Шығармалар


Күркіреп өткен бір соғыс

Біздің жүрегіміз темір емес, Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. Бауыржан Момышұлы
Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ ететін,тауды жер ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал.Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілікті қан жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап келген арманына батырларымыз 4 жыл ішінде қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.Фашистер мақсаты жер бетін отарлап алу еді.Өзара одақ құрып бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болды.Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекесін қашырды.Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Талғат Бигельдинов секілді батырларымыздың ерлігі арқасында тату өмірімізге,бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.Сол батырларымыздың тағы бірі Бауыржан Момышұлы. Кеңес одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Ол 207 рет ұрысқа қатысты. «Қызыл Жұлдыз»орденімен марапатталды.
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы. .....
Шығармалар
Толық

Болмасын соғыс, болмасын!

Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс бір жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.....
Шығармалар
Толық

Болашаққа аманат

Біз,бүгінгі мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы жайында оқыған кітаптардан,тарихи фильмдерден ғана білеміз. Соғыстың адамзат үшін әкелген қасіреті жайлы жан түршіктіретін деректерге көз жүгіртер болсақ, «Советтер одағы» деп аталатын алып империяның құрамында болған менің елім де қаһарлы жылдардың ауыр жүгін өзге халықтармен теңдей көтерісті. Асыраушы азаматтары майданға кеткен отбастарындағы аналар мен балалардың,қарттардың көрген азабын,шеккен қасіретін тіпті ғасырлар бойы айтып та, жазып та түгесу әсте мүмкін емес .
Майданға 1 миллион 700 мыңдай сарбаз аттандырып,тылда қалған аналар мен қарттар,балалар өз ошақтарының отын өшірмей,түтінін түзу түтетіп , соғысқа кеткен азаматтарын соңғы демі біткенше зарығып күтумен болды. Басқа түскен қиындықтарға олар ешбір жасымады. Керісінше, майдангерлерге материалдық та,рухани да қолдау көрсетіп,Ұлы Жеңісті жақындатуға бар күш -жігерлерін салды.Үлкен үмітпен батыс жаққа елеңдеген көздер,жасқа толы жанарлар, сағыныштан езілген жүректер, аштық пен жалаңаштықтың бетін бүркей жүріп,күні –түні егіс басында, қырманда, азын-аулақ мал соңында тырбанған қарттар мен буыны бекімеген балалар сол зұлмат жылдардың мен оқып білген бейнелері. Майдангер ақын Сырбай атамыз сол кезді былай суреттейді.......
Шығармалар
Толық

Менің халқымның өміріндегі соғыс тауқыметі

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы
Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар:аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә, содан бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп,келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Барлығы Жеңіс үшін!

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы отан соғысы басталды. Таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында қалам ұстап отырған оқушылар мен студенттер қаламдарын қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтарылуы керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі сол беларусь жерінде қалып қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен-ақ жұдырықтай жұмылып, бір адамдай қызмет етті. Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақ шақырылған. ......
Шығармалар
Толық

Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық

Соғыс арифметикасына үңілсек

Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысы! Ұлы Жеңіс! Осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз. Қазір кім қалай десе де Кеңес Одағы бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Ұлы Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы опат болды.Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық көрсетті. Кеңес әскері шайқастың алғашқы күндері тәулігіне 24 мыңдай адамнан ажырап отырды. Сөйтіп алты ай ішінде шығын 3 миллион 138 мыңға жетті.
Офицерлер құрамы Қазақстанда даярланған кадрлар есебінен толықтырылып отырылды. Елімізге уақытша көшірілген оқу орындары түлектерін қоса есептегенде орта есеппен 60 мыңдай офицер мен 25 мыңдай сержант бізде,әзірленіп шықты. Елімізде 12 атқыштар дивизиясы,7 атқыштар бригадасы мен 4 атты әскерлер дивизиясы жасақталды. Сондай-ақ 2 артиллерия,4 миномет, 3 авиаполк,14 арнаулы батальон мен рота құрылған.
Соғыс жылдары майданға 13131 жүк автокөлігі,мыңға тарта жеңіл мәшине, 1538 шынжыр табанды трактор,110428 сәйгүлік және 16125 жүк тартатын аттар жіберілді. Қазақстандықтар тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін,Жеңіс үшін» деп күні-түні жұмыс істеген тыл еңбеккерлері бүкілхалықтық қорғаныс қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы аударған. Алғы шепке 1600 вагон сәлемдеме мен сый -сияпат жіберген......
Шығармалар
Толық

Біздің жарқын болашағымыз

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті.
Екіншіден, ортақ жауға қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы......
Шығармалар
Толық

Қайсар ерлікпен келген жеңіс

Осыдан 75 жыл бұрын, таң ата бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды, аталар мен әжелер зар қақсады. Барлық жастар майданға, Отанын қорғауға ағылып, асықты. Ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың Отаншылдық, патриоттық сезімі қолына қару алып, сапта тұрған көптеген солдаттардың, ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі, рухы мен қайсарлығы жеңісті бір табан жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанда аттап өтпегені баршамызға мәлім. Сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап жеңісті сарыла күтті. Әйтеуір жеңіс келді. Үміттері мен сенімдері, армандары орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, асыл азаматтар, батыр аналар мерт болды. Жауларымен жан аямай күресіп, ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры, жазушы Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген. Миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз ойын айтқан. Ұлы Отан соғысы халық өмірі мен тағдырымен тығыз байланысты.......
Шығармалар
Толық

Қазақ елінің мақтанышы

Мен Қазан Нарбол, 2014 жылы Қытай жерінен өзімнің Отаныма, атабабамыздың кіндік тамған жеріне көшіп келдім. Ол кезде мен небәрі төрт жастан бес жасқа қараған шағым еді. Жасым бестен асқан кезде мен аудан орталығындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясының мектепалды даярлық сыныбына қабылданып, қазір осы мектептің 2 «Б» сыныбында оқып жүрмін. Сол кезден бастап ұстазым Нурхия Иембергенқызының әр айтқан сөздерін құлағыма құйып,бойыма сіңіріп өсіп келемін. Қазақ елі, жері туралы, тарихы мен ұлы тұлғалары жайында көп мағлұмат алдым. Елімізден шыққан қаһармандарымыз жайлы жүректен шыққан сөздерімді,өз ойымды ақ қағаз бетіне былайша түсірдім.
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. ......
Шығармалар
Толық