Франция баспасөз тарихы


 
Франциядағы алғашқы баспаханалар Парижде 1470 жылы дүниеге келіп, өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады. Ал газет шығару ісі XYIII ғасырда пайда болып, алғашқы газет «Газет франсуаз» 1604 жылы жарық көрді. Соның ізінше «Француз меркурийі» (1611 ж.) дүниеге келді. 1631 жылы Теофраст Ренадо негізін салған «Газетт» апталық газеті ақпараттарының жан-жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленді.Әлемдегі ең алғашқы журнал Францияда дүниеге келді. •«Журнал де саван» деген атпен 1665 жылы жарық көрді. Соның ізінше, 1672 жылы дүниеге келген «Меркюр галан» журналындағы тақырыптардың жан-жақтылығы, формаларының әртүрлілігі, кейбір жанрлардың кездесіп қалуы тұрғысынан қарасақ, қазіргі журналдардың үлгісіне ұқсайды Франция баспасөзі тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал «Пьер де Шамблен де Маривоның» иелігінде «Спектатэр франсэ» (1722) деген атпен жарық көрді. Ал алғашқы күнделікті газет «Журналь де Пари» (1777) дүниеге келген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған.1629 жылы король ХІІІ Людовик цензура туралы заң жариялады. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз «ештеңе» басылмайтын болды. Баспасөзде жіберген кемшіліктері мен кінәлары үшін журналистерді өлім жазасына бұйыру ісі ХҮІІІ ғ. соңына дейін жалғасты.•Француз баспасөзінің «жасанды тарихына» Ұлы Француз революциясы (1789-1799) өзгеріс әкелді. Журналистика – қоғамдық пікірдің трибунасына айналып, революциялық-демократиялық баспасөз қалыптастыРеволюция нәтижесінде «Адам правосы жөніндегі декларация» (1791) қабылданып, алғашқы француз Конституциясы өмірге келді. Бұл құжаттарда адам құқының асыл қасиеттері – сөз, ой бостандығына шек қойылмайтындығы жарияланды Әртүрлі саяси бағыттағы басылымдардың саны өсті. Революцияға дейін 27 газет шыққан болса, 1789 жылдың екінші жартысында газет саны 250-ге жетті.Газеттердің көпшілігін революция көсемдері, саяси қайраткерлер басқарды. Виктор Рикети Мирабо «Эта женеро», «Курье де прованс» газеттерінде Жак Пьер Бриссо «Патриот Франсе» газетін шығарды.• 1794 жылы Якобин диктатурасының күйреуі, баспасөзге тағы да тұсау салды. Үкімет басына келген Директорий үкіметі» (1794-1799) тұсында баспасөз бостандығы толықтай жойылды Журналистерді, редакторларды түрмеге отырғызу, айып төлету ісі кең етек жайды.1906 жылы америкаңдық Ли Де Форест радиоқұрылғыларда қолданылатын дыбыстық хабарламаларды, музыканы, шулы эффектілерді жіберуді іске асыратын аудиоэлектро вакуумдық лампаны ойлап тапты. 1908 жылы өнертапқыш алғаш рет музыкалы бағдарламаларды ұйымдастырды. Ол радиосигналдар Париж қаласындағы Эйфил мұнарасынан жіберілген хабарламалар болатын, радиусы 500 мильге дейін тарады. Ұзақ қолданыстан дами түскен электрондьіқ-вакуумдьіқ лампалар радиотехникада ақпаратты және радионың сазды ресурстарының маңызыдылығын артуына, калың көпшіліктің ради мүмкіндігіне қызығушылығының тууына себепші болды. Әлемнің бірнеше елдеріне радио тыңдармаңдардың жүрегінен жол таба білді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде екі аралық армия мен ВМС кемелерін радибайланыспен қамтамасыз етті, соңдай-ақ алғашқы радио берілімдер үгіт-насихат мақсатыңда және жаудың жалған хабарлары радио қабылдағыштардың маңызының артуына септігін тигізді. Радио хабарламаның техникалық базасы жетіле түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экспериментальді бағдарламалар саны өсе түсіп, ол біршама радио тыңдармандардың мекен-жайларына жіберіліп отырды. Әртүрлі елдердің баспасөзінде радионы насихаттау кеңінен жүргізіліп, бұл қалың көпшіліктің қызығушылығының артуына себеп болды. Шетелдік тыңдармандарға бағьпталған бағдарламалар бастапқыда Еуропалық державалардың тілінде тарады. 1927 жылы Гшаңдия теңіздің ар жағыңдағы өз иелікгеріне арнап хабар жүргізе бастады. 1931 жылы француздықтар да теңіздің ар жағындағы жерлеріне хабар жіберу мақсатыңда Бразилияда, 1964 жылға дейін қызмет атқарған радиобағаналар орнатты. Осылай, Африкаға арналған француздық радиохабарлар тарады.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу