Қазақ әдебиеті ҚГБ 10 сынып


«Қазақ әдебиеті» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып

(қоғамдық–гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қ., 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Өлең - сөздің патшасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.2.1әдебишығармадағыкөтерілгенмәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

10.2.3.1шығармадағыкөркемдегішқұралдармен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көтерілгенмәселелердіңұлттықмүддесін ажыратады
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма

  • А.Құнанбаевтың «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген 2 ұлттық мәселені анықтап, дәлелдер келтіріңіз.

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

  • Өлең жолдарындағы автордың образ жасауда қолданған көркемдегіш құралдарын анықтаңыз, қолданысын түсіндіріп, өз ойыңызды білдіріңіз.

Естілер де ісіне қуанбай жүр,

«Ел азды» деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер

Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Көтерілген мәселелердің ұлттықмүддесін ажыратады

1

үзіндіденавторкөтергенұлттық мәселені табады;

1-ұлттық мәселе 2-ұлттық мәселе

дәлелдер келтіреді; 1-дәлелдеме

2-дәлелдеме

1

1

1

1

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

2

көркемдегіш құралды анықтайды;

образжасаудағықолданысын түсіндіреді;

өз ойын білдіреді.

1

1

1

Барлығы

7

 «Өлең - сөздің патшасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Көтерілген мәселелердіңұлттық мүддесін ажыратады

Үзіндіден автор көтерген 2 мәселені табуда және соған сәйкес дәлелдер келтіруде қиналады.

Үзіндіден автор көтерген 2 мәселені табуда және соған сәйкес дәлелдер келтіруде қателер жібереді.

Үзіндіден автор көтерген 2 мәселені табады және соған сәйкес дәлелдер келтіреді.

Шығармадағы

көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

Көркемдегіш құралды анықтауда, образ жасаудағы қолданысын түсіндіруде, өзіндік тұжырым жасауда қиналады

Көркемдегіш құралды анықтауда, образ жасаудағы қолданысын түсіндіруде, өзіндік тұжырым жасауда қателер жібереді.

Көркемдегіш құралды анықтайды, образ жасаудағы қолданысын түсіндіреді, өзіндік тұжырым жасайды.

«Өлең – сөздің патшасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

,

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Көтерілгенмәселелерді анықтап,

жаңашылдығынасыни тұрғыдан баға береді

1

көтерілген мәселені анықтайды;

өз пікірін білдіреді;

мәселенің өзектілігіне түсінік береді;

1

1

1

2

шығармадағымәселенің

жаңашылдығын анықтайды;

сыни тұрғыдан баға береді.

2

2

Барлығы

7

 «Өлең - сөздің патшасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Көтерілген мәселелерді

Көтерілгенмәселеніанықтауда,

Көтерілгенмәселеніанықтауда,

Көтерілген мәселені анықтайды,

анықтап,

мәселеніңөзектілігінетүсінік

мәселенің өзектілігіне түсінік беруде

мәселеніңөзектілігінетүсінік

жаңашылдығына сыни

беруде қиналады.

қателер жібереді.

береді.

тұрғыдан баға береді

Шығармадағымәселенің

Шығармадағымәселенің

Шығармадағымәселенің

жаңашылдығын анықтауда, сыни

жаңашылдығынанықтауда,сыни

жаңашылдығын анықтайды, сыни

тұрғыдан баға беруде қиналады.

тұрғыданбағаберудеқателер

тұрғыдан баға береді.

жібереді.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Прозадағы көркем ой» бөлімі Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкердіңбойындажинақталғандара қасиеттерді анықтайды
  • Көркемшығармаүзінділерінғаламдық тақырыппен байланыстырады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма

  • «Ақбілек» шығармасындағы кейіпкерлерге мінездеме беріңіз. Кейіпкерлер бойындағы ерекше қасиеттерді жинақтап, шығармадан мысал келтіріңіз.

КейіпкерлерМінездемеЕрекше қасиетіШығармадан

үзінді

Ақбілек Мұқаш Ұрқия

  • ...«Мамырбайдың орыс талқылаған қызын қара!» деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілегі әкесіне масыл болды. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі тәрізденді. Ақбілектің қырсығынан ақсақал масқара боп абыройынан, адамдығынан айырылғандай болды. Міне, ақсақалдың баласына түзу қарай алмай, қашқақтап жүргені сол еді. Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап, зығырланар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Өз ішіне өзі пышақ ұрып, жарылып өлсін бе? У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді.

Үзіндіде автор қандай мәселені көтерген?

  • Автор ойын ғаламдық тақырыптармен байланыстырып, өз ойыңызды мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Кейіпкердің бойында жинақталғандара қасиеттерді анықтайды

1

кейіпкерлерге мінездеме береді;

кейіпкердің қасиетін сипаттайды;

шығармадан мысалдар келтіреді;

3

3

3

Көркемшығарма үзінділерін ғаламдық тақырыппен

байланыстырады.

2

авторкөтергенөзектімәселені

анықтайды;

мәселеніңөзектілігінғаламдық

тақырыптармен байланыстырады;

мысалдар келтіреді.

1

2

1

Барлығы

13

«Прозадағы көркем ой» бөлімі Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Кейіпкердің бойында жинақталғандара қасиеттерді анықтайды

Кейіпкерлерге мінездеме беруде, кейіпкердің қасиетін сипаттауда, шығармадан мысал келтіруде қиналады.

Кейіпкерлерге мінездеме беруде, кейіпкердің қасиетін сипаттауда, шығармадан мысал келтіруде қателер жібереді.

Кейіпкерлерге мінездеме береді, кейіпкердің қасиетін сипаттайды, шығармадан мысал келтіреді.

Көркемшығарма үзінділерін ғаламдық тақырыппен

байланыстырады.

Автор көтерген өзекті мәселені анықтауда, мәселенің өзектілігін ғаламдықтақырыптармен байланыстыруда,мысалдар келтіруде қиналады.

Автор көтерген өзекті мәселені анықтауда, мәселенің өзектілігін ғаламдықтақырыптармен байланыстыруда, мысалдар келтіруде қателер жібереді.

Автор көтерген өзекті мәселені анықтайды, мәселенің өзектілігін ғаламдықтақырыптармен байланыстырады,мысалдар келтіреді.

«Прозадағы көркем ой» бөлімі Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді
  • Шығарманы басқа туындымен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына мысалдар келтіреді

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма

  • ...Мұнара бұлар жақындаған сайын, биіктей берді. Күлім қағып тұрған өңі бірте- бірте сұстана түсті. Дәл іргесіне келгенде, зеңгір көкті төбесімен тіреп шалқалап жатып алды. Әміршінің көкірегіндегі бір-бірімен итжығыс түсіп, арбасып жатқан әр ұдай сезімдердің бәрі де жым болды. Көз алдында көк тіреп тұрып алған тәкаппар мұнара көңіліндегі көп түйткілді қуып шықты. Көк мұнара көзіңді жіберер емес. Әмірші тәкаппар сұлудың асқақ жүзіне телміре қараған бозбаладай тамсанып әлі тұр...

Үзіндідегі автор қолданған көркемдегіш құралдар мен сөз айшықтарын тауып, оқырманға әсеріне талдау жасаңыз.

Көркемдегіш құралдар мен сөзОқырманға әсері айшықтары

  • «Аңыздың ақыры» шығармасын мазмұндас шығармалармен салыстырыңыз. Айырмашылығы мен ұқсастығына 1-2 мысал келтіріңіз.
  • «Аңыздың ақыры» шығармасының тарихи және көркемдік құндылығына мысалдар келтіре отырып, баға беріңіз.

ШығармаТарихи құндылығыКөркемдік құндылығы Аңыздың ақыры

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы

көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

1

көркемдегішқұралдарменсөз

айшықтарын анықтайды;

оқырманға әсеріне талдау жасайды;

2

2

Шығарманыбасқа

2

шығарма мазмұнын ұқсас шығармамен

туындымен

салыстырады;

1

салыстырып, тарихи жәнекөркемдік құндылығына

мысалдар келтіреді

3

айырмашылығыменұқсастығына2 мысал келтіреді;

шығарманың тарихи құндылығына баға

береді;

2

1

шығарманыңкөркемдік құндылығына

1

баға береді;

өз ойын мысалдармен дәлелдейді.

1

Барлығы

10

«Прозадағы көркем ой» бөлімі Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы

көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

Көркемдегіш құралдар мен сөз айшықтарынанықтауда, оқырманға әсеріне талдау жасауда қиналады.

Көркемдегіш құралдар мен сөз айшықтарын анықтауда, оқырманға әсеріне талдау жасауда қателер жібереді.

Көркемдегіш құралдар мен сөз айшықтарынанықтайды, оқырманға әсеріне талдау жасайды.

Шығарманыбасқа туындымен салыстырып,тарихи жәнекөркемдік құндылығына

мысалдар келтіреді

Шығарма мазмұнын ұқсас шығармаменсалыстыруда, айырмашылығы мен ұқсастығына мысалдар келтіруде, тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, мысалдар келтіруде қиналады.

Шығармамазмұнынұқсас шығармаменсалыстыруда, айырмашылығы мен ұқсастығына мысалдар келтіруде, тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, мысалдар келтіруде қателер жібереді.

Шығарма мазмұнын ұқсас шығармаменсалыстырады, айырмашылығы мен ұқсастығына мысалдар келтіреді, тарихи және көркемдік құндылығын бағалауда мысалдар келтіреді.

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі М. Мағауин «Шақан шері» романы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдап, идеясын ашады
  • Шығармадағыұлттыққұндылықтардыәлемдік тақырыптармен байланыстырады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма

  • «Шақан шері» романының сюжеттік құрылысына талдау жасаңыз.

Оқиғаның басталуы Оқиғаның дамуы Оқиғаның байланысуы Оқиғаның шиеленісуі Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі

  • Шығарма сюжетіндегі адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың адамға шабуылдауының сыры неде? Бұл оқиғаның шығарманың негізгі идеясымен байланысы туралы жазыңыз.
  • Шығармада көтерілген аңшылық, саятшылық мәселесін ұлттық құндылыққа жатқыза аласыз ба? ің ұлттық құндылық мысалы екендігін дәлелдеп қандай ұлттық құндылықтар кездеседі? Аталмыш тақырыптар басқа қандай шығармаларда кездеседі? Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылысынталдап, идеясын ашады

1

композициялық талдау жасайды; басталуы

дамуы

байланысуы шиеленісуі шарықтау шегі шешімі

1

1

1

1

1

1

2

сұраққа жауап береді;

өз ойына дәлелдер келтіреді;

1

1

Шығармадағы ұлттық құндылықтарды әлемдік тақырыптармен

байлаыстырады

3

шығармадағы ұлттық құндылықтарды

анықтайды;

әлемдіктақырыптарменбайланысын мысалдармен дәлелдейді.

1

1

Барлығы

10

.

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі М. Мағауин «Шақан шері» романы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығарманың сюжеттік- композициялық

құрылысынталдап, идеясын ашады

Шығармақұрылысына композициялық талдау жасауда, оқиғаны шығарма идеясымен байланыстыруда, өз ойына дәлелдер келтіруде қиналады.

Шығармақұрылысына композициялық талдау жасауда, оқиғаны шығарма идеясымен байланыстыруда, өз ойына дәлелдер келтіруде қателер жібереді.

Шығармақұрылысына композициялық талдау жасайды, оқиғаны шығарма идеясымен байланыстырады, өз ойына дәлелдер келтіреді.

Шығармадағыұлттық құндылықтарды

әлемдік тақырыптармен байлаыстырады

Шығармадағыұлттық

құндылықтардыанықтауда,

құндылықтардыңәлемдік

тақырыптарменбайланысын

мысалдармендәлелдеуде қиналады

Шығармадағыұлттық

құндылықтардыанықтауда,

құндылықтардыңәлемдік

тақырыптарменбайланысын мысалдармен дәлелдеуде қателер жібереді.

Шығармадағыұлттық

құндылықтардыанықтайды,

құндылықтардыңәлемдік тақырыптармен байланысына мысалдар келтіреді.

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі, Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» шығармалары бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.5.1. әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту

10.3.3.1.шығарманыңидеясынжалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысын көрсетіп, тұжырым жасайды
  • Жалпыадамзаттыққұндылықтартұрғысынан идеяны анықтап, әдеби эссе жазады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Ұ. Есдәулетовтің «Біз түркілерміз» шығармасындағы автор қолданған «Көкбөрілі көк байрақ, көк аспан, көк Тәңірі, тарихымыз таста қалған, Біз – түркілерміз!» тірек сөздері арқылы әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуіне талдау жасаңыз.

