Шығармалар


«Қамбар батыр» жыры [жоспар]

«Қамбар батыр» жыры өзге эпикалық туындылар тәрізді батыр тұлғасын, оның ел үшін еткен еңбегі мен ерлігін дәуір рухына сай көркемдеп жеткізуді мақсат еткені анық. Жырдың 12 варианты бар. Осыған орай кейбір нұсқаларда біршама ауытқушылықтар кездеседі. Алайда барлығына ортақ нәрсе - өз бойына көне сюжеттерді сақтай отырып, ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңді жырлау болғаны ақиқат. «Қамбар батыр» жыры батырдың есейіп, ел қамқоры болған тұсынан басталады. Күмістен тағып қарғысын, соңына ертіп тазысын, аңшылықпен айналысып.....
Шығармалар
Толық

Әже (апа)

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің....
Шығармалар
Толық

Қарттар асыл қазынам

«Кәрінің бары – игі» деп келген дана халқымыздың қазіргі ұрпағы аталмыш мақалдың мәнісін түсінбей, игіліктен өздері бас тартып, ақырында бармақтарын тістеп қалып жатқан жайы бар. Осы мәселе хақында мына мендей жас жеткіншектің сөз қозғауы қазақ елі үшін өте ұят нәрсе. Сонда да ата-анасының көз жасына қалған кейбір «ақымақтар» үшін бұл мақаланы жазуыма тура келді. Байырғы жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қартын қастерлеген қазекем қазір қайда?! Сан жылдар бойы кірлі көйлек.....
Шығармалар
Толық

Күз келбеті

Төрт мезгіл. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар...
Шығармалар
Толық

Мен өз елімнің патриотымын

Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға...

Шығармалар
Толық

Абылайдың ақырғы батыры кім?

Қазақтың құты да, ырысы да, айбыны да асқан шақ – Абылай ханның тұсы еді. Батыры мен биін сайлай білген көреген басшының тұсында қазақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен қаншама азаматтар болды. Абылай тұсында ата жауымыздың өзі есіктен сығалап, елесін де көрсетпеді. Осының барлығы қазақтың маңдайына біткен есіл ерлерінің арқасы еді. Абылай ханның ұстанған қағидасы: қазақ жері жаудан босады ма, сол жерді бір күн де бос қоймай, дереу ел қондырып отырған...
Шығармалар
Толық

Еркін елдің ұланымын!

Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған.....
Шығармалар
Толық

Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!

Мен - қазақпын! Қазақ даласының баласымын! Ол - менің мақтанышым, айбыным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр.....

Шығармалар
Толық

Бақытты елдің ұланымыз!

Бүгінгі таңда әрбір мектеп есі­гін ашқан бүлдіршін өзінің әй­бат Әліппесімен бірге Ел­ба­сымыздың осынау әкелік ме­йі­рім­ге толы ақ батасын арқалап алаң­сыз, білім атты үлкен өмір­дің табалдырығын именбей ат­тай­ды. Білім алу тегін әрі әр ба­ланың абыройлы міндеті. Оқу­лық мәселесі де мемлекет мой­нында. Тек ерінбей ең­бек­те­ніп.....
Шығармалар
Толық

Мен Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»
Н.Ә. Назарбаев



Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.

Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан .....
Шығармалар
Толық