Денсаулық зор байлық
Денсаулық туралы шығарма
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни "Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек.
Ал енді еліміздегі экономикалық жағдайдың өзгеріп нарықтық қатынастардың дамуы, қоғамның әлеуметтік тұрғыда жіктеле бастауы ол мүмкіншіліктердің бірдей болмауы және осы теңсіздіктің балалардың тұлға болып қалыптасуына да өз ықпалын тигізетіні анық. Ал бұл кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп соғады. Есірткі құмарлық жасарып келеді. Бұл – дабыл соғарлық жағдай. Бүгін Республикамыздағы тұрақты есірткі құмарлардың 2/3 бөлігін жасөспірімдер мен 25-30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Балаларда да есірткіні тұтынатын жағдайларда болады. Мамандардың айтуынша есірткіні татып көрген немесе оқтын-оқтын тұтынған адамдардың жартысынан астамы 13-17 жаста жасаған. Есірткі құмарлықтың үдеп бара жатқаны қылмыстық ахуалдың күрт нашарлауына тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан жастарды улап, халықтың болашағына қатер төндіріп жатқан бұл дертке аяусыз күрес ең бірінші өзіміз, отбасымыз және мектепте басталуы қажет. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар қасында мемлекетіміздің алдына қойып отырғаны елулікке ену стратегиясы жүзеге асу үшін жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді елулік қатарынан көре аламыз. Сол үшін өз денсаулығымызды өзіміз күтуіміз қажет.
Қажетті сілтемелер:
-
Денсаулық зор байлық туралы шығарма
-
Денсаулықты сақтау – өз қолымызды екенін ұмытпайық атты эссе
-
Салауатты өмір салтын ұстанамыз атты шығарма
-
Денсаулық – адам өміріндегі үлкен байлық туралы эссе
Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:
а) физикалық денсаулық.
б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
в) жеке.
г) рухани денсаулық.
д) эмоционалды денсаулық.
е) әлеуметтік денсаулық.
ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі. Психикалық денсаулық адам жаңа білімді қабылдау және оны қолдау қабілетімен, негізгі психикалық процестердің күші және қозғалғыштығымен сипатталады.
ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіяе пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.
РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы.
ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін түсінікті түрде шығара білу, эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: денсаулық туралы шыгарма, денсаулық сақтау туралы шығарма, денсаулық зор байлық туралы шығарма, денсаулық зор байлық шығарма, сочинение на казахском языке про здоровье, денсаулык зор байлык