Тірек сөздердіңӘлем және қазақ әдебиетіндегіСіздің ойыңыз қолданысықұндылықтардың байланысы

  • «Алғашқы ұстаз» шығармасындағы автор қандай адамзаттық құндылықтарды дәріптеген? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
  • Шығарма идеясының өміршеңдігіне талдау жасап, өз көзқарасыңызды дәлелдеп, әдеби эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әлемжәнеқазақ әдебиетіндегі

құндылықтардың

байланысынкөрсетіп, тұжырым жасайды

1

2-3 тірек сөздің қолданысына талдау жасайды;

әлемжәнеқазақәдебиетіндегі құндылықтардың байланысына

дәлелдер келтіреді;

өзіндік тұжырым жасайды;

2

2

1

Жалпыадамзаттық құндылықтар

тұрғысынан идеяны анықтап, әдеби эссе жазады

2

шығармадағыжалпыадамзаттық

құндылықтарды көрсетеді;

өзіндік баға береді;

2

2

3

жекеқөзқарасынмысалдармен

дәлелдейді;

эссе құрылымын сақтайды.

2

1

Барлығы

12

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі Ш.Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі, Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» шығармалары бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әлемжәнеқазақ әдебиетіндегі

құндылықтардың

байланысынкөрсетіп, тұжырым жасайды

Тірек сөздердің қолданысына талдау жасауда, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысына дәлелдер келтіруде, өзіндік тұжырым жасауда қиналады.

Тірек сөздердің қолданысына талдау жасауда, әлем және қазақ әдебиетіндегіқұндылықтардың байланысына дәлелдер келтіруде, өзіндік тұжырым жасауда қателіктер жібереді.

Тірек сөздердің қолданысына талдау жасайды, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың байланысына дәлелдер келтіреді, өзіндік тұжырым жасайды.

Жалпыадамзаттық құндылықтар

тұрғысынан идеяны анықтап, әдеби эссе жазады

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтардыанықтауда, өзіндік пікір білдіруде, қөзқарасын мысалдармен дәлелдеп, эссе жазуда қиналады.

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтауда, өзіндік пікір білдіруде, қөзқарасын мысалдармен дәлелдеп, эссе жазуда қателіктер жібереді.

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтардыанықтайды, өзіндік пікір білдіреді, қөзқарасын мысалдармен дәлелдеп, эссе жазады.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.1көркемшығармадағыкейіпкерлержүйесін жинақтау мен даралау

10.2.2.1шығармадағыавторлықидеяныңөмір шындығымен байланысын айқындау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркемшығармадағыкейіпкерлердентиптік образды анықтайды
  • Авторлық идеяны өмірмен байланыстырады

Ойлаудағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20-25 минут

Тапсырма

  • «Тағдыр» романындағы Демежанның оқырманға қандай қасиеттері ерекше ой салады?
  • Автор Демежан бейнесі арқылы қандай типтік образ жасаған? Кейіпкердің болмыс- бітімін, тұлғасын, мінез-құлық ерекшелігін сипаттаңыз.

«...Ішкі өлкеде «Қытайдың ұлы қорғаны» дейтін бар. Оның құрылысы екі ғасырға созылған. Ұлы қорғанды Қытай императорлары біздің түп аталарымыз — көшпелі гундерден қорғану үшін тұрғызыпты. Қазір мұндай бекіністер жалғыз Шәуешекте ғана емес, Үрімжі, Құлжа, Сүйдің, Күре сияқты басқа қалаларда да салынып жатыр. Бұл қамалдар бұрынғыдай қорғанысқа жарамаса да, әйтеуір осы өлкенің қазақтікі емес, Маншың өкіметінің жері екенін әйгілеп тұратыны анық..».

Үзіндіден авторлық идеяны табыңыз. Шығарманың идеясының өмірлік жағдайлармен байланысына дәлел келтіріңіз анықтаңыз.

Авторлық идеяФакт (өмірлік жағдай)Байланысы

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Көркем шығармадағы кейіпкерлерден типтік образды анықтайды

1

кейіпкердіңерекшеқасиеттеріне1-2

мысал келтіреді;

кейіпкердіңтұлғасына,мінез-құлық

ерекшелігіне сипаттама береді;

2

3

Авторлықидеяны өмірмен байланыстырады

2

авторлық идеяны табады;

шығармаидеясыныңөмірмен

байланысын анықтайды;

дәлелдер келтіреді.

1

2

1

Барлығы

9

«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Көркем шығармадағы кейіпкерлерден типтік образды анықтайды

Кейіпкердің ерекше қасиеттеріне мысал келтіруде, кейіпкердің тұлғасына,мінез-құлық ерекшелігіне сипаттама беруде қиналады.

Кейіпкердің ерекше қасиеттеріне мысал келтіруде, кейіпкердің тұлғасына, мінез-құлық ерекшелігіне сипаттама беруде қателіктер жібереді.

Кейіпкердің ерекше қасиеттеріне мысал келтіреді, кейіпкердің тұлғасына,мінез-құлық ерекшелігіне сипаттама береді

Авторлықидеяны өмірмен

байланыстырады

Авторлық идеяны табуда, шығарма идеясының өмірмен байланысын анықтауда, дәлелдер келтіруде қиналады.

Авторлық идеяны табуда, шығарма идеясының өмірмен байланысын анықтауда, дәлелдер келтіруде қателіктер жібереді.

Авторлық идеяны табады, шығарма идеясының өмірмен байланысын анықтайды, дәлелдер келтіреді.

«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі «Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы, Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді
  • Шығарманы басқа туындымен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына мысалдар келтіреді

Ойлаудағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • «....Сидаң бойлы, сіріңке қоңыр реңді, бурыл шашты Керімқұл ақ костюм, ақ көйлек, қара галстук тағып алып, егде тартқан жасына қарамай, ұшқыр аттай лыпылдап, жайраңдап, құрметті меймандардың алдынан шығып, аймаласып, құшақтасып, құрмет көрсетіп- ақ жүр. Кейбір сәті өзен жағасында кәуап пісірген жерді торып, әркімнің

аузына жаутаң-жаутаң қарап, құйрығын бұлғаңдатып, көздері мөлие қалатын, өмірі бүйірі томпаймайтын, сұрғылт сидаң қаншықты көзге елестеткендей…». Үзіндіде қандай көркемдегіш құралдар кездеседі? Автор қандай мақсатта қолданғанын талдап жазыңыз.

Көркемдегіш құралдарАвтордың қолдану мақсаты 1

2

3

4

  • «Томирис» драмасын өзге мазмұндас (қазақ, әлем әдебиеті) шығармалармен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығына мысал келтіріңіз. Тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Шығармадағы

көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

1

үзіндіден 2-3 көркемдегіш құралды

анықтайды;

көркемдегішқұралдардың қолданысына талдау жасайды.

2

2

Шығарманыбасқа туындымен салыстырып,тарихи жәнекөркемдік құндылығына

мысалдар келтіреді

2

шығарманыөзгемазмұндас

шығармалармен салыстырады;

ұқсастығыменайырмашылығына

мысал келтіреді;

тарихи және көркемдік құндылығына

баға береді.

2

2

3

Барлығы

11

«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі «Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы, Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Шығармадағы

көркемдегіш құралдар менайшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді

Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құрал түрін анықтауда, көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасауда қиналады.

Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құрал түрін анықтауда, көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасауда қателіктер жібереді.

Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құрал түрін анықтайды, көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды

Шығарманыбасқа туындымен салыстырып,тарихи жәнекөркемдік құндылығына

мысалдар келтіреді

Шығарманымазмұндас

туындылардыңүлгілерімен салыстыруда, ұқсастығы мен айырмашылығынамысал келтіруде, тарихи және көркемдік құндылығын баға беруде қиналады.

Шығарманымазмұндас

туындылардыңүлгілерімен салыстыруда, ұқсастығы мен айырмашылығына мысал келтіруде , тарихи және көркемдік құндылығын баға беруде қателер жібереді.

Шығарманымазмұндас

туындылардыңүлгілерімен салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығынамысал келтіреді, тарихи және көркемдік құндылығын баға береді .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу