Ұстазға хат


Ұстазға хат!
Құрметті ұстаз, жақсы хабарды Ғалиядан естіп қуанып жатырмын. Алла тағала деніңізге дерт бермесін. Жаратқанның берері көп болып, ұзақ ғұмыр сүруіңізге тілектеспін.
Ұстаз болып бізге берген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Сіздің көрікті бейнеңіз әлі көз алдымда. Жібектей мінезіңіз, ұстамдылық пен сабырлылығыңыз өзіңізге әрдайым көрік беріп тұратын. Өміріміздің бүгінгі жемісі де сіздің арқаңыз деп білем. Алғаш қалам ұстатып сауатымызды аштыңыз, біліммен сусындаттыңыз. Өмір деген ұлы көште алдымызға мақсат қойып, сол мақсаттың шынына жетуді үйреттініз. Сол тентек ұлдарыңыз бен қыздарыңыз бүгінде салиқалы ұлы көшті бастайтындай өзіндік орны бар, бір-бір тұлға. Өзіңіз жақсы көретін Ғалия, Айгүл, Ләззат, Алмаш өнегелі отбасы болып отыр, жетістігіне қарап қуанып отырамын. Ия бәрі де есте, осы алғашқы үш қызға және Катжан мен Қанышқа үлкен үміт артқаныңыз. Сол үмітіңіз бүгінде орындалып жатыр. Сол еңбегіңіздің ақталып жатқаны бізге қуаныш болса, ал сіз үшін үлкен абырой деп ойлаймын. Ұзтаз бақытты деген де осы шығар.
Ал енді өзіме келсем, Алланың бергеніне ырзашылығымды білдіріп ел қатарлы өмір сүріп жатырмын. Әке шешемнің мәнгілік мекеніне аттанғандарына да біраз жыл болды. Ұлын – ұяға, қызын қияға қондырып, жұптары жазылмай, сексенді еңсерді. Қажылыққа барып, мұсылмандық парыздарын да өтеді. Әке-шешем кенже баласынын қолында болғанымен, ұнемі менің қамқорлығымда болды. Баланың, келіннің ырзашылығын алды деп ойлаймын. Осындай жетістікке жетуіме де сіздің қосқан үлесіңіз шексіз. Біліммен сусындатып небір ұлылыққа жетеледіңіз. Әке-шешеге, туыс-жақынға, бауырға, досқа, сүйген жарға, жалпы осы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті оятқан да сіз. Жастық, балалық шақ деген керемет кезең. Біреулер балалық немесе шалалық деп жатады. Бірақ балалық шақ қайта оралмайтын, өзіндік орыны бар, болмысы бөлек кезең. Мейлі келмеске кеткен сол бір балалық кезең оралса да, дәл осылай шалалыққа бой ұрып өтер едім.
Бір күні мектепте кім боласың деген тақырыпқа шығарма жаздық. Келесі сабақта мұғалім орнымнан тұрғызып, сен неге экономист болам деп жаздың деп сұрады. Ол кезде экономист деген мамандық жоқтың қасы болатын. Сол кезде орнымнан тұрып бухгалтер есп жүргізеді, ал экономист ұнемдеп артығын қалтасына салып алады дегенім әлі есімде. Бұл шамамен 7 сыныпта. Сол күннен бастап осы мамандыққа қызығушылығым басталып, танғы төртке дейін өздігімнен іздендім. Сабақта оқымайтын пәндерді де, басқаларын да оқыдым. Бұл өзге әлемге жұмбақ болатын. Менің түні бойы отыратынымды әкем мен шешем ғана білетін. Экономист болам дейтінім әкеме қатты ұнайтын. Содан маған еліктеп төрт бала экономист болды. Мен біреуге ұқсағым келмейтін. Осындай мінезімнің қалыптасуына да
сіздің – АҚБОРЫҚ мұғалім қосқан үлесіңіз шексіз. Сізге деген алғысым мол!

Айтбек Әліпов Рымбекұлы, 1 ақпан 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу