Туған жерге туынды тік...


Адам баласы туған жерден жырақтаған сайын, туған жердің қадірін тереңнен түсіне білмек. Туған жердің асыл да киелі топырағынан жаратылған пенденің пейілі бір уақыт туған жерге анандай жетектеп, жанынды жер - көкке сыйғызбай, өзің туып - өскен елді мекенге əлдилеп əкелмек. Балдырған бала шағынның ізі қалған қыраттардың қырқасынан асқанда сол балалық көңілдің көңілге келер ыстық лебі есіп, жанынды жайлылық пен жайбарақаттық сезімі сенімен бірге серуеңдеуге серт еткендей, аяғынды асықпай бастыра, балалықтың бал дəуреніне көз жібертпек.
Бəрімізде қазақи ауылдан қазақи тəлім - тəрбие алып, қанатымыз қатқанда арман қуып алысқа жол тарта кеткенбіз. Аядай ауылдан аялы алқан жылуын сезіне, мейрімді көздерге күнəсіз балалық көңілмен куəлік еткен жандармыз. Ауылдың ардақты жандарын жаныма жақын деп танығандықтан ба? Барлығы мен үшін тым ыстықтай көрінетің.
Ауылымның əр адамы өзінше əсер қалдырады. Соның бірі ұлағатты ұстазым - Ахметқали Уəли ағамыз. Өте тамаша адам, ауылымның жүрегі іспеттес болған жаннның, кең даладай көңіліне, көкжиектегі күндей жарқын біліміне, бір адамдай риза болып, қуанатыңмын. Осыдан сан жылдар бұрын, осы бір жанның əр айтқан сөзі жаныма демеу, бойыма қайрат бітірердей еді, бар сөзін бар болмысыммен қабылдап, санама сан рет сіңіріп, жүрек түкпіріне ұлағатты сөзін ұялататыңмын.
Ол кісі туған жерін жанынан артық жақсы көріп, өзгелерге өз елін сүюді, туған жерді құрметтеу керегін тілге тиек еттетің. Сөзімен қатар ісі менде дəлелді түрде дəйектейтің. Əр көктем шыға келе көше бойына ағаш көшегін көп етте отырғызаттың. Бұл кісінің сол кездері екен ағаштары жай ғана ағаш емес, алма ағаштары еді. Қазірде осы ағаштар ауыл ішіне сəн бере, балаларға дəм бере, мəуелі мəңгі алма ағашқа айналуда. Мінеки, жақсыдан қалған, жақсы іс деп осыны айт. Осыны ойлаған сайын төбем көкке жетте қуанады.
Бір күндері ұстазымыз балаларға былай деп сұрақ қойды." Əр қайсыларын бар қазақтың маңдайына біткен, бір ұлдары мен қыздарысыңдар. Сендер туған жер үшін нендей жақсылық істей алар едіңдер?" - деді. Балалық пəк көңілден бе немесе асығыс айтылған арғымақ сөздер ме? Болат орнынан тұра" Мен халық қорғаушысы болар едім. Бар қазақтың тыныштығын күзетіп, бейбіт күнде, бейбіт елдің батыры болар едім" - деді. Қалғандары сəл ойлана өз ойларын ортаға сала жөнелді. Асылхан асықпай орнынан тұра. "Болашақта белгілі кəсіпкер болғым келеді. Туған жерде тұрып жатқан бар қазақты жұмысқа жұмылдыра, кəсіпорын орындарын ашқым келеді"- деді. Бұлда бір бала қиялы болса керек. Нұрбақыт та екі көзі оттай жаңа орнынан тұрды. "Болашақта ұстаз болғым келеді. Дəл сіздей"- деді де орнына отыруға жайғасты. Бір кезде менде бір арман ойымды жаңартаудай оятып, ортаға салдым.
"Болашақта жазушы болғым келеді. Қаламымен туған жерді тербеттіп, əдебиеттің əлемінде əлдилегім келеді"- дедім де қойдым. Барлығыда бір ауыздан ақтарыла арман - тілегін туған жермен байланыстыра, бір ауыздан сөз кезегін ала жатты. Осы арман - тілектерді құдай құлағына шалды ма? Бəрі де бір арманға қол жеткізіп, Болат əскери адам, Асылхан бизнес- кəсіпкер, Нұрбақыт болса бақыттың тауып, ұстаздық жолға жол тартты. Бəрі де бір туған жер,бір туған ел игілігі үшін аянбай қызмет етуде, менде өзімше өзгеше арманыма аяқ басса, туған ел қасиетті туралы қалтқысыз қалам тербеп, тер төгудемін.
Адам баласының барлық арман - мақсаты туған жер мен туған елмен еттене байланысты болғандықтан, ұлтына адал ұлындай қызмет ету, əр жан үшін бұлжымас бір заң. Балалық шағым мен астасқан туған жер мені өзіне өз баласындай баурап алды. Менде ендігі өмірімді туған жерге жан аямай тер төгуге, керек болса сол далаға егін егіп, болашақ ұрпаққа ұлағатты ісіммен дәл ұстазым секілді, есте қалғым келеді. Талай жанның тағдырына себепші болып, туған жерді сүюге баулығым келеді....

 

Ислам ТІЛЕУҒАЗЫҰЛЫ


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу