Анаға сағыныш


сөзі: Қуаныш ІЛИЯАСҰЛЫ

әні: Айнұр ҮРІСТЕМҚЫЗЫ

орындаған: Кәбіира ҮРІСТЕМҚЫЗ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Алты қырдан асып жеткен «Анаға сағыныш»

Ол қуаныш іляс ұлы сөзін, айнұр үрістем қызы әуенін жазған, кәбира үрістем қызы шырқаған «Анаға сағыныш» атты жаңа ән.
Я, аяулы ана, ардақты есім, күллі ғалам осы бір ғана сөзге сыйып тұрғандай, бұл ғаламда ананы жырламаған ақын, ана жайында ән шығармаған сазгер жоқ шығар-ау! дүниедегі сағыншытың ең бигі, асқағы анаға сағыныш болар, сол сан мың жүректің сағынышын бір жүрекке сиғызып, жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дарын болса керек.
Аңғарлы оймен ән әлеміне көз салсақ, ана жайында шырқалған талай әнге куә екенбіз.

Нұрғиса тіленді мен қадыр мырза-ٴалының «Асыл әже», марат Омаровтың «Анашым», Құмарбек сахарин мен елмүрәт тұяқ ұлының «Сағындым анамды», абдыманап әбеу ұлы мен иманалы төлеубай ұлының «Аяулы ана», Алмасбек шаймұран ұлының «Анашым», жігер хакім ұлы мен қадыл Ахымет ұлының «Анам менің ауылда» қатарлыӘндер өте сәтті шыққан, өз дәуірінде талай сағыныштың сарығын басқан, бүгінгі күндері халық әніне айналып кеткен бегзәт әуендер.
Жоғардағы әндеріміз ана сынды ардақты обыразды әр қырынан суреттеп, жұрт жүрегінен орын алған, айта берсек жалпы адамзаттың ортақ әні боп шырқалған мәңгілік ән.
Көркөмөнер жалпының дүниесі, ол бір жүректен туғанымен жалпының жүрек сөзін айта алатын болу керек. Ал тілімізге тыйек болып отырған «Анаға сағыныш» әні богенайы бөлек, халықтық әрі заманалық бояуы бар ән. Ол сан жүректің сағынышын бір арнаға тоғыстырған, ана мен бала ортасындағы терең сүйіспеншілікті тамаша сезіммен жеткізген тұғыры биік, тұлғасы бөлек ән.
Енді осы әннің сөзіне тоқталайық:
Ең асқақ әлемдегі киелі есім,
Түсіме аяулы ана, жиы енесің.
Талдырып жанарыңды қара жолға,
Жаутаңдап таяғыңа сүйенесің.
Я, әлемдегі киелі есім ана, бала жүрегінде мәңгілікке сақталған, көре алмаса түсіне жиы кіретін шын бейне. Ал жанарын талдырып, қара жолға қараған, таяққа сүйеніп жаутаңдаған Қаншама ана жүр дейсің-әушіркін! тіл жетпес сағыныш сезімді осындай екі тармаққа сиғызып ана обыразын сомдау қандай даналық дерсің.
Қайсар боп қасиетің жаралғаның,
Ойлайсыың қартайсаң да бала арманын.
Сан белден асқанымда,
Сағынып жатқаныңда,
Қуантып ана сені бара алмадым!
Қараңызшы, қартайса да баласына мәңгі бақыт тілеу, сағыну ана сынды осы бір жанның мәңгілік өтейтін борышы сияқты. Ол мәңгілік сағыныш, мәңгілік арман.
Сан белден асса да, сағынып жатқан анасына барып қуанта алмау барлық бала жүрегіндегі өкініш, арман.
Жалғадың ұрпақ көшін сан атаның,
Атырдың әлдименен дала таңын.
Сипаған маңдайымнан бар жақсылық,
Ол сенің аяулы ана алақаның!
Болашақ ұрпақ көшін жалғаған сол ананың әлдиі, ертеңгі ұрпағым деп шексіз мейір сыйлаған сол ананың аяулы алақаны.
Ананың сипаған алақаны бүкіл дүниенің мейірі.
Арылмас ақ сұтыңнен нәр алыппыз,
Қиырға құшағыңнан таралыппыз.
Атымыз айға жеткен саған жетпей,
Алыстан сағынуға жаралыппыз.


Айнұр ҮРІСТЕМҚЫЗЫ

Ананың ақ сүтінен нәр алып, ыстық құшағынан таралып,Сан қиырға қанат қаққан қаншама ұландарымыз жүр. Олар отанның ұлан-байтақ жерін аралауға аяғы жетсе де, анасына аяғы жетпейтінін қайтерсің? «Атымыз айға жеткен саған жетпей, Алыстан сағынуға жаралыппыз» қандай әсерлі, шын жүректен шыққан шынайы сағыныш, міне бұл анасын сағынып жүрген жандардың жүрек сөзі.
Жалпы ән сөзінде, анаға сағыныш арқау болып осы бір тіл жетпес сағынышты сезім обыразды ой мен тамаша суреткерлікпен бейнеленген. Осындай ән дүниеге қалай келді? қандай сезім құдыретынен туды? дейтін сауалдың жауабын жұрт білгісі келер. Әсіресе осы әннің алдымен музикасы дүниеге келіп, соңынан ән сөзі жазылғанның өзі бір әсерлі әңгіме.
Енді сазгер айнұр үрістем қызы мен ән созының авторы қуаныш іляс ұлының әңгімелеріне ден қойыңыз. Айнұр үрістем қызы былай баяндайды:
«Әкем үрістем қамза ұлы Алтай қалалық ойын-сауық үйірмесінің, мәдениет мекемесінің бастығы болған, ән өнерін шынайы сүйген әнші, сазгер. Өзінің қысқа өмірінде алтайдың мәдениет-көркемөнеріне ٴٴбыр кісілік үлес қосып, жұрттың жақсы бағасын алған азамат. Бірақ 1997-жылы өмірден өтті. Сонда үйде 8 бала жетім қалдық. Шешем әкеміздің жоқтығын білдірмей, бізді бағып-қағып ержеткізді, оқытты, үйлендірді. Өзім 1997-жылы жоғары мектепті бітіріп келіп, қызметке шығып, анам көтерген ауыр жүктің бір жағына қолғабыс тыйгізе жүріп, анамның қажымас қайсар рухына куә болдым. Қазір барлығымыз семияланіп, бөлек кеттік, қызмет, тіршілік күйбіңмен сол анамызға сәлемдесуге мұрса тыймейтін жеріміз бар, ал анамыз сол баяғысынша біздің тілеуімізді тілеумен келе жатыр. Ардақты анамның ақ сүтін қалай ақтасам дейтін ой мазалай беретін-ды. Үлде мен бүлдеге орап киіндірсем, анамның ақ ٴсұты ақталар ма? жоқ, анам сияқты аналардың обыразын бейнелей алатын бір ән шығаруға Бекіндім. Тұңғыш әнім «Пай-пай өмір» сәтті шыққан соң, бұл ойым тіпті Бекінді де, сонымен осы әннің әуенін жазып шықтым, енді ән сөзін жаздыруға тура келді.


Қуаныш ІЛИЯАСҰЛЫ

Ай сүйді маңдайымнан жылынбадым,
Күн сүйді маңдайымнан жылынбадым.
Қысса да құшағына дала тағы,
Керек боп анамның алақаны-деп ана жайында талай жақсы өлең жазып жүрген ақын қуаныш іляс ұлына ән әуенін жолдап, осы әуенді толық бейнелей алатын ән сөзін жазуды тапсырдым» деп аяқтатты.
Ән сөзі жайында, қуанышыляс ұлы:
«Ата-ана өз ұрпағының тілеуін тілейтін, мәңгі ұрпағым деп өтетін сезімін бір сөзбен бейнелеу қиын ғой. Бір ұрпақ бір ұрпаққа қарыздар, қарыз ұрпақ жалғасып қайтарылып жататын өмір философиясы бар. Өзім ерте оқып, орталық қала Үрімжіде қызметке орналасып қалдым да, анамның қасында көп бірге болаалмадым. «Атымыз айға жеткен саған жетпей» дегендейін, партияның баулып-тәрбиелеуінің арқасында, жермен де жүгіріп, аспанмен де ұшып, еліміздің көптеген жерін араладық, бірақ сол сағынып жүрген анаға ат жетпеді.
«Сан белден асқанымда,
Сағынып жатқаныңда,
Қасыңа бара алмадым» деп анаға борышымды білдіру үшін, бір ән текісін жазу арман еді.
Осындай ой Жетегінде жүргенімде, айнұр үрістем қызының осы әуені алдыма келді. Ән әуені мені сағынышқа жетеледі, ойыма ана жайында көп ойлар оралды. Ән әуенін толық бейнелей алатын, анасына борыштар боп жүрген жандардың жүрек сөзін айта алатын «Анаға сағыныш» атты ән текісін сәтті жазып шықтым. Кейін кәбира үрістем қызы орындап, жұрттың жақсы бағасын алды» деп аяқтатты.

Кәбіира ҮРІСТЕМҚЫЗЫ

Сәтті шыққан қайсы бір әннің шығу тарихы болады, жақсы ән қашанда өз тарихын өзі жаздырады. Оның құндылығы осылай әр жағынан үлкен бір Руханият дүниесін алдыңа жаяды.
«Анаға сағыныш» әнін тыңдасаңыз, жан дүниеңізді бір түрлі сағыныш сезім кернеп, ана деген ардақты есім, көңіл көктеміңізде мың қайталанып, мәңгілік өшпес тұлғаға айналады. Бұл ән құдыретті! осы құдырет қайдан келді? ол ән сөзі мен әуеннің бір арнаға тоғысуы, шырқаушының дәл сәйкесімі әннің бағын ашуы десек артық айтқан болмаспыз.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: ана, сағыныш, эссе