Дүниежүзі тарихы_11 сынып_ҚГБ


«Дүниежүзі тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

1

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2

МАЗМҰНЫ

3

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Экономика және экономикалық жүйелердің типтері. Экономиканың аралас түрі. Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға

төтеп берудің тарихи мысалдары.

Оқу мақсаты

11.1.1.1Мемлекеттердіңэкономикалық даму ерекшеліктерінталдауүшін«экономика»және

«экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану

11.1.1.7Экономиканыңараластүрінетәнбелгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін зерттеу

11.1.2.3Қазіргізамантарихындашектеушітабиғи- географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің

сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • «Экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін пайдаланады
  • Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтап, оған көшудің себептеріне зерттеу жүргізеді
  • Елдердіңдамуынатабиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Ұғымдардың анықтамасын беріңіз және мысалдар келтіріңіз. Экономика дегеніміз ...

Экономикалық жүйе дегеніміз ...

Экономикалық жүйеге мыналар жатады (мысалдар) ...

  • Аралас экономикаға тән белгілер мен ерекшеліктерін анықтаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Аралас экономикалық жүйе

Сипаты (ерекшелігі)

Мысал (елдер)

Артықшылығы

Кемшілігі

4

 1926-1928 жылдары АҚШ экономикасы өрлеуде болды. Ұлттық табыс 32 млрд. 1913 жылы 89,7 млрд. (салыстырмалы бағаларда – 1,7 есе). Өндірістің өнімділігі артты, дивидендтер артты, нәтижесінде акциялар бағамы да өсті.

 1929 ж. 24 қазанда Нью-Йорк қор биржасында акциялар курсының күрт құлдырауы болды. Бұл күні 12,8 млн акция сатылды, содан кейін төрт дәйекті сауда сессиясы ішінде көптеген танымал акциялардың бағасы төмендеді.

 Ұлы дағдарысты АҚШ тарихындағы ең түсініксіз оқиғалардың бірі деп атауға болады. Әдетте, Ұлы дағдарысты реттелмейтін капиталистік жүйенің теріс әсерін растау үшін қарастырады. Тек мықты әл-ауқаттты мемлекет, елеулі экономикалық реттеу капитализмді өз- өзінен құтқара алады.

Дереккөзі: Р. Нуреев. Основные варианты становления смешанной экономики в развитых странах

Ұлы дағдарыс неліктен аралас экономикалық жүйеге өтудің себебі ретінде қарастырылады?

Осы кезеңде аралас экономикаға өтудің қандай белгілері көрініс табады?

  • Елдердің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтаңыз.

Мемлекеттер

Табиғи-географиялық фактор

Шаруашылық/өндірістің

қалыптасуы мен дамуы

Жапония

Аралдық мемлекет, жан-жағынан теңіз суларымен қоршаулы, оқшауланған,құрлықпен

жанаспайды,территориясы

шағын, пайдалы қазбалар мен ресурстардың тапшылығы

Қазақстан

Пайдалықазбалармен ресурстарға бай болуы, мұхит- теңіз суларынан алшақтығы, құрлықтықелдермен оқшаулануы, құрлықтың ішкі бөлігіндеорналасуы,

территориясының үлкендігі.

5

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Білім алушы

Балл

«Экономика»және

«экономикалықжүйе» ұғымдарын мемлекеттердің экономикалықдаму ерекшеліктерінталдау үшін пайдаланады

1

«экономика» ұғымын түсіндіреді;

«экономикалықжүйе»ұғымын

түсіндіреді;

«экономикалық жүйе» ұғымына мысал келтіреді;

1

1

1

Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтап, оған көшудің себептерінезерттеу жүргізеді

2

араласэкономиканыңерекшелігін

сипаттайды;

аралас экономикалық жүйесі бар елді

мысалға келтіреді;

араласэкономикалықжүйенің

артықшылығын анықтайды;

араласэкономикалықжүйенің кемшілігін анықтайды;

аралас экономикаға өтудің себептерін анықтайды;

өтпелі кезеңдегі аралас экономикаға тән белгілерді анықтайды;

1

1

1

1

1

1

Елдердіңдамуына табиғи-географиялық

факторлардыңәсерін анықтайды

3

Жапонияның дамуына (шаруашылығы

/өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды;

Қазақстанныңдамуына (шаруашылығы/өндірісінің қалыптасуымендамуы)табиғи-

географиялықфакторлардыңәсерін анықтайды;

1

1

Жалпы балл

11

6

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

«Экономика»және

«экономикалықжүйе» ұғымдарын мемлекеттердің экономикалықдаму

ерекшеліктерінталдау үшін пайдаланады

«Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіруде, мысалдар келтіруде қиналады

«Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіруде, мысалдар келтіруде қателіктер жібереді

«Экономика», «экономикалық жүйе» ұғымдарын түсіндіреді, мысалдар келтіреді

Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтап, оған көшудің себептеріне зерттеу жүргізеді

 Араласэкономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін,аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттауда, мысалдар келтіруде қиналады

 Аралас экономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін, аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттауда, мысалдар келтіруде қателіктер жібереді

Аралас экономиканың ерекшелігін, артықшылығы мен кемшілігін, аралас экономикалық жүйеге өту себептері мен оған тән белгілерді сипаттайды, мысалдар келтіреді

Елдердіңдамуына табиғи-географиялық

факторлардыңәсерін анықтайды

 Елдердіңдамуына (шаруашылығы/өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи- географиялықфакторлардың әсерін анықтауда қиналады

 Жапонияның/Қазақстанның дамуына (шаруашылығы /өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін көрсетуде қателіктер жібереді

Елдердің дамуына (шаруашылығы

/өндірісінің қалыптасуы мен дамуы) табиғи-географиялық факторлардың әсерін анықтайды

7

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Саяси-құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Құқықтықмемлекеттүсінігі.Құқықтықмемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі.

Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі.

Оқу мақсаты

11.2.1.1Мемлекеттердіңсаяси-құқықтықжүйесінің дамуыныңқазіргітенденцияларынтүсіндіруүшін

«құқықтық мемлекет» ұғымын қолдану

11.2.1.3 Әртүрлі мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарын талдау

11.2.2.1 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • «Құқықтық мемлекет» ұғымы негізінде мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіреді
  • Мемлекеттердің мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарына талдау жасайды
  • Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептеріне талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Дереккөзді және өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

 Демократия - құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі алғышарты. Құқықтық мемлекет-демократиялық мемлекет және қазіргі үрдіске сәйкес әлеуметтік мемлекет. Саяси жүйенің сипаты - бұл құқықтық мемлекетті анықтау кезінде шешім қабылдауға табиғи басымдық берілетін мәселе. Құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуі үшін тиісті саяси жүйе қажет. Құқықтық мемлекет өзінің табиғаты мен негізгі сипаттамалары бойынша демократиямен саяси жүйе нысаны ретінде байланысты және адамның негізгі құқықтары демократиялық мемлекеттің сапалы сипаттамасында орталық орынды алады.

Котляров С.Б., Кукушкин О.В., Кечайкина Е.М. «Современные признаки правового государства и гражданского общества: проблемы реализации

на практике государственного аппарата власти».

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы негізгі шарттар қандай?

Саяси жүйенің құқықтық мемлекет үшін маңыздылығы қандай? Өз ойыңызды түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз

8

  • Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

 Егер қазір барлық тұсынан американдық Конституцияны егжей-тегжейлі қарастырсақ, онда біз онда аристократиядан басқа ештеңе таба алмаймыз. Онда қандай да бір тап үшін артықшылықтарға, тіпті жалпы артықшылықтарға тұспал жоқ, барлығына бірдей құқықтар. Барлық құқықтар халықтан шығады және оған беріледі; барлық мекемелер бірыңғай міндетке бағынады, қарама-қарсы беталыстар жоқ; бәріне және барлық жерде демократия қағидаты басым.

А. де Токвиль, 15 қаңтар 1848 ж

Неліктен Токвиль барлық құқықтар халықтан шығады және оған беріледі деп тұжырымдайды?

6-бап

Заң-ортақ ерік. Барлық азаматтардың жеке өзі немесе өз өкілдері арқылы оны құруға қатысуға құқығы бар. Ол барлығына ортақ болуы керек, ол қорғайды немесе жазалайды. Барлық азаматтар оның алдында тең, сондықтан барлық лауазымдарды, қоғамдық қызметтерді мен қабілетіне сай және қандай да бір өзге айырмашылықтарсыз тең қол жеткізе алады.

 «Адам және азамат құқықтары декларациясы» (1789 жылғы 24 тамызда Бас Штаттар депутаттарымен қабылданды)

1789 жылғы «Адам және азамат құқықтары декларациясында» барлық азаматтар заң алдында тең деген мәселені көтеру себебі неде?

АҚШ Конституциясының, Францияның «Адам және азамат құқықтары декларациясы» сияқты құжаттардың әлем тарихы үшін маңыздылығы неде?

  • Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептерін түсіндіріңіз

1-себеп

2-себеп

3-себеп

4-себеп

9

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Білім алушы

Балл

«Құқықтық мемлекет» ұғымынегізінде мемлекеттердің саяси- құқықтық жүйесінің

дамуыныңқазіргі тенденцияларын

түсіндіреді

1

құқықтықмемлекетті қалыптастырудағы негізгі шарттарды

анықтайды;

құқықтықмемлекетүшінсаяси жүйенің маңыздылығын түсіндіреді,

 құқықтықмемлекетүшінсаяси жүйеніңмаңыздылығынамысалдар

келтіреді;

1

1

1

Мемлекеттердің

мысалында құқықтық мемлекеттің қалыптасу жолдарынаталдау жасайды

2

АҚШКонституциясының ерекшелігіне сай құқықтық мемлекет

белгісін анықтайды;

Францияның «Адам және азамат құқықтарыдекларациясы» ерекшелігіне сай құқықтық мемлекет

белгісін анықтайды;

АҚШКонституциясының, Францияның «Адам және азамат құқықтары декларациясы» сияқты

құжаттардың әлем тарихы үшін маңыздылығын ашады;

1

1

1

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесініңыдырау

себептерінеталдау жасайды

3

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау 1- себебін түсіндіреді;

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдыра 2-

себебін түсіндіреді;

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау 3-

себебін түсіндіреді;

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау 4-

себебін түсіндіреді.

1

1

1

1

Жалпы балл

10

10

«Саяси-құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

«Құқықтық мемлекет» ұғымы негізіндемемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуыныңқазіргі тенденцияларын түсіндіреді

 Құқықтықмемлекетті қалыптастырудағы шарттар мен құқықтық мемлекет үшін саяси жүйеніңмаңыздылығын сипаттауда, мысалдарын жазуда қиналады

 Құқықтықмемлекетті қалыптастырудағы шарттар мен құқықтық мемлекет үшін саяси жүйенің маңыздылығын сипаттауда, мысалдарын жазуда қателіктер жібереді

 Құқықтықмемлекетті қалыптастырудағы шарттар мен құқықтық мемлекет үшін саяси жүйеніңмаңыздылығын сипаттайды, мысалдарын жазады

Мемлекеттердің мысалында құқықтықмемлекеттің қалыптасу жолдарына талдау жасайды

 АҚШжәнеФранция мысалында құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылу ерекшеліктерімен

маңыздылығынжазуда қиналады

 АҚШ және Франция мысалында құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылу ерекшеліктері мен маңыздылығын жазуда қателіктер жібереді

 АҚШ және Франция мысалында құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылу ерекшеліктері мен маңыздылығын жазады

Ялта-Потсдам халықаралық қатынастар жүйесінің ыдырау себептеріне талдау жасайды

 Ялта-Потсдам халықаралық қатынастаржүйесінің ыдырауының негізгі себептерін

түсіндіруде жасауда қиналады

 Ялта-Потсдамхалықаралық қатынастар жүйесінің ыдырауының негізгі себептерін түсіндіруде қателіктер жібереді

 Ялта-Потсдамхалықаралық қатынастар жүйесінің ыдырауының негізгі себептерін түсіндіреді

11

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы. Мұстафа Кемал Ататүрік –Түрік Республикасының негізін қалаушы. Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы.

Оқу мақсаты

11.3.2.4 АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін

«нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолдану

11.3.3.1Мемлекеттарихыныңөтпелікезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау

11.3.3.6Ш.Голльқызметініңмысалындамықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • «Нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолданып, АҚШ-тағы тарихи оқиғаларды түсіндіреді
  • Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығына баға береді
  • Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

    • Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1955 жылы 1 желтоқсанда Алабама штатының астанасы Монтгомери әмбебап дүкендерінің бірінде жұмыс жасайтын 42 жастағы қара нәсілді тігінші Роза Паркс ұсталып, ақ нәсілді жолаушыға автобуста орын беруден бас тартқаны үшін оған айыппұл салынды.

Элизабет Экфордтың мектепе баруы

1957 жылғы 25 қыркүйек. Little Rock Central

мектебін біріктірілуі. Элизабет Экфордтың естеліктері бойынша: "айналамда толық хаос болды, мен жан- жағыма қарап, мені қоршаған адамдардың арасынан ең болмағанда көзінде мейірімі бар бір адамды тауып алуға тырыстым... егде жастағы әйелді көріп, оның қолдауын сұрағым келді, бірақ ол маған.. түкіріп жіберді".

12

«Нәсілдік кемсітушілік» мәселесі неліктен пайда болды?

АҚШ-тағы қара нәсілділерге қатысты жүргізілген сегрегация неден (қандай оқиғалардан) көрініс табады? Мысалдар келтіріңіз

    • Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1924 ж. 3 наурызда Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы (ТҰҰМ) бұрынғы Осман империясының ғана емес, сонымен қатар Азия мен Африканың басқа да елдерінің халықтарына рухани және саяси биліктің жоғарғы органы ретінде болған халифатты жою туралы заңды қабылдады.

Түркияның саяси жүйесі қалай өзгерді?

1928 ж. 9 сәуірінде Парламенттің қабылдауымен Түркия Конституциясынан «Ислам Түркияның мемлекеттік діні болып табылады» туралы бап алынып тасталды.

Қабылданған шешімнің маңыздылығы неде?

Осы кезеңде қабылданған жаңа заңға сәйкес Түркиядағы оқу орындарының басым көпшілігі діни конфессиялардан бөлініп, олардың тікелей бағынысынан шығарылды.

Білім саласында қандай өзгерістер орын алды?

ХХ ғ. 20 жж. Мұстафа Кемальдің реформалары Түркияның дамуына қаншалықты әсер етті?

    • Дереккөзі мен өз біліміңізді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1946 жылдың қаңтарында социалистік депутаттар әскери бюджетті 20% қысқартуды ұсынғанда, оларды коммунистер қолдағанда, де Голль отставкаға кетті. Жыл соңында жаңа конституция қабылданды, оған сәйкес парламент екі палатадан тұрды: Ұлттық жиналыс және Республика Кеңесі. Барлық билік бірінші Палатаның қолында шоғырланған, ал жеті жылға сайланған президент екінші кезектегі тұлға болды. Де Голль мұндай жағдайға қарсы болды, ол 1947 ж.сәуірінде "Француз халқының бірлестігі" партиясын құрды. Оның басты мақсаты - 1946 жылғы Конституцияны жою және атқарушы билік партияларынан тәуелсіз күшті құру. Сыртқы саясаттағы де Голльдің басымдықтарының бірі - Францияның ұлылығын қайта өркендету, оның тәуелсіздігін нығайту, АҚШ ықпалының әлсіреуі болды. Коммунизмге теріс көзқарасқа қарамастан, ол американдықтарға нақты тепе-теңдікті жасау ғана КСРО-мен жақындасуға барды. Ол қарулы күштерді жаңғыртуға, оларды қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыруға үлкен көңіл бөлді. 1966 жылы президент Шарль де Голль Францияның НАТО-дан шығуы туралы мәлімдеді. 1958 жылдың күзінде "деголльдік" конституция қабылданды. Ол Парламенттің өкілеттігін едәуір шектеп, Президент құқығын айтарлықтай кеңейтті.

Дереккөзі: http://www.c-cafe.ru/days/bio/29/gaulle.php

Ш.де Голль неліктен президенттік билікті нығайтуға тырысты?

Ш.де Голль басқару кезінде «Францияның ұлылығы» қаншалықты өркендеді?

13

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Білім алушы

Балл

«Нәсілдік кемсітушілік»,

«сегрегация» ұғымдарын қолданып, АҚШ-тағы тарихиоқиғаларды түсіндіреді

1

«нәсілдіккемсітушілік»себебін түсіндіреді;

сегрегация ұғымын түсіндіреді, мысал келтіреді;

1

1

Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың

маңыздылығына баға береді

2

Түркияның саяси жүйесіндегі өзгерісті

анықтайды;

конституцияға жасалған өзгеріске баға

береді;

білімсаласындағыөзгерістерді

анықтайды;

М.Кемаль Түркия тарихындағы роліне баға береді;

1

1

1

1

Ш.Голльқызметінің мысалындамықты

президенттікбилік институтының

маңыздылығын дәлелдейді

3

Де Голль үшін презденттік биліктің

маңыздылығын ашады;

Де Голльдің жүргізген саясатына баға береді;

1

1

Жалпы балл

8

14

«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

«Нәсілдік кемсітушілік»,

«сегрегация»

ұғымдарын қолданып, АҚШ-тағытарихи оқиғаларды түсіндіреді

 Нәсілдіккемсітушілік саясатының және сегрегация ерекшеліктерінтүсіндіруде, мысал келтіруде қиналады

 Нәсілдік кемсітушілік саясатының және сегрегация ерекшеліктерін түсіндіруде, мысал келтіруде қателіктер жібереді

Нәсілдік кемсітушілік саясатының және сегрегация ерекшеліктерін түсіндіреді, мысал келтіреді

М.Кемальжүргізген реформалардың ерекшеліктерін

анықтайды, баға береді

 ХХғ. басында Түркияда жүргізілгенсаясаттың

ерекшеліктерінанықтауда, М.Кемаль роліне баға беруде қиналады

ХХғ. басында Түркияда жүргізілген саясаттың ерекшеліктерін анықтауда, М.Кемаль роліне баға беруде қателіктер жібереді

ХХғ. басында Түркияда жүргізілген саясаттың ерекшеліктерін анықтап, М.Кемаль роліне баға береді

Ш.Голльқызметінің мысалындамықты

президенттікбилік институтының

маңыздылығын дәлелдейді

 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеуде қиналады

 Ш. Голль қызметінің мысалында мықты президенттік билік институтының маңыздылығын дәлелдеуде қателіктер жібереді

 Ш. Голль қызметінің мысалында мықтыпрезиденттікбилік институтыныңмаңыздылығын дәлелдейді

15

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері. Мектептегі білім беру: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері.

Оқу мақсаты

11.4.1.1 Тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктеу

11.4.1.5 Мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстыру

11.4.2.1 Мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-

техникалық революция» ұғымдарын қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әлем халықтарының жазу түрлерін жіктейді
  • Замануи білім беру модельдерін салыстырады
  • «Өнеркәсіпреволюциясы»,«ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолданып, мемлекетердің

әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Берілген картаны қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:

Қазіргі таңда дүние жүзінде кең таралған жазу түрлерін атаңыз (алғашқы үштік):

Бұл жазу түрлері неліктен кеңінен таралғанын түсіндіріңіз.

16

  • Қазіргі таңдағы негізгі білім беру модельдерін салыстырыңыз:

Білім беру моделі

Ерекшелігі

Мысал

Дәстүрлі

Инновациялық

  • Берілген суреттерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:

XVIII -XIX ғ. қоғам өміріндегі орын алған өзгерістерді сипаттаңыз (қалай аталды, қашан және қайдан бастау алды, ерекшелігі):

XX ғ.басында қоғам өміріндегі орын алған өзгерістерді сипаттаңыз (қалай аталды, қашан және қайдан бастау алды, ерекшелігі):

Екі кезеңде орын алған өзгерістердің өзара айырмашылығы неде?

17

Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескрипторлар

Білім алушы

Балл

Әлемхалықтарының жазу түрлерін жіктейді

1

дүние жүзінде кең таралған жазу түрін көрсетеді;

дүние жүзінде кең таралған жазу түрін көрсетеді;

дүние жүзінде кең таралған жазу түрін көрсетеді;

осытілдердіңтаралусебептерін

түсіндіреді;

1

1

1

1

Замануибілімберу модельдерін

салыстырады

2

дәстүрлібілімберумоделінің

ерекшелігін анықтайды;

дәстүрлі білім беру моделіне мысал

келтіреді;

инновациялық білім беру моделінің

ерекшелігін анықтайды;

инновациялықбілім беру моделіне мысал келтіреді;

1

1

1

1

«Өнеркәсіп

революциясы», «ғылыми- техникалық революция» ұғымдарын қолданып, мемлекетердің

әлеуметтік- экономикалықдамуына талдау жасайды

3

сурет бойынша xviii-xix ғғ. қоғамдағы өзгерістердісипаттайды,

ерешеліктерін көрсетеді;

суретбойыншаxxғ.басындағы қоғамдағыөзгерістердісипаттайды,

ерешеліктерін көрсетеді;

екіуақыткезеңіндегіөзгерістерді салыстырады,айырмашылығын

анықтайды;

1

1

1

Жалпы балл

11

18

«Өркениет: даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Әлемхалықтарының жазу түрлерін жіктейді

 Дүниежүзінде кең таралған жазу түрлерін анықтауда, олардың таралу себептерін түсіндіруде қиналады

 Дүниежүзінде кең таралған жазу түрлерін анықтауда, олардың таралу себептерін түсіндіруде қателіктер жібереді

Дүниежүзінде кең таралған жазу түрлерін анықтап, олардың таралу себептерін түсіндіреді

Замануибілімберу модельдерін салыстырады

 Дәстүрлі және инновациялық білім беру модельдерін салыстыруда,олардың

ерекшеліктерімен айырмашылықтарын жазуда қиналады

 Дәстүрлі және инновациялық білім беру модельдерін салыстыруда, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жазуда қателіктер жібереді

Дәстүрлі және инновациялық білім беру модельдерін салыстырып, олардыңерекшеліктерімен айырмашылықтарын жазады

«Өнеркәсіп революциясы»,

«ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолданып, мемлекетердің әлеуметтік- экономикалық дамуына

талдау жасайды

 Өнеркәсіп төңкерісі мен ғылыми-техникалық

революцияның ерекшеліктерін анықтауда, олардың өзара айырмашылықтарын жазуда қиналады

 Өнеркәсіп төңкерісі мен ғылыми- техникалықреволюцияның ерекшеліктерін анықтауда, олардың өзара айырмашылықтарын жазуда қателіктер жібереді

Өнеркәсіп төңкерісі мен ғылыми- техникалықреволюцияның ерекшеліктерін анықтап, олардың өзара айырмашылықтарын жазады

19

20



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу