі синхронды, бір бөлігі асинхронды форматта ұйымдастырылуы мүмкін. Техникалық проблемалар туындаған және тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда педагог сабақты асинхронды форматқа ауыстырады.

4) Педагог кері байланысты электрондық журналдың мүмкіндіктері арқылы, электрондық журнал болмаған жағдайда – қолжетімді байланыс түрлері арқылы ұсынады.

5) Сабақтың жазбасы сақталады және білім алушыларға кез келген уақытта материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6) Стримингке шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда педагог сабақтарды тек асинхронды форматта өткізеді.

Асинхронды форматтағы сабақтар/ оқу сабақтары

1) Асинхронды форматтағы сабақ педагогтің білім алушылармен Интернет-платформада қашықтан өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады.

2) Асинхронды форматта өткізілетін сабақ кезінде білім алушылар:

-  өз бетінше оқу үшін оқу материалын игереді;

- Интернет-платформада орналастырылған немесе педагог өз бетінше жазған телесабақтарды немесе бейне оқулықтарды көре алады;  

- Интернет-платформада орналастырылған сандық білім беру ресурстарын пайдаланады;

-  мұғалімнен оқу тапсырмасын алады;

- жұмыстарды орындайды және электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – байланыстың қолжетімді түрлері арқылы белгіленген тәртіппен жібереді;

-  мұғалімнен түсіндірулер алады.

 

Білім алушының оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар:

  1. Білім алушылар сабақ кестесін синхронды және асинхронды форматта сақтайды және өздерінің оқу күнін жоспарлайды.
  2. Күн сайын кестеге сәйкес сабақтарға/оқу сабақтарына қатысады.
  3. белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша материалдарды зерделейді және оқу тапсырмаларын орындайды.
  4. Орындалған оқу тапсырмаларын Интернет - платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркейді немесе электрондық пошта арқылы жібереді.
  5. Педагогтің тапсырмалары бойынша түсіндірулерді зерделейді және оның ұсыныстарын орындайды.
  6. Сынып жетекшісімен байланыста болады.
  7. Мұғалімдермен байланыста, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды жібереді.
  8. Компьютерлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтайды.
  9. Оқу режимін, қысқа үзілістер, демалыс және ұйқы режимін сақтайды.

 

Қашықтан оқыту кезіндегі баланың жұмыс орны

Тәртіп ережелері

1. Күнделікті бөлмеде тазалық тәртібін сақтау қажет.

2. Күн сайын таңертең бөлмені және жұмыс үстелін ылғалды тазалаудан бастау керек.

3. Сабақ аяқталғаннан кейін мүмкіндігінше жабдықтар мен мектеп құралдарын алып тастаңыз.

4. Үзіліс кезінде және сабақ аяқталғаннан кейін бөлмені желдетіңіз.

 

Киім нысаны

Мектеп формасы жойылған жоқ. Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде білім алушылар мектепке, қашықтан оқыту форматындағы сабақтарға классикалық стильдегі ыңғайлы киімде қатыса алады.

 

1-11 сыныптарда күндізгі оқыту форматы.

Ауыл мектептерінде бір сыныпқа 15 оқушыға дейін күндізгі оқыту форматы ұйымдастырылады.

Ауыл мектептерінде күндізгі оқыту форматы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша, тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша санитарлық қауіпсіздік шараларына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқыту мектепте барлық сыныптарда, оның ішінде мектепалды сыныптарда білім алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

Нормадан жоғары температурасы бар балалар үйге оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшу қамтамасыз етіледі, мектеп жұмысын жалғастырады.

Ауылдық мектептерде оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай шаралар сақталады:

1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

2) әлеуметтік алшақтықты сақтау үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;

4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы үзілісті ұйымдастыру;

5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;

6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

7) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;

8) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;

9) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

10) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;

11) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

12) мектеп асханасының/буфеттердің жұмысын уақытша тоқтату;

13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныптың қашықтан  оқытуға көшкен жағдайда сыныптағы білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;

15) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге тыйым салынады, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын онлайн режимде өткізіледі; 

16) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;

17) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;

18) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

Оқу форматына қарамастан, қазақ тілінде оқитын оқушыларға «Балапан» телеарнасында, орыс тілінде оқитын оқушыларға «Ел-Арна» телеарнасында дүйсенбі-жұма күндері аралығында  сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін теледидарлық қосымша сабақ арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. 

Теледидар сабақтары әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өтеді.

Теледидар сабақтарының ұзақтығы 10-15 минуттан тұрады.

Теледидарлық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында тегін қолжетімді болады.

Білім алушы ұсынымдармен танысуы және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.

Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, дене жүктемесі)

Адам денсаулығы – өмірдегі басты құндылық. Ал денсаулық деген не? Бұл сөздің астарынан нені ұғамыз? 

Біріншісі-күн режимі. Күн тәртібін орындау, уақытты тиімді пайдалану өте маңызды.

Күн тәртібі:

  • Ұйқыдан тұру
  • Гигиеналық процедуралар
  • Таңертеңгілік гимнастика
  • Таңғы ас
  • Қысқа демалыс (10-15 минут)
  • Кесте бойынша сабақтар
  • Түскі ас
  • Қысқа демалыс (10-15 минут)
  • Шығармашылық қызметпен айналысу, кітап оқу,  танымдық бейне көру, үйде көмек көрсету
  • Үй тапсырмасын орындау
  • Кешкі ас
  • Гигиеналық процедуралар
  • Ұйқыға жату

 

Белсенді қызмет. Күн сайын жаттығу жасаңыз, спортпен шұғылданыңыз.

Екіншісі – дұрыс тамақтану. Өздеріңіз білетіндей, бізде пайдалы және зиянды өнімдер бар. Зиянды өнімдерде денемізді бұзатын әртүрлі химиялық қоспалар бар. Дені сау болу үшін құрамында дәрумендер, минералдар, кальций, йод және т. б. бар өнімдермен дұрыс тамақтану керек.

Жаман әдеттерді спортпен, бимен, қолөнермен, оқумен, кез-келген қызықты және қол жетімді іспен алмастыруға болады.

Жеке гигиена – тісті тазалау, жуыну, ұқыпты болу, ұқыпты киіну. Күн сайын тісін жуатын адам тіс дәрігеріне аз жүгінеді, су процедуралары мен ваннаны жақсы көретін адам - үнемі шыңдалады және иммунитетін нығайтады, маусымға сәйкес киінетін адам -ЖРВИ мен тұмау ауруларымен аз ауырады.

Оң эмоциялар. Адам алаңдаушылық, стресс, толқуда болуы мүмкін, тіпті ашуланады. Басқаша айтқанда, ол жағымсыз эмоцияларды сезінеді. Ол эмоциялар денсаулыққа өте зиянды. Адамның дені сау болуы үшін ол өмірінің көп бөлігінде жағымды эмоцияларды сезінуі керек. Әрине, жағдайлар әртүрлі, әрқашан мұң, өкініш әкелетін нәрсе болуы мүмкін. Адамның өзіне не байланысты? Адамның физикалық қана емес, психикалық денсаулығы да болуы үшін не істей алады және не істеуі керек?

Сіз өзіңіз және өз денсаулығыңыз үшін жауаптысыз! Қазіргі уақытта сау болу сәнді! Аман-сау болыңыз!

 

Адам денсаулығы – өмірдегі басты құндылық:

Инфекцияны қалай болдырмауға болады:

  • суық тиген және ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыс жасамаңыз
  • бұқаралық іс-шараларға қатыспау
  • қолыңызды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуыңыз
  • мүмкіндігінше, көз, ауыз және мұрынға қол тигізбеңіз
  • мүмкіндігінше, қоғамдық орындардағы тұтқаларға, сүйеніштерге, басқа заттар мен беттерге қол тигізбеңіз
  • салауатты өмір салтын ұстану, уақытында ұйықтау және ұйқыны қандыру, теңгерімді тамақтану және үнемі жаттығулар жасау
  • бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жасаңыз.

 

3.  Интернетте жұмыс істеу ережелері, Интернеттің қауіптілігі

1. Интернетте өздерің туралы ақпаратты: ұялы телефон нөмірін, мекен-жайын, мектептің атауын, орналасқан мекен-жайын, ата-ананың аттарын ешқашан көрсетпеңдер.    Веб-сайттар немесе басқа онлайн-қызметтер сізден конкурстарға қатысу немесе тегін сыйлықтар алу үшін ақпарат беруді сұрауы мүмкін. Бұл ақпарат сізге зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

2. Веб-сайтты жасау кезінде абай болыңыз. Белгісіз мекенжайлардан кез-келген электрондық поштаны ашқан кезде өте абай болу керек.

3. Интернеттегі түсініксіз нәрселерді кездестірген кезде әрқашан ата-анаңызға хабарлаңыз. 

4. Ешқашан, ешқандай жағдайда ата-ананың рұқсатынсыз виртуалды танысқан адаммен бетпе-бет кездесуге келіспеңіз.

5. Қауіп төндіретін чаттардан аулақ болыңыз. Бұл сұрақтар алдымен қызықты болып көрінуі мүмкін, бірақ кейін олар сізге қауіп төндіруі мүмкін.

6. Ешқашан келеңсіз мазмұндағы немесе кез-келген жағдайда ыңғайсыз әсер қалдыратын хабарламаларға немесе жарнамаларға жауап бермеңіз.

 7. Ата-аналарды алдын-ала хабардар етпей, онлайн достарыңызға ешқашан жеке ақпараттарды мысалы, мекен-жайы, телефон нөмірі немесе фотосуреттерді жібермеңіз. 

 

 

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (толық оқу жылына 2-11 (12) сыныптардағы оқу форматына қарамастан жүргізіледі)

 

Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда жүргізіледі.

Бұл жүйеде мұғалімнен кері байланыс ала алады, сабақ кестесін көре алады, қандай баға алғанын көре алады, мұғалімге сұрақтар қоя алады, мектептегі іс-шаралар мен іс-шаралар туралы әрдайым хабардар болып отырады және қосымша білім беру ресурстарына тұрақты онлайн қол жеткізу мүмкіндігі бар.   

Аталған сайтта видео сабақтар, тапсырмалар, педагогтердің материалға қатысты сұрақтарға жауаптары бар.

Электрондық журналдар болмаған жағдайда бағалау қағаз журналда жүргізіледі.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылындағы 2-11 сыныптарында бағалау Қағидасына өзгерістер енгізілді.

Бағалау көзделген пәндер бойынша  күнделікті бағалау, бөлім үшін 1 жиынтық жұмыс (бұдан әрі - БЖБ) және тоқсан үшін 1 жиынтық жұмыс (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі. 

         БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың  28 қазаннан бастап өткізу ұсынылады.

БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Ол туралы мұғалім хабарлайды.   

1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.

Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында қалыптастырушы бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. 

Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.

«Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді.

 

Жиынтық жұмыстарға арналған тапсырмалар құрылымы

Жиынтық тапсырмаларға шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыс, диктант, эссе, мини-тесттер, зерттеу есептері, бірнеше жауаптары бар тест тапсырмалары жатқызылады.

Бөлім үшін жиынтық бағалау үшін ұсынылатын оқу тапсырмаларының саны:

– 2-4 сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы;

– 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-6  оқу тапсырмасы.

 

 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде көптеп қатысуын талап ететін мәдени және спорттық шаралар толығымен тоқтатылады.

 

           Білім алушылардың жауапкершілігі:

 

  • оқу сабақтарында болу және қатысу;
  • білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды күнделікті өздігінен орындау және қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
  • компьютер мен Интернетті қауіпсіз пайдалану талаптарын орындау


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру