Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 10 сынып


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып

(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қ., 2019

1

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.1оқу-кәсіби,қоғамдық-саяси,әлеуметтік-мәдени тақырыптараясындақолданылғансөздерментермин

сөздердің мағынасын түсіну

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқасәйкессөздерментерминдердің мағынасын ажыратады
  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 Әліш Үмбеталовтың теміржолда қызмет істегеніне жиырма жыл толуы қарсаңында, ол үлкен бастаманың иесі болды. Оның поездарды тоқтаусыз жөнелтудегі бастамасын бүкіл Түрксіб теміржолшылары қуана қарсы алды. Осы мәселеге байланысты Түрксіб басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды.

 Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет әкеліп тапсырды да:

  • Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, екеуміз қазір Алматыға жүреміз, — деді.
  • Не жұмысқа жүреміз?

Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына:

  • Тез кел! — деді әлгі сөзін қайталап.

 Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып еді, «станция бастығы екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз» деген шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды.

  • Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне, қызық.

 Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің даярлығының жоқтығын да ескертті.

  • Ештеңе етпейді, — деді Орынбаев, — даярлықтың керегі жоқ. Ондағылардың бәрі өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің.

 Әліш әлі де жүрексініп келеді. Поезд ішінде де ол қобалжумен болды. «Әңгімені неден бастаймын» деп Орынбаевтан қайта-қайта сұрай берді. Сол күні олар қонақ үйге түсті де, таңертең жол басқармасына келді. Кеңес күндізгі сағат он бірде басталды.

Алдымен жол бастығы баяндама жасады, сонан соң Әлішке сөз берді.

 Біраз қысылыңқырап қалған Әліш аздан соң сөйлеп кетті. Ол өзінің жұмысына байланысты жағдайларды, іс әдісін бір жарым сағат айтты. Біраз сұраулар болды. Оған жауап беріп, Әліш орнына келіп отырды.

  • Көп сөйлеп кеттім бе? — деп сұрап қойды ол жанындағы Орынбаевтан.
  • Жоқ, әдемі сөйледің, бағана сонша қорқып едің, өзің шешен екенсің ғой. Мәжіліс аяқталар кезде жол бастығы Андреев орнынан тұрды да:
  • Кеңестің аяғы мейрамға айналатын болды, жолдастар, — деді. — Біздің жолдасымыз Әліш Үмбеталов үкімет наградасына ие болды. Мына «Правда» газетінде Указ басылыпты.
  • Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

А) Әліш 20 жыл жұмыс істеп, үлкен бір іс бастады.

В) Түpксіб жұмысшылары Әліштің поездарды жөнелту идеясын қуанышпен қабылдады.

С) Әліш Үмбеталов теміржолдағы жиырма бес жыл . сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды.

  • Ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Ақпарат

Сәйкестендіру

1.Тезжуынып,киімің

ауыстыр,

А. өзінің жұмысы туралы айту керек.

1-

2. Әліш кеңесте

Б. біз қазір Алматыға жол жүреміз.

2-

3. Дайындық қажет емес,

В. барлығы өзің сияқты теміржолшылар.

3-

  • Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.

Мәтін

 Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер мамандығына сұраныс төмендейді. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.

 Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D принтерлер құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.

 Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді.

 Мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен компания президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.

 Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады, себебі жақсы мамандарға деген сұраныс қашан да жоғары және мамандықтардың басым көбі жойылмайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады.

 Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады, бірақ олар жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз.

 Десе де өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. Бірақ мұнда тұрған қорқынышты дәнеңе жоқ. Бүгінде ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады.

Жалпы алғанда, мамандар еңбек нарығын жіті бақылауға кеңес береді. Соңғы 10 жыл ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол ғаламтор саласына байланысты. Одан бөлек қолдан жасалған бұйымдар мен үй өнімдеріне деген сұраныс артып, тренд қалыптасты.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердіңмағынасын ажыратады

1

2

мағынасына қарай қажетті сөздерді қояды;

1-сөйлем 2-сөйлем 3-сөйлем

ақпараттарды өзара сәйкестендіреді; 1-сәйкестендіру

2-сәйкестендіру 3-сәйкестендіру

1

1

1

1

1

1

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

3

сұраққоюдасөйлеуэтикеті формаларын қолданады;

1-сұрақ 2-сұрақ

3-сұрақ

жауапберудесөйлеуэтикетінің

формаларын қолданады.

1

1

1

1

Барлық балл

10

«Еңбек нарығы және сұраныс» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тақырыпқа сәйкес сөздер ментерминдердің мағынасын ажыратады

Мағынасына қарай қажетті сөздердітолықтыруда қиналады.

Мағынасына қарай қажетті сөздермен дұрыс толықтыруда қателеседі.

Мағынасынақарайқажетті сөздермен дұрыс толықтырады.

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Сұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өзпікіріменжүйелі

байланыстыруда,сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады.

Сұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өзпікіріменжүйелі байланыстыруда, сөйлеу этикеті формаларынқолдануда қателеседі.

Сұрақтар құрастыруда, жауап беруде мәтіндегі ақпараттарды өзпікіріменжүйелі байланыстыруда, сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»

Оқу мақсаты

10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта,

презентация)

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы

өмірмен салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды
  • Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 «Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы шығарыла бастады. Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады.

 «Рахат» АҚ-да 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.

 «Рахат» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді.

 «Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан секілді елдерге экспортталады. Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.

1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз. Жоспар

1.

2.

3.

  • Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз.
  • «Әпке» шығармасында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз.
  • Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартуы дұрыс па? Кейіпкердің шешімін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойыңызды 5-6 сөйлеммен беріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінге жоспар құрып, негізгі

1

мәтіндегіәрабзацтыңмазмұны

1

жәнеқосымшаақпараттар

бойынша жоспар құрады;

бойыншатірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды

2

негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, тірек-схема әзірлейді;

1-тірек-схема

1

2-тірек-схема

1

3-тірек-схема

1

4-тірек-схема

1

Көтерілген мәселені анықтап,

3

шығармадағы 3 мәселені анықтайды;

кейіпкерлер әрекетін шынайы

1-мәселе

1

өмірменсалыстырып,баға

2-мәселе

1

береді

3-мәселе

1

4

кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін

2

5-6 сөйлеммен жеткізеді.

Барлық балл

10

«Отандық өнеркәсіп өнімі»;«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың әтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта,презентация дайындайды

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, 1,2,3,4 тірек-схема әзірлеуде қиналады.

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, 1,2,3,4 тірек-схема әзірлеуде қателеседі.

Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, тірек-схема әзірлейді.

Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетіншынайы өмірмен салыстырып, баға береді

Шығармадағы 3 мәселені анықтап,кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлемменжеткізуде қиналады.

Шығармадағы 1,2,3-мәселені анықтап, кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізуде қателеседі.

Шығармадағы 3 мәселені анықтап, кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізеді.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит – тіршілік мекені» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.2.1мәтіндітыңдайотырып,негізгіидеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға

сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын орынды қолданып,тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді
  • Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады

Ойлаудағдыларыны деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп мазмұнын түсіндіріңіз.

 Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы

– ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге бөлінді.

2. Сізге мектеп оқушыларының алдында ««Мұхиттардың ластануы – адамзат үшін қауіпті» деген тақырыпта ауызша баяндама жасау тапсырылды. Ауызша баяндама жасауда мәтін ақпаратын қолданыңыз, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді

1

негізгі ақпараттарды жазып алады;

мәтін мазмұнын қысқаша өз сөзімен

түсіндіреді;

жазып алған ақпараттарға сүйенеді;

1

1

1

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілікжәне публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады

2

баяндамамазмұнындаұлттық

мерекелер туралы айтады;

бірнеше ұлттық мерекелердің тәрбиелік

маңызы туралы айтады;

өз пікіріне аргументтер мен дәлелдер

келтіреді;

мәтін мазмұнында берілген сөздер мен

сөз тіркестерін қолданады;

сөзәдебиіменсөйлеуэтикетін

сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлық балл

8

«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит тіршілік мекені» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді

 Негізгі ақпараттарды жазып алып, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқашатүсіндіруде қиналады.

Негізгі ақпараттарды жазып алып, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіруде қателеседі.

Негізгі ақпараттарды жазып алады, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіреді.

Сөзәдебіменсөйлеу этикетінорынды

қолданып,ғылыми-

көпшілікжәне публицистикалық

мәтіндернегізінде монолог құрады

Мәтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашуда, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасауда қиналады.

Мәтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашуда, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасауда қателеседі.

Мәтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашады, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасайды.

«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін

идеясымен байланысын анықтау

10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш

құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады
  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.

 Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Айт намазы оқылады. Мұсылман халқы жуынып, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Өмірден өткен туған-туыстарына арнап құран бағыштайды. Айт намазына келушінің мешітке барарда басқа жолмен, үйіне қайтарда басқа жолмен жүргені абзал. Бұл Құрбан айт намазына барушыға көп жер куә болсын дегеннен шыққан.

 Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырып, «Айт құтты болсын!» айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, айт күндері татуласқан жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін арнайы барып сұрау, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сияпат жасап, Айт мейрамын ерекше өткізуге де болады.

 Бұл күннің ерекшелігі шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады. Ал құрбандық шалудағы ең маңызды жайт – оны Аллаға арнап сою. Сондықтан да құрбандық деп Құрбан айт күндерінде шалынатын малды айтады. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған- туыстарға, екінші бөлігі кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да болады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы, пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

 Құрбан айт мерекесінің қоғамдық маңызы зор деп ойлаймын. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып, жақындастырады. Мұсылмандардың бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, өзара құрмет сезімдерін арттыруға септігін тигізеді.

Негізгі ақпаратҚосымша ақпаратМәтін идеясымен

байланысы

11

22

33

  • Берілген тұжырымдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. Тиістісіне «+» белгісін қойыңыз.

Тұжырымдар

Факті

Көзқарас

1. Құрбанайт

оқылады

мерекесінің

алғашқы

күніАйт

намазы

2. Шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады

3. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған-туыстарға, екінші бөлігі

кедей,мұқтажжандарға,үшіншібөлігіотбасына қалдырылады

4. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да

болады

5. Құрбанайт

ойлаймын

мерекесінің

қоғамдық

маңызы

зордеп

6. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып,

жақындастырады

  • «Ұлттықмерекелертәрбиемектебі»дегентақырыпта70-100сөзкөлемінде шығармашылық жазба жұмысын жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады,

мәтінидеясымен байланыстырады

1-2

3 негізгі ақпаратты анықтайды;

3 қосымша ақпаратты анықтайды;

мәтінидеясыменбайланысын1 сөйлеммен көрсетеді;

факті мен көзқарасты ажыратады;

3

3

1

1

Көркемдегіш құралдар мен айшықтауамалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

3

тақырыпты ашады;

көркемдегіш құралдар мен амалдарды

қолданады;

сөз көлемін сақтайды;

1

1

1

Барлық балл

11

 «Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтінидеясымен байланыстырады

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстыруда, факті мен көзқарасты ажыратуда қиналады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстыруда, факті мен көзқарасты ажыратуда қателеседі.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, оны идеямен байланыстырады, факті мен көзқарасты ажыратады.

Көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады

Көркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазуда қиналады.

Көркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазуда қателеседі.

Көркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданып, сөз көлеміне сай тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазады.

    • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.1оқу-кәсіби,қоғамдық-саяси,әлеуметтік-мәдени тақырыптараясындақолданылғансөздерментермин

сөздердің мағынасын түсіну

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып,

тыңдаушыға әсер ету

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқасәйкессөздерментерминдердің мағынасын ажыратады
  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Ойлаудағдыларыны деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент.

 Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды.

 «Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.

 Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.

1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.

A. ерекше -

      • бастама -
      • үндеймін -
      • жалақы -
      • өсіреді -
      • көбейді -
  • Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз

Сөздер: ахуалына/ «Қазақстанда жасалған»/келіссөз/ тұтыну/ шараны

А. «Қазақстан-2050» ұйымы Елбасының бастамасынан кейін ірі сауда орталықтарымен

жүргізуді қолға алды.

В. Еліміздегі сауда орындары мемлекеттік маңызы жоғары қолдап,

сауда сөрелерінің тұсына

тақтайшалар орнатты.

деп жазылған түрлі-түсті белгі-

С.Отандықөнімдерді

.қолдау көрсетеміз.

арқылымемлекеттіңэкономикалық

  • Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
  • оқушы

 1990 жылдардағы демократия, теңдік, адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан келіп таңылды. «Біз де жұрттан қалмайық» деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема болмаса да, бар сияқты көтере бастадық. Сөйтіп, керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде де қозғала бастады. Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып, қаражат бөлінетін болды. Шындығында, бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі. Мысалы, кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді. Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды. Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен?

«Екеуміздің жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады, неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар. Еңбекке ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. Әйел адам болсын, ер адам болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл – бір ғана мысал. Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30 пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды.

  • оқушы

 Біз әйелдердің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көбірек айтамыз. Ал отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген. Егер олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылуы керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім- жітімге душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан ерлердің де мүддесін қорғау маңызды.

Біз қазір тең құқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа.

Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де айырмашылық бар. Мысалы, ерлер абстрактілі ойлайды. Ал әйелдер абстрактілі ойлауға бейім емес. Оған дәлел, философия тарихында бір де бір атақты әйел философ жоқ. Табиғи болмысы сондай.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердіңмағынасын ажыратады

1

2

сөздердіңсинонимінмәтіннен табады;

сөйлемдердіңмазмұнынберілген сөздермен толықтырады;

3

(әр

 2 дұрыс жауап үшін

1 балл)

1

1

1

Мәтін бойынша монолог, диалог

3

жұбына мәтініндегі ақпараттар мен

1

құрауда сөз әдебі мен сөйлеу

мәселе туралы әңгімелейді;

этикетін қолданады

жұбының мәтіні бойынша 2 сұрақ

1

қояды;

1

жұбының қойған 2 сұрағына толық

1

сөйлемдермен жауап береді;

1

сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу

2

этикеті формаларын қолданады.

Барлық балл

13

«Сауда ме көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тақырыпқа сәйкес сөздер ментерминдердің мағынасын ажыратады

Сөздердің синонимін мәтіннен табуда, сөйлемдердің мазұнын берілгенсөздермен толықтыруда қиналады.

Сөздердің синонимін мәтіннен табуда, сөйлемдердің мазұнын берілгенсөздермен толықтыруда қателеседі.

Сөздердің синонимін мәтіннен табады, сөйлемдердің мазұнын берілгенсөздермен толықтырады

.

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады

Мәтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қоюда, сұрақтарға жауап беруде, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қиналады.

Мәтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қоюда, сұрақтарға жауап беруде, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикеті формаларын қолдануда қателеседі.

Мәтіндегі ақпараттар мен мәселе негізінде жұбының мәтіні бойынша сұрақ қояды, сұрақтарға нақты, жүйелі жауап береді. Сұрақ қою мен жауап беруде бірнеше сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»

Оқу мақсаты

10.3.6.1мәтінмазмұнындағыдеректіақпараттытолық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе,

аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді
  • Көтерілгенмәселебойыншақажеттітілдік құрылымдардықолданып,эссежазады(«келісу,

келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 Астанада тұрмыстық қалдықтар сары және жасыл түсті контейнерлерге сұрыпталып тастала бастады. Сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері, органикалық қалдықтар жиналады. Негізгі мақсат – полигонға жиналатын қоқыс көлемін кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.

 Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі бойынша Германия Еуропада алдыңғы орында. Бұл ел алғаш мұндай тәжірибені 1990 жылдардың басында іске асырып көрді және әлі күнге дейін дамыту үстінде. Немістердің әрқайсысының пәтерінде қоқыс жинауға арналған кемінде үш түрлі ыдыс болады. Ол кейде тіпті сегізге дейін жетеді. Ескі батарейкалар мен аккумуляторлар ерекше әдіс арқылы жоюды қажет етеді, себебі онда жоғары токсинді улы заттар бар. Ескі киімдер арнайы контейнерге салынады. Германияда кез келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп, ақшасын қайтарып алуға болады. Берлиндегі жасөспірімдер егер қоқыс жинап оны өткізсе, қаржылық марапатқа ие болады.

 Қоқысты қайта іске асыру және сұрыптау бойынша Францияда қоқыс өртейтін арнайы кешенді зауыттар салынған. Мысалы, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ тәсілі бойынша жоғары температурада өртейді. Соның әсерінен зиянды улы заттар толық еріп, күлге айналады. Франция қоқысты сұрыптап жинау әдісі мен қайта өңдеу нәтижесінде 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өңдіріп отыр.

 Жапонияда тұрмыстық қалдықтарды өртейді, ал одан алынған энергияны жылыту үшін қолданады. Тұрмыстық техникаларды қайта бұзып, өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде әр жапондықтың үйінің алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмассаға арналса, екіншісі

тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін. Тіпті аталған елде органикалық қалдықтардың өзінен құрылыс материалдарын жасап шығарады.

  • Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша кластерді толтырыңыз.
  • Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.
  • «Адам құқығының аяққа тапталуы құқықтық сауатсыздықтан» деген пікірмен келісесіз бе? Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі негізгі ойға қатыстыдеректі

ақпараттардыанықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

1

2

мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

негізгіойдыашатын6деректі ақпаратты анықтайды;

мәтінніңнегізгіойынақатыстыөз

пікірін 3 сөйлеммен білдіреді;

1

1

1

1

 (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).

2

Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивтіэссе, аргументативті эссе)

3

берілгенпікірдегікілтсөзге2-3 сөйлеммен анықтама береді;

пікіргеқатыстыөзұстанымын

білдіреді;

өзұстанымын3-4аргументпен дәлелдейді;

мәселенің шешіміне қатысты нақты

ұсыныстар береді;

эссемазмұнындақолданылатын лексикалыққұрылымдармен

клишелерді қолданады.

1

1

2

1

2

Барлық балл

13

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі негізгі ойға қатыстыдеректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді

Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтауда, негізгі ойынақатыстыөзпікірін жеткізудеқиналады.

Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпараттыанықтауда,негізгі ойынақатыстыөзпікірін жеткізуде қателеседі.

Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпараттыанықтайды,негізгі ойынақатыстыөзпікірін жеткізеді

Көтерілгенмәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды

қолданып, эссе жазады («келісу,келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтамаберуде,өз ұстанымындәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссемазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қиналады.

Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтама беруде, өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссе мазмұнында қолданылатынлексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қателеседі.

Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтама береді. Өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіріп, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар береді. Эссе мазмұнында қолданылатынлексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданады.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.4.1прозалықшығарманытыңдау,шығармада

көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау

10.2.6.1әртүрліграфиктікмәтіндердегі(иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,

негізгі идеясын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды
  • Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып,

ортақ идеяны түсіндіреді

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.

 Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.

  • Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
  • Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.

 Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:

  • Дәрігерге көрсетпесе болмас.

Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы.

Көздерінен таса еткілері келмейді.

 Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.

 Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.

Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:

  • Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.

 Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті.

Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.

Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.

 Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.

 Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.

  • Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.

 Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.

Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:

  • Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей.
  • Зарядка жасап жатырмын.
  • Ол не дегенің ?
  • Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.

Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.

 Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді.

  • Мұратжан-ау, мынауың не?
  • Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін атаңыз.
  • Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.
  • Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Жалпыадамзаттық мәселені

1

кейіпкерге қатысты 4 себепті анықтайды;

анықтайды

1-себеп

1

2-себеп

1

3-себеп

1

4-себеп

1

жалыпадамзатқаортақ1мәселені

1

анықтайды;

мәселенің 3 салдарын анықтайды;

1

мәселеніңнақты2-3шешужолын

2

ұсынады;

Графиктікмәтіндердегі

2

графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-

2

(иллюстрация,фотосурет,

бірімен салыстырады;

сызба,шарттыбелгі)

ортақ идеяны түсіндіреді.

1

ақпараттардысалыстыра

отырып,ортақидеяны

түсіндіреді

Барлық балл

11

«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды

Кейіпкергеқатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтауда, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынуда қиналады

Кейіпкерге қатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтауда, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынуда қателеседі.

Кейіпкерге қатысты себептерді, жалпыадамзатқа ортақ мәселені, салдарын анықтайды, мәселенің нақты шешу жолдарын ұсынады.

Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация,

фотосурет,сызба,

шарттыбелгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді

Графиктікмәтіндердегі ақпараттарды салыстыруда, ортақ идеяны түсіндіруде қиналады.

Графиктікмәтіндердегі ақпараттарды салыстыруда, ортақ идеяны түсіндіруде қателеседі.

Графиктікмәтіндердегі ақпараттарды салыстырады, ортақ идеяны түсіндіреді.

«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны

бағалау

10.4.3.1шығармашылықжазбажұмыстарында

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді
  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы;
  •  жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толған қылмыскердің ата-анасына);
  •  жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

 XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

 б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құн тағайындау; г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды.

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарға тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады.

 Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.

 Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту.

 Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге

белгіленеді.

 Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

  • Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз.
  • Еліміздегі жаза түрлері қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.
  • Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді

1

2

мәтінбойыншакесте-сызба

дайындайды;

деректі ақпараттарды қолданады;

мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін

2-3 сөйлеммен білдіреді;

1

1

2

Көркемдегіш құралдар мен айшықтаудықолданып, шығармашылықжазба жұмысын орындайды

3

мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің өзектілігі туралы айтады;

негізгі бөлімде жастардың қылмысқа

баруының 3-4 себебін көрсетеді;

қорытынды бөлімде мәселенің шешу жолдарын көрсетеді;

мақаламазмұнындатеңеумен

эпитеттерді қолданады;

риторикалықсұраулысөйлемдерді

қолданады.

1

1

2

2

1

Барлық балл

11

«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

 Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді

Деректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындауда, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде қиналады.

Деректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындауда, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде қателеседі.

Деректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындайды, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізеді.

Көркемдегішқұралдар менайшықтауды қолданып, шығармашылықжазба жұмысын орындайды

Теңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазуда қиналады.

Теңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазуда қателеседі.

Теңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу